3. Дәрілік заттардың негізде таралуына және негіздің табиғатына байланысты мазьдарды екі топқа бөледі: гомогенді және гетерогенді.
Гомогенді мазьдар өзара еритін және араласатын ингредиенттерден тұрады және олар: мазьдар-ерітінділер, мазьдар-балқымалар, экстракциялық мазьдарға бөлінеді.
Мазьдар-ерітінділер камфораны, ментолды, фенилсалицилатты және басқа май ерігіш заттарды липофильді негіздерде – вазелинде, балауызда, ланолинде, немесе суда ерігіш заттарда – новокаинде, димедролда, эфедрин гидрохлоридін гидрофильді негізде (МЦ, ПЭО, Na-КМЦ гельдерінде және т.б.) еріту арқылы түзіледі. Дәрілік заттың концентрациясы, бұл негізде ерігіштік шегінен аспауы керек. Мысал ретінде, гидрофобты негіздегі 10% камфорлы мазьі жатады, оның құрамы: вазелин (54%), парафин (8%), сусыз ланолин (28%).
Мазьдар-балқымалар көмірсутектерді, майларды, шайырларды, балауыздарды және т.б. балқыту арқылы алынады. Оларға спермацетовтық мазь, нафталанды мазь: нафталандық мұнай (70%), парафин (18%), петролатум (12%).
Экстракциялық мазьдар дәрілік өсімдік шикізатын өсімдік майымен экстрагирлеу, кейін аэросилмен, балауызбен, парафинмен, сусыз ланолинмен, қажетті консистенцияға дейін, қоюландыру арқылы алынады.
Гетерогендік мазьдар суспензиялық, эмульсиялық, комбинирлік болып бөлінеді. Суспензиялық мазьдар құрамына негізде, суда ерімейтін дәрілік заттар кіреді. Мұндай мазьдарға: 10% мырыш оксидінің мазьі, 10% метиурацил мазьі, 10% стрептоцид мазьі, 33% қарапайым күкірт мазьі және т.б.
Суспензия түрінде мөлшері 5%-дан аспайтын суда еритін дәрілік заттарды; су қатысында ыдырайтын заттарды (пенициллин және т.б.), сонымен қатар мырыш сульфатын, резорцинді (көз мазьынан басқасы) енгізеді.
Эмульсиялық мазьдар негізде ерімейтін сұйық дисперстік фазаның болуымен сипатталады. Дисперстік фаза ретінде сұйықтықтар (тұнбалар, сутек асқын тотығы, Буров, адреналин, гидрохлорид және т.б. сұйықтықтар) және дәрілік заттардың ерітінділері (алкалоид тұздары және т.б.) болуы мүмкін. Колларгол, протаргол, өсімдік экстрактылары сияқты заттарды мазьдарға сулы ерітінділер түрінде енгізеді, әйтпесе олар терапевтикалық әсер көрсетпейді. Эмульсиялық мазьінің мысалы «Қырмызы» мазьі болып табылады, құрамы: қырмызы тұнбасы 10,0, консистенциясы су/вазелин эмульсиясы 90,0.
Комбинирленген мазьдар құрамында табиғаты бойынша әр түрлі дәрілік және қосалқы заттар болады. Оларды дайындаған кезде, жеке мазьдар түрлерін дайындау принциптерін басшылыққа алады.
4. а. Дәріханаларда мазьдарды дайындау
Дәріханаларда мазьдарды магистральді жазбалар - ex tempore бойынша дайындайды.
Дайындау келесі сатылардан тұрады:
-
дайындық жұмыстары;
-
негізге дәрілік заттарды енгізу (балқыту, еріту, ұсақтау, араластыру, эмульгирлеу);
-
мазьдар сапасын сынау;
-
орама және рәсімдеу.
Дайындық жұмыстары мынадан тұрады: дәрілік заттарды, негізді немесе оның жеке компоненттерін өлшеу, ыдысты, қосалқы материалды дайындау.
Негіз компоненттерін балқыту тікелей үккіште немесе буландырғыш табақшасында жүргізіледі. Негіз компоненттерін буландырғыш табақшасында, су моншасында немесе инфрақызыл сәулелену шамы астында балқытады. Балқытуды қиын балқитын компоненттерден бастайды, компоненттерді балқымаға, олардың балқу температурасының төмендеу реті бойынша қосады.
Дәрілік заттарды негізбен араластыру үккіште жүргізіледі. Көп мөлшерде мазьдарды дайындау кезінде УПМ-1 құрылғысын, әр түрлі конструкциялы миксерлерді қолданады. Жұмсақ дәрілік формаларды дайындау тәсілі А.И. Чиркова "Организация и механизация работ в аптеках ЛПУ" оқу құралында, фармацевттің анықтамалығында сипатталған.
Негізге дәрілік заттарды енгізу ережелері:
-
Егер негізде ерімейтін заттың мөлшері, мазь массасына қатысты 5%-ға дейін болса, онда оны сұйықтықтың жақындас негізімен ысқылайды (вазелин, өсімдік майы немесе су). Жақсы эффектіге жету үшін сұйықтық мөлшерін диспергирлеуді дәрілік заттың ½ массасына тең болуы керек (Дерягин ережесі).
-
Егер негізде ерімейтін немесе нашар еритін заттың мөлшері, мазь массасына қатысты 5%-дан астам болса, онда затты Дерягин ережесі бойынша, негіздің балқыған бөлігімен ысқылайды, кейін негіздің қалдықтарын қосады.
-
Суспензиялық мазьдар құрамында, 25%-дан астам қатты дәрілік заттар болатын затты паста деп атайды. Мысалы, салицил-цинк пастасы, құрамы: салицил қышқылы 2,0, мырыш оксиді 25,0, крахмал 25,0 және вазелин 48,0.
Пасталарды (2) ереже бойынша дайындайды, тек негізді түгел балқытады және оны екі мезгілде қосады.
-
Суда еритін заттарды судың аз мөлшерінде ерітеді (бірнеше тамшы), содан соң мазьді негізге бөлікпен қосады, келсаппен біртекті күйге дейін араластырады. Медициналық ерітінділерді, тұнбаларды дайын мазьға бөлікпен соңында қосады.
-
Негіз компоненттерін мазьдар-балқымаларда балқытуды, қиын балқитын заттан бастайды, қалған заттарды олардың балқу температурасының төмендеуі бойынша қосады. Алынған балқыманы толық суығанша дейін араластырады.
-
Тұтқыр иістенгіш (винилин, скипидар), бояғыш заттарды (ихтиол, деготь) дайын мазьға соңында қосады.
b.Фармацевтикалық кәсіпорындарда мазьдарды өндіру
Жұмсақ дәрілік формаларды өндіру мамандандырылған фармкәсіпорындарда және саудалық аты бар препараттың КФБ сәйкес тағайындалған регламенті бойынша орындалады. Кәсіпорынның фармакөшірмелі баспасы (КФБ) – дәрілік заттың сапалық стандарты.
Мазьдардың зауыттық өндірісінің ерекшеліктері:
-
көп тонналы;
-
негіздердің күрделі композицияларын қолдану мүмкіндігі (12 компоненттерге дейін);
-
өндірісті автоматизациялау және механизациялау;
-
шығарылатын өнімнің жоғары сапасы.
Өндірудің орындалуын бақылауды әрбір технологиялық сатыда жүргізеді, бұл шығарылатын өнімнің сапасының жоғарлауына әсер етеді, материалдық шығынды болдырмайды.
Фармацевтикалық кәсіпорындарда мазьдарды өндіру келесі сатылардан тұрады:
-
дәрілік заттарды және негізді дайындау (ВР. 1 – қосалқы жұмыстар);
-
негізге дәрілік заттарды енгізу (ТП. 2 – өндірістің технологиялық процесі);
-
мазьдің гомогенизациясы (ТП. 2.1);
-
бөлшектеп өлшеу, орама, маркировка (УМО.3).
Дәрілік заттарды дайындау оларды ұсақтау, елеу, араластырудан тұрады. Бұл мақсатта әр түрлі конструкциялы ұсақтағыштар, елеуіш механизмдер, араластырғыштар қолданылады.
Негізді дайындау еріту немесе оның компоненттерін балқыту, фильтрлеу процестерінен тұрады. Балқитын негіздерді және олардың компоненттерді (вазелин, ланолин, балауыз және т.б.) электроқазандарда немесе булы жейдесі бар қазандарда, булы инемен немесе электропанель көмегімен балқытады. Негіздерді фильтрлеу друк-фильтрлер арқылы жүргізеді.
БАЗ эмульсиялық негізін дайындау кезінде, оны жақсы еритін фазаға енгізеді. Эмульгирлеуді, араластырғышы бар, реакторларда немесе фильтрленген ауаны барботирлеу арқылы жүргізеді. Негізге дәрілік заттарды енгізу олардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты орындалады. Қатты дәрілік заттарды немесе олардың ерітінділерін қосу булы жейдесі немесе электрлік қыздырғышы бар реакторларда, біртіндеп араластыру арқылы жүреді. Реакторлар араластырғыштармен жабдықтылған: якорлы, планетарлы, рамалы, олар жақсы араласуды қамтамасыз етеді.
Өндірістерде көбінесе қамырилегіш машиналар қолданылады.
Мазьдардың гомогенизациясы. Қазандарда мазьдардың көп мөлшерін араластырған кезде, көбінесе мазьдағы дәрілік заттардың қажетті дисперстілік дәрежесіне жету мүмкін емес. Сондықтан мазьді зауыттық жағдайларда гомогенизацияға ұшыратады.
Өндірісте мазьдар гомогенизациясы үшін диірмендер, білікті мазь үккіштері қолданылады.
Эмульсиялық, суспензиялық, комбинирленген мазьдарды дайындау процестерін интенсивтендіру үшін РПА – роторлы-пульсационды аппараттын қолдануға болады. РПА жұмысы ұсақтау, диспергирлеу, араластыру, гомогенизация процестерінен тұрады, бұл уақыттың, электроэнергиясының үнемділігіне, материалды шығының азаюына әкеледі.
Аппараттар схемасы және жұмыс істеу принциптері оқу құралдарында жазылған, мысалы, "Технологии лекарственных форм" под ред. Л.А. Ивановой, 1991 және басқалары.
5. Дәріхана жағдайларында орындалады – органолептикалық бақылау (түсі, иісі); МФ ХІ бас. әдістемесі бойынша микроскопиялық әдіспен, қатты бөлшектердің дисперстілік дәрежесін анықтау. Мазьдің берілген массасын, әрекет ететін заттардың таңдаулық – сапалық және сандық құрамын анықтау (сандық анықтаудың әдістемесі болған жағдайда (№214 бұйрығы).
Фармацевтикалық кәсіпорындарда дәрілік затты сапалық сәйкестендіру және сандық анықтау, берілген массаны анықтау, МФ ХІ әдістемесі бойынша бөлшектердің дисперстілік дәрежесін анықтау міндетті болып табылады. Кейде нормативті-техникалық құжаттамаларға сәйкес мазьдардың рН көрсеткішін анықтайды (рН сулы). Міндетті түрде микробиологиялық тазалығын анықтау қажет.
Бөлшектеп өлшеу және орама. Мазьдің аздаған мөлшерін шыны құтыға немесе сыйымдылығы 10,0нан 100,0 дейін полимерлі материалдан жасалған қақпақтармен оралатын полистиролға орналастырады. Бөлшектеп өлшеуді, кремдер бөлшектеп өлшеуде қолданылатын толтырғыш машиналар және басқа да дозатор-машиналар (УФМ-2) көмегімен жүргізіледі.
Мазьдар үшін қолайлы орама тубалар болуы мүмкін. Олар белгілі маркалы алюминийден немесе полимерлі материалдардан дайындалады. Металдық тубалардың ішкі беті лакпен, ал сырты – маркировкасы түсірілетін эмальді бояумен қапталуы керек. Металдық тубалар әр түрлі сыйымдылықты (2,5-40,0) болуы мүмкін.
Тубалар дайындауда полимерлі материалдар ретінде: полиэтилен, полипропилен, пливинилхлорид және т.б. қолданылады. Тубаның тұмсығын бушон – қақпағымен жабады. Зауыттарда тубаларды толтыру үшін туботолтырғыш машиналары немесе дозатор – машиналары қолданады.
Көздік, вагиналық, уретралдық және ректальдік мазьдарды қолдану қолайлы болу үшін тубасы бар пеналдарға, пластмассадан жасалған ұштықтарды салады, бушонды шешуден кейін тубаға орайды.
6. Химиялық тұрақтылығы деп дәрілік заттардың негізбен әрекеттесудің жоқтығы, қоршаған орта факторларына, негізінен, тотығу процесіне тұрақтылығы. Тотығу процесіне тұрақтылығы жайлы асқын тотықтық, қышқылдық саны бойынша талдайды.
Тотығу процесін болдырмас үшін мазьдарға қолдануға рұқсат етілген антиоксиданттарды: бутилоксианизол (БОА), бутилокситолуол (БОТ), -токоферол және т.б. қосады.
Физико-химиялық тұрақтылығы деп мазьдардың өз консистенциясын өзгертпеу, суспензияланған дәрілік заттардың сұйық фазасын немесе қатты бөлшектерін бөлмеу, қабаттанбау қабілеттілігі. Әр түрлі көрсеткіштерді анықтайды, мысалы, мазьдің коллоидтық тұрақтылығын, яғни мазь "майды" бөлмеу қабілеттілігі және т.б.
МФ ХІ бас. талаптары бойынша өндіріс процесіндегі залалсыздандырылмаған дәрілік заттарды (мазьдарды да), микробиологиялық тазалыққа сынайды, ол өмір сүруге қабілетті бактерияларды, саңырауқұлақтарды анықтау, сонымен қатар микроорганизмдердің белгілі түрлерін анықтау, олардың залалсыздандырылмаған дәрілік формаларда болуы рұқсат етілмейді. Мазьда микробтық контаминациясын болдырмас үшін консерванттар қосады (сорбин қышқылы, нипагин, нипазол).
Мазьдарды сақтау. Мазьдарды суық, жарық түспейтін жерде сақтайды. Мазьдарды сақтау жағдайларын қатаң түрде орындау қажет. Бұл мазьдің сапасына жағымсыз әсер етеді, ол ылғалдың, жарықтың, температура секірмесі және т.б. әсерінен болуы мүмкін.
Мазьдарды сақтау жағдайлары және сақтау мерзімдері нормативтік құжаттамаларда көрсетіледі: зауытта өндірілген мазьдарды, дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты 2 және одан да астам жыл сақтайды. Көптеген дәріханада өндірілген мазьдар 10 тәулік сақтайды.
Мазьдардың реологиялық қасиеттері туралы түсінік. Мазьдарды өндіру процесінде және қолдануда олардың консистенциясы маңызды рөл атқарады, ол массаның ағу сипаттына, мазьді араластыру кезде қарсыласуына, теріге айғыздау қабілеттілігіне, дәрілік заттарды босатылуына әсер етеді.
Консистенция – бұл реологиялық қасиеттердің комплексі: жылжу қуаты, тұтқырлығы, тиксотропия.
Реология – заттардың ақыштығы туралы ғылым. Ол оңай деформацияланатын материалдырдың деформация және ағу сұрақтарын қарастырады.
Жылжудың шектелген қуаты деп минималдық күші, ол мазьдің қайтымсыз деформациясын тудырады, содан кейін ол тұрақты тұтқырлыққа ие болады және аға бастайды. Жылжудың шектелген қуатын дин/см2 (Па) түрінде болатын күш және араластыру жазықтығына тангенциалды бағытталған күш анықтайды. Бұл өлшемнің шамасы көп болған сайын, мазьді жағу қиын болады. Бұл мазьдің және мазьді негіздердің маңызды сипаттамасы, себебі ол мазьдің қолдану қолайлығын анықтайды. Жылжу қуаттылығы мазьдің жағылу кезінде қарсыласу көрсетуге қабілетті, тубадан, дозатордан сығылуға қабілетті және т.б.
Тұтқырлық. Тұтқырлық немесе ішкі үйкелесу деп сыртқы күштер әсерінен сұйықтықтың бір қабаттан екінші қабатқа жылжуға кедергі келтіру процесі.
Реологияда ньютондық деп аталатын, көптеген сұйықтықтар (спирт, су, өсімдік және минерал майлары, төменмолекулалық ПЭО, твиндер) үшін температураға және қысымға тәуелді болатын тұтқырлық константалы болып табылады. Мұндай тұтқырлық динамикалық деп аталады.
Тұтқырлық режимдердің деформациясына (жылдамдық және жылжу қуаты) тәуелді болатын жүйелерді аномальді-тұтқыр немесе ньютондық емес деп атайды (мазьдар, линиментер, пасталар). Бұл жағдайда тұтқырлықты эффективті деп атайды. Мазьдардың сипаттамалық белгісі құрылысы болып табылады. Тұтқырлық көп болса, онда қуатты күшейту қажет (деформациялайтын күш), бұл жүйенің ішкі қарсыласуына әсер етеді, ішкі құрылысын бұзады. Дәрілік заттардың жылдамдығы және сіңу тереңдігі, тұтқырлыққа тәуелді болады. Сондықтан бұл өлшемді өлшеу керек. Температураны жоғарлату кезінде, мазьдің және негіздің тұтқырлық қасиетті және беріктілігі күрт кемейді, ал төмен температураларда – жоғарылайды. Температура режимін өзгерту арқылы мазьдарды формалау процесін реттеуге, сақтаудың қолайлы жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тиксотропия – бұл зольдің гельге қайтымды изотермиялық айналуы және керісінше, бұл механикалық әсерлесумен түсіндіріледі, мысалы, араластыру кезінде болады. Бұл әсерді жою үшін жүйе өз құрылысын қалпына келтіруге ұмтылады. Жүйенің қисық ағуы (жылжу жылдамдығы – жылжу қуаты координаталары) гистерезис тұзағын береді – «ерекше конфигурацияның қисығы»; графикті тұрғызу үшін құрылғының берілгендерін (вискозиметрлер, МФ ХІ, Т1) және арнайы есептеулерді қажет етеді.
Барлық гидрофильді негіздер айқын тиксотропиялық қасиеттерге ие, ол араластыру кезінде құрылысының бұзылуынан және тұрақты температурада консистенциясының өзгеруінен көрінеді, ол сұйыққа айналады. Егер механикалық әсерді алып тастаса, онда құрылыстың беріктілігі қалпына келеді (15-20 тәулік), бірақ бастапқы күйге ешқашан айналмайды.
7. Мазьдардан дәрілік заттарды босату жылдамдығына және толықтығына келесі факторлар әсер етеді: дәрілік заттардың физико-химиялық күйі, олардың концентрациясы, негіздің табиғаты, мазьді дайындаудың технологиялық процесі.
Мазьдардан дәрілік заттарды босату жылдамдығы “in vitro” және “in vivo” әдістерімен зерттеледі.
“in vitro” модельдік әдісі, мазьдан босатылатын заттардың қандай да бір ортада диффузиялық әрекетіне негізделген. Диффузия тура немесе жартылай өткізгіш қабықша арқылы жүруі мүмкін. Тура диффузия кезінде орта ретінде агрегаттық немесе желатин гельі болуы мүмкін, оларға диффузияланған дәрілік затпен өзара әрекеттесетін реактивтерді қосады және олардың диффузиялық мөлшерін анықтайды. Мысалы, антибиотиктердің антимикробты активтілігін, агарға тест-микробтардың өсу аймақтарының өлшемдерін салыстыру арқылы, диффузия әдісімен жүргізеді. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы диффузиялауда тері тәріздес жануар, өсімдік текті немесе синтетикалық қабықшаларын; диализ ортасы ретінде – суды, физиологиялық ерітіндіні, қан плазмасын қолданады. Қабықшаға мазьді орналастырады және уақыттың белгілі аралықтары арасында дәрілік заттың сұйықтыққа диффузияланған құрамдық мөлшерін анықтайды.
Биологиялық қолжетімділікті анықтау. “in vivo” мазьдардың биологиялық қолжетімділігін анықтауын, жануарларда әр түрлі әдістер арқылы жүргізеді:
-
организмнің биосұйықтықтарында (зәр, қан, сілекей және т.б.) дәрілік заттарды немесе олардың метаболиттерін анықтау;
-
тері арқылы енгізілетін дәрілік заттарға организмнің реакциясын тіркеуге негізделген әдістер (тыныс алудың өзгеруі, ұйқы фазасының басталуы, рефлекторлы реакциялар);
-
мазь аппликациясы құрамындағы дәрілік заттың мөлшерінің құрамын зерттеуге негізделген әдістер.
“in vivo” мазьдан босатылатын дәрілік заттарды зерттеу нәтижелерін “in vitro” мазьдарын зерттеуде қолданылуға болады.
Мазьдарды жетілдіру жолдары
Мазьдарды жетілдіру облысында келесі бағыттарды ажыратады:
-
жаңа дәрілік препараттардың мазьін жасау;
-
белгілі мазьдардың сапасын аса тиімді негізді таңдау арқылы жетілдіру;
-
мазьді негіздер сұрыптамасын кеңейту (берілген қасиеттері бар жаңа қосалқы заттарды іздеу);
-
мазьдарды дайындаудың жаңа әдістерін жетілдіру;
-
мазьдардың сапасын сынау әдістерін жетілдіру;
-
мазьдарға арналған орама заттарын жетілдіру;
-
мазьдардың тұрақтылығын жоғарлату.
Жіберілетін тиімді формаға бір ретті орамаларды дайындау жатады, әсіресе көздік мазьдар, антибиотигі бар мазьдар, оңай тотығатын прпараттар үшін тиімді болып келеді.
Мазьдарды тайғанақ поршеньмен жабдықталған резервуарларда орауға болады, мұндағы шток винттік механизм көмегімен орын ауыстырады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: жақпа майлардың классификациясы, жақпа майлардың негіздері, олардың классификациясы, жақпа майлардың технологиясы
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Гомогенді жақпа майлар дегеніміз не?
-
Қандай жақпа майлар суспензионды деп аталады?
-
Жақпа майлар негіздеріне қандай талаптар қойылады?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Технология лекарственных форм. М. Медицина, 1991 / Под ред. Кондратьевой Т.С., Т.1, С. 277-312 / Под ред. Ивановой Л. А., Т.2, С. 503.
-
Тенцова А.И., Грецкий В.М. Современные аспекты исследования и производства мазей. М. Медицина, 1980.
-
Чирков А.И. Организация и механизация работ в аптеках лечебно-профилактических учреждений. М. Медицина, 1981.
Дәріс 14 – Көздің дәрiлік формаларын дәрiхана және өнеркәсiптiк өндiрiстiң жағдайларда дайындау
Дәріс жоспары:
1. Дәрілік заттарды ректальды әдіспен енгізу сипаттамасы. Ректальды дәрілік формалардың қысқаша сиаптамасы және классификациясы.
2. Суппозиториялар: сипатамасы, талаптар.
3. Суппозиторларды алу әдістері. Дәрілік затттарды негізге енгізудің ережелері;
4. Технологиялық сызба және суппозиториялардің дәріханалық жағдайларды өндірудің ерекшеліктері және технологиялық схемасы:
5. Суппозиторияларді өндірістік дағдайларда өндірудің технологиялық процесі;
6. Суппозиторияларді бағалау сапасы. Суппозиторларды өндірістік өндірудің номенклатурасы.
7. Реактальды дәрілік формалардың жетілдіру перспективалары.
1. Ректальды дәрілік формалар жалпы белгісі бар - организмге тік ішек арқылы енгізіледі (per rectum).
Ректальды әдіспен енгіздуің артықшылығы:
1. Дәрілік зататрдың көп бөлігі асқазан-ішек жолын сонымен қоса бауырдан өтіп, қан айналудың үлкен айналмына түседі, соның нәтижесінде дәрілік заттар асқазан-ішек жолында рН ортасында және энзимдер әсерінен бұзылмайды.
2. ДЗ-ды сіңіру жылдамдығы жоғары, ішкі-бұлшық ет жолымен енгізумен сәйкес келеді.
3. Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолында шырышты қабыққа тіттіркендіргіштік әсердің болмауы.
4. Дәрілік заттардың жергілікті және резорбтивті әсер ету сипаттамасы.
5. Аллергиялық әсердің деңгейін төмендету.
6. Психиаторлық практикада, науқас ес түссіз жағдайда, педиатрия мен гериатрияда қолдану ыңғайлы.
7. Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолын толтырудың сіңіру эффектісінің тәуелсіздігі.
Дәрілік заттарды ректальдә әдіспен енгізудің кемшіліктері:
1. Тік ішек шырышты қабығының тітіркендіру мүмкіндігі.
2. Дәрілік препарттарды енгізудің кейбір эстетиканың болмауы.
3. Тік ішектен дәрілік заттарды сіңіру механизмі жайында түсініктің аз болуы.
Ректальды дәрілік формалардың қысқаша сиаптамасы және классификациясы.
1. Суппозиторилар
2. Ректальды капсулалар − эмульсия, суспензия, ерітінді, ұнтақ және т.б. түрінде дәрілік заттармен толтырылған желатинді капсулалар. Тік ішекке енгізгенде қабық ісініп, бұлшық ет қабырғалардың қысымымен бұзылады, ал дәрілік заттар суппозиторларға қарағанда оңай, активті сіңіріледі. Ректальды капсулалалр транспоттау, сақтау, қолдану үшін ыңғайлы.
3. Ректальды мазьдар − ұшы бар тубкамен немесе ұзын ұшты арнайы шприцтің көмегімен енгізілетін, түрлі мазь негіздерінің жұмсақ дәрілік формасы. Жергілікті және жалпы әсерін ағзаға беру үшін қолданылуы мүмкін.
4. Клизмалар − анус арқылы тоқ ішекке дәрілік заттардың ерітініділерін енгізіу арналған ректальды дәрілік формалар. Клизманың емдік ( дәрілік және қореқтендіргіш) және диагностикалық түрлерін ажыратады.
5. Микроклизмалар − ұшымен және қорғаныш қабағымен жабдықталған, сыйымдылығы 3-5 мл болатын дәрілік заттың ертіндісі бар, бір ретті пайдалануға арналған эластикалық баллон түрінде болады. Суппозиторларға қарағанда терапевтикалық эффектісі тез.
6. Ректальды тампондар − дәрілік заттар адсорбцияланатындай мақтамен оралған пластмассалық стерженьды болып келеді. Мақта төсеніші альгинаттың жұқа қабатымен қапталған. Қолданар алдында оны біраз уақытқа суға жүктейді, қабық сол кезде ісініп, дәрілік заттың диффузиясына кедергі жасамайды. Негізінде тік ішек аурулары үшін емдеу үшін қолданылады.
7. Ректальды аэрозольдар − жалпы және жергілікті әсер беру мақсатымен қолданылады.
2.Суппозиторлар (suppositoria) ГФ XI анықтамасы бойынша −бөлме температурасында қатты және дене температурасында балқитын немесе еритін мөлшерленген дәрілік формалар. Дене қуысына енгізу үшін қолданылады.
Суппоизиторалардың ректальды (майшамдар), вагинальды және таяқшалар. Ректальдар ұшы өткір,конус және т.б. максимальды диаметрі 1,5 см цилиндр формалы болып келеді. Бір суппозитордың массасы 1,0-ден 4,0-ге дейін, егер масса рецептыда көрсетілмесе, онда 3,0, бала суппозиторларда 0,5 1,5-ге дейін болуы мүмкін.
Вагинальды сферикалық (шарлар), жұмыртқа тәрізді (овулдар), ұшы домалақ жалпақ тәрізді (пессарилар) массас 1,5-тен 6,0 -ге дейін болады, ал егер рецептыда көрсетілмесе 4,0-ге дейін болады.
Ректальды суппозиторалар жалпыға, сонымен қоса жергілікті пайдалануға арналған, ал вагинальды - көбінесе жергілікті үшңн, таяқшалар- тек қана жергілікті әсер етуге арналған болып келеді.
Суппозиторияларға келесi талаптар қойылады:
1. Суппозитордың белгілі формасы, массаны, өлшемі ГФ XI ойынша регламенттелінген болуы керек.
2. Суппозиторлар массасы біркелкі болуыкерек. Теңбiлі өзегінде вкрапление болмауы керек, ауалы өзектің немесе воронка тәрізді қуыстың бар болуына рұқсатетiлееді.
3. Суппозиторлар кездемелер және сфинктердің кедергiсi жеңуге мүмкiндiк беретiн жеткiлiктi қаттылық болуы керек.
4. Липофильді негізде дайындалған суппозиторлар балқуы қажет, ал гидрофильді - адамдның дене температурасында еруі қажет, онда терапевтиялық әсер болмайды.
5. Суппозитордың балқу немесе ерудi нәтижесінде алынған сұйықтық өз еркімен шырыштыда балқуы керек. Бұл ұлпалардың дәрiлік заттармен тығыз байланысуын қамтамасыз етедi және олардың соруы немесе жергілікті әсерін тездетедi.
6. Егер олардан созылған әрекеттi күтпесе суппозиторлар дәрiлік заттарды оңай беруi керек.
7. Суппозиторлар контактының орынында тітіркендіргіш әрекеті болмауы керек.
8. Суппозитория жарық, ауа, ылғал, микрофлораға және басқалар тұрақты болуы керек, жақсы сақталуы қажет.
Суппозитория өндiрiсіндегі көмекші заттар
Суппозиторлар көмеші заттар ретінде форма түзуші компоненттер – негіз, сонымен бiрге эмульгаторлар, антиоксидантардан тұрады.
Суппозитор негiздерi 3 топқа жiктеледі: гидрофобты (липофильді ) , гидрофильді, дифильді.
Липофильді негіздер - өте таралған топ, жақсы консистенциялы, дәрiлік заттарды салыстармалы түрде оңай шығарады, тітікрендіргіш әсері болмайды.Кемшіліктеріне олардың тұрақсыздығын жатқызуға болады, сонымен қоса дәрілік заттардың сулы ертінділерін керекті мөлшерде сіңіре алмау қабілеттілігі, жатқызуға болады. Осы топтың негізері болып: какао майы (өсімік майы, шоколод ағашынан дәндерінен алынатын – триглицерид қоспасы (қаныққан және қанықпаған жоғары май қышқылдары), бутирол (гидрогенделген майлар парафинмен бірге құймасы), А типіндегі қатты май (пластифицирлеген саломаса негізіндегі эмульгаторлар қоспасынсыз), витепсол ( жоғары май қышқылдарының триглицерид қоспасы 1% лаурин қышқылының моноглицеридінің қосындысымен).
Гидорфильді негіздегі топтар ішінде полиэтилендоксидті негіздер (этилен оксидінің полимеризациясының немесе этиленгликольдің поликонденсациясының, молекулалық масасы 400-ден жоғары өнімдер) кең қолданылады.
Осы негіздердің артықшылығы шырышты қабықтың секіретінде ерігішітігі, дәрілік заттарды толығымен беру қабілеті, микробты контаминацияға тұрақтылығы, қол жетімділігі, суппозиторлар осылардың негізінде белгілі мөлшерде қатты болады. Кемшіліктеріне тік ішектің шырышты қабығының сусыздандыру эффектісі (осы себептен оларды педиатрияда қолданылуға ұсынылмаған) әсерінен тітіркендіргіш әсері, кейбір дәрілік заттармен сәйкессіздігі, ерігіштігі ұзақ (30-40 мин) болады.
Өндірістік жағдайларда өндіруде ПЭО молекулалық массасы 1500, 95 % мөлшерде және ПЭО молекулалық массасы 400-5% құрайтын негіздер қолданылады.
Гидорфильді негіздерге сонымен қоса аптекалық өндірісте қолданылатын желатин-глицернин негіздері (желатиннің, судың, глицериннің қатынасы 1:2:5).
Дифильді негіздер гидрофильді фазадан (ПЭО), липофильдік фазадан (қатты кондитерлік май), эмульгатордан(твин-80, Т-2 и басқа.) тұрады. Осы топқа эмульгаторды құрайтын ( витепсол, суппорин – М) негіздері жатқызуға болады.
Эмульгаторлар ретінде көбінесе беттік-активті заттарды (твиндер, спендер, эмульгатор №1, Т-2, МГД және басқа ) қолданады, құрылымдық-механикалық қасиеттеріді жақсартады және дәрілік заттардың сіңіру және шығару жылдамдығына әсер етеді.
Антиоксидантар ( бутилокситолуол, бутилоксианизол) липофилтді негіздердің тотығу процесін баяулатады.
3. Домалату әдісі тек қана дәріханалық жағдайларда пластикалық негіз (какао майы) болғанда қолданылады. Әдістің негізі пластикалық суппозитор массасын алу, брусктің пішінделуін, оның мөлшерлеуін, суппозиторларды домалатуға негізделген. Барлық операциялар пилюльді машинаның көмегімен, қолмен жүргізіледі.
Төгу әдісі. Әдістің негізі балқытылған суппозитор массасын кебу температуасына жақын температура кезінде арнайы формаларға төеді. Суппозиторлар мөлшерлеу және пішіндеу бір уақытта жүргізіледі.
Осы әдіс үшін барлық типтегі негіздер қолданылады, онда қолмен домалату әдісінің кешіліктері жоқ.
Пресстеу әдісі. Суппозиторларды бұл әдіспен алу екі тәсілмен суппозитор масасының құрамы мен консистенциясына байланысты жүргізіледі:
1) Қамыр тәрізді пластикалық массадан шприц принципі бойынша жұмыс істейтін арнайы прессте және әр түрлі диаметері бар саңылаулар;
2) Жақсы үгілетін және таблеткалы типтегі престің пресстелі бар массалардан.
Дәрілік заттарды негізге енгізудің ережелері
1. Майда ерімейтін дәрілік заттар (ментол, тимол, фенол, хлоралгидрат, фенилсацилат), төгу әдісінде липофильді негізде ерітеді, ал домалату әдісінде ұсақталған негіздің бөлігімен немесе өсімдік немесе вазелин маының біраз мөлшерімен үгітеді. Эвтектикалық қоспа түзілгенде тығыздтқыш ретінде прафинді қосады (10%).
2. Суда еритін дәрілік заттар ( алколоид түздары, новокаин, колларгол, протаргол, танин) міндетті түрде мудың минимальды мөлшерін ерітеді, ал қалған дәрілік заттарды, егер олар көп мөлшерде жызласа су өатысында ұсақтайды. Құрғақ, қою экстраттарды спир-су-глицерин қоспасында ерітеді. Сулы ертінділерді эмульгирлеу үшін төгу әдісінде түрлі беттік-активті заттарды, ал домалату әдісінде- сусыз ланолин (1,0-1,5 суппозитордың 30,0 массасына) қолданылады. Гидрофильді неіздерді қолданғанда суда еритін дәрілік заттар негізде немесе негіз компонетінде ерітеді.
3. Суда, негізде де (ксероформ, дерматол, висмут субниртат және басқа) ерімейтін дәрілік заттар негізге суспензия типі бойынша ұсақ ұнтақтар түрінде енгізеді. Ұсақтау әдісі ерімейтін фаз абойынша анықталады. Заттардың біраз мөлшерін ұсақтағанда көмекші сұйықтықты қолданады, белгілі мөлшері- балқытылған негіздің бөлігі төгу әдісінде, ұсақталған негіздің бөлігі- домалату әдісінде .
Дәрілік заттрды енгізудің әдісі оларды шығару және сіңіру жылдамдығына тәуелді, яғни терапевтиялық әсер эффектісін жоғарлататын ескеру қажет.
4. Суппозиторларды алудың технологиялық процесі келесі кезеідерден тұрады:
1. Дайындау:
а) негіздерді дайындау;
б)дәрілік заттарды дайындау;
2. Суппозиторлар массасын алу.
3. Суппозиторларды мөлшерлеу және пішіндеі (домалату әдісінде бөлек жүргізіледі).
4. Стандарттау.
5. Қаптау, маркалау.
Рецептерді алған кезде суппозиторлардың жазылу әдісіне көңіл бөледі ( таратушы немесе бөлінген) және А және Б тізімінде заттарды дозаларын тексереді ( жоғары бір реттімен және ішке пайдалануға тәуліктік дозалармен салыстырады).
Суппозиторларды дайындаудың домалату әдісінің ерекшеліктеріне:
1. Негіздерді есептеу (какао майы) рецептерді жазу кезіндегі бөлу әдісінде:
а) Егер дәрігер бір суппозиторға негіздер санын көрсетсе, онда
mнегіз=mонегіз бір суппозиторғаNсуппозиторлар саны (1);
б) Егер дәрігер бір суппозиторға негіздер көрсетпесе, онда
mнегіз=mнегіздің бір суппозиторге ГФXI бойыншаNсуппозиторлар саны-mдәрілік заттар барлық суппозиторлерге(2).
2. Алдымен какао майын үкиште ұсақтайды және бөліп қосады.
3. Масса үккіште пестикпен бірге уминатся ету керек.
4. Суппозиторлы масса дайын боп есептеледі, егер үккіш қабырғасында қалса және пестиктен қалса және вощенный қағазбен ораған кезде майдаға жиналады. Пластикалығын жақсарту үшін керек болған жағдайда массаға 30,0 массадан 1,0 және 1,5 есептеп сусыз ланолинді енгізеді. Егер рецептіде өсімдік экстрактілері, ихтиол,нафталин мұнайы жазылса, пластификаторды қосу керек емес.
5. Суппозиторлы массаны дайындағаннан кейін өлшеп және рецептінің артқы бөлігінде жазбаша тексеру паспортында көрсетеді.
6. Домалату әдісі пилюльді машинаны суппозиторды мөлшерлеу мен 1пішіндеу үшін қолданылады.
7. Суппозиторларды картонды каропкада жібереді, әрбіреуін парафинделген қағазбен орайды, «Сыртқа» қосымша, «Салқын жерде сақталу керек» деген негізгі этиеткамен болу керек.
Төгу әдісімен суппозиторларды дайындау ерекшеліктері
1. Негіздер санын есептеген кезде ұя көлемінің формасын ескеру керек.
Ол бір ұяның формасы сиятындай майлы негізді массамен сипатталады. Дәрілік заттардың концентрациясы 5%-дан кем болғанда онымен толтырылған көлем есептелмейді, себебі көлемнің өзгеруі 16.10.97 №305 бұйрығы бойынша нормалар ауытқуын рұқсат етіледі. Негіз саны мына формалармен есептеледі:
mнегіз=P N (3), мұндағы
P — суппозитор негізінің массасы, г 1 ұя формасына сиятындай
N — суппозитор саны
Дәрілік заттардың мөлшері 5% болғанда, онымен толтырылатын көлем орынбасу коэффицентінің көмегімен тікелей ( Еж) немесе ауыспалы (1/Еж) арқылы есептелінеді.
Дәрілік заттар 1,0 сияқты көлемді алатын, майлар негізінің санын көрсететін ауыспалы орынбасу коэффиценті қолданылады. Оның түрлі заттар ушін мағынасын қосымша таблицалардан табуға болады. Соңғы жағдайда негіздер санын мына формулалар бойынша есептейді:
mнегіз= P N-A 1/Eж (4), где
P- суппозитор негізінің массасы, грамм 1 ұя формасына сиятын.
N — суппозиторлар саны;
A — барлық суппозиторлерге дәрілік заттың, г;
1/Еж— ауыспалы орынбасу коэффициенті.
Егер негіз ретінде гидрофильді қолданса, мысалы желатин-глицерин негізі, онда тығыздықты ауысу модулі бойынша есептейді:
желатино-глицерин негізі 1,15
----------------------------- = ---------- = 1,21
какао майы 0,95
Ең алдымен май негізінің саны (3) немесе (4) формула бойынша есептейді, ал кейін алынға нәтиені 1,21еселейді.
-
Формаларды төгу алдында алдымен салқынатады және суппозитор жабыспайтындай (вазелин майы немесе сабынды спирт) негізге туыс емес сұйықтықпен жағады.
-
Суппозитор массасы балқытылған дәрілік заттар болы ке рек, бірақ тұтқырлығы жеткілікті, дәрілік зататр бірелі бөлінетіндей болуы керек.
Дәріхана жағдайларында таяқша өндірудің ерекшеліктері
1. Өлшемі (диаметрі, ұзындығы) таяқшалар саны рецептыда көрсетілуі керек.
2. Негіздер саны арнайы қосымша таблицалармен анықталады немесе формуламен есептелінеді:
D
mнегіз = (------)2nld = 0,785 Dnld
2
мұндағы
D —таяқша диаметр см; n — рецепті бойынша таяқшалар саны;
l — таяқша ұзындығы см; d — негіз тығыздығы.
3. Таяқшаларды дайындау үшін жоғарыдағы барлық әдістерді қолдануға болады.
4.Таяқшаларды коробкамен жіберіді, оларды парафинделген гофрирленген бүктелген қағаздарға енгізеді «Сыртқа», « Салқын жерде сақталу керек» негіздегі этикеткалар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |