ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



бет21/23
Дата17.06.2016
өлшемі1.69 Mb.
#141930
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Ұсынылатын әдебиет

1. Сапиев Б. Вопросы миграции трудовых ресурсов в Казахстане // Труд в Казахстане. 2004. № 12.



  1. Чукмантова Л.Д. Коллизионные нормы в трудовых отношениях в международном частном праве. Актуальные проблемы современного гражданского права. Алматы, 2002. 2 том.

  2. Сарсембаев М.А. Международное частное право. Алматы: Данекер, 1998.

  3. Международное трудовое право. Алматы: Данекер, 2000.

  4. Жарасбаева Г.М. К вопросу о миграции населения //Фемида № 2. 2003.

  5. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы: Атамұра, 2003.

  6. «Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші
    бар Жарлығы (19.06.95).

  7. Раисов У. Регулирование международной миграции рабочей силы в условиях глобального рынка труда // Саясат. 2003. №11.

  8. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудін шарттары мен тәртібі туралы Үкімет № 862 каулысы 19.06.01 (17.02.04 өзгерістер).

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қодексі (30.01.01).

Тақырып 12 Халықаралық дербес құқығындағы зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер. халықаралық дербес құқығындағы мұрагерлік сұрақтары

1. Коллизиялар мен деликтік міндеттемелер

2. Қазақстан республиасының аумағында және одан тыс жерлерде зиян келтіру

3. Мұрагерлік саласындағы коллизиялық нормалар

4. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің мұрагерлік құқықтары

5. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқықтары

1. Құқық бұзушылықтан туындайтын міндеттемелер саласында коллизиялық байланым ретінде lex loci delictii comissii табылады, яғни бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық жасалған жердің заңнамасына байланысты. Бұдан деликт терминінің мазмұнын ашу қажеттілігі туындайды. Деликт – бұл құқық бұзушылық. Оыс саладағы әрекет ететін заңдарда көптеген мемлекеттер: а) зиян келтіру кезінде зиян келтіруші тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі орны және уақыты әрекет ететін заңы пайдаланылады; б) бір мемлекетте зиян келтіруші мен жәбірленуші орналасса, онда сол мемлекеттің заңы пайдаланылады; в) негізгі ереже ретінде зиян келтірілген аумақтың мемлекеттік заңы пайдаланылады дегенді белгілейді.

Деликтік міндеттемелерді орындауды мәжбүрлеу мақсатында Қытайда құқыққа қайшы іс-әрекеттің жасалу жері заңы пайдаланылады. Бұл мемлекетте, зиян келтіруші мен жәбірленуші азаматтығы сәйкес келсе немесе олар бір мемлекетте болса, онда тараптардың азаматтығы заңы немесе тараптардың орналасу жері заңы пайдаланылады. Қазақстан мен шетел мемлекеттері арасында жасалған құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттарда деликтік жауапкершілік жөнінде коллизиялық нормалар бар. Бұл келісім-шарттарда, әрекет болған немесе зиян келтірудің орнын толтыру жөнінде талаптарға негіз болған мән-жайлар орын алған мемлекеттің заңы пайдаланылады деп белгіленген. Бұл ережеден ескерту: зиян келтіруші мен жәбірленуші бір мемлекеттің азаматы болса, онда зиян орнын толтыру сұрақтарына сол мемлекеттің заңы пайдаланылады. Көріп отырғанымыздай, көп мемлекеттердің заңнамаларында және екіжақты, көпжақты келісім-шарттарда бір норма жөнінде сөз көтеріліп отыр. Халықаралық дербес құқықтағы деликтік міндеттемелермен байланысты коллизиялық сұрақтар екітүрлі шешіледі: зиян орын алған мемлекет құқығымен немесе зияннан зардап шеккен жәбірленуші мемлекетінің құқығымен. Дәстүрлі ереже болып зиян келтірілген мемлекеттің заңы табылады. Сонымен қатар, егер зиян орнын толтырудың тиімді жағдайлары көзделсе, онда жәбірленуші мемлекетінің заңын пайдалануға шектеу қойылмайды.

Егер зиян бір мемлекетте орын алса (мысалы, атомдық энергостанцияда авария болған жағдайда), ал оның зардаптары басқа мемлекетте болса, онда талаптар екі мемлекеттің де соттарына беріледі. Егер бұл мемлекеттер арасында келісімдер болмаса, онда талаптар отандық соттарға беріледі.

1963 жылдың «Ядролық залалдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы» Вена келісімі, 1960 жылдың «Атомдық энергетика саласындағы үшінші тұлғаларға қатысты жауапкершілік туралы» Париж конвенциясы, 1962 жылдың «Атомдық кемелер иелерінің жауапкершілігі туралы» Брюссель келісімі сот мемлекетінің құқығын пайдалану қажеттілігі жөнінде көрсетеді. 1963 жылдың Вена келісіміне сәйкес сот мемлекетінің құқығы және сол мемлекеттің коллизиялық құқығына жататын мемлекет құқығының нормалары пайдаланылады.



2. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімімен) реттеледі.

ҚР АК-нің 1117-бабына сәйкес зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жай орын алған елдiң құқығы бойынша анықталады.

Егер iс-әрекет немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негiз болған өзге де мән-жай Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша заңсыз болмаса, шетел құқығы қолданылмайды.

Енді моральдық залал (зиян) туындайтын жауапкершілік мәселелеріне тоқталайық.

Азаматтық қүқық теориясында моральдық зиян жәбірленушіге жан азабымен тән азабын келтіруден, азаматтық арнамысы мен абыройын кемсітуден керінетін мүліктік емес зиян ретінде анықталады.

Моральдық зиянның бірінші заңды анықтамасы жоғарыда келтірілгеннен мүлдем ерекшеленген жоқ. Моральдық зиян деп азаматқа заңға қайшы іс-әрекеттермен келтірілген жан, дене азабы түсінілетін.

Азаматтық заңнамада мұндай азаптар жәбірленушінің қорлануды, ызалануды, түңілуді, тән ауруын, залал шегуді, қолайсыз жағдайда қалуды және т.б. бастан кешіруі ретінде нақтыландырылған еді.

Осы анықтамалар үстүрт болғандықтан олар одан әрі нақтылануды талап етті. Олар бойынша моральдық зиянды зиянның бұрын қалыптасқан жалпы анықтамасына туралау қиын екендігін бірден түсінуге болады. Сол бір немесе өзге зиян құқықтық мағынада - бұл белгілі бір шектерде болуға тиіс өтетіп алу қүқығын беретін белгілі бір нысандағы нақты бір игілікті кез келген жағдайда кеміту. Қазіргі уақытта моральдық зиян заңмен корғалатын кез келген игіліктер мен құқықтарға қолсұғушылық нәтижесі ретінде түсініледі. Әрекет етуші заңдық анықтамаға сәйкес, моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда калу және т.б.).

Моральдық зиянды өздеріне қарсы құқық бұзушылық жасалатын игіліктер мен құқықтарды тікелей келісумен барлық жағдайларда теңдестіруге болмайды. Заң шығарушылар моральдық зиянның өтелуге тиіс мүліктік зиянға қарамастан өтелетіндігіне нұсқай отырып (ҚР АК 952-бап 3-т) мұны ішінара көздеген. Сірә бұл баптың формулировкасын өзгертіп, оны мынадай мазмұнда жазу керек: «моральдық зиян мүліктік зиянға қарамастан өтеледі». Сол кезде ол моральдық зиян деликтілік міндеттеменің жалғыз негіздемесі болып табылатын жагдайларды да қамтиды.

Моральдық залал келтіруден туындайтын міндеттеме деликтілік міндеттемелердің бір түрі ретінде танылады. Ол өзі негізі ретінде зиян келтіру бойынша басқа да міндеттемелер сияқты шарттарға ие, моральдық зиян келтірудегі кінәнің болуы талап етіледі. Азаматтың мүліктік құқықтарын бұзатын іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен келтірілтен зиян үшін жауапекершілік тек заңнамада тікелей көзделген жағдайларда ғана туындайтын болады. Азаматтар мүліктік емес зиянды деликтілік міндеттемелердің негізі болып табылатын барлық жағдайларда өтетіп алуға құқылы болады. Заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік емес залал шектеусіз өтелуге жатады.

Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда егер:

1) зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;

2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды колданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе;


  1. зиян ар-ожданына, қадір қасиетімен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;

  2. заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.

Моральдық (мүліктік емес) зиян - элементі өзіне ғана тән болып табылады. Оны анықтау қиынға соғады және әдетте оны бағалаумен ол үшін өтемақы белгілеу шартты болады. Заңнама бұл орайда моральдық залал үшін өтемақының төменгі және жоғарғы шектерін бекітпейді. Оны келтіргені үшін белгіленген негізгі талап - өтемақы әділетті болуға тиіс. Ол үшін белгіленетін өтемақы ақшалай нысандаболуға тиіс.

Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде жәбірленушінің ізгілік қасиетіне келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын оның субъективті түрде бағалауы ескеріледі. Сондай-ақ жәбірленушінің жан азабымен тән азабының дәрежесін дәлелдейтін обьективті деректер де ескеріледі. Есепке қол сұғу объектісі болған игіліктің өмірлік маңыздылығы алынады. Мысалы, заңмен қорғалатын барлық игіліктердің ішінде ең маңыздысы болып өмір табылады, тиісінше оған қол сұққан үшін белгіленетін өтемақы ең жоғары болуға тиіс. Денсаулыққа, ар ожданға, қадір қасиетке, бостандыққа, тұрғын үйге және т.б. қол сұғу ауыр қол сұғушылықтар деп есептеледі. Сонымен қатар, есепке құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтіру, мүгедектікке әкеп соқкан дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.) ескеріледі. Ұятқа қалдыратын жалған мәліметтер тарату сипаты мен аясы жәбірленушінің өмір сүру жағдайлары (қызмет, отбасы, тұрмыс, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және бақалары) өзге де назар аударуға тұрарлық мән-жайлар бағаланады.



Қазақстаннан тыс жерлерде зиян келтіру сұрақтарын Қазақстан Республикасының соттары қарастырғанда олар аталған құқық бұзушылық жасалған жердің заңнамасына сүйену тиіс. ҚР АК-нің 1117-бабының 2-тармағына сәйкес шетелде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, егер тараптар сол бiр мемлекеттiң азаматтары немесе заңды тұлғалары болса, сол мемлекеттiң құқығы бойынша анықталады. 

Сонымен қатар, халықаралық конвенцияларда да осы сұрақтар қарастырылған. Мәселен, 1974 жылдың 13 желтоқсанындағы «Жолаушылар мен олардың теңдеме жүгін теңіз арқылы тасымалдау туралы» Афина конвенциясы жолаушылардың денсаулығына зиян келтіру кезіндегі тасымалдаушының жауапкершілігін 700 мың франк мөлшерімен шектейді.



3. Қазақстанда әрекет ететін мұрагерлік құқық нормалары мұрагерлікке қатысты барлық қатынастарды реттейді. Бірақ, кейде мұрагелік сұрақтарын шешу кезінде шетел құқығын қолдану қажеттілігі туындайды. Қазақстанда әрекет ететін заңнамаға сәйкес мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Қазақстанның мұрагерлік құқық нормалары мұра қалдырушы Қазақстанда тұрақты тұрса ғана қолданылады. Егер мұра қалдырушы шетелде тұрса, онда шетелдік құқық нормалары қолданылады. Қазақстанда ұлттық құқық пен шетел мемлекетінің құқығы теңдік негізінде қолданылады.

Қазақстанда шетел элементі бар мұрагерлік қатынастарды реттейтін нормалар әрекет етеді. Тағы бір айтатын жайт, шетел элементі әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, мұра қалдырушы Қазақстанда өмір сүріп Қазақстан Республикасының азаматы болса, осында оның мүлігі және мұрагері – шетел азаматы болса, онда шетел элементінің болуы нақты. Бірақ, бұл жағдай шетелдік құқық нормаларының қолдануына әкелмейді. Егер мұрагер шетелде тұрақты тұрса да, бұл жағдай мәселені өзгерпейді, мұнда да қазақстандық заңнама пайдаланылады. Егер мұра қалдырушы тұрақты шетелде тұрса және оның азаматы болса, сонда ғана шетел мемлекетінің құқығы пайдаланылады.

Кейбір жағдайларда, қазақстандық заңнама сілтеме жасайтын, шетел мемлекеттерінің заңнамалары қайтадан қазақстандық құқықтың пайдалануы қажеттілігін бекітетін коллизиялық норманы көрсетеді. Мәселен, мұра қалдырушы Қазақстанның азаматы болса, бірақ тұрақты тұрғылықты жері Швецияда болса, онда күшінде қазақстандық заңнама шетел заңнамасын қолдануды бекітеді. Бірақ, Швецияның заңнамасы мұрагерлік қатынастардың мұра қалдырушының азаматтығы заңымен реттелетіндігін көрсетеді, яғни қазақстандық құқық пайдаланылады. Бұл әрекетті қайтару сілтемесі деп атайды.

АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктің арасында коллизиялық нормаларды бөледі. Қозғалатын мүлікке қатысты мұрагерлік сұрақтарын шешкенде мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы пайдаланылады, ал қозғалмайтын мүлікке қатысты – қозғалмайтын мүлік орналасқан жердің заңымен анықталады.

Жалпы ереже бойынша, коллизиялық сұрақтар мемлекеттердің ішкі заңнамасы бойынша анықталады. Ал мұрагерлік құқық сұрақтары бойынша халықаралық конвенциялар тек кейбір сұрақтарды ғана қамтиды. Мәселен, 1973 жылдың 26 қазанындағы «Халықаралық өсиеттің нысаны туралы» көпжақты конвенцияда және 1961 жылдың 5 қазанындағы «Өсиет нысандарына қатысты заңдар коллизиясы туралы» конвенцияда халықаралық өсиеттің нысаны бекітілген.

4. Қазақстан Республикасы аумағында шетел элементінің қатысуымен болатын мұрагерлік құқыққатынастар бірнеше жағдайларға байланысты пайда болады. Олардың қатарына жатады: а) Қазақстан аумағында шетел азаматтары - мұрагерлер пайдасына мұраның ашылуы; б) Қазақстан аумағында шетел азаматы – мұра қалдырушы мүлігінің болуы; в) Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының қайтыс болуы т.б. Осыған қатысты Қазақстандағы шетелдіктердің мұрагерлік құқықтары қандай? – деген сұрақ туады.

Осы сұраққа жауап берместен бұрын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ұлттық режим қағидасы қолданылатындығын атап өткен дұрыс. Осыған қатысты, Қазақстан Республикасында мұрагерлік салада шетелдіктер мемлекет азаматтары сияқты құқықтарға ие болады.

Заңнама шетел азаматтарының құқықтарына жалпы шектеулер қоймайды. Шектеулер тек шетел мемлекетіне қарсы реторсия түрінде немесе шетелдегі қазақстандық азаматтардың құқықтары шектелгенде ғана болуы мүмкін. Егер, мысалы Қазақстан Республикасының азаматтарына шетел мемлекеті жер алу құқығын өз аумағында шектесе, онда Қазақстан Республикасы да қарсы шектеулер қоя алады. Бірақ, 2003 жылдың 20 маусымындағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 20-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі ретінде – азаматтар табылады делінген, сонан соң, егер ҚР ЖК-де өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ ұғынылады делінген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының азаматтық құқықсубъектілігінің мазмұны мемлекет азаматтарының құқықсубъектілігімен тең бола бермейді, сондықтан мұрагерлік құқықтардың да мөлшері әртүрлі болады. Мәселен, ҚР ЖК-нің 23-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жерді қоспағанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігінде болуы мүмкін. Бірақ, аталғандай шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жеке меншігіне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жерді ала алмайды. Бұл жағдайда, мұра қалдырушы – Қазақстан Республикасының азаматы, мұрагер – шетел азаматына аталған жерлерді қалдыру мүмкін. Бірақ, Қазақстан Республикасы шетел азаматының мұрагерлік құқықтарын тануға міндетті, ал ол өз құқықтарын толығымен жүзеге асырмайды. Бұл жағдайда, Қазақстан Республикасы шетел азаматына басқа мүлік немесе оның нарықтық құнын төлеуге міндетті болады.

Осындай мұрагерлік құқық қатынастар туындағанда ғана шетел азаматтарына шектеулер қойылуы мүмкін, ал қалған уақытта олардың құқықтары мен міндеттері мемлекет азаматтарымен теңбе-тең.

Субъектілері шетел азаматтары болып келетін мұрагерлік құқық қатынастар туындағанда бірнеше сұрақтарға жауап беру қажет болады: өсиет және заң бойынша мұрагерлер қатарына кімдер кіреді, мұрагерлік құқықтарды рәсімдеудің тәртібі мен мерзімдері қандай, өсиет нысаны, мұраны қабылдау және одан бас тарту тәртібі қандай т.б. Осы сұрақтарға жауап беру үшін алдымен қай мемлекеттің құқығы қолданылатынын анықтау керек. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады делінген.

Егер ақырғы тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан болса, онда қазақстандық құқық пайдаланылады. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады. Қазақстандық заңнама бұл жерде, заң бойынша мұрагерлер санын, мұра мүлігін оның құрамын және т.б. сұрақтарды анықтау тиіс.

ҚР АК-нің 1123-бабына сәйкес қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiк - Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлiк өсиет етiп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады. Бұл жерде, қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру сұрағы шешілді, бірақ егер мүлік белгілеріне байланысты қозғалатындарға жатып ұлттық заңнама бойынша қозғалмайтынға жатса, онда сұрақ қалай шешіледі екен. ҚР АК-нің 117-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Қозғалмайтын заттар тұжырымдамасынан француз құқығы шығады. Оларға француз заңы мен практикасы кәсіпорын пайдаланылатын машиналарды, жабдықтарды және өнімдерді, ауылшаруашылық құралдарын және жануарларда жатқызады.

Сонымен, бір мемлекет белгілі бір заттарды қозғалатын десе, екіншісі қозғалмайтын десе, онда қай мемлекеттің заңы қолданылады деген сұрақ туады. Әдебиеттерде және практикада кең таралған пікір болып мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы табылады.

Шетел элементінің қатысуымен өсиет бойынша мұрагерліктің ерекшеліктері бар. Мәселен, мұра ашылғанға дейін, өсиет дайындалуы тиіс. ҚР АК-нің 1122-бабына сәйкес адамның өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшiн жою, егер соңғысы акт жасалған жердiң талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды.

Шетел азаматтарына қатысты мұрагерлік саласында салық салу қатынастарына қазақстандық азаматтармен бірдей режим пайдаланылады. Бұл ережеден өзгеше халықаралық келісімдермен көзделуі мүмкін. Мәселен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында 1994 жылдың 28 наурызында қабылданған консулдық конвенцияға сәйкес консулдық мекеменің қызметшісі және оның отбасы мүшелері қайтыс болғаннан кейін, орналасу мемлекеті қозғалмайтын мүлікті салық пен баждардан босатады.

Шетел азаматына тиесілі мұрагерлік мүлікті қорғау сұрағы да маңызды болады. Осындай мүлікті қорғау қазақстандық құқықпен жүзеге асады. ҚР АК-нің 1071-бабына сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады. Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы. Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы мүмкiн. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар. Халықаралық келісімдер мұраны қорғауға өзге де органдарды көздеуі мүмкін. Мәселен, 1993 жылдың 22 қаңтарында Минскіде қол қойылған «Азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенцияның 50-бабына сәйкес мұраны қорғау бойынша шараларды қолдану дипломатиялық мекемелерге беріледі делінген.

Халықаралық келісім-шарттарда иесіз қалған мүлікке байланысты да ережелер бар. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, мұра иесiз қалған деп танылады. Иесіз қалған мұра мемлекетке өтеді. Бұл жерде, Қазақстанда шетел азаматынан қалған мұра кімге өтеді? – деген сұрақ туады.

Құқықтық көмек туралы келісім-шарттар бойынша қозғалатын мүлік шетел азаматы қайтыс болған мемлекетке өтеді, ал қозғалмайтын мүлік, мүлік тұрған мемлекеттің меншігіне өтеді.

Тағы бір маңызды сұрақ – мұрагерлік сомалар мен мүліктерді аудару және шығару сұрағы. Қазақстан Республикасының аумағынан шектеу қойылмаған, барлық мұрагерлік мүліктер мен ақша сомаларын шығаруға болады. Халықаралық келісім-шарттармен көрсетілгендей, мемлекеттен шығаруға тыйым салынған мүліктер, азамат қайтыс болған күшіндегі заңнамамен анықталады.



5. Қазіргі таңда, Қазақстан үшін де көші-қон процестері тән. Көптеген азаматтар Ресейге, Германияға т.б. мемлекеттерге кетіп жатса, екіншілері Иран, Қытай, Монғолиядан т.б. мемлекеттерден ата-бабаларының туған жеріне келіп жатыр. Сондықтан, шетелде Қазақстан Республикасының азаматы қайтыс болып, мұра қалдырушы қазақстандық азамат болғанда мұрагерлік қатынастар туындауы мүмкін. Жоғарыда аталғандай, шетел элементінің қатысуымен мұрагерлік қатынастар ішкі заңнаманың коллизиялық нормаларымен немесе халықаралық келісімдердің ережелері негізінде анықталады.

Ақырғылар қатарына Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы құқықтық көмек туралы келісім-шарттарды жатқызуға болады. Мәселен, 1994 жылдың 9 тамызында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы құқықтық көмек туралы келісім-шарттың 40-бабында құқықтардағы теңдік қағидасы бекітіледі, яғни келісуші-мемлекеттердің азаматтарының құқықтары мен міндеттері тең.

Осы келісім-шарттың 41-бабындағы норма кейіннен ҚР АК-нің 1121, 1123-бабына енген, яғни мұрагерлік бойынша қатынастар, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша анықталады. Кейбір жағдайларда құқықтық көмек көрсету келісім-шарттардың кейбіреулерінде мұра қалдырушының азаматтығы заңы қағидасы көзделеді.

Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік ұғымы ҚР АК-нің 117-бабында берілген. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.

Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.

Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.

Өсиет нысаны өсиет жасалған уақытта мұра қалдырушы азаматы болып табылатын келісушы тараптың заңнамасымен анықаталады. Бірақ, өсиет жасалғанда келісуші тараптың заңнамасы сақталғаны жеткілікті болады. Бұл ереже өсиеттің күші жойылғанда да қолданылады (Құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы келісім-шарттың 13-бабы).

Мұрагерлік жөніндегі істерді жүргізу сұрағының үлкен практикалық маңызы бар. Құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы келісім-шарттың 44-бабына сәйкес қозғалатын мүлікке мұрагерлік істер бойынша өндірісті мұра қалдырушы тұрақты тұрған елдің аумағындағы келісуші тараптардың мекемесі жүргізеді. Егер мұра қалдырушы тұрақты тұрмаған мемлекеттің аумағында оның қозғалатын мүлігі тұрса, онда мұрагердің арызы бойынша мұрагерлік жөнінде істі осы мемлекеттің мекемесі жүргізе алады.

Қозғалмайтын мүлік мұрагерлігі жөніндегі істерді мүлік тұрған жердің келісуші тарабының мекемесі жүргізеді.

Шетелдегі Қазақстан азаматтарының мұрагерлік құқықтарының жеке сұрақтары консулдық конвенцияларда қарастырылған. Мәселен, Қазақстан Республикасы Венгрия Республикасы арасындағы 1995 жылдың 9 наурызындағы консулдық конвенцияның 36-бабына сәйкес консулдық лауазымды адамның мұрагерлік мүлікке қатысты істері бойынша функциялары халықаралық келісімдермен реттеледі делінген. Орналасу мемлекетінің уәкілетті органдары өзге мемлекеттің азаматы қайтыс болғанда, консулдық лауазымды адамға өлім туралы хабарлайды және өлім туралы куәлікті және өзге өлімге қатысты құжаттарды жібереді.

Шетелде мұра ашылса Қазақстан Республикасының азаматтары мұрагерлік мүлікті алуға құқықтары бар. Шетелдік заң негізінде пайда болған мұрагерлік құқық Қазақстанда да толығымен танылады.

Қазақстанда азаматтардың мұрагерлік құқықтарымен келесі ұйымдар айналысады: «Азияинюрколлегия» халықаралық қауымдастығы 1990 жылдың 10 желтоқсанында құрылған және «Казахинюрколлегия» Әділет министрлігі алқасының 1993 жылдың 18 желтоқсанындағы №15 қаулысымен бектітілген.

Қазақстандық заңнама қазақстандық азаматтармен шетелден алынатын мұрагерлік сомаларға қандай да бір шектеулер қоймайды.

Иесіз қалған мүлікке мұрагерлік құқықтар туралы сұрақтардың үлкен практикалық маңызы бар. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бәрi мұрадан бас тартса, мұра иесiз қалған деп танылады. 

Иесіз қалған мүлік туралы ережелер Қазақстан мен өзге мемлекеттер арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісім-шарттарда көзделген. Мәселен, Қазақстан мен Литва арасындағы құқықтық көмек туралы келісім-шарттың 42-бабына сәйкес келесі ережелер белгіленген: егер келісуші тараптардың заңнамасы бойынша мұрагерлік мүлік иесіз қалған деп танылса, онда қозғалатын мүлік қайтыс болған мұра қалдырушы азаматы болған мемлекетке ауысады, ал қозғалмайтын мүлік ол тұрған мемлекеттің меншігіне ауысады.

Сонымен, иесіз қалған мүлік туралы ережелер барлық халықаралық келісім-шарттарда екі жағдайда бірдей. Біріншіден, иесіз қалған мүлік мемлекет меншігіне өтеді. Екіншіден, олар мүлікті қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуге негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет