ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс 3, 4 - Мұнайдың негізгі технологиялық сипаттамалары



бет2/10
Дата20.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#150223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәріс 3, 4 - Мұнайдың негізгі технологиялық сипаттамалары

Дәріс жоспары:



  1. Таблеткалар дәрілік форма ретінде. Таблеткалардың классификациясы.

  2. Таблеткаларға қойылатын негізгі талаптар.

  3. Пресстеудің теориялық негіздері.

  4. Таблеткалау үшін арналған қосалқы заттардың негізгі топтары.

  5. Таблеткалар технологиясы:

    1. Ылғалды гранулдау

    2. Құрғақ гранулдау

  6. Таблеткаларды қабықшалармен жабу:

    1. Драждалған жабындар.

    2. Қабықшалы жабындар.

    3. Престелген жабындар.

  7. Тритурациялық таблеткалар. Таблеткалардың сапасын сынау.

  8. Таблеткаларды жетілдіру жолдары.

  9. Драже. Гранулалар.

1. Таблеткалардәрілік заттарды немесе дәрілік және қосалқы заттардың қоспасын престеу немесе формалау арқылы алынатын, ішке немесе сыртқа қолдануға арналған қатты, дозаланған дәрілік форма.

Таблеткалар 150 жыл бұрын қолданыла бастады және қазіргі уақытта да кең таралған дәрілік форма болып табылады. Бұл жағымды қасиеттер қатарымен түсіндіріледі:



  1. Дайындау процесін толық механизациялау, жоғары өнімділікті, тазалықты және таблеткалардың гигиеналығын қамтамасыз етеді.

  2. Таблеткаларға енгізілетін дәрілік заттарды дозалаудың дәлдігі.

  3. Таблеткалардың ықшамдылығы (кішігірім көлем), дәрілерді жіберудің, сақтаудың және тасымалдаудың қолайлығын қамтамасыз етеді.

  4. Таблеткаларда дәрілік заттардың жақсы сақталуы және тұрақсыз заттар үшін қорғаныш ұабықшаларын жағу арқылы оны жоғарлату мүмкіндігі.

  5. Жағымсыз иісті, дәмді, дәріллік заттардың бояғыш қасиеттерін маскировка жасау, оны қабықшаны жағу арқылы жүргізеді.

  6. Басқы дәрілік формаларда физико – химиялық қасиеттері бойынша үйлеспейтін, дәрілік заттарды қосу мүмкіндігі.

  7. Асқазан – ішек жолында дәрілік заттың әсерін оқшаулау.

  8. Дәрілік заттардың әсерін пролонгирлеу.

  9. Күрделі құрамды таблеткадан жеке дәрілік заттардың кезекті сіңірулуін реттеу – көп қабатты таблеткаларды жасау.

  10. Дәрілерді жіберу және қабылдау кезде қателерді ескерту, қателер таблеткаларда престеу арқылы жасалатын жазуларда болуы мүмкін.

Сонымен қатар таблеткалар кейбір кемшіліктерге ие болады:

  1. Сақтау кезінде таблеткалар ыдырап кетуден айырылуы мүмкін (цементирлігі) немесе, керісінше, бұзылады.

  2. Таблеткалармен бірге организмге қосалқы заттар енеді, олар кейде жанама құбылыстарды тудыру мүмкін (мысалы, тальк шырышты қабықшаны тітіркендіреді).

  3. Жеке дәрілік заттар (мысалы, натрий және калий бромиді) еру аймағында концентрлі ерітінділер түзеді, осы ерітінділер шырышты қабықшаны қатты тітіркенуін тудыру мүмкін.

Көрсетілген кемшіліктерді қосалқы заттарды таңдау арқылы шешуге болады, таблеткаларды қабылдау алдында ұсақтау және еріту арқылы.

Таблеткалар әр түрлі формаға ие болуы мүмкін, бірақ кең таралған жазық немесе екі дөңес болатын домалақ форма. Таблеткалардың диаметрі 3 тен 25 ге дейін аралықта болуы мүмкін. Диаметрі 25 мм болатан таблеткалар брикеталар деп аталады.



Таблеткалардың классификациясы

  1. Өндіру әдісі бойынша:

  • Престеу – таблеткалы машиналарда жоғары қысымда алады;

  • Тритурациялық – ылғалды массаларды арнайы формаларға жағу арқылы формалау, форманы кептіру;

  1. Қолдану бойынша:

  • Пероральдық – ішке қабылданады, асқазанда немесе ішекте сіңіріледі. Бұл таблеткалардың негізгі тобы.

  • Сублингвальдық – ауызда сіңіріледі, дәрілік заттар ауыздың шырышында сініріледі.

  • Имплантациялық – тері немесе бұлшық ет астына имплантациялайды (тігеді), ұзақ емдік әсерді қамтамасыз етеді.

  • Инъекциялық ерітінділерді экстемпоральдық дайындау үшін таблеткалар.

  • Шаю, спринцевалау және басқа ерітінділерді дайындау үшін таблеткалар.

  • Арнайы тағайындалған таблеткалар - уретральдық, вагиналық және ректальдық.

2. Дозалау дәлдігі – жеке таблеткалар массасында рұқсат етілген нормалардан ауытқулар болмауы керек. Және де, таблеткадағы дәрілік заттардың құрамы да, рұқсат етілген нормалардан аспау керек.

Беріктілік – орау, тасымалдау және сақтау процестері кезінде таблеткалар механикалық әсерлер нәтижесінен үгілмеу қажет.

Ыдырау – таблеткалар, нормативтік-техникалық құжаттамаларды көрсетілген мерзімде ыдырау керек (сұйықтықта бұзылады).

Ерігіштігі – таблеткалардан сұйықтыққа әсер етуші заттардың босатылуы (бөлінуі) белгілі уақыттан аспауы керек. Ерігіштікке организмге әсер етуші заттардың түсу жылдамдығы және толықтығы тәуелді болады (биологиялық қол жетімділігі).

Бұл талаптарға таблеткалардың сәйкес болуы үшін таблеттеленетін ұнтақтар (грануляттар) белгілі технологиялық қасиеттерге ие болуы керек.


  1. Фракциялық (гранулометрлік) құрамы. Бұл ұсақтылығы бойынша ұнтақтар бөлшектерін үлестіру. Фракциялық құрамын анықтауды әрбір фракцияны өлшеу және пайыздық құрамын есептеудан тұратын, елеуіш жиынтығынан ұнтақтарды елеу арқылы жүргізеді.

Фракциялық құрамы ұнтақтар бөлшектерінің формасына және өлшеміне тәуелді. Заттардың көбінде бөлшектер анизодиаметрлік (симметриялық емес). Олар созылған формалы болуы мүмкін (таяқшалар, инелер және т.с.с.). Дәрілік ұнтақтардың кіші бөлігі изодиаметрлік бөлшектерден болады (симметриялық) - куб, көпқырлы және т.б. формада.

  1. Себілмелі тығыздығы (масса). Ұнтақ көлемінің бірлік массасы. Килограммның кубтық метрге қатынасымен сипатталады (кг/м3). Еркін себілмелі тығыздықты – (минималды немесе аэрируемді) және вибрациялық (максималды) себілмелі тығыздықты ажыратады. Еркін себілмелі тығыздығын ұнтақты белгілі көлемге (мысалы, өлшегіш цилиндр) себу, кейін өлшеу арқылы анықтайды. Вибрациялық себілмелі тығыздықты, ұнтақ үлгісін цилиндрге себу және вибрациялық тығыздалудан кейін көлемін өлшеу арқылы анықтайды. Себілмелі тығыздық фракциялық құрамға, ылғалдылыққа, бөлшектер формасына, материалдың тығыздығына (нағыз) және кеуектілігіне тәуелді болады.

Материалдың нағыз тығыздығы деп затта кеуектері (бом орындар) болмаған кездегі көлем бірлігінің массасын айтады.

Себілмелі тығыздық ұнтақтардың сусылмалылығына және дозалаудың дәлдігіне әсер етеді. Ол технологиялық көрсеткіштердің қатарын есептеу үшін қолданылады.

а) Вибрациялық тығыздалудың коэффиценті(Кv) вибрациялық v) және еркін n) тығыздықтар айырмашылығының вибрациялық тығыздыққа қатынасын анықтайды.

Кv кіші болған сайын, дозалау дәлдігі жоғары болады.

б) Салыстырмалы тығыздықты себілмелі тығыздығының материалдың тығыздығына (нағыз) қатынасымен пайызбен есептейді.

Салыстырмалы тығыздық ұнтақ материалының алатын кеңістіктің бөлігін сипаттайды. Салыстырмалы тығыздық аз болған сайын, таблетка алу үшін қажетті ұнтақтың көлемі көп болады. Бұл таблеткалы машинаның өнімділігін және дозалау дәлдігін кемітеді.



  1. Сусылмалылығы (ақыштығы) – комплекстік параметр, үздіксіз тұрақты ағынды түзе отырып, материалдың сыйымдылықтан, өзінің ауырлық күші әсерінен себілу қабілеттілігін сипаттайды.

Сусылмалылық келесі факторлар әсерінен жоғарлайды: бөлшектер мөлшерінің және себілмелі тығыздығының, бөлшектердің изодиаметрлік формасының үлкеюі, бөлшекаралық және сыртқы үйкелудің және ылғалдылықтың кемуі. Ұнтақтарды өңдеген кезде олардың электризациясы (беттік зарядтардың түзілуі) болуы мүмкін, бұл бөлшектердің машинаның жұмыс бетіне және бір-біріне жабысуына әкеледі, сусылмалылықты нашарлатады.

Сусылмалылықты негізінен 2 параметр сипаттайды: себілу жылдамдығы және құламаның бұрышы.

Себілу жылдамдығы – уақыт бірлігінде, вибрацияланған конустық воронканың белгіленген өлшемді саңылаудан себілетін ұнтақ массасы (г/с).

Сусылмалы материалдың воронкадан көлденең жазықтыққа себілген кезде, ол жазықтық бойынша шашырайды, конус тәрізді төбешік түрінде болады. Түзілетін конустың және төбешік негізі арасындағы бұрышты құламаның бұрышы деп атайды, градуспен сипатталады.

Вальтер М.Б. және басқа авторлар материалдың сусылмалылық классификациясын ұсынған болатын. Себілу жылдамдығына және құламаға байланысты барлық материалдарды 6 классқы бөлді. Жақсы сусылмалылық – себілу жылдамдығы 6,5 г/с астам және бұрышы 280 кем , жаман - сәйкес, 2 г/с кем және 450 астам.


  1. Ылғалқұрамдылық (ылғалдылық) – ұнтақта (гранулятта) ылғалдың проценттік құрамы. Ылғалқұрамдылық ұнтақтардың сусылмалылығына және престелуіне үлкен әсер етеді, сондықтан таблеттеленетін материал әрбір зат үшін оптималды ылғалды болу керек.

Ылғалқұрамдылықты зерттелетін үлгіні 100-1050С температурада тұрақты массаға дейін кептіру арқылы анықтайды. Бұл әдіс дәлді болып табылады, бірақ өзінің ұзақтығына байланысты ыңғайсыз болып келеді. Тез анықтау үшін инфрақызыл сәулелермен кептіру әдісін қолданады (бірнеше минутта экспресс-влагомерларда).

  1. Ұнтақтардың престелуі – бұл қысым астында өзара тартылу және тіркеу қабілеттілігі. Бұл қабілеттілікті көрсету дәрежесіне таблеткалар беріктілігі тәуелді, сондықтан таблеткалардың престелуін таблеткалардың Ньютон (Н) немесе МегаПаскаль (МПа) қысуларында беріктілігі бойынша сынайды. Бұл үшін массасы 0,3 немесе 0,5г болатын ұнтақ үлгісін диаметрі 9 немесе 11 мм болатын матрицада 120 МПа қысым астында престейді. Престелу, егер беріктілік 30-40 Н құраса, жақсы деп саналады.

Престелу бөлшектердің формасына (анизодиаметрліктер жақсы престеледі), ылғалдылыққа, ішкі үйкелуге, ұнтақтардың электризациясына тәуелді.

  1. Матрицадан таблеткаларды итеру күші. Матрицаның қабырғасы және таблетканың шеткі беті арасындағы үйкелуді және тіркелуді сипаттайды. Итеру күшін ескере отырып қосалқы заттарды қосылуын болжамдайды.

Итеру күші ұсақ фракциялардың, ұсақталудың, оптималды ылғалдылықтың және престеу қысымының үлкен пайызында арттады. Итеру күшін (Fv) Ньютонда және итеру қысымын (Рv) ескереді, келесі формула бойынша анықтайды, МПа:

, мұндағы

Sb –таблетканың шеткі беті, м2



3. Дәрілік ұнтақты материалдарды престеу әдісі қатты фазада материалдарды қосу процесіне жатады ("суық сварка"). Престеудің барлық процестерін схемалық түрде 3 стадияға бөлуге болады. Бұл стадиялар өзарабайланысты, бірақ әрбіреуінде бір – бірінен өзгешеленетін механикалық процестер өтеді.

Бірінші стадияда бос орындарды толтыру арқасында деформациясыз бөлшектердің жақындауы және тығыздалуы жүреді. Екінші стадияда ұнтақ бөлшектерінің серпімді, пластикалық және морттық деформациясы пайда болады, олардың өзара сырғанауы және тұтастық (компактты) дененің түзілуі жүреді, бұл дене механикалық берікті болады. Үшінші стадияда түзілген тұтастық дененің көлемдік сығылуы жүреді.

Престеу кезінде бірнеше ұнтақ бөлшектерін біріктіру механизмдерін ажыратады:


  1. Берікті контакт дұрыс емес формалы бөлшектердің механикалық тіркелуі немесе олардың бөлшекаралық кеңістікке енуі нәтижесінде түзілу мүмкін. Бұл жағдайда – бөлшектердің беті күрделі болған сайын, таблетка престелуі берік болады.

  2. Қысым астында престелу бөлшектердің жақындауы жүреді және молекулааралық күштердің және электростатикалық әрекеттесудің көрінуіне жағдай жасалады. Молекулааралық тартылу күштері (Вандер- Ваальс) бөлшектердің 10-6-10-7см аралыққа жақындауынан көрінеді.

  3. Престеу процесіне, престеленетін материалда болатын, ылғалдылық әсер етеді. П.А.Ребиндердің теориясына сәйкес бөлшекаралық әрекеттесу күштері қатты бөлшектердің бетіндегі сұйық фазаның болуымен анықталады. Гидрофильді заттарда адсорбциялық су қалыңдығы 3мкм дейін болатын қабықша қалың және берік байланысқан болып табылады. Бұл жағдайда таблеткалар жоғары берікті болады. Ылғалдылықтың төмендеуі де, жоғарылауы да таблеткалар беріктілігінің төмендеуіне алып келеді.

  4. Контактылардың түзілуі (қатты көпіршілер) қысым астында балқыту немесе химиялық байланыстардың түзілу нәтижесінде болуы мүмкін.

4. Таблеткалау үшін арналған қосалқы заттардың негізгі топтары

Қосалқы заттар таблеттеленетін ұнтақтарға қажетті технологиялық қасиеттер береді. Олар таблеткалардың қасиеттеріне әсер етеді, сонымен қатар дәрілік заттардың биологиялық қол жетімділігіне әсер етеді, сондықтан әрбір таблеттеленетін дәрілік препарат үшін таңдалатын қосалқы заттар ғылыми түрде түсіндірілуі қажет.

Барлық қосалқы заттарды тағайындалуы бойынша бірнеше топтарға бөлінеді:


  1. Толтырғыштар (сұйылтқыштар) – бұл, әсер етуші заттардың кішігірім дозасы бар, таблетканы белгілі массаға келтіру үшін қолданылатын заттар. Бұл мақсаттар үшін жиі сахарозаны, лактозаны, глюкозаны, натрий хлоридін, магний карбонатын және т.б. қолданады. Қиын ерігіш және гидрофобтық дәрілік заттардың биоқолжетімділігін жақсарту мақсатында негізінен суда еритін сұйылтқыштарды қолданады.

  2. Байланыстырғыш заттар таблеткалардың және гранулалардың қажетті беріктілігін қамтамасыз ету үшін гранулдауда қолданады. Бұл мақсатта суды, этил спиртін, желатин ерітінділерін, крахмалды, қантты, натрий альгинатын, табиғи камедьті, целлюлоза туындыларын (МЦ, NaКМЦ, ОПМЦ), поливинилпирролидонды (ПВП) және т.б. бұл заттар тобын қосқанда таблеткалардың ыдырау мүмкіндігінің нашарлауын және дәрілік заттың босатылу жылдамдығын ескеру қажет.

  3. Қопсытқыштар таблеткалардың қажетті ыдырауын немесе дәрілік заттардың еруін қамтамасыз ету үшін қолданады. Әсер ету механизмі бойынша қопсытқыштар үш топқа бөлінеді:

а) Ісіңетін – сұйық ортада ісіңу кезінде таблетканы жарады. Бұл топқа альгин қышқылының ұнтақтары және тұздары, амилопектин, МЦ, NaКМЦ, ПВП және т.б. жатады.

б) Суландыруды және суөткізгіштігін жақсартатындар – крахмал, твин -80 және т.б.

в) Газтүзгіш заттар: лимон және шарап қышқылының натрий гидрокарбонатымен немесе кальций карбонатымен қоспасы - қоспа компоненттері еріген кезде көміртек диоксидін бөледі және таблетканы жарады.


  1. Сырғанатын және майлайтын (антифрикциялық және антиадегезиялық) заттары – бөлшектердің бір-бірімен және пресс-инструменттің бетімен үйкелуін төмендетеді. Бұл заттар өте ұсақ ұнтақтар түрінде қолданылады.

а) Сырғанатындар – таблеттеленетін заттардың сусылмалылығын жақсартады. Бұл крахмал, тальк, аэросил, полиэтиленоксид 400.

б) Майлайтындар – матрицадан таблеткаларды итеру күшін төмендетеді. Бұл топқа стеарин қышқылы және оның тұздары, тальк, көмірсутектер, полиэтиленоксид 4000.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген заттар ұнтақтардың пуансондарға және матрица қабырғаларына жабысуын болдырмайды және бөлшектер бетінен электростатикалық зарядтарды шешеді.


  1. Бояғыштарды таблетка құрамына сыртқы түрді немесе терапевтикалық топтың тағайындалуын жақсарту үшін қосады. Бұл мақсатта титан диоксиді (ақ пигмент), индигокармин (көк), қышқылды қызыл 2С, тропеолин (сары), руберозум (қызыл), флаворозум (сары), церулезум (көк) және т.б. қолданылады.

  2. Корригенттер – иісті және дәмді жақсарту үшін қолданлатын заттар. Бұл мақсаттар үшін қантты, ванилинді, какаоны және т.б. қолданады.

Жанама құбылыстардың (мысалы, шырышты қабықшаны тітіркенуі) болу мүмкіндігіне байланысты кейбір қосалқы заттар мөлшері шектелген болып келеді. Мысалы, МФ ХІ бойынша таблетка массасынан твин-80, стеарин қышқылының және оның тұзының мөлшері 1%-дан аспауы керек, тальк 3%, аэросил 10% .

5. Таблеткалар алудың үш технологиялық схемасы кең таралған: ылғалды, құрғақ гранулдауды және тура престеуді қолдану арқылы.

Технологиялық процесс келесі сатылардан тұрады:



  1. Дәрілік және қосалқы заттарды дайындау.

  • салмағын өлшеу;

  • ұсақтау;

  • елеу;

  1. Ұнтақтарды араластыру.

  2. Гранулдау (тура престеу кезінде сатысы болмайды).

  3. Престеу.

  4. Таблеткаларды қабықшамен жабу (саты болмау мүмкін).

  5. Сапаны сынау.

  6. Орама, маркировка.

Технологиялық схеманы таңдау дәрілік заттардың технологиялық қасиеттерімен анықталады.

Аса тиімді тура престеу (гранулдау сатысыз), бірақ бұл процесі үшін престеленетін ұнтақтар оптималды технологиялық қасиеттерге ие болу керек. Мұндай сипаттамаларға тек қана кішігірім гранулданбаған ұнтақтар саны ие болады, натрий хлориді, калий иодиді, натрий бромиді және т.б.

Тура престеуге дәрілік заттарды дайындау әдістерінің бірі бағытталған кристаллизация әдісі болып табылады. Әдіс, белгілі кристаллизация жағдайларын таңдау арқылы оптималды технологиялық қасиетті кристаллдық ұнтақтарды алуға негізделген.

Кейбір дәрілік ұнтақтардың технологиялық сипаттамаларын, қосалқы заттарды таңдау арқылы жақсартуға болады. Дегенмен, дәрілік заттардың көп бөлігі аса күрделі дайындықты – гранулдауды қажет етеді.

Гранулдау – бұл ұнтақ тәрізді материалдың белгілі өлшемді бөлшектерге (дәндерге) айналу процесі. Ажыратады: 1) ылғалды гранулдау (ұнтақты гранулдау процестің алдында немесе процесінде ылғалдандыру арқылы) және 2) құрғақ гранулдау.

Ылғалды гранулдау. Ылғалды гранулдау ылғалды массаны қысу (ысқылау) арқылы ; өлшенген (псевдоқысылған) қабатта немесе шашыратқыш кептіру арқылы жүргізеді.

Қысу арқылы ылғалды гранулдау келесі кезекті операциялардан тұрады: дәрілік және қосалқы заттарды араластыру; ұнтақтарды гранулданған сұйықтықпен араластыру; ылғалды массаларды елеуіш арқылы ысқылау (қысу); кептіру және опалау.

Араластыру және ылғалдындыру операцияларды әдетте қиыстырады және араластырғышта орындайды. Ылғалды массаларды елеуіш арқылы ысқылауды грануляторлар (елеуіш машиналары) көмегімен жүргізеді.

Алынған гранулаларды әр түрлі типті кептіргіштерде кептіреді. Аса тиімді кептіру бұл псевдоқысу қабатында кептіру. Ұнтақтың (грануляттың) псевдоқысу қабаты күрделі (перфорациялы) түбті камерада түзіледі, бұл арқылы үлкен ағынмен ыстық ауа өтеді. Негізгі артықшылықтары – процестің жоғары интенсивтілігі, энергетикалық шығындардың төмендеуі, процесті толық автоматизациялау мүмкіндігі, өнімнің сусылмалылығын сақтау. Пенза зауыты "Дезхимоборудование" СП-30, СП-60, СП-100 типті кептіргіштер шығарады.

Кейбір аппараттарда гранулдау және кептіру операцияларын қиыстырады. Ылғалды күйде металды тормен контактыда бола алмайтын дәрілік заттар үшін де массаны ылғалдандыру, кептіру және ұсақтау қолданылады.

Гранулятты опалауды грануланың бетіне жұқаұсақталған заттарды (сырғанатын, майлайтын, қопсытқыш) бос жағу арқылы жүргізеді. Гранулятты опалауды әдетте араластырғыштарда жүргізеді.

Өлшенген (псевдоқысу) қабатта гранулдау бір аппаратта араластыру, гранулдау, кептіру және опалау операцияларын қиыстыруға мүмкіндік береді. Материалдың псевдоқысу қабаттында гранулдау өлшенген қабатта ұнтақтарды араластыру, кейін араластыруды жалғастыру арқылы оларды гранулданған сұйықтықпен ылғалдандыру. Гранулдау үшін СГ-30, CГ-60 типті кептіргіш – грануляторлары қолданылады.

Шашыратқыш кептіру арқылы гранулдау. Бұл әдіс ерітінді немесе сулы суспензия, қыздырылған ауа өтетін, форсункалары бар кептіргіш камерада шашыратылады. Шашырату кезде үлкен мөлшерлі тамшылар түзіледі. Тамшылар үлкен бет әсерінен ылғалды тез жоғалтады. Бұл кезде сфералық гранулалар түзіледі. Бұл әдіс термолабильді заттар үшін қолданылады, себебі бұл жағдайда ыстық ауасы бар контакт минималды болады.



Құрғақ гранулдау. Құрғақ (престеу) гранулдау – бұл берік гранулаларды алу үшін ұнтақтардың немесе олардың қоспаларының арнайы грануляторларда ылғалсыз тығыздалуы. Бұл әдіс дәрілік зат су әсерінен ыдыраған жағдайда қолданылады.

Құрғақ гранулдау:



  1. Брикеттеу;

  2. Балқыту немесе

  3. Грануланы формалау (пресс-гранулдау) арқылы жүреді.

Брикеттеуді брикеттік машиналарды немесе арнайы компакторларда жүргізеді. Алынған брикеттерді немесе пластиналарды кейін сындырады және гранулятқа айналдырады. Тиімді грануляторлар деп компактау, ұсақтау және алынған грануланы бөлу процестерін қиыстыратын грануляторлар. Кейбір жағдайларда брикеттерді (пластиналарды) гранулданған қоспаны балқыту арқылы алады. Кейін оларды гранула алынуна дейін ұсақтау.

"ХУТТ" фирмасымен (Германия) гранулоформалайтын машиналардың қатары ұсынылған, мұнда ұнтақтардың қоспасы бірден гранула алуға тығыздалады.

Гранулалардың сусылмалылығын жоғарлату үшін оларды арнайы мармеризер аппаратында сфералық формаға дейін домалатады.

Престеу (таблеттеу) арнайы пресс – таблеткалы машиналардың көмегімен жүргізеді.

Таблеткалы машинаның негізгі бөліктері саңылаулары – ұялары бар престейтін поршеньдер – пуансондар және матрицалар. Төменгі пуансон матрица саңылауына кіреді, белгілі кеңістікті қалтырады, бұл кеңістікке таблеттеленетін масса себіледі. Содан кейін жоғарғы пуансон түсіріледі және массаны престейді. Кейін жоғарғы пуансон көтеріледі, оның артынан дайын таблетканы итеріп төменгі пуансон көтеріледі.

Таблеттеу үшін екі типті таблеткалы машиналар қолданылады:

ҚТМ – қисықтиекті (эксцентрикалық) және РТМ – роторлы (револьверлі немесе әткеншекті). КТМ типті машиналар матрицасы қозғалмайды, жүкті құрылғы матрицаны толтырған кезде қозғалады. РТМ типті машиналар матрицалар матрицалық үстелмен бірге қозғалады, жүкті түйін (воронкасы бар қоректендіргіш) қозғалмайды. Машиналар престеу механизмі бойынша ерекшеленеді. КТМ-да төменгі пуансон қозғалмайды, престеу жоғарғы пуансон арқылы жүзеге асады, шұғыл-соққы типті. РТМ-да престеу екі пуансон арқылы, арнайы подпрестеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан РТМ арқылы алынатын таблеткалардың сапасы өте жоғары болады.

КТМ типті машиналар төмен өнімділікті және шекті қолданылады. Негізгі таралған машиналар өнімділігі сағатына 500 мың. таблеткалар болатын РТМ типті машиналар.

Таблеткалы машиналар келесі фирмалармен өндіріледі: "Килиан" и "Фетте" (Германия), "Манести" (Англия), "Стокс" (АҚШ) және т.б. Ресейде МНПО "Минмедбиоспецтехоборудование" өндірісінің машиналары кең таралған және НПО "Прогресс" қ. Санкт-Петербург. РТМ типті машиналар құрылғысы оқу құралында, ал КТМ типті Муравьева И.А., C. 358. кітабында жазылған.

РТМ типті заманауи таблеткалы машиналар – бұл вибрациялық типті қоректендіргіштері бар күрделі құрылғы, ұнтақтарды матрицаға вакуумдық беру, дозалаудың біркелкілігін қамтамасыз етеді. Оларда таблеткалар массасын және престеу қысымын автоматтық бақылауы болады. Машиналар конструкциясы жарылу қауіптілігін қамтамасыз етеді. Пресстен шығатын таблеткалар бетінен шаң фракцияларын жою үшін шаңсыздандырғыштар қолданылады.

Дайын таблеткаларды бөлшектеп өлшеуге немесе оларды қабықшамен жабады.

6. Таблеткалар үшін "жабын" термині екі мағынаға ие болады: онымен қабықшаның өзін белгілейді, және оны ядроға жағу процесін белгілейді. Таблеткалар жабыны (қабықшасы) дәрілік форманың құрылымдық элементі болып екі негізгі функцияны атқарады: қорғаныш және терапевтикалық.

Бұл кезде келесі мақсаттар орындалады:



  1. Қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан таблеткалар құрамын қорғау (жарық, ылғал, оттек, көмірқышқылдар, механикалық әсерлер, тағам ферменттері және т.б.).

  2. Таблеткалар қасиетін түзету (дәмі, иісі, түсі, беріктілік, кірлейтін қасиеттер, сыртқы түрі).

  3. Терапевтикалық эффектісін өзгерту (пролонгирлеу, локализация, дәрілік заттардың тітіркендіргіштілігін жұмсарту).

Биологиялық сұйықтықтарда ерігіштігіне байланысты таблеткалардың жабынын төрт топқа бөледі: суда еритіндер, асқазанда еритіндер, ішекте еритіндер және ерімейтіндер. Әр түрлі жабынды таблеткалардан заттардың босатылу құрамы және механизмі оқу құралдарында сипатталған.

Құрылыс және жағу әдісі бойынша таблеткалы жабындарды үш топтарға бөледі:



  • Драждалған (қантты);

  • Қабықшалы;

  • Престелген.

Драждалған жабын дражды қазанда (обдукторда) қабаттау әдісі арқылы, немесе псевдоқысу қабаты жағдайында алынады.

Қабықшалы жабынды дражды қазанда жабынды ерітіндіні шашырату (пульверизация) арқылы немесе псевдоқысу қабатта, немесе қабықша түзгішті (вакуумтіркейтін пластиналарда немесе ортадан тепкіш күшті құрылғыда ядролардың кезекті малту) ерітіндіге батыру арқылы жағады, кейін оны кептіреді.

Престелген жабынды бір әдіспен – арнайы екі престі таблеткалы машиналарда престеу арқылы жағады. Таблеткаларды қабықшалармен жабу таблеттеудің жалпы технологиялық схемасының бір стадиясы болып табылады. Бұл кезде дайын таблеткалар (әдетте екі дөңесті формалы) жартылай дайын өнімдер рөлін атқарады, яғни қабықша жағылатын ядролар. Жағылу әдісіне және қабықшаның түріне байланысты технологиялық операцияларын орындауда кейбір өзгешіліктер болады.

Драждалған жабындар. "Қантты" қабықшамен дәстүрлі (тестовка операциясымен) және суспензиялық әдістермен жағады.

Дәстүрлі нұсқасы бірнеше қосымша операциялардан тұрады: грунтовка (бетін тегістеу), тұндыру (қамырлау), шлифовка (тегістеу) және глянцовка (глянцтеу). Айналатын обдукторда таблетка ядросын грунтовалау үшін қант шәрбатымен суландырады және таблетканың беті біртекті жабылуына дейін ұнмен себеді (3-4 минут). Кейін желімді қабатты магний карбонатымен немесе оның ұнмен және қантты опамен қоспасымен сусыздандырады, бұл таблеткалардың ылғалды болуын және олардың беріктілігін жоғалтуына жол бермейді. 25-30 минуттан кейін массаны ыстық ауамен кептіреді және барлық операцияларды 4 рет қайталайды.

Қамырлау кезде грунтталған ядроларды ұнды қамырмен қабаттандырады – ұн және қант шәрбат қоспасымен (алдымен – магний карбонатымен себу, кейін – онсыз себу), әрбір қабатты міндетті түрде кептіру қажет. Барлығы 14 қабаттануларға дейін жүргізуге болады (немесе таблетканың қабықшамен массасын екі еселеу арқылы).

Қабықшаны шлифовкалау (тегістеу) түзу емес жерлерді және бұдыр жерлерді жоюды, бетті қантты шәрбатымен жұмсартқаннан кейін, 1% желатинді қосып обдукторда домалақтау арқылы жүргізеді.

Сондықтан драждаудың аса прогрессивті әдісі суспензиялық нұсқасы болып табылады.

Суспензиялық нұсқасы, қабаттануды форсункадан немесе ЖМҚ, аэросил, титан диоксиді, тальк қосымшалары бар қант шәрбатына магний карбонатының суспензиясын құю арқылы жүргізеді. Қабықшамен жабу процесі 6-8 есе қысқарады.

Драждау процесінің нұсқасына қарамастан жабу процесі глянцовка (глянецтеу) операциясымен аяқталады. Глянец үшін масса ретінде өсімдік майымен балауыз балқытпасы, какао майының балқытпасы немесе спермацетті эмульсия, олар жабылған таблеткалардың қыздырылған массасына драждаудың соңғы этапында енгізіледі. Глянецті, қабырғалары балауызбен немесе глянец үшін массасымен жабылған, жеке обдукторда алуға болады. Глянцовка драждалатын жабынның сыртқы түрін жақсартады, сонымен қоса қабықшаға ылғалқорғаныш қасиетін беріп, мұндай қабықшалы таблетканың жұтылуын жеңілдетеді.

Драждалатын жабындардың артықшылықтары:



  • жақсы тауарлық түрі;

  • жұту оңайлығы;

  • қондырғының, материалдардың және технологияның қол жетімділігі;

  • дәрілік заттарды босатудың тездігі.

Драждалған жабындардың кемшіліктері:

  • процестің ұзақтығы;

  • әсер ететін заттардың гидролитикалық және жылулық деструкция қауіптілігі;

  • массаның біршама жоғарлауы (екі есе).

Қабықшалы жабындар. Қабықша түзгіш ерітіндіден таблеткаларға жұқа қорғаныш қабықшаны жағу еріткішті жою арқылы мүмкін:

  1. дражды қазанда қабатты себу арқылы,

  2. немесе псевдоқысу қабатында,

  3. немесе ядроларды қабықша түзгіш ерітіндіге батыру ортадан тепкінш күш аймағында жүреді, жылытқыштар тоғында кептіру арқылы таблеткалардың еркін құлауы.

Қабықшалы жабындарды (әдістің және аппаратың түріне тәуелсіз) жағу кезінде жалпы операция болып галтовка (ядролардағы өткір иектерді тегістеу) және вакуумның немесе елеудің ауалы ағыны көмегімен шаңсыздандыру табылады. Бұл арқылы таблеткалардың барлық бетінде қабықша қалыңдығының біркелкілігі қамтамасыз етіледі.

Әдетте ядроларға қабықшаны жабуды көбінесе таблеткаларды форсункадан қабықша түзгіш ерітіндісімен дражды қазанда немесе псевдоқайнайтын қабатты құрылғысында көпретті периодтық себу арқылы жүргізеді.

Қабықша түзгіш еріткіштің түріне байланысты кейбір операциялары (сатылары) жабу процесі және қондырғысы өзгереді. Органикалық ерітікіштерді (ацетон, метиленхлорид, хлороформ-этанол, этилацетат-изопропанол) қолданғанда кептіру үшін жоғары температура қажет емес, бірақ еріткіш буларын ұстау және регенерациялау операцияларында қажеттілік туындайды. Сондықтан тұйық циклді құрылғылар (мысалы, УЗЦ-25) қолданылады.

Қабықша түзгіштің сулы ерітінділерін қолданғанда басқа мәселе туындайды: жабудың бірінші этапында ядроларды ылғалданудан қорғау. Бұл үшін ядролар бетін шаңсыздандырудан кейін майлармен гидрофобтайды.

Батыру әдісі сирек қолданылады. Оның алғашқы нұсқасы белгілі, ядроларды ретімен батыру, олар перфорациялық пластинада вакууммен тіркелген болып келеді, кейін кептіріледі. Ортадан тепкін күш аппаратында батырудың заманауи модификация әдісі Л.А. Иванова кітабында сипатталған.

Қабықшалы жабындардың артықшылықтары:


  • қабықшаларды жағудың барлық мақсаттарын орындау;

  • кіші салыстырмалы массасы (3-5%);

  • жағудың тездігі (2-6 сағ).

Қабықшалы жабындардың кемшіліктері:

  • ауада органикалық еріткіштер буларының үлкен концентрациялары (оларды ұстау немесе жою қажеттілігі);

  • қабықша түзгіштерді таңдау шектеулі.

Престелген жабындар. Бұл жабындардың түрі, роторлы агрегаты синхронды бергіш әткеншегімен (көлікті ротор) қосарланған болып келетін, екі ретті престеу таблеткалы машинасын қолдану арқасында пайда болды. Ағылшындық "Драйкотор" (фирма "Манести") машина түрінде екі 16 пуансондық роторы болады, ал отандықта РТМ-24 екі 24 ұялы роторлар болады. Машиналардың өнімділігі сағатына 10-60 мың. таблеткаларды құрайды.

Бір роторда ядроларды престейді, кейін оларды көліктік орталық құрылғылары бар әткеншегімен екінші роторға қабықшаны престеу үшін жібереді. Жабынды екі мезгілде формалайды: алдымен матрица ұяларына қабықшаның төменгі бөлігі үшін гранулят түседі; кейін бергіш әткеншегімен онда орталықтандырады және гранулятқа кішкене престелген ядро түседі; содан кейін кеңістікке грануляттың екінші үлесін таблетка үстіне бергеннен кейін жабын жоғарғы және төменгі пуасондармен ақырғы рет престеледі.



Престелген жабындардың артықшылықтары:

  • процестің толық автоматтандырылығы;

  • жағудың тездігі;

  • ядроға температура және еріткіш әсерлерінің жоқтығы.

Престелген жабындардың кемшіліктері:

  • жоғары кеуектілігі, сондықтан төмен ылғалқорғаныштығы;

  • бракты деорталық және жабынның қалыңдығы бойынша регенерациялау қиындығы.

Қабықшалармен жабылған таблеткаларды ары қарай бөлшектеп өлшеуге және орауға жібереді.

7. Тритурациялық таблеткалар деп ылғалданған массаларды арнайы формаға ысқылау, кейін кептіру арқылы формаланатын таблеткалар. Оларды, микротаблеткаларды (диаметр 1-2 мм) алу қажеттілігі кезінде немесе егер престеуде дәрілік заттың өзгеру мүмкін болған жағдайларда дайындайды. Мысалы, нитроглицериннің таблеткаларын тритурациялық түрде алады, бұл нитроглицеринге жоғары қысым әсерінен жарылуды болдырмас үшін жасалады.

Тритурациялық таблеткалар жіңішке ұсақталған дәрілік және қосалқы заттардан алынады. Қоспаны ылғалдандырады және көп саңылаулары бар пластина – матрицаға ысқылайды. Кейін пуансондар көмегімен таблеткалар матрицадан итеріледі және кептіріледі. Басқа әдіс бойынша таблеткаларды кептіру матрицаларда жүргізіледі.

Тритурациялық таблеткалар суда тез және оңай ериді, себебі олардың құрылысы кеуекті және оларда ерімейтін қосалқы заттар болмайды. Сондықтан бұл таблеткалар көз тамшыларын және инъекционды ерітнділерді дайындауда тиімді болып саналады.

Таблеткалардың сапасын сынау. Таблеткалардың кең таралғандығы, басқа дәрілік формалардың алдында артықшылықтар қатарын ие болуына байланысты, көптеген параметрлер бойынша стандартталуды қажет етеді. Таблеткалар сапасының барлық көрсеткіштерін шартты түрде физикалық, химиялық және бактериологиялық деп бөледі.

Таблеткалар сапасының физикалық көрсеткіштеріне жатады:



  • геометриялық (форма, бетінің түрі, жүздің болуы, қалыңдықтың диаметрге арақатынасы және т.б.);

  • физикалық (масса, массаны дозалаудың дәлдігі, беріктілік көрсеткіштері, кеуектілігі, көлемдік тығыздығы);

  • сыртқы түрі (бояулығы, дақтылығы, форманың және бетінің сақталуы, белгілердің және жазулардың болуы, диаметр бойынша сынықтың түрі және құрылысы);

  • механикалық қосылыстардың жоқтығы.

Таблеткалар сапасының химиялық көрсеткіштеріне жатады:

  • химиялық құрамының тұрақтылығы (жазуға мөлшерлік құрамының сәйкестігі, дозалаудың біркелкілігі, сақтау кезде тұрақтылығы, жарамдылық мерзімі);

  • ерігіштігі және ыдыраулығы;

  • дәрілік заттардың активтілігінің фармокологиялық көрсеткіштері (жартылай шығарудың мерзімі, элиминация константасы, биологиялық қол жетімділіктің дәрежесі және т.б.).

Таблеткалар сапасының бактериологиялық көрсеткіштеріне жатады:

  • залалсыздығы (имплантациялар және инъекциялар үшін);

  • ішекті тобының микрофлорасының жоқтығы;

  • сапрофиттермен және саңырауқұлақтармен шектеулі жиналуы.

Көбінесе әлемнің фармакөшірмелерінде таблеткалар сапасына қойылатын негізгі талаптар:

  • сыртқы түрі;

  • жеткілікті беріктілігі;

  • ыдыраулығы және ерігіштігі;

  • микробиологиялық тазалығы.

Сапаның нақты көрсеткіштері нормативтер түрінде ұлттық фармакөшірмелерінің жалпы және жеке басылымдарында көрсетілген.

Жалпы МФ ХІ басылымы нормалайды:



  • таблеткалар формасын (домалақ немес басқа);

  • беттің сипатын (жазық немесе екідөңесті, тегіс және біртекті, жазулармен, белгілермен, суреттермен);

  • сырғанайтын және майлайтын қосымшылардың шекті мөлшері;

  • үйкелуге тұрақтылығы (97% кем емес);

  • ыдыраулығы (қарапайым – 15 мин. дейін, қабықшамен 30 мин. дейін, ішекте еритіндер 1 сағатқа дейін);

  • ерігіштігі (45 мин. ішінде 75% дейін), ОФС «Еру» бойынша – 45 ішінде 70% дейін;

  • масса бойынша дозалаудың дәлдігі (5-10%);

  • дәрілік заттардың құрамы бойынша дозалаудың дәлдігі (5-15%).

Сонымен қатар нақты құрамға көрсетілген жеке басылымдарындағы нормативтерге рұқсат етіледі.

Көптеген көрсеткіштерді анықтау әдістемелері унифицирленген және жалпы басылымдардың қосымшыларында көрсетілген (дозалаудың дәлдігі және біртектілігі, ыдыраулығы және ерігіштігі, сонымен қатар үйкелуге беріктілігі). Кейбір көрсеткіштерді сараптамалық әдістемелер бойынша анықтайды: үйкелуге беріктілігінен басқасы, қысылуға беріктілігі "беріктіліктімерлерде", динамометрлерде немесе "калибровкалы иінтіректерде" анықтайды. Ерігіштікті ресми әдістемелерден "айналатын себет" басқа әдістермен домалақ түпті колбада араластырғышпен ("Диссолютест" құрылғысы), немесе ағынды немесе диализді кюветаларда (жаман еритін заттар және пролонгирлік әсерлі таблеткалар үшін) анықтайды. Таблеткалар сапасына әсер ететін параметрлер, әлі де НҚ нормаланбаған, кеуектілікті белгілеуге болады, оны сараптамалық түрде газауалыөткізгіштігі немесе пикнометрлік бойынша адсорбциялық әдістемелермен анықтайды.



8.Дәрілік форма ретіндегі таблеткалардың көптеген артықшылықтары өндірістің жоғары механикалығы арқасында дәрілік заттарды таблеттеудің жетістіктерін айтарлықтай кеңейті. Таблеттеленетін формаларды жетілдірудің негізгі жолдары келесі бағыттардан тұрады:

  1. Дәрілік заттарды тура престеу.

  2. Таблеттеленетін формалардың түрлерін кеңейту (көпқабатты, каркасматрицалы, тиртурациялық, иониттермен және сорбенттермен, терапевтикалық дәрілік жүйелер және т.б.).

  3. Таблеткаларды бақылауды және өндірісін автоматтау.

Тура престеу дәрілік заттардың оптималды қасиеттерін формалауға бағытталуына (бағытталған кристализация, тасымалдығышта сорбция), "құрғақ байланыстырғыштарды" және сфералық толтырғыштарды қолдануына, сонымен қатар арнайы қоректендіргіш таблеткалы машиналарды (материалды күштеу арқылы беру) және көпсатылы престеуді қолдануына байланысты болады.

Таблеткалар түрлерінің кең таралуы қабықшаларды әр алуан жағу нұсқаларын қамтамасыз етеді (биосұйықтықтарда ерімейтін, бірақ жартылай өткізгішті немесе калибровкалы саңылаулары бар қабықшаларда, лазер сәулесімен өткізілген және т.б.). Қызықты терапевтикалық эффектіге (бағдарламалық босатылу) "осмотическим насосы" бар таблеткалар, каркасты және матрицалы таблеткалар (майлы, бейорганикалық және полимерлі каркасымен), полимерден қатты дисперстік жүйелері бар таблеткалар ие болады.

Соңғы жылдары иониттермен және сорбенттермен таблеткаларды құрастыру ЖКТ бөлімінің реакциялық ортасына тәуелсіз пролонгирлі босатылу мәселесін табысты шешеді. Көпқабатты таблеткалар бір фазада үйлеспейтін заттар қосылысын немесе аналогтық пролонгирлеуді шешуге мүмкіндік береді (екі немесе үш сатылы сіңірілу).

Таблеткаларды престеу кезінде синхронды автоматтандырылған бақылау параметрін енгізу арқылы дайын өнім сапасын және оның әділді стандарттауын комплексті басқару мәселесін шешеді ("Датаконтрол" типті жүйесі – преутеу параметрлерінің – масса және қысымның автоматты ілесуі бар сапасының компьютерлі сертификаты).



9.Қазіргі кезде дәрілік форма ресми емес, бірақ МФ Х бойынша болған.

Драже – қант шәрбатын қолданып, инертті тасымалдағыштың микробөліктеріне активті әсер ететін заттарды қабатпен жағу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік форма (ОСТ «ДЗ сапа стандарттары» бойынша).

Драже (Dragee)ішке қабылдауға арналған дозаланған қатты дәрілік форма, қант грануласына (крупка) дәрілік және қосалқы заттарды көпретті қабаттандыру арқылы алынады.

Әлі де бұл терминмен драждалған қабықшасы бар таблеткаларды атайды, бұл негізінен әр түрлі дәрілік формалар болып табылады, себебі драженің бүкіл массасы (қалыңдығы) қабаттану арқылы түзілген, ал формасы қатаң түрде шар тәрізді болып келеді.

Дәрілік форманың артықшылықтары (драженің негізгі жағымды қасиеттері):


  1. Қиын таблеттеленетін заттардың дозаланған қатты форма түрінде шығару.

  2. Бір дозада әсер ететін дәрілік заттардың сенімді бөлінуі (қабатталған жағу арқылы).

  3. Жағымсыз дәмді және иісті коррегирлеу.

  4. Дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерінінің төмендеуі.

  5. Жағымсыз сыртқы факторлардан қорғау (оттек, жарық, механикалық әсерлер).

Кемшіліктері:

  1. Дәрілік форманың пайдалы аз сыйымдылығы (0,1дейін дәрілік заттардың максималды массаса 1,0 дейін – қалғандары – қосалқы заттар).

  2. Дозалаудың аз дәлдігі (әсіресе дозалаудың біртектілігі бойынша).

  3. Баяу ыдыраулығы және босатылуы.

  4. Жұтыдың қиындығы, әсіресе балалармен.

  5. Жылулық жәнегидролитикалық ыдыраудың мүмкіндігі (технологиялық).

Жалпы, драже дәрілік форма ретінде, тиімсіз, сондықтан бірлік салмағы және сұрыптамасы басқа дәрілік формалар арасында үлкен емес. Бірақ кейбір заттар үшін бұл форма сәтті болып табылады, негізінен тұрақтылығы әсерінен.

Дражеге негізгі талаптар (олар – стандарттаудың көрсеткіштері болып табылады):



  1. Сыртқы түрі бойынша: дұрыс шар тәрізді, тегіс, түзу бетті формалар.

  2. Орташа массасы 0,1-ден 1,0 г-ға дейін массалар дәлдігі 10%.

  3. «Таблеткалар» жалпы басылымы бойынша «Еру» тесттің қажеттілігі.

  4. 30 минутқа дейін ыдыраулығы.

  5. Дәрілік заттардың құрамы – жеке ФБ бойынша.

  6. Дозалаудың біртектілігі.

Алынудың принциптері (драже технологиясы): дражеқайнатқыш қазанда қант грануласына дәрілік және қосалқы заттар қоспасын қабаттандыру.

Негізгі сатылардың қысқаша сипаттамасы:

І. Дайындау. Қажетті операциялар:

1) қантты гранулаларды (крупкалар) фракционирлеу.

2) ылғалдандыратын ерітінділерді немесе суспензияларды дайындау (шәрбаттарды немесе қаймақ түзгіш суспензияларды дайындайды).

3) себу үшін заттарды ұсақтау және елеу (қант опасы, ұн, магний карбонаты, тальк).

ІІ. Қабаттандыру (үш негізгі операциялардан тұрады, көпретті қайталанады):


  • ылғалдандыру;

  • себу;

  • кептіру.

ІІІ. Глянцовка – балауыз – май қоспасымен домалақтау.

IV. Бөлшектеп өлшеу және орама: автоматтарда – көлемді тарада (шыны және полимерлі) немесе контурлы ұяшықты орамада («блистер»).

Номенклатура: 16- тан астам атаулар.

Аса белгілілер: аскорбин қышқылының дражесі 50 мг, витамин D2 (эргокальциферола 500 МЕ), «Ретинол», «Ундевит», «Гендевит», «Гексавит», «Ревит», «Ренивит» – драже поливитаминді.



Гранулалар (Granula). МФ ХІ бойынша дәрілік форманың фармакөшірмесі.

ОСТ бойынша «Гранулалар – ішке қабылдауға арналаған қатты дозаланған немесе дозаланбаған дәрілік формалар, шар тәрізді немесе дұрыс емес формалы агломераттар (түйіршіктер) түрінде болады, құрамында активті әсерлі және қосалқы заттар қоспасы болады.

Гранулалар қабықшамен жабылу мүмкін, сонымен қатар асқазан – резистентті; жабылмаған; көпіретін; оральді сұйықтықтарды және модифицирленген босатылумен активті әсерлі заттарды дайындау үшін».

Дозаланбаған гранулалар орама дозалау үшін құрылғымен қамтамасыз етілу мүмкін.

Гранула түрінде дәрілік заттарды дозалау үлкен (1 г-нан астам) және көлемдік дозаторларымен (қасықтар, мензуркалар, стақандар) қамтамасыз етіледі.

Гранулалардың артықшылықтары:



  1. Жұтудың оңайлығы, балалармен.

  2. Жақсы ыдыраулығы және биологиялық қол жетімділігі.

  3. Дәмді корригирлеу мүмкіндігі.

  4. Ылғалқорғанышының жоғары мүмкіндігі.

  5. Бір фазада ингредиенттердің өзараәсерлесудің қосарлану мүмкіндігі.

  6. «Есеп бойынша» дозалау мүмкіндігі (мысалы, өсімдік шикізатты гранулалр үшін – гомеопатикалық гранулалар).

Кемшіліктері:

  1. Қосымша дозаторлардың қажеттілігі және дәлді емес дозалау.

  2. Сақтау кезде салыстырмалы ылғалдылығы.

Негізгі талаптар (сапа көрсеткіштері):

  1. Бояу бойынша біртектілігі (егер жеке басылымдарда басқа нұсқаулар болмаса).

  2. Гранула мөлшері 0,2 – 3 мм (ірі гранулалар және ұсақ 5% астам емес).

  3. Гранулалардың ылғалдылығы (ылғал құрамы) жеке басылымдарда көрсетілуі тиіс.

  4. 10% ауытқылығымен дәрілік заттардың құрамы.

  5. 15 минуттан көп емес ыдыраулығы «Таблеткалар» басылымының әдістемелері бойынша 0,5 мм саңылаулары бар торларда.

  6. «Таблеткалар» басылымы бойынша «Еру» тестінде қажеттілігі.

Гранулалар өндірісінде және оларды жабу кезінде, таблеткалар да сияқты қосалқы заттар қолданылады (ФБ МФ ХІ).

Гранулалар өндірісінің технологиялық схемасы таблеткалардығыдай сияқты, бірақ престеу сатысы болмайды, яғни гранулдаудың барлық әдістері қолданылады, олар біртекті мөлшерлі гранулаларды береді:



  • ылғалды массаны итеру;

  • пресс – гранулдау;

  • құрылымдық гранулдау.

Гранулалардың орама түрлері:

  • шыны металдық және полимерлі құтылар (дозаторлармен және онсыз);

  • термосваркалатын материалдардан полимерлі пакеттер («Полифепан» типті);

  • картон қораптардағы бір фазалы пакетиктер («Регидрон» типті).

Гранулалардың номенклатурасы: 15-тен астам бірліктер (препараттар); отандықтардан белгілі – Уродан, Магурлит, Полифепан; плантаглюцидтен, ламинаридтан, глицерофосфаттан, натрий парааминосалицилаттан, гидроксиапатиттан, глютамин қышқылынан гранулалар; нитроглицериннің микрогранулалары; арнайы балаларға арналған: аминокапрон қышқылының, мезапамның, хлорхинальдонның, калий оротаттың гранулалары.

Үлкен импорттық сұрыптамасы, «Агиолакс» типті қабықшамен жабылған гранулалар және т.б.

Сонымен қатар гранулаларға жаңа формалы пеллеттер жатады. «дәрілік заттардың сапа стандарты» бойынша оларды капсуларға жатқызады, олардың белгілері: мөлшері 2- 5 мм (2000-5000мкм) болатын шар тәрізді формалы қатты бөлшектерді қабықшамен жабу.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: Таблеткалар дәрілік форма ретінде, классификациясы, қойылатын негізгі талаптар, таблеткалар технологиясы, ылғалды гранулдау, құрғақ гранулдау, таблеткаларды қабықшалармен жабу, тритурациялық таблеткалар.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Дәрілік форма ретінде таблетканы сипаттаныз

2.Таблеткалардың түрлері және номенклатуралары

3. Таблеткаларға ұсынылатын негізгі талаптар: дозалау дәлдігі, механикалық беріктілігі, ыдыраушылығы(распадаемость), ерігіштігі

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Муравьев И.А. Технология лекарств.- М.:Медицина.- 1980.- Т.1. -250с.

  2. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм/ Под ред. Л.А. Ивановой. - М.,1991.- Т.2.- С.134-221.

  3. Вальтер М.Б. и др. Постадийный контроль в производстве таблеток.- М.,1982.-316с.

  4. Белоусов В.А., Вальтер М.Б. Основы дозирования и таблетирования лекарственных порошков.- М., 1980.


Дәріс 5 - Медициналық капсулалар. Сипаттамасы. Өндірістің технологиялық сызбасы. Стандарттау. Номенклатурасы.

Дәріс жоспары:

1. Дәрілік форма ретінде капсула сипаттамасы. Классификациясы

2. Өндірістің технологиялық сызбасы.

3. Капсула сапасын бағалау.

4. Капсуланы орау және сақтау



1. Капсула-қабықшапен қапталған дәрілік заттан тұратын дозаланған дәрілік форма.

Берілген дәрілік форманың негізгі артықшылықтары болып:

1.Дәрілік затты жарықтың, ылғалдың, ауа оттегінің әсерінен қорғау

2.Дәрілік заттарды дозалау дәлдігі

3. Дәрілік затты жағымсыз дәмді, иісті маскировкалау

4. Бояғыш заттарды қабылдау ыңғайлылығы

5.Асқазанның сілекейлі қабықшасын көптеген препараттырдың тітіркендіргіш әсерінен қорғау

6. Дәрілік заттардың босатылуының ақырындауы, осыған сәйкес олардың терапевтикалық эффектісінің пролонгирленуін қамтамасыз ету және улылықтың төмендеуі

7. Балласттық көмекші заттардың болмауына жоғары биологиялық қол жетімділігі

8.Ішекте дәрілік заттардың босатылу локализациясының мүмкіндігі

9.Өндірістің практикалық толық механизациялау және автоматизациялау

Капсулалардың кемшілігі капсуланың желантинді қабықшасының ылғал жұтқыштығы және қабықшаны ерітетін заттарды толтырудың мүмкін еместігі болып табылады.

Желатинді капсуланы 2 түрге бөледі:

1.Қатты, бір-бірінде оңай кигізілетін корпус және қақпақтан тұрады.

2.Жұмсақ, тұтас қабықшадан тұрады.

Қатты капсулалар сусымалы ұнтақ тәрізді және гранулаланған заттарды дозалауға арналған. Олар сыйымдылығына байланысты сегіз мөлшерде шығарылады.

Жұмсақ желатинді капсулалар әдетте олар сыйымдылығы 1,5 мл-ге дейін болатын жартылай сфералы түпті жұмыртқа тәрізді, сфералы, ұзынша формалы болып келеді. Оларға сұйық, паста тәріздес дәрілік заттарды капсулдайды. Май тәрізді сұйықтықтармен толтырылған сыйымдылығы 0,1-0,2 мл болатын капсуланы кейде інжу моншақ немесе інжулер деп атайды. Ұзартылған мойынды капсулалар – тубатиндер, яғни мойынының соңын кесіп ішіндегісін оңай сығуға болады.

2. Капсулаларды алу бірнеше сатылардан тұрады:

1.Желатинді массаны дайындау

2.Капсулаларды формирирлеу

3.Толтыру

4.Қабықшалармен жабу

5.Сапасын бағалау

Формирирлеу сатысы және капсуланы толтыру бірге жүруі мүмкін, ал қабықшалармен жабу сатысы бірге жүрмеуі мүмкін.

Желатинді массаны дайындау. Желатинді массаны дайындау үшін желатин, су, пластификатор қолданады. Капсуланың иілгіштігін қамтамасыз ету үшін желатинді массаға пластификатор қосады(глицерин, сорбит, полиэтиленсорбит оксиэтиленмен, гексантропол). Пластификатордың мөлшері(көбінесе глицериннің) қабықша қасиетімен анықталады және қатты капсула үшін 0,3%, ал жұмсақ капсула үшін 20-25 % дейін болады.

Желатин массасының құрамына келесілер кіруі мүмкін:

- Микробқа қарсы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін – консерванттар(калий метабисульфаты, бензой қышқылы, натрий бензоаты, салицил қышқылы, нипагин, нипазол)

- Бояу үшін-бояғыштар(титан екіокисі, қышқылды қызыл 2С, тропеолин 00 және т.б.)

- Дәм беру үшін-қант

- Қышқылға тұрақты капсула алу үшін-қабықша түзгіштер(этилцеллюлоза, ацетилцеллюлоза, ацетофталатцеллюлоза)

Капсула сапасы желатинді массаны алудың технологиясымен және қабықша дайындау әдісімен анықталады.

Желатинді массаны булы жейдеде және зәкірлі араластырғышы бар реакторда дайындайды. Капсуланың типіне байланысты (дайындау әдісі) желатинді массаны алу екі әдіс бойынша жүреді:

1.Желатиннің ісінуімен, оның көп концентрациясын қолданады. Көбінесе капсуланы престеу әдісімен алады.

2.Желатиннің ісінуінсіз

Капсуланы формирирлеу

Капсула қабықшасын алу үш әдіспен жүзеге асады:

1.жүктеу әдісі

2.тамшылы әдіс

3.престеу әдісі

Жүктеу әдісі арқылы капсулалы машинада жұмсақ және қатты капсулаларды алады. Бұл әдіс өсімдік және минералды майлармен жағылған металды форманы қолдануға негізделген.

Қатты капсулаларды дайындау кезінде рамаға бекітілген екі мөлшерлі цилиндрлі формалы маеталды стержен желатинді масаға жүктеледі, айналады, көтеріледі және алдымен 26-270С температурада кептіріледі, ылғалдылығы 45-50%, сосын 180С температурада кептіріледі,ылғалдылығы 70-75%. Берілген температуралық режим кажетті физико-химиялық қасиетін қамтамасыз етеді. Қатты кептірілген капсулалар-қатты және сыңғыш, қабықшадағы ылғал қалдығы желатиннің бактериалды ыдырауына әкеледі.

Капсуланың дайын бөліктері негіз басында кеседі де жинақталуға және толтырылуға түседі.

Жұмсақ капсулаларды аналогиялық технологиялар бойынша алады, бірақ қабықшаларды формирирлеуді суыту және кептіру арқылы жүргізеді. Бос жұмсақ капсулаларды жоғары тесігі бар арнайы штативке салады, сосын поршенді типті дозатордың көмегімен сұйық дәрілік заттармен толтырады. Сосын тесікті желатинді массаның тамшысымен дәнекерлейді немесе қыздырады.

Тамшылы әдіс сұйық дәрілік заттармен немесе дәрілік формамен (ерітінді, суспензия, эмульсия) бірмезетте толтыру арқылы голандты фирманың «Globex Mark» автоматында тігіссіз шар тәрізді капсуланы алуға мүмкіндік береді.

Әдіс дозалаудың жоғары дәлдігін, өндірісітің тазалығын, желатинді массаның экономды шығының қамтамасыз етеді. Салыстырмалы жетіспеушілік - тығыздығы және майға тұтқырлығы бойынша жақын дәрілік заттар ерітіндісін қолданудың қажеттілігі болып табылады(масылы, А,Д,Е,К витаминдерінің майлы ерітіндісі, нитроглицерин, валидол, балық байы).

Престеу әдісі(штамптау) көлденең капсулалы пресі болатын көлденең тігісті машинада жұмсақ капсуланы алу үшін қолданылады.

Капсуланы формирирлеу желатинді масса арқылы жүреді. Әдіс капсуланың жартысы(матрица) сияқты ертерек дайындалған жұқа желатинді қабықша металды қыздырғышта орында өтеді. Матрицалар 45-550С температурады ыстық сумен қыздырылады, осы арқылы желатинді лента жұмсарады. Алынған тереңдікке қатты және сұйық дәрілік заттар түседі, сосын басқа қыздырылған желатинді қабықша екінші қыздырғыштың көмегімен шетін штампалай отырып капсуланы жабады.

Берілген машинаның жетіспеушілігі болып оның төмен өнімділігі. Жоғары өнімділікті болып Шерердің барабанды капсулалы пресі табылады. Барабанды престің жұмыс істеу принципі горизонтальды ұқсас.

Жоғары өнімділікке сонымен қатар SSC-1 фирмы «Leiner» (Англия) автоматы ие. Осы аппарат сонымен қатарбаарбанды преске жатады және оның жұмыс істеу принципі Шерер пресіне ұқсас. Айырмашылығы желатинді лентаны формирирлеу автоматты линияның технологиялық цикліне кіреді.

Капсуланы толтыру. Бұл саты жүктеу әдісімен дайындалатын жұмсақ және қатты капсула үшін қажет. Қатты капсулаларды толтыру автоматта және жартылай автоматта жүзеге асады: Eli Lilli, R. Sherer (США), «Hofliger und Karg» (Германия). Жетілген аппараттар жоғары өнімділігімен және дозалау мүмкаіндігімен +2-5% ерекшеленеді. Толтырылған соң соскакиваниені болдырмау үшін капсула қақпағын желатиннің лентасымен немесе ПВС ерітіндісімен герметикалық тығындайды, оны арнайы қондырғылар немесе толтыру үшін «Diaf» (Дания) фирмасының аппаратында жүзеге асырады.

Жұмсақ капсулаларды дәрілік заттармен дозатор көмегімен шприц арқылы толтырады және дәнекерлейді. Сосын капсулалар өндеуге және қабықшамен жабылуға жіберіледі.

Қабықшалармен жабу. Капсуланы қабықшамен жабу сатысы алдымен көптеген дәрілік заттардың тітіркендіргіштік әсерінен асқазанның сілекейлі қабықшасын қорғау мақсатымен ішекте дәрілік заттардың босатылуының локализациясы үшін қолданылады.

Қазіргі кезде қатты қапсуларды 5 %-тік ацетилфталилцеллюлоза (АФЦ) ерітіндісіндісінің ацетонмен және спиртпен(3:1) қоспасы арқылы жүргізеді немесе желатинді массаға 30% АФЦ қосады. Ішекте ерігіш капсулаларды тамшылы әдіспен алу үшін желатинге 15-30% АФЦ қосады.

Жабуда дәрілік заттардың пролонгирлеу әректі үшін оксипропилметилцеллюлоза фталатының қоспасын және дибутилфталатты қолдануға болады.

Қабықшалы жабын косметикалық мақсатта жылтыр беру үшін, мөлдірлікті төмендету үшін, ылғал тұрақты капсула алу үшін, герметикалығын жоғарылату үшін қолданылады. Сұыйқ дәрілік заты бар жұмсақ капсулалар кесіледі және центрифугаға енгізіледі. Бөлінген дәрілік заттар фильтрленеді және анализденеді. Капсула қабықшасы шайылады және желатинді массаны алу үшін қолданылады.

3. Капсула стандартизациясын ГФ ХІ шығарылу, 2 басылымға сәйкес келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: орташа массасы, дозалаудың біртектілігі,

ыдырауы және ерігіштігі.

Орташа массаны анықтау үшін 20 ашылмаған капсула өлшейді, бір капсуланың орташа массасын анықтайды. Сосын әр капсуланы бөлек өлшейді және орташа массадан ауытқуды есептейді (+10% дан жоғары болмау керек).

Капсулаларды ашады, ішіндегілерін жояды. Дәрілік заттардан босатылған жұмсақ капсулаларды ұшқыш еріткіштермен шаяды және кептіреді. Сосын әр қабықшаны өлшейді және орташа массаны анықтайды. Массадан ауытқу +10% дан жоғары болмау керек.

Дозалаудың біртектілігіне тексеруді«Дәрілер» мақаласына немесе жеке мақала көрсеткішіне сәйкес 0,05 г және одан кем емес дәрілік заты бар капсула үшін жүргізеді.

Ыдырауын анықтауды 3к «Дәрілер» мақаласына сәйкес «тербелмелі» корзинка приборында жүргізеді. Егер жеке мақалаларда басқа көрсеткіштер болмасы, онда ыдыраушылық 20 минуттан жоғары болмау керек.

Капсуланың еруі «Дәрілер» мақаласына сәйкес анықталады немесе жеке мақалалар көрсеткіштері бойынша «тербелмелі» корзинка приборында жүргізеді.

Сандық анықтау және басқа да көрсеткіштер жеке мақалалар көрсеткіштерімен анықталады.



4. Капсуланы орау үшін шыны немесе пластмассалы флакондарды, банкаларды қолданылады. Сонымен қатар ПВХ тен жасалған контурлы ұяшықты орамалар, алюминийлі фолгамен терможелімді.

Капсулалар тағайындалған жарамдылық мерзімі кезінде тұрақтылығын қамтамасыз ететін шарттарда сақталуы керек (салқын орындарда).

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: дәрілік форма ретінде капсуланың сипаттамасы, классификациясы, технологиялық сызбасы, капсула сапасын бағалау.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Капсулаларға қандай талаптар қойылады?

  2. Капсулалардың жіктелуі?

  3. Технологиялық сызбанұсқасының стадияларын атаныздар?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Гандель В.Г., Ажгихин И.С., Печенников В.М. Избранные очерки современной теории и практики производства лекарств.- Пермь, 1975.- С.112-134.

  2. Технология лекарственных форм / Под ред. Ивановой Л.А.- М., 1991.- Т.2.- С.226.


Микромодуль 3- Сұйық дәрілік формалар
Дәріс 6 – Сұйық дәрілік формалар. Анықтама, сипаттама, классификация. Тазартылған судың дәріхана және зауыт жағдайында алынуы.
Дәріс жоспары:

  1. Cұйық дәрілік формалардың жалпы сипаттамасы. Сұйық дәрілік формалардың классификациясы.

  2. Еріткіштерге қойылатын талаптар. Тазартылған су. Тазартылған судың алынуы.

  3. Деминералданған су. Қайтымды осмос.

  4. Тазартылған суды алу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы. Тазартылған суды алуға арналған аппаратура.

  5. Дәріханаларда сұйық дәрілік пішіндерді өндіру жетістіктерін жетілдіру.

1.Сұйық дәрілік пішіндер – дәрілік заттары сұйық дисперстік ортада таралған еркін дисперстік жүйелер.

Сұйық дәрілік пішіндер дәріханалар рецептурасында негізгі орын алады. Бұл, қатты дәрілік пішіндерге қарағанда, келесі артықшылықтарға ие болуына байланысты:



  • Жоғары био қол жетімдігі, яғни тез сіңірілуі және тез терапевтикалық әсердің басталуы. Бұл дисперстік фаза бөлшектерінің кішігірім мөлшерде болуымен түсіндіріледі.

  • Қолданудың қарапайымдылығы және қолайлығы.

  • Асқазан – ішек трактының шырышты қабығына дәрілік заттардың ушықтыратын әрекеттің төмендеуі.

  • Дәрілердің жағымсыз дәмін және иісін жасыру мүмкіндігі.

  • Дайындаудың қарапайымдылығы.

Сұйық дәрілік пішіндердің басты кемшілігі тұрақсыздығы болып табылады, яғни бұл кезде ерітінділерде микробты контаминация болуы мүмкін. Сондықтан сұйық дәрілік пішіндердің сақтау мерзімі аз болады (3 тәуліктен көп емес). Сұйық дәрілік пішіндердің тағы бір кемшілігі: құрғақ күйдегі заттарға қарағанда, ерітілген күйдегі заттар гидролиз және тотығу процестеріне көбірек түседі.

Сұйық дәрілік пішіндердің классификациясы

  1. Дисперстік жүйелердің түрі бойынша:

    Жүйелердің сипаттамасы

    Дисперстік

    фаза


    Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері

    Дәрілік пішіндердің мысалдары

    Төменмолекулалық қосылыстардың шынайы ерітінділері

    Иондар, молекулалар

    1 нм

    Глюкоза, натрий хлорид, магний сульфат ерітінділері

    ЖМҚ шынайы ерітінділері

    Молекулалар

    1-100 нм

    Желатин, пепсин ерітінділері

    Коллоидты ерітінділер

    Мицеллалар

    1-100 нм

    Протаргол, колларгол ерітінділері

    Суспензиялар

    Қатты заттардың бөлшектері

    0,1-50 мкм

    Күкірт, магний оксид суспензиясы

    Эмульсиялар

    Сұйықтардың бөлшектері

    1-150 мкм

    Кастор, шабдалы майларының эмульсиясы

    Қосарланған (комбинирленген) жүйелер







    Тұнбалар, қайнатпалар, шырыштар


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет