ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет9/14
Дата14.06.2016
өлшемі1.26 Mb.
#135325
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Көлемі 50мл өлшегіш колбаларға кобальт (ІІ) тұзының стандартты ерітіндісін 1;2;3;4;5мл мөлшерде құйып, алтыншы колбаға анализденетін ерітінді алып, әрбір колбаға 0,5мл тұз қышқылын, 2-3 тамшы азот қышқылын, 3 мл нитрозо-R тұзын, 3мл натрий ацетатын қосып, қайнағанға дейін қыздырып, 1 минуттай қайнатады, ерітінділерді суытып, тағы да 2 мл азот қышқылын қосады да, жақсылап араластырып тағы 1 минут қайнатады. Ерітінділер суыған соң, колбалар белгілеріне дейін дистильденген су құйып, ерітінділерді жақсылып шайқайды. Қызыл түсті ерітіндінің оптикалық тығыздығын 550нм спектр облысында өлшейді. Кювета қылындығы 1,0см. Салыстырмалы ерітінді - су. Кюветаға ерітінділерді концентрациясы ең төменінен бастап құю керек. Ерітіндіні құймай тұрып, кюветаны дистильденген сумен және ерітіндінің өзімен шайқап жіберу керек. Градуирлік график сызып, одан анықталатын зат концентрациясын табады.


МЫСТЫ (ІІ) АММИАКАТ ТҮРІНДЕ АНЫҚТАУ

Мыс қышқыл сулы ерітіндіде көгілдір түсті аквакомплекс [Cu(H2O)6]2+ түзеді. рН  7 мыс (ІІ) гидроксидін Cu(ОН)2 тұнбасы түзіледі. Аммиак ерітіндісімен мыс (ІІ) көк түсті аммиакат түзеді.

Cu2+ + 4NH4OH ↔ [Cu(NH3)4]2+ + 4H2O

Әдіс сезімталдығы 0,2 мг/50 мл, комплекстің максимум жарық жұтуы 550-570 нм маңында. Мысты (ІІ) анықтауға Ni2+, Co2+ және аммиакта ерімейтін ауыр металдар иондары кедергі жасайды. Ерітінді қышқылдығы артық болса, NH3 пен Н+ қосылып NH4+ түзіледі де мыс (ІІ) аммиакаты бұзылады, ерітінді көгілдір түске көшеді, яғни [Cu(H2O)6]2+ .

Реагенттер.

1.Концентрлі NH4ОН ерітіндісі, 25%.

2.Мыс (ІІ) тұзының стандартты ерітіндісі, ТCu2+ = 2 мг/мл 7,8540 г мыс (ІІ) сульфатын CuSO4  5H2O дистильденген суда ерітіп, 10 мл концентрлі H2SO4 ( =1,84 г/мл) қосып, 1 литрге дейін сұйылтады.

Жұмысты орындау.

Градуирлік график құру үшін бес 50 мл өлшегіш колбаға стандартты мыс (ІІ) ерітіндісінен 1; 2,5; 4; 5,5; 7,0 мл құйып, алтыншы колбаға оқытушыдан зерттелетін ерітінді алып, барлық колбаға 5 мл-ден концентрлі аммиак қосып, белгісіне дейін дистильденген су құяды. Колбадағы ерітінділерді жақсылап шайқап, фотометрлейді. Жарық фильтрі мен кюветаны алдын ала таңдап алу керек. Салыстыратын ерітіндіге дистильденген су алуға болады. Градуирлік график сызу үшін ординатаға оптикалық тығыздық (Д не А) мәндерін, абциссаға мыс (ІІ) мөлшерін (мг/мл) көрсетеді. Графиктен зерттелетін ерітіндідегі мыс концентрациясын табады.

Сабақтан алған білімді тексеру(тест) сұрақтары

1. Фотоэлемент деген:

А.жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрал;

В.эмиссионды спектроскопия;

С.спектральді анализ;

D.фотографиялық анализ;

Е.химико-спектральді анализ.

2.Жарық жұтудың (фотометрияның) негізгі заңы:

А.Бугер заңы; В.Ламберт заңы; С.Бер заңы;

D.Бугер-Ламберт-Бер заңы; Е.оптикалық тығыздық.

3. Фотометрияның негізгі заңы:

А.T=I/I0; B.T=I0/I; C.A=l*c; D.-lgT=A; E.A=lC.

4. Монохроматизатор ретінде қолданылады:

А.призмалар; В.фотоколориметрлер;

С.спектрофотометрлер; D.спектроскоптар;

Е.детекторлар.

5.Фотометриялық әдістің дәлдігі жоғары болу үшін оптикалық

тығыздық (A) мына мәнді қабылдауы керек:

А.0,034; В.0,055; С.0,435; D.2,004; Е.1,555.

6. Фотометриялық әдіс анықтайтын заттың минимал концентрациясы мына формуламен

көрсетіледі:

А.Сmin=A*l; B.Cmin=Amin/l; C.Cmin=*A;

D.Cmin=l/A; E.Cmin=/l*Amin.

7. Фотометриялық титрлеу әдісінде эквивалент нүктені анықтау үшін:

А.ерітіндінің жарық жұтуын өлшейді;

В.титрант көлемін өлшейді;

С.жарықтың молярлық жарық жұту коэффициентін өлшейді;

D.ерітіндінің титрін анықтайды;

Е.инфрақызыл спектрді өлшейді.

8. Ерітіндінің оптикалық тығыздығы жарық жұтудың қалыңдығы артқан сайын:

А.артады; В.кемиді;

С.алдымен артып, кейін кемиді; D. 2 есе артады;

Е. 2 есе кемиді.

9.Бес тексерілетін ерітіндінің оптикалық тығыздықтары 0,10; 0,44; 0,80; 2,00; 1,50

болса, мына жағдайда өлшеудің салыстырмалы қатесі аз болады:

А.0,10; В.0,44; С.2,00; D.0,80; Е.1,50.

10. Мына заттың жұту спектрі көрінетін облыста болады (400- 700нм арасында):

А.NaCI; B.HCI; C.H2SO4; D.H2O; E.KМnO4.

11. Висмуттің (III) түсті ерітінділерін фотометриялағанда мына жағдайда

Сmin (минимал концентрациясы) анықталады:

А.=9*103; В.=3,5*103; С.=4,5*104; D.=350; Е.=540.

12. Оптикалық анализ:

А.полярография; В.амперометрия; С.фотометрия;

D.титриметрия; Е.гравиметрия.

( Студент өз еркі бойынша осы 3 жұмыстың біреуін орындайды).

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ № 15

Тамақ өнімдерінің (сүт, айран, сорпаның ) қышқылдығын потенциометриялық анықтау және оны ион алмасу хроматографиясы арқылы төмендету

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Жұмыстың мақсаты: жұмысты жасау әдісін және ерітіндінің рН-ын анықтауды рН-метрде үйрену, рН-тың жоғарылауы және төмендеуі кезіндегі ион алмасу процесін, АВ-17 анионитінің регенерациясын түсіндіру және олардың теңдеуін жазу. Тура потенциометрияны және ион алмасу хроматографиясын қолдануды үйрену.

Жұмысты орындау:



    1. рН-метр 20-30 минут қыздырылады. «Температура» деген шкала арқылы қажет температура қойылады, бұл кезде рН-метрдің «t» деген кнопкасын басады.

    2. Буфер ерітінділер арқылы рН-метрдің дұрыс көрсетуін қадағалайды.

    3. Электродтарды алдын ала жақсылап дистильденген сумен жуып, фильтр қағазымен құрғатады.

    4. Сүттің қышқылдығын рН1 анықтайды.

    5. рН1 мәнін жазып алған соң, электродтарды сүттен алып, жақсылап жуып, дистильденген суы бар стақанға салып, рН-метрдің «t» кнопкасын басып қою керек.

    6. АВ-17-ОН- түріндегі аниониттің бетіндегі суын төгіп тастап, оған сүтті құйып, екеуін 1 сағаттай араластырады.

    7. АВ-17 анионитінен сүтті бөліп, сүттің рН2 мәнін рН-метрде өлшейді, сонда рН2  рН1 (Неге?).

    8. рН-метрді өшіріп, электродтарды жуып, стақандағы дистильденген суға салып қояды.

    9. АВ-17 анионитінің регенерациясын жүргізеді: оны 20 мл 1М натрий гидроксиді ерітіндісімен 15 минуттай шайқайды да сілті ерітіндісін төгіп тастап бірнеше рет дистилденген сумен жуады. Сумен жуылып болғанын метилоранжбен тексереді, яғни түсі сары болғанша. Анионит үстіне су құйып , лаборантқа өткізеді.

    10. Алғашқы және АВ-17 анионитімен контактта болған сүттерді жеке-жеке қайнатып, нәтижесін салыстырыңдар.



ТҰНБАЛЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ АНЫҚТАУ

Анықталатын иондармен түсті тұнба түзетін тұндырғыш ерітіндісін алдын ала сорбентке сіңіріп қоюға болады. Мысалы, Al2O3 сорбентіне сілті ерітіндісін сіңіреді. Сонда, егер колонкаға Hg2+, Cu2+, Ag+ иондар қоспасын енгізсе, түрлі-түсті тұнбалар зоналары түзіледі:жоғарыда – сары зона – Hg(ОН)2 тұнбасы, төменірек – көгілдір зона - Cu (ОН)2 тұнбасы, ең астында – қоңыр зона - Ag2О тұнбасы. Тұнбалық хроматографияны иондарды бөлу үшін, сапалық анықтау үшін қолданады. Сандық анықтау үшін бірнеше стандартты ерітінділерді хроматографиялау керек. Нәтижесі бойынша градуирлік график салады. График зона биіктігі мен концентрация арасында салынады. Сосын зерттелетін ерітіндіні хроматографиялап, графиктен концентрациясын анықтайды.



ТҰНБАЛЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯ ӘДІСІМЕН НИКЕЛЬ ИОНДАРЫНЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ

Жұмыс мақсаты: Тұнбалық хроматография әдісі арқылы никель иондарының концентрациясын анықтауды үйрену. Колонкалар диаметрі бойынша бірдей болуы керек.

Жұмыс барысы: Он бір хроматографиялық колонкалар дайындайды. Ол үшін колонканың төменгі бөлігіне шыны таяқшамен мақта тампонын тығыздайды да, биіктігі 2/3 болатын сорбентпен нығыздайды (алюминий оксиді + диметилглиоксим).

1М никель нитратының ерітіндісіне дистильденген суды қосу жолымен никель тұзының ерітінділерін дайындау.

Ерітіндіні сұйылту техникасы:

Он пробирка алып, әрқайсысына 1мл берілген ерітінді концентрациясын енгізеді. Мысалы, 1М ерітіндіден, сонан соң әрбір пробиркаға таблицада көрсетілген белгілі бір су мөлшерін енгізеді.




Пробирка №

Алынған ерітінді көлемі, мл

Қосылған ерітінді көлемі, мл

Сұйылту концентрациясы, М

Зона биіктігі, мм,һ

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

0

1

2



3

4

5



6

7

8



9






Дайындалған сорбенті бар колонкаларға берілген концентрациялы ерітінді бар пробиркадан 0,2 мл енгізеді. Ерітінді толық сіңіп, 3 минут өткеннен кейін, никель диметилглиоксиматының алқызыл зонасының биіктігін өлшейді. Градуирлі графикті ордината осі бойынша зона биіктігі (мм), абцисса осі бойынша – никель иондарының концентрациясы (М) координатасында құрады.

Никель иондарын анықтау үшін дайындалған хроматографиялық колонкадағы белгісіз концентрациясы бар ерітіндіден 0,2 мл құю керек. 3 минут өткеннен кейін хроматограммадағы зона биіктігін өлшейді. Құрылған калибровкалық (градуирлік) график арқылы және зона биіктігін біле отырып, экстраполяция әдісімен белгісіз ерітіндідегі никель концентрациясын анықтайды. Хроматографиялық колонкаларды оқытушыға көрсетіп, лаборантқа өткізу керек.

Сабақтан алған білімді тексеру(тест) сұрақтары

1. Заттар жақсы бөліну үшін Rf мәні мына аралықта болу керек:

А.0,01-0,02 В.0,055-0,85 С.0,9-0,12

D.0,12-1,0 Е.1,0-10,0

2.Ионалмасу хроматография әдісі арқылы күкірт қышқылындағы хром(ІІІ) және фосфат-

иондарын қай сорбентте бөлуге болады?

А.Al2O3 “хроматография үшін”;

B.КУ-2 катионитінде; С.целлюлозада;

D.СаСО3-те, Е.дұрыс жауабы жоқ.

3.Кермектігі 7 мэкв/л 2л суды катиониттен өткізген. Кермектікті2мэкв/л дейін төмендету

үшін қанша сорбент алу керек? Құрғақ сорбент сыйымдылығы 4,5мэкв/л,

ылғалдылығы 17%:

А.2,68г. В.3,45г. С.4,54г. D.6,22г. Е.3,00г.

4.КУ-2 катионитінің сиымдылығы 5мэкв/1г құрғақ сорбентке қатысты. 3г ылғал ионитті

(W=17%) темір ионы мен толық қанықтыруүшін 0,004н темір(ІІІ) хлоридінің қандай

көлемін өткізу керек?

А.1,65л; В.3,11л; С.4,42л; D.5,84л; Е.3,16л.

5. Колонкаға тұнбаға түсіргіш ретінде натрий гидроксиді құйылған. Егер

ЕКCu(OH)2=5,6*10-20; EKFe(OH)3=32*10-38 болса,колонкада мыс және темір гидроксидтері

қалай орналасады?

А.Cu(OH)2 жоғарыда, Fe(OH)3 төмен;

B.Fe(OH)3 жоғарыда, Cu(OH)2 төмен;

C.Fe(OH)3 және Cu(OH)2 бірге;

D.кезекпен– Fe(OH)3 –Cu(OH)2 –Fe(OH)3 –Cu(OH)2; Е. Бөлінбейді

6.Тұнбаға түсіргіш ретінде алынған хлор-ионымен қаныққан анионит арқылы натрий-

және кальций- иондарын бөлуге бола ма?

А.болады; В.болмайды; С.аздап бөлуге болады;

D.қыздыру қажет; E.натрий ериді.

( Студент өз еркі бойынша осы 3 жұмыстың біреуін орындайды).


ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЕСЕБІН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелерін дұрыс орындау қажет.

Жұмыс орындау алдында студент сол жұмыстың әдістемелік нұсқауларын дұрыс оқып, қажетті оқулықтармен танысып, осы жұмысқа байланысты барлық сұрақтарына дұрыс жауап беруі керек.

Тәжірибеге қатысты ыдыстарды, зертханалық құралдарды лаборанттан алып, жұмыс аяқталған соң қайта лаборантқа өткізу керек.

Жұмыстың есебін әр студент мына көрсетілген нұсқа бойынша өткізеді.

Күні «____» _____________ 20 _ ж. Жұмыс № ______________

Жұмыстың атауы: _______________________________________

_______________________________________________________

Жұмыс мақсаты: ________________________________________

_______________________________________________________

Тапсырма_______________________________________________

Негізгі құралдар (аты, типі, суреті, кестесі, негізгі құралдардың қысқаша сипаттамасы) ___________________________________

_______________________________________________________

________________________________________________

________________________________________________

Физика-химиялық процесс (әдіс, қандай физика-химиялық процеске негізделген, химиялық реакциялар теңдеуі т.б.)

Есептеулер (таблицалар, формулалар, графиктер т.б.) _______

________________________________________________

Қорытынды

Оқулық


Студент (фамилиясы, аты, тобы)
Физикалық және коллоидты химия
ДӘРІС
Химиялық термодинамика негіздері.

Химиялық термодинамика – химиялық процестер мен химиялық құбылыстардың өту заңдылықтарын зерттейді.

Мақсаты – химиялық процестердің заңдылықтарын ашу, осы процестердің бағытын, жылдамдықтарын зерттеу, химиялық процестердің тепе-теңдік қалыпын зерртеу, заттардың реакцияға түсу қабілеттілігін зерттеу болып табылады.

Термодинакимиканың зерттейтін құбылыстары



  1. Энергияның бір денеден екінші денеге және бір түрден екінші түрге ауысуы.

  2. Әр түрлі жағдайларда өтетін физикалық немесе химиялық проестердің энергиялық эффекті.

  3. Процестің өту немесе өтпеуі, олардың бағыты және шегі.

Термодинамика зерттейтін объектілірін жүйе деп атайды.

Термодинамика жүйенің макроқасиеттерін№ микропроцестерді зарттейді№ бірақ процесс өтуінің себептерін ашпайды, олардың микробөлшектер қасиеттерінің өзгерісіне байланысты екннін мүлде қарастырмйды.

Термодинамика – энергияның сақталу заңыны сүйенеді.
2 ДӘРІС

Термодинамиканың бірінші заңы. Термохимия


b Q - b A = d U

d U= b Q - b A

Жүйе параметрлері шексіз аз шамаға өзгергендегі ішкі энергияның өзгерісі толық дифференциал болып табылады.

U1 - U2 =b Q - b A

b Q - b A=0; d U=0; U=const

Оқшауланған жүйенің ішкі энергиясы тұрақты.

Термодинамиканың 1 заңының негізгі мағынасы тек энергия сақталуын ғана емес, сонымен қатар энергияның бір түрден екінші түрге айналу мүмкіндігін көрсетуі.

Энергия дененің, иә жүйенің күй функциясы.


U= f (P,T,V) – жүйе күйін сипаттайтын параметрлер.

Жүйеге берілген жылу ішкі энергияның өзгеруіне және жұмыс жасауға жұмсалады

b Q = d U + b A

U= f (T,V); P=const десек, ішкі энергияның өзгерісі толық дифференциалы арқылы көрсетуге болады.

U= f (T,P); V =const десек, ішкі энергияның өзгерісі толық дифференциалы арқылы көрсетуге болады.

3 ДӘРІС
Тұрақты қысымда және тұрақты көлемде жүретін процестердің жылуы. Жылу эффектілердің температураға тәуелділігі.


Табиғатта өзімен-өзі өтетін процестерді өздігінен жүретін процесс деп атайды. Процестің жүруіне энергия қажет ететін процесті өздігінен жүрмейтін процесс деп атайды. Оқшау жүйеде сыртқы әсер болмайтындықтан онда тек қана өздігінен жүретін процестер өтеді. Өздігінен жүретін процестердің жүруі тепе-теңдік күймен аяқталады.

Термодинамикалық жүйе қоршаған ортамен жылу алмасып өзінің көлемін өзгертуі мүмкін, яғни жұмыс жасайды. Сондықтан оны кейбір жылу машинасының бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Жылу машинасын қыздырғыш пен суытқыштан тұратын жұмыскер дене жұмыс жасау үшін қыздырғыштан Qқ жылу алу керек. Осы кезде жұмыскер дене бір күйден екінші күйге а жолымен өтіп жұмыс жасайды.


Aа= Qқ – (U2- U1)

Қыздырғыштың ішкі энергиясының кемуі есебінен өндірілген жұмыс, жылудан жұмысты жұмыскер денені суыту арқылы ғана алуға болмайды. Клаузиус постулаты бойынша жылу өздігінен, яғни ешқандай теңесусіз суық денеден ыстық денеге ауыспайды. Теңесу деген жұмыскер дененің немесе жүйе бөліктерінің термодинамикалық өзгеріске ұшырауы. Жылу суық денеден ыстық денеге ауыспайды, ал ауысатын болса, міндетті түрде жүйеде қосымша өзгерістер болады. Жылудың жұмысқа айналуымен қоса басқа да процестер өтеді. Оларды Клаузиус компенсациялау деп аталады. Егер мұндай компенсациялау болмаса табиғатта кездесетін жылу көздерін, суытып алынған жылудың есебінен жұмыс істейтін машиналарды жасау мүмкін еді.

4 ДӘРІС

Термодинамикалық қайтымды және қайтымсыз процестер. Максималды жұмыс. Энтропия және термодинамикалық ықтималдылық. Қайтымды және қайтымсыз процестер үшін термодинамиканың екінші заңының



аналитикалық формуласы.
Қайтымды айналмалы процесті қарастырайық, өйткені тепе-теңдік күйде өтеді. Уақыттың кез-келген кезеңінде жүйенің температурасы қоршаған орта температурасына тең.

b Q = 0 Клаузиус теңдігі

Т

Қайтымды процесс кезінде оның жолына тәуелсіз. Сондықтан мұндай процестер үшін элементарлы келтірілген жылу күй функциясының толық дифференциалы.



b S = b Q

Т

Бұл функцияны Клаузиус жүйенің энтропиясы деп атады. Термодинамиканың екінші заңымен энтропияның абсолютті шамасы емес, тек оның өзгерісі анықталады.



Адиабатты оқшауланған жүйе үшін b Q = 0 b S » 0, теңдеуге сәйкес жүйе күйінің жаңа функциясы адиабатты болады. Адиабатты оқшауланған жүйеде қайтымды процесс үшін энтропия өзгеріссіз қалады да, қайтымсыз процесс үшін энтропия өзгерісі артады да тепе-теңдік күйге жетеді. Сондықтан адиабатты оқшауланған жүйеде өздігінен жүретін процесс энтропиясының арту жағына қарай жүреді.

Энтропия термодинамиканың екінші заңының негізгі функциясы.

Энтропия өзгерісі процестің өту жолына тәуелсіз, тек алғашқы және соңғы күйіне байланысты. b Q = Т b S
Егер қайтымды процесс оқшауланбаған жүйеде өтетін болса оның энтропиясы өзгереді, бірақ мұндай да айналадағы ортаның энтропиясы да өзгеруге тиісті. Қайтымсыз процестегі жұмыспен салыстырғанда қайтымды процестің жұмысы артық болғандықта оны максимальды жұмыс деп атайды.

b Q қайтымды = b Амах


А қайтымды = Амах

Статистикалық механика заттардың қасиетін осы заттарды құрайтын атомдар, иондар, бос радикалдар, комплексті қосылыстардың қасиеттердің негізін түзеді.

Макромолекулалар микробөлшектерден құралады. Микрокүйді құрайтын микрокүйдің саны термодинамикалық ыктималдылық деп аталады. Термодинамикалық ықтималдылықтың мәні бірден артық және шексіз үлкен сандарға тең болады.

Энтропия мен ықтималдылық арасындағы байланыс Больцман теңдеуімен өрнектеледі


S= k lnW
W- термодинамикалық ыктималдылық

k- Больцман тұрақтысы

5 ДӘРІС

Энтропияның өзгерісі оңашаланған жүйелердегі жүретін процестердің бағытын анықтайтын критериі. Планк постулаты. Энтропияны есептеп шығару. Изобар-изотермиялық және изохор-изотермиялық потенциалдар (Гибсс және Гельмгольц энергиялары).



  1. Термодинамиканың ІІ заңының анықтамалары.

  2. Карно циклі.

  3. Термодинамиканың ІІ заңының математикалық формулалары.

  4. Энтропия

  5. Әртүрлі энтропиялардың өзгерісін есептеу.

  6. Термодинамикалық потенциалдар.

  7. Гибсс және Гельмгольц энергиялары.

6 ДӘРІС

Термодинамикалық потенциалдардың қолданылуы.



  1. Химиялық потенциал

  2. Идеал және реал газдардың химиялық потенциалы

  3. Ұшқыштық-фугитивтілік, оның коэффициенті.

  4. Стандарттың қалыпты жағдайда реакцияның бағытын анықтау.

  5. Изобаралық потенциал өзгерісінің температураға тәуелділігі

(Гибсс-Гельмгольц теңдеулері).

6. Химиялық реацияларда характеристикалық функциялардың өзгерісі химиялық потенциал және процестің бағыттылығы.



  1. ДӘРІС

Химиялық ынтықтылық.

  1. Химиялық реакциялардың кейбір қасиеттері

  2. Химиялық реакция изотермасының теңдеуі.

  3. Гиббс – Гельмгольц көзқарастары

  4. Химиялық ынтықтылық.

  5. Де-Донде – Пригожин теориясы

  6. Химиялық константасының (изохорасының) теңдеуі, оны интегралдау

  1. ДӘРІС

Фазалар тепе-теңдігі

  1. Жалпы түсініктер. Фазалар тепе-теңдігі шарттары

  2. Фазалар ережесі

  3. Гиббстың фаза-аралық тепе теңдік заңы

  4. Фаза-аралық өту жылуы, температура және қысым арасындағы байланыс

  5. Клаузиус Клайперон теңдеуін қорыту және оны интегралдау.

9 ДӘРІС

Гиббстың фазалар ережесі



  1. Гиббстың фазалар ережесін бір компонентті жүйе күйінің диаграммасына қолдану.

  2. Су күйінің диаграммасы.

10 ДӘРІС

Ерітінділер.



  1. Ерітінділер

  2. Екі, үш компо-нентті жүйелер

  3. Экстракция. Идеал, реал ертінділер

  4. Екі, үш компонентті жүйелер диаграммалары

  1. Химиялық кинетиканың реттілігі

  2. І,ІІ,ІІІ ретті кайтымсыз реакциялар

11 ДӘРІС

Химиялық кинетика



  1. Химиялық кинетиканың негізгі түсініктері

  2. Химиялық кинетиканың негізгі постулаттары

  3. Химиялық кинетиканың реттілігі

  4. І,ІІ,ІІІ ретті кайтымсыз реакциялар

12 ДӘРІС

Тақырыбы: Күрделі реакциялардың кинетикасы

Мақсаты: Күрделі реакциялардың кинетикасы, түрлері туралы мәліметтерді толық, жан-жақты жеткізу.

Міндеттері:



  • күрделі реакциялардың түрлері: І және ІІ ретті қайтымды, тізбектелген, параллель, түйіндес реакцияларды келтіру;

  • осы реакциялардың кинетикалық теңдеулерін келтіру;

  • реакция реттілігі бойынша жылдамдық константасын анықтау.

Жоспар:

  1. Күрделі реакцияға жалпы сипаттама;

  2. Бірінші ретті қайтымды реакциялар;

  3. Екінші ретті қайтымды реакциялар;

  4. Параллель реакциялар;

  5. Тізбектелген реакциялар;

  6. Түйіндес реакциялар.

1. Жүйедегі әрекеттесетін заттар бір емес бірнеше (кемінде екі) реакцияға қатысатын болса, реакцияны күрделі деп атайды.

Күрделі реакцияларға қайтымды, параллель, тізбектелген, түйіндес реакцияларға жатады. Күрделі реакциялардың кинетикасын зерттегенде тәуелсіздік принципін (қатар өмір сүру принципі) пайдаланылады. Бұл принцип бойынша, егер жүйеде қатар бірнеше реакция жүретін болса, әрбір реакция өзге реакцияларға тәуелсіз жүреді, және реакция жылдамдығы әрекеттесетін заттардың концентрацияларына тура пропорционал болады. Әр заттың концентрациясының қорытынды өзгерісі күллі тәуелсіз өзгерістердің нәтижесі болады. Бұл принцип – химиялық кинетика постулаттарының бірі. Осы аталған принцип қайтымды, параллель және тізбектелген реакциялар үшін дәлелденген. Дегенмен бұл принципті жалпылама қолдануға болмайды, өйткені реакциялардың өзара бір-біріне әсерін ескеру қажет, айталық түйіндес реакцияларда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет