ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/10
Дата20.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#150223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Қабылдау әдісі бойынша:

    • Ішке қабылдауға арналған – микстуралар, тамшылар;

    • Сыртқа қабылдауға арналған – клизмалар, тамшылар, жағу;

    • Инъекциялық қабылдауға арналған - ерітінділер.

    1. Дисперстік орта бойынша:

    • Сулы;

    • Сулы емес: глицеринді, спиртті, майлы, полимерлі, аралас.

    1. Қолданылатын аппаратурасы бойынша:

    • Зауыттық жасап шығарылуы;

    • Дәріханалық жасап шығарылуы;

    1. Дайындау әдісі бойынша:

    • Масса – көлемдік әдісі бойынша дайындалатын ( қатты дәрілік заттардың сулы және сулы – спиртті ерітінділері, ішке қабылдауға арналған тамшылар, ішке қабылдауға арналған тамшылар, құрамында 3% -ға дейін қатты фазасы бар суспензиялар);

    • Көлем бойынша дайындалатын (рецептте шартты атаумен жазып алынған әр түрлі концентрациядағы спирттің ерітінділері, хлорсутекті қышқыл және стандарттық ерітінділер);

    • Масса бойынша дайындалатын (тұтқыр және ұшқыш еріткіштердегі қатты және сұйық дәрілік заттардың ерітінділері, эмульсиялар, құрамында 3% -ға дейін қатты фазасы бар суспензиялар, гомеопатикалық сұйық дәрілік заттар).

    2.Еріткіштерге қойылатын талаптар:

    1. Жоғары ерігіштік қабілеттілігі.

    2. Химиялық индифферентігі.

    3. Биологиялық зиянсыздығы.

    4. Жағымсыз дәмнің және иістің жоқтығы.

    5. Микробтық контаминацияға тұрақтылығы.

    6. Үнемділігі.

    Бұл талаптардың көбіне тазартылған су жауап береді.

    Тазартылған су. Тазартылған суға МС № 42-2619-97 бар. МС сәйкес тазартылған суды дистилляция, иондық алмасу, қайтымды осмос немесе бұл әдістердің комбинациясы арқылы алуға болады. Бұл бөлімде тазартылған суға қойылатын талаптар туралы жазылған. Су түссіз, мөлдір, иіссіз және дәмсіз болуы керек, рН 5-6,8; қатты қалдық 0,001%-дан жоғары болмауы керек, судың құрамында нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар, кальций, ауыр металдар, көміртектің диоксиді, тотықсызданатын заттар болмауы керек, аммиактың 0,0002% мөлшерде болуы рұқсат етіледі.

    МС № 42-2619-97 микробиологиялық тазалығы және тазартылған суға қойылатын талаптар келтірілген: тазартылған су ауыз суға қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек (1 мл-де 100-ден көп емес микроорганизмдер), ішек шыбығының патогендік бактериялардың, алтын стафилококтың, көк ірің таяқшасының жоқтығы.

    Тазартылған суды алуға, жүктеуге және сақтауға қойылатын санитарлық талаптар «Дәріханалық кәсіпорындардың санитарлық тәртібі бойынша нұсқауды бекіту туралы» № 309 бұйрығында 21.10.97ж. келтірілген.

    Тазартылған су №309 бұйрығына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмеде алынады. Бұл бөлмеде басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынады. Тазартылған суды қолданады немесе асептикалық жағдайда жабық сыйымдылықтарда сақтайды (3 тәуліктен көп емес). Сақтауға арналған баллондар химиялық тұрақты шыныдан жасалған шыны түрінде немесе тоттанбайтын болаттан немесе алюминийден болуы керек. Бұл сыйымдылыққа микроорганизмдер өтпеуі үшін жинақтағыштарды екі саңылауы бар тығынмен тығыздап жабады: бір саңылау арқылы су түседі, ал екіншісі залалсыздындарылған түтікше үшін арналған, онда шыны мақтасынан жасалған тампонды орналастырады.

    Тазартылған судың алынуы аквадистилляторлар және басқа да қондырғылар көмегімен жүзеге асады.

    Күн сайын баллондағы тазартылған суды, хлоридтердің, сульфаттардың және кальций тұздарының жоқтығын тексеру үшін сапалық анализге жібереді. Суды толық химиялық анализдеу үшін тоқсанда бір рет бақылау – аналитикалық зертханаға жібереді, ал бактериологиялық анализдеу үшін тоқсанда екі рет СЭС-ға жібереді.



    Тазартылған судың алынуы. Дистилляция – тамшылармен жиналған су. Дәріхана немесе өнеркәсіптік өндіріс жағдайында дистилляция немесе айдау әдістері кеңінен таралған.

    Қалаларда тазартылған суды алу үшін құбыр немесе тұзсыздандырылған суды қолданады. Ал ауыл аймақтарында қолданылатын суды, суға кермектілік қасиет беретін қосылыстардан: органикалық заттардан, аммиактан, тұздардан алдын – ала тазарту қажет.

    Суды дистилляция әдісі арқылы алу үшін аквадистилляторлар аппараттары қолданылады. Дайындалған ауыз суын немесе суды, үш негізгі түйіннен: буландырғыштан, конденсатордан және жинақтағыштан тұратын аквадистилляторға орналастырады.

    Су орналасатын буландырғышты қайнауға дейін қыздырады. Су булары конденсаторға түседі, мұнда олар сұйылады және конденсат түрінде жинақтағышқа түседі. Бастапқы судағы барлық ұшқыс емес қосылыстар аквадистилляторда қалады.

    Буландырғышта судың қайнауы кезінде көпіршікті және беттік бу түзілуі жүреді.

    Бірінші жағдайда қайнау кезінде будың көпіршіктері түзіледі, олар сұйықтықтан бөлек түсіп қалады, нәтижесінде өзінің бетіне бастапқы судың жұқа қабатын еліктіреді. Бұл кезде дистилляттың ластануы орын алады.

    Беттік бу түзілу айдалмаған су тамшыларының шығарылуына жол бермейді.

    Көпіршікті бу түзілуін болдырмау үшін келесі жағдайларды орындау керек:



    • Қайнайтын қабаттың қалыңдығын кішірейту

    • Біркелкі қайнатуды қамтамасыз ету үшін жылыту температурасын реттеу

    • Бу түзілудің оптималды жылдамдығын ұстап тұру

    3.Деминералданған су. Соңғы кездері тазартылған судың орнына деминералданған суды қолдануға көңіл бөлінуде. Бұл дистилляторлардың, әсіресе электрлік дистилляторлардың, жиі істен шығатына байланысты болып табылады. Бастапқы судың құрамындағы тұздар буландырғыштың шыныларында қақ түзеді, ал бұл дистилляция жағдайын нашарлатады және де судың сапасын төмендетеді.

    Суды тұзсыздандыру (деминералдау) үшін әр түрлі қондырғыларды қолданады. Олардың әрекет ету принципі, суды ионалмастырғыш шайырлар – құрылымы гелді немесе микрокеуекті, ионогенді топтармен ковалентті байланысқан торлы полимерлер, арқылы өткізеді, нәтижесінде су тұздардан босатылады. Суда бұл топтардың диссоциациясы иондық жұпты береді:



    • полимерлі тасымалдағышқа бекітілген ион;

    • қозғалмалы – қарсыион, ионның бір атаулы зарядына айырбастайды.

    Суды деминералдау қондырғысының негізгі бөлігі катиониттермен және аниониттермен толтырылған бағаналар болып табылады.

    Катиониттердің активтілігі, сутек иондарын сілті және сілтіжер металдарының иондарына айырбастау қабілеттігі бар, карбоксилді немесе сульфо топтың бар болуымен анықталады.

    Аниониттер – өзінің гидроксилді топтарын аниондарға айырбастай алатын торлы полимерлер.

    Сонымен қатар қондырғыда шайырларды регенерациялау үшін қажетті, қышқылдар, сілтілер және дистильденген су ерітінділері үшін сыйымдылықтар болады. Катиониттердің регенерациясын хлорсутекті немесе күкірт қышқылымен жүргізеді. Аниониттер сілті ерітіндісімен (2-5%) тотықсызданады.

    Әдетте ионалмастырғыш қондырғы 3-5 катионитті және анионитті бағаналардан тұрады. Жұмыстың үздіксіз жүруі, бағаналардың бір бөлігі жұмыс жағдайында, ал басқа бөлігі регенерацияда болуымен түсіндіріледі.

    Құбыр суы, ионалмастырғыш бағаналар арқылы өтеді, кейін ионалмастырғыш шайырлардың ыдырау бөлшектерін бөгейтін фильтрге барады.

    Микробты контаминациядан сақтандыру үшін алынған суды 80-90 0С-қа дейін қыздырады.

    Деминерализаторды, тұзсыздандырылған суды дистилляторларға және ыдысты жуу үшін жуғыш бөлмелерге беру үшін, ауруханаларда және дәріханаларда қолданады.

    Деминерализатор өнімділігі 200л/сағат.

    Қайтымды осмос. Қайтымды осмос (гиперфильтрация) – ерітінділерді бөлу әдісі, ерітінді 3-8 МПа қысым астында, ерітіндіні өткізетін және ерітілген заттың иондарын немесе молекулаларын толық немесе жартылай бөгейтін жартылай өткізгіш мембранаға түсіреді.

    Бұл әдіс алғаш рет 1953 жылы суды тұзсыздандыру үшін Ч.Е.Рейдпен ұсынылған болатын.

    Қайтымды осмостың қозғаушы күші қысымның айырмашылығы болады: ерітіндінің осмостық қысымы (П) және мембрана бетінде орналасқан тұз ерітіндісінің қысымы (Р).

    Р=Р-П

    Тура осмос – заттардың концентрациясын теңестіру мақсатында, біржақты еріткішті жартылай өткізгіш мембрана арқылы өткізу.

    Қайтымды осмос – ерітілген тұздарды, органикалық заттардың молекулаларын, сонымен қатар өлшенген қоспаларды және коллоидты бөлшектерді бөлу үшін жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіден су жүйелерін (суды) фильтрлеу.

    Қайтымды осмос қондырғысын қолдану кезінде үнемді және жоғары өнімділікті болып табылады. Олар суды екі-, үш-, төртвалентті бейорганикалық заттардан, органикалық заттардан, коллоидтардан, жартылай пирогендерден сенімді түрде тазартады. Жағымсыз жағдай, бұл мембраналардың қымбат болуы.

    Ионалмасу және қайтымды осмос әдістері арқылы алынған судың сапасы электрөткізгіш шамасы бойынша жүргізіледі.



    4.Тазартылған суды алу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы

    Суды алудың әрбір әдістері жағымды және жағымсыз қасиеттерімен сипатталады.


    Суды тазарту әдістері


    Артықшылықтары

    Кемшіліктері

    Дистилляция

    • жоғары тазарту дәрежесі;

    • ыстық суды алу мүмкіндігі;

    • қондырғыны бумен өңдеу мүмкіндігі;

    • сенімділігі.

    • жоғары құны;

    • үнемсіз.

    Қайтымды осмос

    • жоғары тазарту дәрежесі

    • микробтық контаминация мүмкін;

    • мембрананы жылда 2-4 рет ауыстыру керек;

    • суық су;

    • қондырғыны бумен өңдеу мүмкін еместігі;

    • қондырғыны формальдегидпен өңдеу керек.

    Ион алмасу

    - жоғары тазарту дәрежесі

    • микробтық контаминация мүмкін;

    • жиі регенерация;

    • ионалмасушы бағаналарды қолдану мерзімі аз;

    • қондырғыны бумен өңдеу мүмкін еместігі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет