Лекция 14. Өлшеу құралдары
Қателіктері нормаланатын және физикалық шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алатын техникалық құралды өлшеу құралы деп айтады.
Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие болу керек. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар - өлшеу құралының осы түрінің, өлшеу құралының нормативтік құжатында тағайындалған метрологиялық сипаттамаларының жиынтығы б.т.
Екіншіден, анықтамаға сәйкес, өлшеу құралы шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алады (қайталауды «біледі»).
Үшіншіден, сақталатын бірлік өз мөлшерін өзгертпейді.
Аталған факторлар өлшеу жүргізуді орындауға мүмкіндік береді, яғни техникалық құралды өлшеу құралы қылады.
Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы - өлшеу құралының қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы, өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне әсерін тигізеді.
Өлшеу құралының нормаланатын метрологиялық сипаттамасы – нормативтік құжаттарда тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.
ГОСТ 8.009 стандартына сәйкес өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары болып мыналар табылады: шкаланың ұзындығы; шкала бөлігінің бағасы; өлшеу құралының корсетуінің вариациясы; өлшеу диапазоны; өлшемнің номинал мәні; өлшеу құралының сезгіштігі (сезімталдығы); өлшеу құралының сезгіштік табалдырығы; өлшеу құралының дәлдігі; өлшеу құралының тұрақтылығы.
Өлшеу құралы неғұрлым жоғары дәлдікпен өлшейтін болса, ол үшін соғұрлым көп метрологиялық сипаттамалар нормаланады.
Өлшеу құралдарының жіктелуі.
Өлшеу құралдары стандартталған және стандартталмаған болып бөлінеді.
Стандартталған өлшен құралдары – стандарттардың талаптарына сәйкес жасап шығарылған және қолданылатын өлшеу құралдары.
Стандартталмаған өлшеу құралдары – бұл өлшеу құралдары талаптарды стандарттау қажет емес деп есептеледі (нецелесообразно).
Жұмыс істеу принципы бойынша өлшеу құралдары бөлінеді:
-
механикалық өлшеу құралдары;
-
физика-химиялық өлшеу құралдары;
-
электрлік өлшеу құралдары;
-
оптикалық өлшеу құралдары.
Түрлері бойынша өлшеу құралдары бөлінеді:
-
өлшемдер;
-
өлшегіш аспаптар (приборы);
-
өлшегіш қондырғылар;
-
өлшегіш машиналар;
-
өлшегіш жүйелер;
-
өлшегіш-өзгерткіштер;
-
стандарттық үлгілер.
Өлшем – физикалық шаманың бір немесе бірнеше берілген мөлшерін ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Физикалық шаманың мөлшері (мөлшерлері) тағайындалған бірліктерде берілген және қажетті дәлдікпен белгілі болуы керек.
Өлшемдер бір мөлшерлі (физикалық шаманың бір ғана мөлшерін ұдайы қайталайтын) және көп мөлшерлі (физикалық шаманың әртүрлі молшерлерін ұдайы қайталайтын) болуы мүмкүн.
Өлшемдер жиынтығы – бір физикалық шаманың әртүрлі мөлшерлі өлшемдерінің комплексі. Жиынтыққа кіретін өлшемдер жеке де әртүрлі қосылыста да қолданыла алады.
Өлшемдер магазины – конструктивті бір құрылғыға біріктірілген, оларды әртүрлідей қосу үшін саймандары бар өлшемдер жиынтығы.
Өлшегіш аспап - өлшенетін физикалық шаманың мәндерін белгілі диапазонда өлшеуге арналған өлшеу құралы болып табылады. Өлшегіш аспаптар көрсетуші және тіркеуші деп бөлінеді. Бұнымен бірге өлшегіш аспаптар тура өлшегіш, салыстыру аспаптары, аналогты, цифралы, өзі жазушы және басушы деп бөлінеді.
Өлшегіш қондырғы – бір жерде финкционалды біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш-өзгерткіштер және басқа, бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған қондырғылардың жиыньығын айтады.
Өлшегіш машина - өлшемдерді үлкен бұйым сипатталатын физикалық шамаларды дәл өлшеуге арналған өлшегіш қондырғын (күшті өлшегіш машина, бөлгіш машина, үлкен ұзындықтарды өлшегіш машина және т.б.).
Өлшегіш жүйе – осы объкттің әртүрлі нүктелерінде бақыланатын объектіге тән бір немесе бірнеше физикалық шаманы өлшеу және әртүрлі мақсаттарда өлшеу сигналдарын шығару мақсатында орналастырылған функционалды біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш-өзгерткіштер, электронды есептегіш машиналар және басқа да техникалық құралдар б.т. Өлшегіш жүйелер арналуы бойынша ақпараттық, өлшегіш-бақылағыш, өлшегіш-басқарғыш және т.б. жүйелерге бөлінеді. Өлшеу міндетіне байланысты қайта құруға жарамды өлшегіш жүйелерді иілмелі өлшегіш жүйелер деп атайды.
Өлшегіш-өзгерткіштер нормаланған метрологиялық сипаттарға иеленеді және өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өлшеу сигналына аударуға арналады. Аударылған шама немесе сигнал, әдетте, өңдеу, сақтау, ары да өзгертуге немесе беруге ыңғайлы болып табылады. Өлшегі-өзгерткіштер өлшегіш техниканың құрамына кіруі немесе өлшеу құралдарымен бірге қолданылуы мүмкін. Өзгерту сипаты бойынша (қалай өзгертетініне байланысты) өлшегіш-өзгерткіштер аналогты, цифор-аналогты, аналог-цифралы өдшегіш-өзгерткіштер деп бөлінеді, ал өлшеу тізбегінде алатын орны бойынша – бастапқы және промежуточный өлшегіш-өзгерткіш деп бөлінеді. Бастапқы өлшегіш-өзгерткіш деп өлшенетін физикалық шама біріншіден оған әсер ететін өзгерткішті айтады. Бір өлшеу құралында бірнеше бастапқы өзгерткіш болуы мүмкін.
Лекция 15. Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары
Өлшеу құралдарының бірегейлігі деп өлшеу құралдарының заңмен бекітілген бірліктермен градуирленгенімен және олардың метрологиялық сипаттамалары нормаларға сәйкетігімен сипатталатын жай-күйін айтады.
Өлшеу құралдарының бірегейлігіне мына амалдарды жүзеге асыру арқылы қол жеткқзуге болады: өлшеу құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу (сынау); салыстырып тексеру; метрологиялық аттестациядан өткізу; калибрлеу.
Өлшеу құралдарын сынау
Сериялап шығаруға арналған немесе Қазақстан Республикасы территориясына шет елдерден партиялап енгізілетін өлшеу құралдары, егер оларға Мемлекеттік қадағалау таралатын болса сынақтан өткізілуі тиіс. Соңынан сынақтан өткен өлшеу құралдарының типі бекітіледі.
Өлшеу құралын сынау - өлшеу құралының тағайындалған нормаларға сәйкестігін сынау объектілеріне әртүрлі сынау әсерлерін қолдана отырып деңгейін анықтау үшін жүргізілетін операциялардың жиынтығы. Сынаудан өткізгенде өлшеу құралдарын пайдалану немесе тасымалдау кезінде ықпал ететін факторлардың әсері тексеріледі.
Сынау екі мақсатта: өлшеу құралының типін бекіту мақсатында немесе оны бекітілген типіне сәйкестігіне сынау жүзеге асырылады.
Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру - өлшеу құралдарының тағайындалған техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында жүргізілетін операциялардың жиынтығы болып табылады.
Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет пен қатар бекітілген тәртіп бойынша аккредиттеуден өткен заңды тұлғалардың метролгиялық қызметтері арнаулы (салыстырып тексеруге арналған) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізе алады.
Салыстырып тексеру бірліктің мөлшерін эталоннан жұмыстық өлшеу құралына беру процесінің сатыларының бірі болып табылады. Эталонмен байланыстығы өлшеу бірлігінің қажетті шарты болып табылады.
Салыстырып тексерудің төмендегі түрлері: алғашқы; периодтық; кезектен тыс; инспекциялық; эксперттік (сараптамалық) салыстырып тексеру. Салыстырып тексеру кезінде хаттама жазылады. Хаттаманың формасы салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжатта беріледі. Салыстырып тексеру аяқталып, хаттамаға талдау жүргізілгеннен кейін өлшеу құралының пайдалануға жарамдығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады және осы туралы хаттамаға тиісті жазу енгізіледі. Салыстырып тексеру хаттамасы заңды күші бар негізгі құжат болып табылады, сондықтан оны мұқият толтыру қажет.
Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша өлшеу құралдары пайдалануға жарамды немесе жарамсыз дап танылады. Егер салыстырып тексеру нақты өлшеу құралдарына қойылатын метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестікті көрсететін (дәлелдейтін) болса, ондай өлшеу құралдары салыстырып тексеру аралық интервалы ішінде пайдалануға жарамды деп танылады,. Өлшеу құралына таңба қоюмен бірге, салыстырып тексеру нәтижелері оң болған жағдайда бекітілген үлгі бойынша салыстырып тексеру туралы сертификат беріледі. Сертификатта өлшеу құралының қандай нормативтік құжаттың талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат беріледі немесе өлшеу құралының көрсетулеріне енгізілетін поправкалар көрсетіледі.
Салыстырып тексеру нәтижелері теріс болған жағдайда өлшеу құралы қолдануға жарамсыз екендігі тралы извещение жазылады.
Өлшеу құралын метрологиялық аттестациялаудан өткізу
Егер өлшеу құралының санаулы экземплярлары шығарылған немесе шет елінен енгізілген болса, олар метрологиялық аттестациялаудан өтуі тиіс.
Метрологиялық аттестациялау – метрологиялық қызметтің өлшеу құралын, оның қасиеттерін зерттеу негізінде, қолдану заңды деп майындауы.
Метрологиялық аттестациялауды Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және заңды тұлғалардың осы топтағы өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге құқығы бар метрологиялық қызметтің бөлімшелері жүзеге асырады.
Метрологиялық аттестация мыналардан құралады:
-
техникалық құжаттарды қарастыру;
-
өлшеу құралдарын эксперттік зерттеу;
-
өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемесін тексеру;
-
өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау нәтижесін өңдеу.
Метрологиялық аттестациялаудан өткен өлшеу құралдары пайдалану кезінде салыстырып тексеруден өткізіліп отыру керек.
Өлшеу құралдарын калибрлеу.
Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары зауыттан (өндірістен), жөндеуден шығарылғанда, импорт бойынша енгізілгенде, пайдалану барысында калибрлеуден өтуі керек. Калибрлеу тәртібін шығарушы зауыт, осы өлшеу құралын иеленуші немесе тұтынушы белгілейді.
Өлшеу құралдарын калибрлеу – шаманың осы өлшеу құралдарының көмегімен алынған мәні мен сол шаманың эталонының көмегімен алынған мәні арасындағы қатынасты анықтаушы операциялардың жиынтығы. Калибрлеудің мақсаты – мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшеу құралының іс мәніндегі (действительный) метрологиялық сипаттарын және (немесе) өлшеу құралын қолдануға жарамдылығын анықтау болып табылады.
Өлшеу құралын калибрлеуге заңды тұлғалардың аккредиттеуден өткен метрологтядық қызметтері құқылы. Өлшеу құралдарын калибрлеуді калибрлеу әдістемесіне сәйкес, шама бірлігінің мемлекеттік эталонына бағыныстағы калибрлеу құралын қолдана отырып жүргізеді.
Калибрлеу нәтижелері бойынша қажет болған жағдайларда калибрлеу хаттамасы толтырылады. Егер калибрлеу нәтиесінде өлшеу құралы пайдалануғ жарамды деп танылса, оған калибрлеу белгісі қойылады немесе калибрлеу туралы сертификат беріледі.
СЕРТИФИКАТТАУ
Лекция 16. Сетификаттаудың жалпы сипаттамасы.
Жоспар:
-
Сертификаттаудың мәне және негізгі ұғымдары
-
Сертификаттаудың мақсаттары
1. Сертификаттаудың мәне және негізгі ұғымдары
Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» ден аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық практикада бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.
Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді.
Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады.
«Үшіні жақ» яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады.
Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынадай анықтама берілген. Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім.
Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың комплексі (жиынтығы) болып табылады.
Сертификаттау объектілері:
1) өнімдір; 2) көрсетілетін қызметтер;
3) процестер; 4) жұмыстар;
5) сапа менеджментінің жүйелері.
Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.
Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға (реклама жасауға) тиым салынады.
Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
-
Сертификаттаудың мақсаттары.
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
-
өнімнің, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызттердің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, азаматтардың мүлкінің және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету;
-
өнімнің, көрсетілетін қызттердің сапасы тұрғысынан тұтынушылардың мүддесін қорғау;
-
саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ету;
-
жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның тауарлар рыногындағы іс- әрекеттері үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуына қажетті жағдайлар тудыру.
Бұдан басқа сертификаттаудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:
-
тұтынушылардың сапалы өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) таңдап алуына жәрдемдесу;
-
тұтынушыларды әділетсіз өндірушіден (сатушыдан, орындушыдан) қорғау;
-
шығарушы (орындаушы) ұсынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) сапалық көрсеткіштерән куәландыру.
Лекция 17-18. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесі
Жоспар:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі
-
Сертификаттауға қатысушылар
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі
Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болаты.
Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі:
-
сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
-
сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін;
-
сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) талаптарды және оларды аккредиттеу рәсімдерін;
-
сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды дайындау және аттестаттау рәсімдерін;
-
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу; аудит және инспекциялық бақылау ережелерін;
-
және басқаларды тағайындайды,
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржыларынан және келісім- шарттар негізінде табылған қаржылардын құралады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай- ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады.
ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді..
-
Сертификаттауға қатысушылар
Сертификаттауға қатысушылар мыналар болып табылады:
-
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган;
-
акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар
-
аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары);
-
аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар;
-
сертификаттау жөнендегі сарапшы- аудиторлар.
Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.
Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай – Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады.
Өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар кез келген меншік түрлеріндегі, заңды тұлға болып табылатын және Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттарында тағайындалған талаптарға сәйкес келетін ұйымдардың негізінде құрылады.
Әрекеттің белгілі сферасында сәйкестікті куәландыру жұмыстарын атқару құқығына ие болам деуші ұйым міндетті түрде аккредиттеу рәсімінен өтуі тиіс.
Өнімнің (көрсетілетін қызметтердың) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыруға қатысушы сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу облысы шегінде сертификациялық сынақтар жүргізеді.
Сынақ зертханасы (орталығы) заңды статусы бар дербес ұйым болуы мүмкін немесе сертификаттауды куәландыру жөніндегі органның немесе басқа да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болуы мүмкін.
Сынақ зертханаларының (орталықтарының) негізгі функциясы сертификациялық сынақтарды жүргізу болып табылады. Сертификациялық сынақтар жүргізгенде стандартталған әдістемелер қолданылуы керек және олар (әдістемелер) сынақ нәтижелерінің дұрыс (объективный және достоверный) болуын қамтамасыз ету керек.
Аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар – сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды атқарушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл ұйымдар Мемстандартпен бекітілген тәртіп боынша аккредиттеуден өткен болулары керек.
Сарапшы - аудиторлар. Сәйкестікті куәландыру жөніндегі сарапшы- аудиторлар – бекітілген тәртіп бойынша балгілі әрекеттер саласында өнімдері, көрсетілетін қызметтерді, процестерді, жұмыстарды, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау немесе сынақ зертханаларын (орталықтарын) және сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жұмыстарын жүргізу құқығына аттестацияланған маман болып табылады.
Сарапшы аудитор сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, олардың нәтижелерінің объективный және достоверный болуын қамтамасыз етеді.
Сертификаттау жүйесінің қызметін тұтынушы сертификаттауға қатысушы – өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға өтінуші және олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беруші жеке және заңды тұлғалар (шығарушылар, сатушылар, орындаушылар) - өтінушілер болып табылады.
Сертификаттауға қатысушыларға тұтынушылар да жатады. Сертификттау жөніндегі іс- әрекеттер тұтынушы үшін маңызды болып табылады, өйткені олар:
-
өнімнің (жұмыстардың, процестердің) сапасы мен қауіпсіздіген жоғарылатуға;
-
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде ақиқат және толық ақпарат таратуға;
-
сапасыз тауарлардан (жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден) адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген шығындарды қайтарып беруге бағытталады.
Лекция 19.
Сертификаттаудың заңнамалық және нормативтік базасы.
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс.
Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы «Техниклық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады.
Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамаман гармонизацияланған ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды.
ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құықықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды.
Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатырасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген.
Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерік сертификаттауға қатысты жүзден артық нормтивтік құжаттар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады:
-
стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкетікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар;
-
өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар;
-
сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар;
-
ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары.
Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды.
ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі жағдайлар» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды.
Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |