ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



Дата09.06.2016
өлшемі154.92 Kb.
#124823

ОӘК 042-18-20.1.14/01-2015

№1 басылым


бет. - - -еттің -ші




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-20.1.14/01-2015

«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінің оқытушыларға арналған пән бағдарламасы

№1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Азаматтық іс жүргізу құқығы»
«5В030100»- құқықтану мамандығына арналған
Оқытушыларға арналған пән бағдарламасы

Семей

2015
Алғы сөз

1. ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырған Ахметова А.Ж. « 29 » тамыз 2015 ж.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, құқықтану магистрі.

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама № 1 « 03 » қыркүйек 2014ж.

Кафедра меңгерушісінің м.а _____________ Толысбаева А.Д.

2.2. Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама № 1 « » қыркүйек 2015ж.

Төраға _________ Тойкин С.Х.

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды

Хаттама № 1 « » қыркүйек 2015ж.


ОӘК төрағасы _________ Искакова.Г.К
АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ №____баспа «_______»__________2015ж.

Мазмұны
1 Қолдану саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің (модульдің) мазмұны

5 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі

6 Оқу – әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы

7 Әдебиеттер




  1. Қолданылу саласы

«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені «5В030100» -«Құқықтану» мамандықтары студенттеріне арналған. Ол студенттерді курстың мазмұнымен, оның маңыздылығы және қажеттілігін, қурс саясатын, дағды мен іскерліктің тақырыптарымен таныстырады. Оқу-әдістемелік кешені пәнді оқып білудегі негізгі басшылық болып табылады.

  1. Нормативтік сілтемелер

Аталмыш оқытушы үшін жұмыс бағдарламасы төменде көрсетілген құжаттың талаптарына негізделе отырып, оқу үдерісін ұйымдастыратын тәртібі бекітілді:

  • 5.04.019-2011 жылғы №261 білімалушылардың жалпыға бірдей білім беру стандарты

  • 10.04. 2012 жылғы №158 типтік оқу жоспары

  • СТУ 042-ГУ-4-2014 «Пәннің оқу – әдістемелік кешендерін әзірлеуде және безендеруге жалпы талаптар» Университет стандарты

  • ДП 042-1.01-2014 Құжатталған рәсім «Пәндердің оқу – әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны».

3. Жалпы ереже

3.1. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты. Бұл «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнін оқу барысында төмендегі мәселелер бойынша түсінік алады: азаматтық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орны, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдылықтарындағы өзгерістер, азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, тәсілдері, қағидалары, азаматтық іс жүргізу заңдылық нормаларының реттеушілік мүмкіндіктері.

3.2. “Азаматтық іс жүргізу құқығы” курсын оқудың мақсаты студенттердің азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік құбылыстар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, процестің соттың қызметі ретінде екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, іске қатысушы тұлғалар мен соттың құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдарды қалыптастыру.

3.3. Азаматтық іс жүргізу құқығы курсын оқыту пәні азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында пайда болатын коғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән ғылыми көзқарастар мен концепциялар, құқықтық категориялар болып табылады.

Курс оқытылуы аяқталған кезінде студент :

Азаматтық іс жүргізу құқығының теориялық негіздері мен тұжырымдамаларын, оның ұйымдастырушылық құрылымын және функционалды саласын білуі қажет.



  • Негізгі теориялары мен қағидаларын игеру;

  • Азаматтық іс жүргізу құқығының мақсаттары, элементтері, қағидалары және тұжырымдамаларын толық меңгеруі;

  • Азаматтық іс жүргізу құқығы теорияларын, тұжырымдамаларын, стратегияларын, зерттеулерін және элементтерін тәжірибеде толығымен қолдана білу;

  • Қазіргі нарық жағдайында құқықтың құқықтық жағдайын, заңдарын, даму қағидаларын түсінуі қажет;

  • Азаматтық іс жүргізу құқығы пәнінің міндеттерін, мақсаттарын, стратегияларын және тұжырымдамаларын дұрыс пайдаланып ие болуы.

3.4 Курстың басты деректемелері:

  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

  • Азаматтық құқық

  • Атқару өндірісі

  • Мемлекет және құқық теориясы

1.6 Курстың деректемелері:

  • Азаматтық іс құжаттарын толтыру практикумы

  • Азаматтық іс жүргізуді сотта қараудың ерекшеліктері

  • Тұтынушылардың құқығын қорғау

3.6 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме (Кесте 1);

1 кесте - Жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Курс

семест

кредиттер

ЛК

(сағ)


С

(сағ)


СОӨЖ (сағ)

БӨЖ (сағ)

Барлығы (сағ)

Қорытынды бақылаудың формасы

3

5

3

15

15

15

45

90

Емтихан

4. Оқу пәнінің (модульдің) мазмұны

Кесте -2 Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу



Таблица 2

Тақырыптардың аталуы және мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

1.Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымы. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.

1

2. Сотта өкілдік ету. Іс жүргізу мерзімдері.Сот шығындары.

1

3. Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы. Азаматтық істердің соттылығы .

1

4. Дәлелдемелер және дәлелдеу. Талап.

1

5. Сотта азаматтық істі қозғау және істі сотта қарауға әзірлеу

1

6. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарау. Бірінші сатыдағы соттың актілері. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім.

1

7. Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы . Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы .

1

8. Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы.

1

9. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу.

1

10. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу.

1

11. Соттық қадағалау тәртібімен іс жүргізу.

1

12.Заңды күшіне енген шешімді, ұйғарымдарды және қаулыны жаңадан анықталған мән- жайлар бойынша қайта қарау жөнініде іс жүргізу.

1

13.Соттың жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қарау.

1

14.Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу.

1

15.Сот актілерінің және өзге органдардың актілерінің орындалуы.

1

Практикалық (семинарлық) сабақтар

1.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.

Азаматтық іс жүргізу құқығы саласының пәні, әдісі және жүйесіне жалпы сипаттама. Азаматтық іс жүргізу құқығының құқық саласы ретіндегі ерекшелігі. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың түсінігі және олардың ерекшеліктері. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу. Іске қатысушы тұлғалар (түсінігі, белгілері және құрамы). Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері.



1

2. Сотта өкілдік ету. Іс жүргізу мерзімдері.Сот шығындары.

Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар. Өкілдіктің негіздері және түрлері (тапсырма бойынша және заңды өкілдік). Тапсырма бойынша өкілдіктің әртүрлері.Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі және ресімделуі). Іс жүргізу әрекеттерін жасау мерзімдері. Процесуалдық мерзімді ұзарту және қалпына келтіру.Сот шығыны туралы түсінік, сот шығындарынан босату және бөлу.



1

3. Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы. Азаматтық істердің соттылығы .

Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігіжәне түрлері. Істердің аралық соттарға ведомствалық бағыныстылығы. Сотқа ведомствалық бағыныстылықтың басымдығы. Істердің ведомствалық бағыныстылығы туралы ережелерді сақтамау салдарлары. Соттылықтың түсінігі. Оның ведомствалық бағыныстылықтан айырмашылығы. Соттылықтың түрлері.Топтық соттылық. Аудандық (қалалық) соттардың және оларға теңестірілген соттардың қарауына жататын азаматтық істер. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың қарауына жататын азаматтық істер. Істің соттылығы туралы ережелерді сақтамау салдарлары.



1

4. Дәлелдемелер және дәлелдеу. Талап.

Сот дәлелдеуінің түсінігі және мақсаты. Сот дәлелдеуініңсубъектілері.Сот дәлелдемелерінің түсінігі.Тараптардың дәлелдеу міндеті. Маман консультациялары (түсіндірмелері) және олардың маңызы. Маманның құқықтары мен міндеттері. Маманға қарсылық білдіру үшін негіздер. Талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі және мәні. Талап қою бойынша іс жүргізу ережелерінің аңызы.Талаптың түсінігі. Талаптың түрлері.Талапты өзгерту. Талап қоюшының талаптан бас тартуы. Талап қоюды қамтамасыз етудің тәртібі және талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою тәртібі.



1

5. Сотта азаматтық істі қозғау және істі сотта қарауға әзірлеу

Талап арызды қабылдау және талап арызды қабылдаудан бас тартудың негіздері.Азаматтық істерді сотта қарауға дайындау: түсінігі, мақсаты, маңызы және судьяның алдында тұрған міндеттер.Істерді сотта қарауға әзірлеу. Істерді сотта қарауға дайындау бойынша судьяның іс-әрекеттері.Істі сотта қарауға дайындау кезінде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қысқарту және талап арызды қараусыз қалдыру.Істі сотта қарауға тағайындау. Сотқа шақыру, өзге де сот хабарламалары: сот шақыру қағазының мазмұны мен оны тапсырудың тәртібі.



1

6. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарау. Бірінші сатыдағы соттың актілері. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім.

Сотта істі қарау (түсінігі және маңызы). Төрағалық етушінің сот отырысында атқаратын ролі. Сот шешімін шығармай істі аяқтау: іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, арызды қараусыз қалдыру. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың арызды қараусыз қалдырудан айырмашылығы (негізіне және құқықтық салдарына байланысты).Сот отырысының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызы. Іске қатысушы тұлғалардың сот отырысының хаттамасымен танысу құқығы және хаттамаға ескертпе беру құқығы. Сот отырысының хаттамасына жасалған ескертпелерді қарау. Бірінші сатыдағы сот қаулыларының түсінігі мен түрлері.Соттың кемшілігі: түсінігі, түрлері және құрылымы.Шешімнің мазмұны және оның ерекше белгілері.. Сот шешімінің заңды күшіне

енуі және шешімді орындау.

Сот ұйғарымы: түсінігі, мазмұны, шығару тәртібі. Сырттай іс жүргізу негіздері, тәртібі.Сырттай шешім: түсінігі, мазмұны, шағымдану негіздері. Сырттай шешімнің күшін жою.



1

7. Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы . Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы .

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу: арыз беру немесе оны қарау тәртібі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. Мемлекеттік органныңшешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу. Нормативтік құқық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі. Ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі. Ерекше жүргізілетін істерге жалпы сипаттама.


1

8. Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы.

Бұйрық арқылы іс жүргізудің түсінігі. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар. Сот бұйрығын шығару туралы арыз. Сот бұйрығы, сот бұйрығының мазмұны.Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындау.



1

9. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу.

Заңды күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі.Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау.



1

10. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу.

Кассациялық қараудың нысаны. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттілігі.



1

11. Соттық қадағалау тәртібімен іс жүргізу.

Сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар. Наразылық келтіру және наразылықтың мазмұны. Қадағалау шағымының мазмұны және оны алдын ала қарау. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі және қадағалау сатысындағы соттың шешімдері.



1

12. Заңды күшіне енген шешімді, ұйғарымдарды және қаулыны жаңадан анықталған мән- жайлар бойынша қайта қарау жөнініде іс жүргізу.

Соттың ұғымы және оның негіздері.Қарау және қадағалау тәртібі бойынша қараудың айырмашылығы. Іс жүргізу тәртібі.



1

13. Соттың жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қарау.

Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру тралы арыз беруге құқығы бар тұлғалар. Арыздың мазмұны, арызды қозғалыссыз қалдыру.Арызды қабылдаудан бас тарту.



1

14. Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу.

Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық іс жүргізуге әрекетқабілеттілігі.Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзіреті.Шет мемлекеттерге талап қою. Соттық иммунитет.Сот тапсырмалары. Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау.



1

15.Сот актілерінің және өзге органдардың актілерінің орындалуы.

Атқарушылық іс жүргізудің органдары.Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты мен орны.Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту.



1

5. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі

Тақырып 1. Сотта өкілік ету ерекшеліктері

4 апта

Реферат

Тақырып 2.Өткен тақырыптар бойынша схема жасау

5 апта

Схема

Тақырып 3. Сотта азаматтық істі қозғау

11 апта

Баяндама

Тақырып 4. Өткен тақырыптар бойынша глоссарий жасау

14 апта

Глоссарий

6. Оқу – әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы

Кесте 4- Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



Оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттердің аттары

Жалпы саны

Студенттер саны

Қамтамасыз етілу пайызы,%

Абдуллина З.К. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы.-Алматы , 2001

8

8

50

Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы. – Алматы , 2009

1

8

10

Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В 2т. Т1. Общая часть(темы 1-15).-Алматы,2001

10

8

100

Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В 2 т. Т.2. Особенная часть( темы 16-30).-Алматы,2001

10

8

100

Гражданское право. Общая часть / А.Г.Диденко.- Алматы, 2006

20

8

100

7. Әдебиеттер

7.1. Негізгі әдебиеттер

1. Абдуллина З.К. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы.-Алматы , 2001

2. Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы. – Алматы , 2009

3. Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В 2т. Т1. Общая часть(темы 1-15).-Алматы,2001

4. Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В 2 т. Т.2. Особенная часть( темы 16-30).-Алматы,2001

5.Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: Учебник для вузов: В 2т. Т1. Общая часть(темы 1-15).-Алматы:КазГЮА,2001

6. Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан :Учебник для вузов: В 2 т. Т.2. Особенная часть( темы 16-30).-Алматы:КазГЮА,2001

7. Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан (с постатейными материалами) /Сост.:Арсентьева С.С.-Алматы, 2002.

8.Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан; Государственная пошлина :Кодекс Республики Казахстан о налогах и других обязательных платежах в бюджет (налоговый кодекс) (извлечение).-Алматы:Норма-К,2006



7.2. Қосымша әдебиеттер:

1.Гражданское право. Общая часть / А.Г.Диденко.- Алматы, 2006

2. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

3. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

4. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

7.3.Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы /1995 жылғы 30 тамыз өзгертулер мен толықтырулар 2011 жылғы 2 ақпан

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 жылғы 13 шілде өзгертулер мен толықтырулар 2014 жылғы 5 шілде

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсан өзгертулер мен толықтырулар 2014 жылғы 29 желтоқсан

4. Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы ’’Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы’’ Конституциялық Заңы // Егемен Қазақстан. 30 желтоқсан 2000 ж.

5. Қазақстан Республикасының 2001 ж. 12 маусымдағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі (Салық Кодексі) // Егемен Қазақстан газеті. 2001. 20 маусым.



6. Қазақстан Республикасының 2001 ж. 11 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының ”Әділет біліктілік алқасы туралы Заңы // Егемен Қазақстан. 2001 ж. 20 шілде.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет