ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Құрдастарымен қарым-қатынасы



бет10/12
Дата19.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#146910
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Құрдастарымен қарым-қатынасы. Құрдастарымен қарым-қатынас та әуестену сияқты өте эмоционалды болады. Осы кезеңдегі жетекші іс-әрекет интимді-тұлғалық қарым-қатынас.

Достық қарым-қатынаста жеткіншектер өте таңдағыш келеді. Бірақ олардың ортасы тек достарымен ғана шектелмейді, едәуір кеңейеді. Осы уақытта көптеген таныстары пайда болады, формальды емес топтар пайда болады. Жеткіншектер бір-бірімен тек ұнату арқылы ғана емес, қызығушылықтары арқылы топқа бірігуі мүмкін.топтың даму деңгейін анықтау үшін, Л.И.Уманский көрсеткен даму критерийлеріне тоқталып кетейік. Бұл мақсаттың, мотивтің, топ мүшелерінің құндылық бағдарларының бір болуы, ұйымдастырушы бірлік, белгілі бір іс-әрекет сферасында топтық дайындық, психологиялық бірлік. Диффузды топ, дамудың төменгі деңгейіне ие, тек формальды түрде ғана өмір сүреді, мысал ретінде жаңа мектептегі сыныпты айтуға болады. Дамыған үлкен топ - ассоциация, ол жалпы мақсаты және құрылымы бар. Кооперация тобына- мақсат пен іс-әрекеттің бірлігі тән.

Неғұрлым дамыған топ- корпорация және ұжым. Олардың айырмашылығы бағыттылығында. Корпорация үшін басқа топқа қарсы тұра алатын топтық эгоизм және индивидуалдылық тән. Ұжым неғұрлым кеңпейілді, бұл жерде топтық эгоизм болмайды. Ұжымда өзара көмектесу және өзара түсіну қалыптасқан. Ұжым мүшелерінің эмоционалды бірлігі жағымды психологиялық атмосфераны құруға мүмкіндік береді.

Ересектермен қарым-қатынасы. Жеткіншектердің ата-анасымен қарым-қатынасы олар үшін мәнді сфера болып табылады. Қарым-қатынасқа түсуде қиындық ата-анасының баласының мінез-құлқын, оның оқуын, достар таңдауда араласуынан пайда болады. Отбасындағы тәрбие де жеткіншектің дамуына үлкен әсер етеді. Отбасылық тәрбиенің кең таралған түрлеріне тоқталып кетейік.

Демократиялық ата-ана жеткіншектің мінез-құлқындағы дербестілікті және тәртіптілікті бағалайды.

Авторитарлы ата-ана жеткіншектен сөзсіз бағынуды талап етеді, өздерінің бұйрықтарымен, шектеулерінің себебін түсіндірмейді.

Гипоопека-бақылаудың болмауы, ата-аналық қатынастың парықсыз(безразличный) болуы- отбасылық қатынастың жағымсыз нұсқасы.

Гиперопека- жеткіншекке эмоциялы байланысқа негізделген, шамадан тыс қамқор болу- бұл баланы енжар болуға, өз бетінше орындай алмаушылыққа алып келеді. Қиындықтың бір түрі ата-ананың жоғарғы күтімдерінен болады.

Қоршаған ортамен қарым-қатынас- жеткіншек өмірінің маңызды жағы болып табылады. Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста қажеттілік қанағаттанбаса онда балада ауыр күйзелістер пайда болады.

Негізгі ұғымдар: жеткіншек жас, психикалық дамуындағы биологиялық факторлар, жыныстық жетілу, жеке адам, өзіндік сана, өзін-өзі тәрбиелеу. Ұжым, референтті топ, қатынас, достық мүдде.

Жасөспірімдік кезең психологиясы (16-17 жас).

15 (немесе 14-16)жас – жеткіншек және жастық арасындағы өтпелі кезеңі. Бұл уақыт 9 сыныпқа келеді. Осы сыныпта ары қарайғы өмірі жайында ойлана бастайды. Жасөспірімнен кәсіби өзіндік анықталу талап етіледі. Бұл жерде ол өзінің қабілеті және бейімділігі туралы ойлану керек, болашық кәсіп туралы көзқарасы болуы қажет. Бұл кезде балалардың көбісі мазасыз, эмоциялы және кез келген таңдаудан қорқады. Сондықтан көбісі оқуды мектепте жалғастырғанды жөн көреді.

Өтпелі кезеңде қабылдау әлсірей түседі. Олардың болашақ

өмірімен байланысты сұрақтарынабағытталуда ересектерге деген қызығушылық пайда болады.

Л.С.Выготскийдің ойынша, өтпелі кезең екі процестен тұрады:

- табиғи- жыныстық жетілуді қоса алғандағы ағзадағы биологиялық жетілу процесі;

- әлеуметтік- қарым-қатынас, тәрбие, әлеуметтендіру процесі.

Бұл процестер өзара байланысты болғанымен, синхронды емес (біруақтылы емес).

- әр баладағы физикалық және психикалық даму әртүрлі қарқында болды (бір бала 14-15 жасында үлкен көрініп, ал басқа бала кіші болып көрінеді);

- жекелеген биологиялық жүйелер мен психиканың жетілуінде ішкі диспропорциялар болады;

- физикалық есеюге сәйкес келмейтін әлеуметтік есею байқалады (әлеуметтік қалыптасудың жетілуі, мамандық алу, экономикалық дербестік және азаматтық тұрғыда өзін-өзі анықтауға қарағанда физикалық жетілуі жылдам жүреді). Жасөспірімдік кезең биологиялық мағынада өтпелі болып табылады. Жасөспірімнің әлеуметтік мәртебесінің баланікінен айырмашылығы сол жасөспірімдер әке шешесі мен мемлекеттің қарауында. Олардың басты харекеті-оқу.

Биологиялық факорларға жыныстық жетілудің, сонымен қатар, барлық мүшелердің, талшықтардың және ағза жүйесінің қарқынды дамуы мен қайта құрылуын жатқызады. Жасөспірімнің ағзасындағы болып жатқан өзгерістерді еске ала отырып, осы жастағы бала әрекетіндегі ерекшеліктерді түсіндіруге болады. Жыныстық жетілу ең басты биологиялық фактор ретінде іс-әрекетке емес, жанама түрде әсер етеді.

Жас өспірім кезіндегі іс-әрекеттің кенет өзгеруі негізгі психологиялық “механизмін” нобайлап, келесідегідей елестетуге болады: жыныстық жетілу кезінде қанда жаңа гармондар пайда болады және олар орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Қарқынды физикалық даму балалардың белсенділігін, физикалық және психикалық мүмкіндіктерін арттырып, олардың өздерін үлкен адамдарша сезініп, дербестікке ұмтылуына қолайлы жағдай жасайды.

Тоғызыншы сынып оқушыларын болашақ өмір кәсіби тұрғыдан қызықтырады. Ата-аналарымен өмірлік жоспарлары, ең бастысы кәсіби жоспарлар талқыланады. Жасөспірім жақын ересек адамына идеал ретінде қарайды. Бітіруші сыныптарда балалардың ынтасы кәсіби өзіндік анықталуға шоғырланады.


Жасөспірім шақтағы тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері.

Жасөспірімдердің ең маңызды психологиялық ерекшелігі-ол өзін ересек сезінуі. Бұл сезім жасөспірімнің талап ету дәрежесінің әлі жетпеген болашақтағы оның жағыдайынан басмы болуынан айқын көрінеді. Жасөспірім өзінің қарқынды дамып келе жатқан ересек саналу қажеттілігін дербестік аясын кеңейту арқылы қол жеткізуге тырысады. Алайда, бұл сатыда бала толықтай дербес бола алмайды. Өсіп қалған дербестік сезімі мен жасөспірімнің психологиялық мүмкіндіктері арасында пайда болатын қайшылықтар оның әрі қарай психикалық дамуына алып келеді.

Әдетте тұлғалық қатынастар біртіндеп қалыптасады, санасы өседі, өмірде бекиді және олар белгілі әрекеттерден көрінеді. Бұдан дербестікті қалыптастыру үшін дербес әрекеттерді орындау керек. Бірақ бір рет болсын дербес әрекет істеу үшін белгілі бір дәрежеде әлеуметтік ортадан тәуелсіз болу керек. Тұлға өзін-өзі реттеу механизмін иеленуі қажет. Бұл жабық шеңбер тәріздес және жасөспіірмнің мақсаты-осы шеңберді бұзып шығу. Басты мақсат өзінің ішкі сенімділігіне қол жеткізу, өзін-өзі анық танып білу, өзін құрметтей білу. Міне осы қасиеттер адамдар дербес әрекеттерге қабілетті ете алады.

Жасөспірімнің өзін-өзі құрметтей білуі мен танып білуінің қалыптасуының бірнеше жолы бар. Оның бірі-өзінің ересек адам тұлғасы сипаты мен кейпіне сәйкес тұлғалық дамуы, өйткені баланың ойынша ересек адам дербес тұлға болып табылады. Сондықтан, жасөспірім баланың ұмтылысы-ол өзінің бала емес екенін, ересектермен тең екенін үлкендерге көрсету. Жасөспірім бала ересектерден түсінушілік пен сенімді күтеді. Ал егер ересектер оны ересек деп санаспаса, ол өзінің қарсылығын дөрекілік, қиқарлық, қырсықтық, тыңдамау немесе үндемеу сияқты әр түрлі формада көрсетеді. Бұл мінездердің барлығы ересектердің бала іс-әрекетінің шынайы себебін елемеуінен келіп шығады, немесе оның іс-әрекетінің сыртқы нәтижесін ғана елеп, ең жаманы оның әрекетін басқаша түсінуінде. Бұндай жағдайда балада тәрбиеге деген ішкі қарама-қайшылық пайда болады; қанша дұрыс болса да ересектердің талабын қабылдамайды, өйткені бұл тадаптардың жасөспірім үшін еш мәні жоқ әрі ол қарама-қайшы мағынаға толы.

Жасөспірім бала өзінің ықыласын білдіруге қабілетсіз деген қате түсініктер баланы тәуелді жағдайда қалдырады әрі онымен ынтымақтасу мүмкіндігінен айырады. Жасөспірімдер үлкендердің өздерін бақылағанын, жазалағанын, өздерінің талап-тілектерімен санаспағанын жақтыртпайды. Өзінің қатарластарымен қарым-қаынас барысында жасөспірім бала өзінің қасиеттерін тану, бағалау, талап-ілектерін қанағаттандыру мүмкіндігін алады. Жасөспірімдік кезең тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды сатысы болып табылады, әрі ол бір уақыттық акт емес, әлеуметтік пісіп жетілу сипатының әр түрлі дәрежесімен ерекшеленетін тұлғалық дамудың күрделі процесі. Жасөспірім даму процесінің үш дәрежесін бөліп көрсетуге болады (Д.И.Фельдштейн бойынша):

-«локальді –ерке, қырсықтық» (10-12 жас)- баланың дербестікке ұмтылуы үлкендер тарапынан оның жекелеген тапсырмаларды шеше алу мүмкіндігі мен маңыздылығын мақұлдауды қажетсінуден көрінеді. Бұл процесте олардың есейгендігін мойындауын қалау эмоционалды түрде орын алады.

-«оң-мағыналы» (12-13 жас)- олардың бұл талабын қоғамда мақұлдауын қалау. Мұнда олар өз міндетін ұғынып қана қоймай, сонымен қатар, отбасындағы, қоғамдағы құқықтарын ұғына бастайды; ендігі жерде «мен қалаймын» деген ересектік дәрежеде емес «мен жасай аламын», «мен жасауым жасауым керек» деген дәрежеде ұмтылыстары қалыптаса бастайды.

-«мақұлдату-іскерлік» (14-15 жас)- ересектер әлемінде әрекет етуге дайындығы, ересектік тұрғыда қоғамда өзін-өзі көрсете білуі мен мүмкіндіктерін қолдануға тырысуы.

11 сыныпта жағдай неғұрлым шиеленіскен болады. Бұрынғы жылдары абстрактілі болған өмірлік таңдау шынайылыққа айналады. Өзіндік бағалаулары кейбіреулерді жоғары болады- және өмірінің барлық жағын қамтиды; кейбіреулерде өзіндік бағалауы төмен, өз-өзіне сенімсіз. Өзіндік бағалаудың өзгеруімен байланысты мазасыздану жоғарылайды. Өзіндік бағалау және мазасыздану деңгейіндегі бірнеше тербелістерге қарамастан тұлғаның тұрақтануы туралы айтуға болады. Бұл кезеңде өз-өзін реттеу қарқынды дамиды, өзінің мінез-құлқын, эмоциялық көрінісіне бақылау жоғарылайды. Көңіл-күйі тұрақтанады. 16-17 жаста балалар темпераментінен тәуелсіз неғұрлым ұстамды болады.

Осы кезде тұлғаның өнегелілік тұрақтылығы дамиды, өзінің мінез-құлқында жасөспірім өзінің көзқарастары, сенім-нанымдарына бағытталады.

Өзін-өзі анықтау, жасөспірім кезіндегі тұлғаның тұрақтануы дүниекөзқарасының өңделуімен байланысты. Осы кезде ол формалды-логикалық дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді.

Өзіндік анықталумен байланысты тағы бір мезет- оқу мотивациясының өзгеруі. Жасөспірімдердің жетекші іс-әрекеті оқу-кәсіби, оқуды болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті база деп қарай бастайды. Оларды болашақта қажет деп санайтын сабақтар қызықтырады.



Негізгі ұғымдар: бастауыш мектеп жасы, жеткіншек жасы, жөсөспірімдік шақ, психикалық даму, оқу іс-әрекеті, мотивация, өзін-өзі бағалау, қарым-қатынас, көңіл күй, дүниеге көзқарас, өзін-өзі анықтау, дағдарыс «мен» концепциясы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Бастауыш мектеп жасына сипаттама беріңіз

2. Бастауыш мектеп жасындағылардың оқуіс-әрекеті.

3. Жеткіншектердің психикалық дамуына сипаттама беріңіз.

4. Жеткіншектердің құрбы-құрдастарымен қатынасына тоқталыңыз.

5.Жасөспірімдік шақ психологиясына сипаттама.

Әдебиеттер:

1.Даму психологиясы Сатиева Ш.-2012

2.Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4.Кон И.С. Психология ранней юности. М., Просвещение. 1999



Тақырып. Кемел жас және кәрілік шақ психологиясы

Дәріс жоспары:



  1. Ерексектік жастағы даму.

  2. Ересектік жастағы физикалық даму.

  3. Тұлға, отбасы, жұмыс: ересек адамның дамуының негізгі контексті. Кәсіби цикл.

  4. Геронтопсихология.

  5. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік белгілері. Танымдық аумақтағы өзгерістердің сипаттамасы

  6. Қарт адамның зейнеткерлікке шығуға бейімделу дәрежесіне әсер ететін физикалық, экономикалық және әлеуметтік факторлар.

Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Тұлға дамуының ерекшеліктері. Кәсіптік жетістік. Кемел жас - адамдардың көпшілігі үшін ең ұзақ жас кезең болып табылады. Бұл жас кезеңді зейнеткерлікке шығумен байланыстырады. Осы жасқа дейін адамдар өте бай өмірлік және кәсіби тәжірибе жинайды. Балалары өсіп, оларға деген қатынасы өзгеріп өзге сипатқа ие болады. Адам организімінде осы жасқа тән физиологиялық өзгерістер жүреді. Олар: қал жағдайы, көруі нашарлайды, раекциялары байаулайды, ер адамдардың сексуалдық потенциялары әлсірейді, әйелдер климаксты басынан кешіреді. Психофизикалық функциялар төмендейді, дегенменде бұл адамның когнентивті сферасына әсерін тигізбейді. Еңбекке қабілеттілік сол деңгейде қалып, еңбек және шығармашылық белсенділікті сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл жастағы адамдар стресске, депрессияға бейім келіп, жалғыздықты сезінеді. Кемел жас кезеңде өмірдің ең маңызды жағы кәсіби іс-әрекет пен отбасылық қарым-қатынас болып табылады. Кемел жас шақты ең басты ерекшелігі өз өмірінің мазмұны үшін өзгелердің алдындағы жауапкершілікті сезіну. Кемел жас шақтағы көптеген адамдарда 40 жастағы дағдарыс болады. Бұл өмірдің мәніне байланысты дағдарыс болып табылады. Адам өз өміріне деген қанағатсыздықты уайымдайды. Өмірлік жоспары мен олардың іске асу арасындағы алшақтықты сезінеді. Бұл уақытта олардың балалары бөлек өмір сүре бастайды, жақын адамдары мен туысқандары қайтыс болады. 40 жастық дағдарыста адам өзінің өмірдегі ойларын қайта құрып, «Мен-концепциясын» қайта жасауына тура келеді.

Кәсіби жетістікке жету мәселесін көптеген психологтар «акмэ» ұғымымен байланыстырады. Ол дегеніміз шыңға жету. Психолог Э.Клапаредтің айтуынша Кемел жас шаққа келген адам кәсіби жетістіктің шыңына жеткенен кейін өзінің дамуын тоқтатады. Өзінің кәсіби шеберлігін шығармашылық потенциялын жоғарлатпайды. Осыдан барып көптеген адамдарда өмірлік энергиямен өмірлік белсенділік төмендейді. Бұл жастағы психикалық функцияларында инволюциондық процесстер басталады. Бұл биологиялық қартаюдың басталуымен байланысты. Кемел жас шақтың ерте және орта кезеңде бірінші фаза, яғни функциялардың жалпы қасиеттердің прогрессивті даму фазасы жалғаса береді. Дегенменде прогрессивті дамудың екінші фазасы да бар, ол кәсіби іс-әрекет үрдісіндегі психикалық функциялардың ерекшелігімен байланысты. Кәсіби іс-әрекеттің барлық түрлері, шеберлік, білім және тәжірибе адамның жоғары деңгейдегі физикалық және функционалдық дайындығымен бірге жүріп отыру керек.

Осы кезеңде көптеген адамдарда кәсіби шыңға жету төмендейді. Бұл әрине таңдалған мамандықтың ерекшелігіне байланысты. Мысалы, дәрігер мамандардың кәсіби шеберліктері физикалық және функционалдық дайындыққа тәуелді емес, мұнда кәсіби шеберлік зейнеткерлікке кеткенге дейін, тіпті еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі кезінде де сақталады.

Сонымен, жетекші іс-әрекет еңбек болып табылады, балаларға көмектесу, отбасындағы, жарымен арасындағы қарым-қатынас мәселелері бірінші жоспарға шығып, тұрақты сипатқа ие болады. Зрелость кезеңі белсенді еңбек ету кезеңі болғандықтан, адам өзінің барлық бос уақытын жұмысқа арнайды.

2. Балалармен қарым-қатынас. Ересек адамның ең басты міндеті - өз баласын тәрбиелеп, өсіру. Өсіп келе жатқан балаларымен қарым-қатынас жасау ерекшелігі жағдайға байланысты ата-аналарда әр түрлі болады. Ол жағдайлардың ең жетекші түрі ата-ананың балаға деген эмоциялық қатынасы. Психологияда оның үш вариантын қарастырады: эмоциялық, оның негізі сөзсіз махаббат; шартты махаббат және балагы қабылдамау. Аналық сөзсіз махаббатты Э.Фромм сипаттап берген: «Аналық махаббат – бала өмірі мен оның қажеттіліктері үшін сөзсіз берілу. Аналық махаббат ең жоғары тұратын махаббат». Баланы оның әдемілігіне немесе қабілеттілігіне, қазір немесе болашақта әкелетін қайғысына байланысты жақсы көрмейді. Балаға дәл осылай махаббат керек.

Шартты махаббат- шынайы емес махаббат. Мұнда баланы тек қана ата-ананың талаптарына жауап бергенде ғана жауап береді. Баланы тіл алғыш болғаны үшін, қиындық тудырмағаны үшін, жақсы оқығандығы үшін жақсы көреді. Осы талаптарға қаншалықты жауап берсе ол соншалықты махаббатқа ие болады. Осындай шарттыз махаббат салдарынан балада сенімсіздік, мазасыздық пайда болады да, өзін-өзі бағалау деңгейі төмендейді. Баланы қабылдамау әр отбасында әр түрлі болады. Оны ата-ана сезінуі немесе саналы түсінбеуіде мүмкін. Оның себептері әр түрлі. Мысалы: ұл баланы күтіп еді, дүниеге қыз бала келді. Мамасы әдемі, ал оның қызы тұйық, көріксіз және осы қасиеттерімен атасын ашуландырады. Немесе әкесі- матеметик, ал баласында математикалық қабілеттер жоқ.

Балалар шарттыз махаббат пен ата-аналардың тарапынан б олған қаламаушылықты сезінеді. Ал бұл отбасындағы қатынасқа әсер етеді. Баланың тұйықтығы немесе «көшеге» кетуі заң бойынша жеткіншектік кезде басталады.

Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі эмоциялық негізбен ғана емес, сонымен қатар тәрбие стиліменде анықталады. Тәрбиенің негізгі стилдері шектен тыс қамқорлық жасау , «отбасы кумирің» тәрбиелеу, немқұрайлы тәрбие, баланы қабылдамау. Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастар балаға және оның тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты. Балалардың дербес ерекшеліктерін тәрбие мен оқыту үрдісінде ескеру керек.

Ата-анамен бала арасында симбиотикалық қатынас болады. Мұндай қатынас анасы баласын жалғыз тәрбиелеген кезде пайда болады. Симбиотикалық қатынас табиғи түрде спонтанды түрде пайда болады.

3. Кемел жас кезінде адам дамуы оның психологиялық жасының динамикасымен тығыз байланысты.

Келесі бір ерекшелік іс-әрекетшіл шығармашыл адамдардың өздерін жас сезінуі, бұл жердегі жастық сезімнің сақталуы шынайы- нәтижелі жұмыспен байланысты. Өз ісіне деген шығармашылық қатынас кезінде адам алдынан әр қашан жаңа перспективалар ашылады, себебі шығармашылық үрдіс шексіз. Осы екінші жағдайда, яғни психологиялық жастың хронологиялық жастан қалып қоюы кемістік болып санамайды: Жастықтың сақталуы психологиялық жастың адекваттылығын жоққа шығармайды.

Сонымен, Кемел жас - адам өміріндегі ең ұзақ та маңызды кезең болып табылады. Кемел жас даму мақсатын көздейді. Кемел жастық кезең кейбір адамдар үшін жайғана хронологиялық ұғым болса, келесілері белгілі бір мақсаттқа жетіп өздерінің өмірлік белсенділіктерін байаулатады. Үшіншілері өздерінің өмірлік перспективаларын үнемі кеңіте отырып дамуларын

Физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрігерлердің қартайған ағзаға тигізетін әсері, вегетативті жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфологиялық және гистохимиялық өзгерістер зерттейді.

Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психологиясы зерттейді.

Қартаюдың қазіргі теориялары жас шамасының ұлғаюына байланысты ағуыз синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклейн қышқылдары (ДНК) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған ағзада түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес, қалыпты жасушаларды да бұзып, жоятыны анықталды.

Қартаю кезінде жасушалардың энергетик (жылу бөліну) процесстері өзегереді. Толықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, метохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен роль атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы да байқалады, бұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі – гетчинсон – Гильфорд синдромы, балалардың аутосомдық – регрессивтік жолымен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауру.

Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың 1 жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10-20 жаста жүрек инфарктына өлімге әкеледі. Баланың бой өсуі баяулайды, шашы ағарып түсе бастайды, терісі жұқарланып, қатпарланып кетеді, көз бұршағының бұлыңғырлауы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырының атеросклерозы т.б. дамиды.

Осындай кәрілікке тән белгілердің 15-25 жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшықет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия).

Қартаюға байланысты ағзада зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді.

Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ол жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім болып табылады.

Әдетте адам өмірінің соңғы кезеңін кәрілік деп атайды. Көптеген ғалымдар 60 жастан жоғары кезеңді геронтогенездепте атайды. Ал бұл жасты зерттеумен геронтология айналысады. Геронтология – адамның қартаю үрдісін зерттейтін ғылым. Кәрілік психологиясына тән нышандарға мыналар жатады: уайымшылдық, мақтаншақты, өткен өмірінің мәнсіз сәттеріне өкіну, жастарды, шуды жақтырмау, тыныштық іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз болу, сөздері мен істерін қайталай беруі, белгілі бір деңгейде писсимизм, түңілу. Кәрілік әр адамда әр түрлі өтеді. Шығармашылықпен айналысатын адам өзінің белгілі идеяларын іске асырып немесе жазып қалдыру үшін барын салуы мүмкін. өмір бойы белсенді қызмет атқарған адам зейнетке шығуды ауыр қабылдайды, жанталасып мамандығы бойынша жұмыс істей бергісі келеді. Ал көп азап көріп, бейнеті мол еңбек еткендер зейнетке шығуды қанағатпен қабылдап, күнделікті тіршілікпен өмір сүре береді. Кәрілік адам өмірінің ең соңғы кезеңі болып табылады. Осы жасқа жеткен алдамдар үш топқа бөлінеді.

1. Кемел жастағы адамдар

2. Қартайған алдамдар.

3. Ұзақ өмір сүретіндер.

Қартаю кезеңі ересектік жастан кәрілікке өту кезеңі болып табылады. Генетикалық бағдаламаланған қартаю үрдісі осы кезеңін ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Бұл жастағы адам физикалық жағынан әлсіз болады, энергиялық қоры азайады, қан тамырлары мен иммунндық жүйесінің қызметі нашарлайды, яғни организмнің жалпы қартаюы жүреді.

Сенсорлық қызметтердің көпшілігі нашарлап, соның салдарының когнетивті жүйенің дамуында өзгерістер болады. Біріншіден интеллектуалдық қызметтері зардап шегеді. Бұл үрдістердің динамикасы субъективті факторларға, тұлғаның ерекшелігіне, оның кәсіби ерекшелігіне байланысты.

Есте сақтауы ойлауымен тығыз байланысты логикалық байланыстарға негізделеді,сондықтанда қарт адамның ойлауы өзге таңымдық үрдістерге қарағанда жоғары дамыған.

Эмоциялық сфераларында басқаруға келмейтін күшті аффективті реакциялар (күшті жүйкелік қозу) көрініс береді. Адам эгоцентрлі болады. Күрделі жағдайлармен күресу қабілеттері төмендейді. Ертектер пассивті болса, әйелдер – агрессивті бейлікке құштар болады. Қарт адамдар өлім туралы көп ойлайды. Пенсияға шығу адамның қоғамдағы рөлін өзгертеді және ол мативациялық сферасына әсер етеді. 60 жастағы адамдар мотивациясы ұрпаққа рухани байлық беру.70 жастан кейін денсаулықтты дұрыс қалпында ұстау өзекті мәселе болып табылады. Коллекциялар жинауға, музика мен көркем суреттерге қызығушылықтар пайда болады. Қарт адам үшін отбасындағы қарым-қатынас манызды болып табылады, себебі отбасылық қатынас оған қорғаныс,тұрақтылық сезімен береді.

Қарттық кезеңде «мен концепциясы» өзгерістерге ұшырайды. Адам өзінің өткен шағын, қазіргі және болашағын салыстыруға, тырысады. Егер адамда мен концепциясы позетивті болса, онда оның тұлғалық дамуы одан әрі жалғаса береді және қартаю үрдісін байаулапуға мүмкіндік беретіен оптимистік бағыт байқалады.

Қартаю кезеңге деген еңбектілікке қабілеттіліктің сақталуы адамның еңбек іс-әрекетінің ұзақтылығына байланысты.Физикалық денсаулық, қабілеттер, іс-әрекеттің қалыптасқан тәсілдері, білім деңгейі – осылардың барлығы еңбек қабілеттерін сақталуына ықпал етеді.

Қарт адамның мінез-құлығын келесідей факторлар анықтайды: психофизикалық мүмкіндіктердің төмендеуі, жынысы, тұлғаның типі, белсенді әлеуметтік өмірден біртіндеп қол үзуі, жақын адамдарынан айырылу және жалғыздық , өлімнің жақындығын сезіну.Физикалық дүниесі тарылады да дінге деген қызығушылық арта бастайды.

2. Соңғы кезеңнің басталуы әдетте биологиялық картаюдың жылдамдауымен байланысты. Физикалық күші төмендейді, денсаулығының жалпы күйі нашарлайды. Кейбір психикалық қызметтерінің деңгейі төмендейді. Сезім мүшелерінің қызметтері нашарлайды. Осы регрессиялық үрдістердің көрініс беруі әр адамда әр түрлі болады. Осы шақта адам нақты даналыққа ие болады. Даналық дегеніміз-бұл өлім алдында өмірдің мәнің сөзсіз саналы түсіну.

Қазіргі таңда геронтологтардың зейіні қартаюдың медико-биологиялық себептерін анықтауға бағытталған. Осы мәселені шешу адам өмірін 100-150 және оданда артық жылға ұзартуға мүмкіндік береді. Егер адамның психологиялық болашағы болмаса, адамның ұзақ өмір сүруіне ешқандай медико- биологиялық құрал көмектеседі. Психологиялық жасты ескеру арқылы тұлғаның даму ерекшелігін түсініп болжауға мүмкіндік береді. Қартаю кезіңде психологиялық жастың адекватты болуы әсіресе жастық сезімнің сақталуы тұлғалық дамумен байланысты. Соңғысы өте маңызды болып табылады: Тұлғаның қарқынды дамуы, өзін дамытуға талаптаңу кез келген жас кезеңге тән. Осыған байланысты психологиялық жас хранологиялық жасқа қарағанда маңызды.

Кәрілік адам өміріндегі соңғы кезең болғандықтан өлім мен оған деген қатынас туралы бірнеше мәселелер туындайды. Өлімге дайындалу керек пе? Оны адам қалай уайымдайды? Өлім әрқашанда қайғылы ма? Немесе табиғи үрдіс болып табылады ма? Өлім мәселесі – философиялық және діни мәселелермен байланысты болғанмен де психологиялық мәселе болып табылады.

Өлімге деген қатынасқа антикалық замандағы философтардың өздері көңіл бөлген. Эпикурдың айтуынша, өлім адам қайғысының маңызды бір көзі болып табылады екен.

Кәрілік жасы – адамның орта жастан кейін келетін, қоғамдық еңбектен босап, еңбегінің зейнетін көретінматериалдық қамтамасыз етілетін құрметті демалысқа шығатын жасы. Шартты түрде кәрілік адамның зейнетке шығу жасына жетуінен басталады деп есептеледі. Алайда, шын мәнінде, кәрілік адамның жеке басының қасиеттеріне, психологиясына, өзін сақтауына, өмір салтының салауаттылығына, ішкі мәдениетіне байланысты. сондықтан, кейбіреулер зейнеткер жасына жетпей немесе жете салып өзөін қаусаған кәрі сезінсе, екінші біреулер зейнеткер жасына келгеннен кейін де ондаған жылдар бойы кәрілігін сезінбей, қоғамдық белсенділігін жалғастыра береді.

Кәрілік жаста кәрілік кемақылдылық деген ұғым жиі кездеседі. Ол дегеніміз қартайған адамның ақыл-ойының сарқылуының салдары болып табылатын, оның өмірлік қызметі үрдісінде қисынсыздық мөлшерінің артуы, бұрын атқарып келген ісін одан әрі жалғастыруға жарамсыз болып қалуы. Кәрілік кемақылдылыққа душар болған адамның сөзі көп, ісі шалағай, пайдасыз болады. Кейде ол артық сөздер айтады. Ұмытшақ болып, ақылға сиымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Бірақ ол онысын мойындамайды, кезінде атқарған ісін әлі де жасай алатындығына және оны өзгелерден артық жасайтындығана сенімі мол болады. Сондықтан ол өзгелердікін жаратпай, тек өзінікін үлгі ретінде ұсынып, өзгерелдікінің барлығын сынға алады.

Кәрілік кемақылдылық кейде шектен асып, ақылдан ажырап қалу деңгейіне дейін құлдырап қалуы мүмкін. Қазақта мұны алжу дейді. Кәрілік кемақылдылық қартайған адамдардың бәріне тән емес, ол ақыл-ойы мен жеке басының мәдениеті жоғары, өзіне сыншыл көзқараспен қарайтын, парасатты адамдарда сирек кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет