ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «теориялық бейорганикалық химия»


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет10/15
Дата21.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#152778
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

  4. Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?
Практикалық сабақта және білім алушылардың оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

1. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

1.Массасы 0,8062г металл оксидінен 0,4864г металл алынған болса, оның эквивалентінің молярлық массасы нешеге тең. Жауабы 12,16г/моль.

2.Массасы 0,3200г мыстан 0,6770г мыс хлориді түзілген болса, мыс эквивалентінің молярлық массасын және мыстың тотығу дәрежесін анықтау керек. Мэ (СІ) = 35,5г/моль. Жауабы 31,78г/моль, 2.

3.Егер массасы 0,1108г мырыш қышқылдан 38,08мл (қ.ж.) сутегін ығыстыратын болса, оның эквивалентінің молярлық массасы қанша?

Жауабы 32,6г/моль .

4.Көміртегінің сутегімен бинарлы қосылысында көміртегінің массалық үлесі 75% болса, оның эквивалентінің молярлық массасы және валентілігі қанша болады? Жауабы 3г/моль, ІІІ .

5.Темір(ІІІ) эквивалентінің молярлы массасы қанша болады, егер оның салыстырмалы атомдық массасы 55,8 болса . Жауабы 18,6г/моль.

6.Егер металдың бірдей мөлшері 0,20г оттегімен және 3,17г галогенмен әрекеттесетін болса, галоген эквивалентінің молярлы массасы нешеге тең болады? Жауабы 127г/моль.

7.Егер металл 3,24г оксид 3,48г және 3,72г сульфид түзетін болса, металл және күкірт эквивалентінің молярлы массасы қанша болады?

Жауабы 108г/моль, 16г/моль.

8.Егер қ.ж. 8,34г екі валентті металды 0,68 л оттегі тотықтыратын болса, металдың атомдық массасы қанша болады? Жауабы 137,4г/моль, Ва.

9.Егер 1,00г металл 8,89г броммен және 1,78г күкіртпен әрекеттесетін болса, күкірттің эквивалентінің молярлық массасы 16,0г/моль , сонда металл мен бромның эквивалентінің массасы қанша болады?

Жауабы 9,0г/моль; 79,9г/моль.

10.16,8г металды еріту үшін 14,7г күкірт қышқылы қажет болса, металл эквивалентінің молярлық массасын және бөлінген сутегі көлемін анықтау керек Жауабы 56г/моль, 3,36 л.

11.1,80г металл оксидін тотықсыздандыру үшін 883 мл қ.ж. сутегі жұмсалатын болса, оксидтің және металдың эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек Жауабы 24,2г/моль, 16,2г/моль.

12.2,45г қышқылды бейтараптау үшін 2,00г натрий гидроксиді жұмсалса, қышқылдың эквиваленттінің молярлық массасы қанша болады?

Жауабы 49,0г/моль.

13.0,376г алюминий қышқылмен әрекеттескенде 0,468 л сутегін ығыстырады (қ.ж.). Егер алюминий эквивалентінің молярлы массасы 9г/моль болса, бөленген сутегінің эквивалент көлемі қанша болады? Жауабы 11,2 л/моль.

14.Егер ион алмасу реакциясы мына теңдеулер бойынша жүрсе: Fe2(SO4)3+2NaOH=2FeOHSO4+2H2O KAI(SO4)2+4KOH =KAIO2 + 2 K2 SO4 + 2 H2O;

Cu(0H)CI + H2S = CuS + HCI + H2O

KHSO4 + BaCI2 = BaSO4 + KCI + HCI қосылыстар эквивалентердің молярлы массалары нешеге тең?

15.Мына реакциялардағы күкірт қышқылы эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек: Zn+H2SO4сұйыт. = ZnSO4 + H2 2HBr + H2SO4 конц. = Br2 + SO2 + 2 H2O 8HI + H2SO4 конц. = 2I2 + H2S + 4 H2O

16.Қышқыл ортада 1 моль а) K2Cr2O7 ; б) KMnO4 тотықсыздануы үшін неше эквивалент КІ қажет?

17.10% (массасы бойынша) КІО3 ( = 1,052 г/мл) ерітіндісінің нормальды концентрациясы қанша болады, егер ол бос йодқа дейін тотықсызданатын болса?

18.Егер элемент 8,87% сутегісі бар гидрид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 0,35г/моль.

19.Егер элемент 31,58% оттегісі бар оксид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 17,3г/моль.

20.Элементтің эквивалентінің молярлы массасы 24,99г/моль болса, а) осы элементтің гидридінде неше процент сутегі бар екенін; б)массасы 4,95г оксидін тотықсыздандыру үшін қанша грамм сутегі қажет екенін есептеу керек.

Жауабы а.3,88%; б.0,1512г.

Мына заттардың 1г NH3 пен 1г N2 қайсысында молекула саны көп?

21.Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы неше грамм? Жауабы 1,0610-22 г.

22.1,00 мл сутегіде қ.ж. неше молекула болады? Жауабы: 2,691019.

23.271021 газдар молекуласы қ.ж. қандай көлем алады? Жауабы 1 л.

24.Кез келген газдың 1 м3 қ.ж. неше моль болады? Жауабы 44,6 моль.

25.1,5 кг мырыш тұз қышқылында ерігенде (17С және 102,4 кПа )қандай көлем сутегі бөлінеді? Жауабы 0,54 м3 .

26.2,5г металл карбонаты азот қышқылымен әрекеттескенде 4,1г осы металдың нитраты түзілген.Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 20г/моль.

27.Элементтің түзілген газтәріздес қосылыстарының сутегі бойынша тығыздықтары 8, 15, 22, 29. Элементтің осы қосылыстардағы массалық үлестері сәйкесінше 75,0; 80,0; 81,81; 82,76%. Элементтің атын айтып, салыстырмалы атомдық массасын анықтау керек.

28.Қ.ж. 0,25л газ массасы 0,1898г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасын және осы газдың бір молекуласының орташа массасын анықтау керек. Жауабы 17; 2,810-23 г.

29.1,3г металл гидроксидінен 2,85г оның сульфаты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы: 9,0г/моль.

30.2,7г металл оксидінен 6,3г оның нитраты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 32,5г/моль.

31.Эквивалентінің молярлы массасы 29,65г/моль, меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,218 Дж/мольК болса, металдың атомының молярлық массасын анықтау керек. Жауабы 118,6.

32.40г металл қышқылдан 180С және 1,013105 Па қысымда 14,6 л сутегіні ығыстыратын болса және оның меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,39 Дж/мольК болса, оның атомының молярлық массасы қанша болады?

Жауабы 65,4г/моль.





Практикалық сабақта және білім алушылардың оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

2. Газдардың негізгі заңдары

1. 00С температурада және 101,3 кПа қысымда газ көлемі 250мл болса, 230 С температурада және 96 кПа қысымда қандай көлем алады? Жауабы 286мл.

2. 170С температурада және 104 кПа қысымда газ көлемі 480л , газ көлемін қалыпты жағдайға келтіру керек. Жауабы 463,7л.

3. 00С температурада газ көлемі 1м3 . Егер қысым өзгермесе, қай температурада газ көлемі екі еселенеді? Жауабы 2730С .

4. 70 С температурада және 96 кПа қысымда газ көлемі 40мл, егер температураны 17С–қа дейін көтерсе, қай қысымда газ көлемі 60мл болады? Жауабы 61,1кПа.

5. 64г метан 1100С температурада және 0,96105 Па қысымда алатын көлемі Жауабы 132,6 л.

6. Массасы 1,105г газ 270С температурада және 1,013105 Па қысымда алатын көлемі 0,8 л болса, оның салыстырмалы молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 34,0.

7. Массасы 0,1437 г 25 С температурада және 992гПа қысымда 22,9 мл көлем алатын буға айналса, осы заттың молярлық массасын анықтау керек. Жауабы 156,6 г/моль.

8. Массасы 28,4 г хлор 20 С температурада 2 л көлем алу үшін кандай қысым қажет. Жауабы 0,487 МПа.

9. Мөлшері 3,0 моль сүт қышқылы СН3СНОНСООН натрий карбонатының артық мөлшерімен әрекеттескенде бөлінген СО2 газы 25С температурада 20,4 л көлем алса, оның қысымы қанша болады? Жауабы 1,82105 Па .

10. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17 болса, оның молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 33,9г/моль.

11. Этиленнің оттегі бойынша тығыздығы 0,875, сонда оның молярлық массасы Жауабы 28г/моль.

12. Сынап буының ауа бойынша тығыздығы 6,92 болса, сонда оның молекуласы неше атомнан тұрады? Жауабы бір атомнан.

13. Егер күкірт буының азот бойынша тығыздығы 9,14 болса, оның молекуласы неше атомнан тұрады? Жауабы 8,0.

14. Массасы 1,56г газ 17 С температурада, 1,04105 кПа қысымда 624 мл көлем алса, молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 58,0.

15. Көлемі 5,0л қ.ж. газдың массасы 9,80г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы Мr = 44.

16. Егер азот, сутегі, аммиактан тұратын газдар қоспасының көлемдік үлесі сәйкесінше 30, 10, 60% болса, сутегі және ауа бойынша тығыздықтары қанша? Жауабы 9,4; 0,65.

17. Органикалық заттың азот бойынша тығыздығы 1,65 болса, заттың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы Мr = 46,2.

18. Массасы 1,3г органикалық газ заты 87 С температурада, 0,83105 кПа қысымда 600 мл көлем алса, молекулалық массасы қанша болады?

Жауабы 78,2г/моль.

19. 1,21024 молекулалар СО және СО2 газдарының қандай массаларында болады? Жауабы 56г және 88г.

20. 20С температурада, 1,0105кПа қысымда 1м3 көлем ауа, салыстырмалы молекулалық массасы 29 болса, оның массасы қанша? Жауабы 1,19кг.

21. 20С температурада, 100,258кПа қысымда газ көлемі 142 мл болса,0С температурада, 100,325кПа қысымда газ көлемі қанша болады?

Жауабы 130,92мл.

22. 150 мл бензол буының 87 С температурада, 8,32104 Па қысымда массасы 0,3255г болса, оның молекулалық массасы қанша болады?

Жауабы 78,0г/моль.

23. 0,78 г газ 27С температурада, 0,324МПа қысымда 0,2л көлем алады,осы газдың молярлық массасы нешеге тең болады? Жауабы 30г/моль.

24. Қ.ж. йод, этил спирті, төртхлорлы көміртектің тығыздықтары (ρ) нешеге тең болады? Жауабы 11,34; 2,05; 6,87 г/л.

25. 3 моль сүт қышқылы СН3СНОНСООН натрий карбонатының артық мөлшерімен әрекеттескенде 25С температурада 20,4 л СО2 бөлінген болса, бөлінген СО2 қысымы қанша болған? Жауабы 1,82105Па.

26. 5,6 л-лік ыдыста 0С температурада мына заттардың қоспасы болған: 2,2 г көмір қышқыл газы, 4 г оттегі, 1,2 г метан. Есептеу керек: а) газ қоспасының жалпы қысымын; б) әр газдың парциалды қысымын; в) көлем бойынша қоспадағы проценттік құрамын.

Жауабы 101,3 кПа; б) 20,2; 50,5 және 30,3кПа; в) 20,50,30 %.

27. 56 л-лік ыдыста газдар қоспасы бар: 4 моль СН4 , 3 моль Н2 , 0,5 моль СО . Есептеу керек: а) газдар қоспасының жалпы қысымын,кПа; б) масса бойынша қоспаның проценттік құрамын; в) көлем бойынша проценттік құрамын; г) әр газдың парциалдық қысымын (Па). Жауабы а.303кПа;б.76,18;7,18;16,64; в.53,33; 40; 6,67; г. 162, 121,6, 20,2.

28.Ауадағы оттегі мен азоттың көлемдік үлесі 21% және 78% , ауаның қысымы 1,013105 болса, газдардың парциалдық кысымын есептеу керек.Жауабы р(О2 ) 0,213105 Па; р(N2)0,79105 Па.

29.Натрий атомымен жұтылатын фотондар толқынының ұзындығы 5,8910-7 м болса, оның энергиясы. Жауабы 3,3810-19 Дж.

5.Фотон толқынының ұзындығы 510-7м болса, оның энергиясы.

Жауабы 3,9810-19 Дж.

6.- бөлшегінің массасы 6,610-27 кг болса және 100м/с жылдамдықпен қозғалса, толқын ұзындығы қанша болады. Жауабы 110-9 м .

7.Массасы 63 кг адам 10 м/с жылдамдықпен жүгірсе, ол үшін де Бройль толқынының ұзындығы қанша болады? Осындай мәнді өлшеуге бола ма?

Жауабы 1,0510-36 м.

8.Егер хлорофилл молекуласы толқын ұзындығы 4,610-7 м ( көк түс) фотон жұтып,толқын ұзындығы 6,610-7м ( қызыл түс) фотон шығарса, молекула энергиясының өзгеруі қанша болады. Жауабы 1,3210-19 Дж.

9.Адам көзі энергиясы 1,510-17 Дж болатын сигналды қабылдай алады, сонда жарыққа реакция болу үшін ұзындығы 5,310-7м ( жасыл түс) фотондар мөлшері қанша? Жауабы 40.

10.Егер атомдағы электрон орны өлшемінің белгісіздігі 5,310-11м болса, сонда электрон жылдамдығын анықтаудың белгісіздігі қанша болады.

Жауабы 2,19106 м/с.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

3. Атом құрылысы

1.Мына реттік номерлеріне 20,23,33 сәйкес элементтер атомдарының сыртқы электрондары үшін n және l квант сандарының мәндерін көрсетіңдер.

2.Қай квант сандары кеңістікте электрон бұлтының өлшемін, пішінін, бағытын (ориентациясын) анықтайды?

3.s-, p-, d-, f- энергетикалық деңгейшелерде АО саны нешеге тең және қалай анықталады?

4.Паули принипіне анықтама беріп және 2 электронның айырмашылығы:

а. бірдей деңгейде , бірдей деңгейшеде, бірдей спиндері болса; б. бірдей энергетикалық деңгейшеде болса, квант саны мәндері бірдей болса және спиндары бірдей болса; в. бір энергетикалық деңгейде, спиндері бірдей және магнит квант сандарының мәні бірдей болса.

5.n = 1,2,3,4,5 деңгейлер және ml = 5,7 деңгейшелер үшін сыйымдылық

нешеге тең ?

6.Мәндерін анықтаңдар, егер: а. сыйымдылығы 10, 14 болатын энергетикалық деңгейше үшін магнит квант санын ; б. сыйымдылықтары 32,50,72 болатын энергетикалық деңгейлердің бас квант санын.

7.Энергетикалық деңгейшелерді толтырғанда Паули принципі мен Хунда ережесі қалай іске асатынын мысалдар арқылы көрсетіңдер және оларға анықтама беріңдер.

8.Қай элемент атомында 5 электрондық қабат болады және 7 сыртқы электроны бар? Олар қайдай квант сандарымен сипатталады?

9.Клечковский ережелеріне анықтама беріңдер. АО толтырылу ретін ережелер қалай анықтайды? Қандай атомдық орбитальдар (АО) үшін n+ l қосындысы мәндері бірдей , мына сандарға тең 3,4,5,6,7 болады?

10.Электрондық формула және атомның, ионның не жеке электрондық қабаттың электрондық конфигурациясы деген не? Келесі атомдар мен иондар үшін олар қандай түрде болады: Na, Na+ ; Ca, Ca2+ ; СІ, СІ ; S, S2- . Осы иондардың қайсысы Ne, Ar атомдарының электрондық құрлысына сәйкес?

11.Қай электрондық орбиталь бұрын толтырылады: а. 4d- , 5s-; в. 5p- , 4d;

г. 5f-, 4d- ; д. 5p-, 6s- .

12.Егер бір элемент изотопының символы 24Э52 болса , сонда а. элемент атын; б. ядродағы нейтрон мен протон санын; в. атомның электрондық қабатындағы электрондар санын көрсету керек.

13. Хлор табиғи қосылыстарында СІ35 (75,5% (массалық)) изотопы және

СІ37 (24,5% (массалық)) изотопы түрінде кездеседі. Табиғи хлордың орташа атомдық массасын есептеу керек. Жауабы 35,49.

14.Егер Sr81 изотобының (Т1/2 = 8,5 сағ.) алғашқы массасы 200 мг болса,

25,5 сағат өткен соң қалған массасын санау керек. Жауабы 25мг.

15. І128 1/2 = 25 минут) 2,5 сағат сақтаған соң бөлінбей қалған атомы изотобының процентін есептеу керек. Жауабы 1,56%.

16. Табиғи магний мына изотоптардан тұрады: Mg24 , Mg25 , Mg26 .

Ол изотоптардың сәйкесінше атомдық проценттері 78,6; 10,1; 11,3 болса, табиғи магнийдің орташа атомдық массасы қанша болады? Жауабы 24,32.

17. Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары не себепті бөлшек сан болады?

18. Марганец атомының электрондық формуласын жазу керек.

19.Калий атомдарының ионизациалау энергиясы 419кДж болса, оның бір атомын ионизациялау үшін қажет энергиясын табу керек.

Жауабы 6,961022 кДж. 1Дж = 0,6241019 эВ.

20.Сутегінің иондану энергиясы 1310кДж/моль болса, осы мәнді бір атомға электронвольт мәнінде көрсету керек ( Жауабы 13,6 эВ/моль).

21.Аргонның 3-ші электрондық қабатынан сегізінші электронды жұлып алу үшін 143,5 эВ/моль энергия жұмсалса, иондану энергиясы кДж/моль бойынша қаншаға тең? Жауабы 13850 кДж.

22.Бромның иондану энергиясы және электрон қосылғыштық энергиясы сәйкесінше 1143 және 342 кДж/моль болса, электронвольт бойынша қаншаға тең болады? Жауабы 11,84 және 3,54 эВ/атом.

23.Хлор атомына электрон қосылу энергиясы 356 кДж/моль болса, электронвольтпен есептелген мәні. Жауабы 3,69 эВ/моль.

24.Радиоактивті ыдырау реакциясының теңдеулерін аяқтау керек:

a. 92U238   + ? ; б. 94Pu239   + ?; в. 37 Rb86   + ? ; г. 9F18  + + ?.

25. Ядролық реакциялар теңдеулерін жазу керек: а. 5B10 + 0n1  ? + 2He4

б. 13АІ27 + 1Н1 ? + 2Не4

26. Ядролық реакциялардың толық теңдеулерін жазу керек: а. 30Zn70p,n ,

б. 23V51 ,n, в. 26Fe56 D, ? 27Со57 , г. ?  ,D 17CI34 , д. 25 Mn55 ?,   23V52 .

27.Қашан және кім радиоактивтілік құбылысын ашқан, оның мәнін түсіндірген.

28.Жасанды радиоактивтілік деген не, қашан, кім және қандай реакциямен ашылған, практикалық мәні қандай?

29.Масса дефектісі деген не? 1000 г уран-235 бөлінгенде 8,231013 Дж энергия шығарады, ракция өнімінің массасы қанша? (Жауабы 999,085 г).

30.Атомдық массалары 1Н2 ( 2,01410), 1Н3 ( 3,01605), 2Не4 ( 4,00260) және нейтрон массасы (1,00866), термоядролық реакция кезінде бөлінетін энергияны есептеу керек:1Н2 + 1Н3 = 2Не4 + 0n1 . Жауабы 1,701012 Дж/моль.

31.Натрий атомымен жұтылатын фотондар толқынының ұзындығы 5,8910-7 м болса, оның энергиясы. Жауабы 3,3810-19 Дж.

32.Фотон толқынының ұзындығы 510-7м болса, оның энергиясы.

Жауабы 3,9810-19 Дж.

33.- бөлшегінің массасы 6,610-27 кг болса және 100м/с жылдамдықпен қозғалса, толқын ұзындығы қанша болады. Жауабы 110-9 м .

34.Массасы 63 кг адам 10 м/с жылдамдықпен жүгірсе, ол үшін де Бройль толқынының ұзындығы қанша болады? Осындай мәнді өлшеуге бола ма?

Жауабы 1,0510-36 м.

35.Егер хлорофилл молекуласы толқын ұзындығы 4,610-7 м ( көк түс) фотон жұтып,толқын ұзындығы 6,610-7м ( қызыл түс) фотон шығарса, молекула энергиясының өзгеруі қанша болады. Жауабы 1,3210-19 Дж.

36.Адам көзі энергиясы 1,510-17 Дж болатын сигналды қабылдай алады, сонда жарыққа реакция болу үшін ұзындығы 5,310-7м ( жасыл түс) фотондар мөлшері қанша? Жауабы 40.

37.Егер атомдағы электрон орны өлшемінің белгісіздігі 5,310-11м болса, сонда электрон жылдамдығын анықтаудың белгісіздігі қанша болады.

Жауабы 2,19106 м/с.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

4. Химиялық байланыс

1.Ковалентті және ионды байланыстарға анықтама беріп, олардың қасиеттерін сипаттау керек. Валенттілік байланыс ( ВБ) әдісі оларды қалай түсіндіреді? Мына молекулалар үшін электронды нүктелік формулаларының кестесін көрсетіңдер: СО2 , РН3 , НОСІ , Н2 SO4 .

2.Қандай атомдар мен иондар электрондар жұбының доноры , акцепторы болады: BF4 , NH4+ , Н3 О+ ?

3.ЭТ мәндері бойынша К- СІ , Са – СІ , Ғе – СІ байланыстар үшін мәнін есептеп, қай байланыстың иондылығы жоғары екенін анықтау қажет.

4.Мына қатарда НҒ – НСІ – НВr – HI байланыс беріктігі қалай өзгереді , неге?

5.Валенттілік байланыс (ВБ) және молекулалық орбитальдар (МО) әдістері бойынша молекулалардың Ғ2 – О2 – N2 диссоциация энергиясының (кДж/моль) сәйкесінше 155 – 493 – 945 өзгеретінін және N2 мен СО молекулаларының диссоциация энергияларының (945 және 1071 кДж/моль ) жақындығын түсіндіру керек. МО әдісі бойынша молекулалар В2 , Ғ2 , ВҒ түзілу мүмкіндігін және қай молекула берік екендігін көрсету керек.

6.Мына молекулалардың N2 , O2 , NO, CO , CN қайсысы парамагнитті?

7.HCN молекуласының диполь моменті 2,9 D. Диполь ұзындығы қанша?

Жауабы 6,0310- 11м.

8.Фторсутек молекуласының диполь ұзындығы 41011 м болса, оның диполь моментін дебаймен , кулон-метрмен есептеу керек.

Жауабы 6,411030 Клм = 1,92D.

9.Полярсыз ВеСІ2 молекуласының кеңістіктік құрылысын көрсетіп

Ве – СІ байланысы түзілуіне берилийдің қандай АО- ы қатысады ?

10.Мына молекулалар СН4 , СО2 , SiF4 , SO2 , H2SiF6 түзілгенде көміртегінің, кремнийдің, күкірттің АО-дарының гибридтелу типін көрсету керек.

11.Байланыстың ұзындығы , энергиясы және беріктігі арасында қандай байланыс бар, мысал келтіру керек.

12.Байланыс еселігі деген не және екі өзара байланысатын атомдардан

- , 4е- , 6е- қатысатын болса, байланыс саны қанша болады, мысал келтіру керек.

13.Мына молекулалар РСІ3 , РСІ5 , H2S , SO3 , AsH3 , H3AsO4 түзілгенде фосфор, күкірт , мышьяк атомдары қай күйде ( қалыпты , қозған) болады?

14.Электрондардың, атомдық орбитальдардың не атомдардың жалпы қандай күйі валентті күйі болады? Оттегі және күкірттің, фтор және хлордың атомдарының неше валенттік күйлері болады?

15.а) атомның эффективті заряды; б) электр диполі және диполь ұзындығы

в) дипольдің электр моменті деген не және олардың өлшем бірліктері

16.Мына иондардың Ғ не Br , S2 не Те2 , СІ не І қайсысының поляризациялануы жоғары , неге?

17.Неге су мен фторсутек қышқылының балқу және қайнау температуралары жоғары?

18.Байланыс энергиялары Н – Н , Ғ – Ғ , Н – Ғ сәйкесінше 436, 153, 563 кДж/моль болса, сутегі мен фтор әрекеттескенде қанша жылу бөлінеді, егер олар 1 моль мөлшерінде алынған болса? Жауабы 537кДж/моль.

19.Егер Едис (НІ) = 298,4 кДж/моль болса, 0,64 г НІ айрылуы үшін қанша энергия жұмсалуы керек? УК – сәуле (  = 2107 м) әсерінен НІ айрыла ма?

Жауабы 1,492кДж, иә.

20.Газ фазасындағы LiF молекуласында ядроаралық ұзындық 0,156 нм, ал дипольдің электр моменті 2,21029 Клм болса, Li – F байланысының иондығы қанша?Жауабы 85,62%.

21.Байланыс ұзындығы Н – Ғ 0,092 нм , полярлылық 45% болса,  ( Н – Ғ ) есептеу керек. Жауабы 6,621030 Клм.

22.Қандай үш түрлі молекула аралық әрекеттесуді ван-дер-ваальс күші деп атайды? Әр қайсысы немен анықталады? Қай әрекеттесу әлсізірек?

23.Ориентациялық әрекеттесуге молекулалардың полярлылығы және температура қалай әсер етеді? Полярлы молекулалардың полярсыз молекулалармен индукционды әсерлесуі немен көрсетіледі?

24.Ориентациалық және индукциондық әсерлесуге қабілетсіз атомдар мен молекулаларға мысал келтіріңдер. Қай молекулааралық әсерлесу универсал болып табылады және ол кез келген бөлшектер арасында әсер етеді ме?

25.Молекулааралық әсерлесу энергиясының мәні қандай шамада?

26.Қандай коваленттік байланыстар σ- , π- , δ- байланыстар деп аталады? Азот молекуласы құрылысын валенттілік байланыс (ВБ) теориясы қалай түсіндіреді?

27.BF3 және СН4 молекулалар құрылысын ВБ теориясы қалай түсіндіреді?

28.Молекулалық орбитальдар (МО) теориясы F2 молекуласының байланыс энергиясы (159кДж/моль) молекулалық ион F2 + -ның байланыс энергиясынан (318кДж/моль) аздығын қалай түсіндіреді?

29.Молекулалық орбитальдар (МО) теориясы О2 молекуласының байланыс энергиясы (497,9кДж/моль) молекулалық ион О2 + -ның байланыс энергиясынан (644,3кДж/моль) аздығын қалай түсіндіреді?

30.Екі атомды молекулалық иондарда О2 + және О2 байланыс еселігі

нешеге тең?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет