Тазартылған суды алуға арналған аппаратура. «Саңырауқұлақ» аппараты
Бұл аппаратта буландырғыш, конденсатор және қабылдағыш бір осьтің бойында бір – бірінің астында жатады, аппараттың мұндай конструкциясы аз ғана ауданды алады. «Саңырауқұлақ» аппаратының өнімділігі сағатына 450 литрге дейін суды құрайды. Мұндай аппарат шағын галенді өндірісінде қолайлы болып келеді.
Фармацевтикалық зауыттарда дистильденген суды үш сатылы бағаналы айдау аппаратында алады. Олардың өнімділігі 1000л/сағ жетуі мүмкін. Бұл аппараттарда үш буландырғыш бір – бірінің үстінде орналасқан, сондықтан олар өте ықшам болып келеді. Бағаналық аппараттардың тағы бір ерекшелігі, тек қана бірінші буландырғыш, зауыттық бу түтігінен әкелінетін бумен қыздырылады. Ал екінші буландырғыштағы су, бірінші буландырғыштан алынған бумен қыздырылады, ал үшінші буландырғыштағы су, екінші буландырғыштан алынған бумен қыздырылады. Нәтижесінде бағаналық аппараттар екіншілік будың жылуын қолданатын үнемді аппараттар болып табылады.
«Саңырауқұлақ» және үш сатылы аппараттар суды автоматты толтыру арқылы үздіксіз жұмыс істейді. Сондықтан буландырғыштағы орналасқан судың құрамындағы қоспалардың концентрациясы артады, ал олардың көбі қақ түзіп, тұнбаға түседі. Осыған орай айдау аппаратының 12-24 сағат жұмысынан кейін, буландырғыштан толығымен кубтық суды жою қажет және де қақты жою үшін шаю қажет.
Қазіргі кезде фармацевтикалық зауыттарда дистилляциялық қондырғылардан басқа да шетелдік конструкциялы қуатты қондырғылар қолданылады (мысалы, итальян «Маскарини» фирмасының супердистилляторы, өнімділігі 1500л/сағ және т.б.).
5.Дәріханаларда сұйық дәрілік пішіндерді өндіру жетістіктерін жетілдіру
Соңғы жылдары дәріханалардың өндірістік қызметі көрнекті түрде азаюда. Бұл отандық фармацевтикалық нарыққа үлкен мөлшерде дайын дәрілік заттардың келіп түсуімен байланысты. Дегенмен белгілі науқасқа мақсатталатын жеке рецептура, халықтың дәріханада дайындалатын дәрілік заттарға деген жоғары сенімділігі, дәріханалық өндірісті жетілдіру және сақтау маңызды екенін көруге болады.
Дәріханалық өндірістің тиімділігін арттыратын негізгі факторына, еңбек өнімділігі, дайын өнімнің сапасы және де оның өзіндік құнын, шикізат, материалдар және электроэнергия шығынын азайту үшін кішігабаритті технологиялық қондырғыны (КТҚ) қолдану болып табылады.
Өндірістік дәріханаларда КТҚ қолданудың жаңа аспектілері үш негізгі бағыттан тұрады: технологиялық процестің жеке операцияларын және сатыларын жүргізу үшін жұмысты механизациялау, икемді технологиялық блоктарды және модульдерді құру, дәрілік заттарды кішісериялы дайындау үшін фармацевтикалық комплекстерді қолдану.
Қазіргі КТҚ өзінің конструкциясы бойынша көп функционалды және бір мезгілде бірнеше операцияларды орындай алады: тазартылған суды және инъекция үшін арналған суды алу және қолдану, сұйықтықтарды фильтрлеу және дозалау, сұйықтықтарды сауыттарға және бөтелкелерге дозалау және оларды металдық қақпақтармен жабу.
Қазіргі құрылғыларды дайындау, қолдану және өңдеу қарапайым, оларда алынатын, ауыстырылатын реттегіш түйіндер болады. Сонымен ескі дәріхана қондырғысын жетілдіру әдісі, бұл технологиялық тізбегі аяқталған болып келетін бірнеше құрылғылардан тұратын блоктарды құру болып табылады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: сұйық дәрілік формалардың жалпы сипаттамасы, классификациясы, еріткіштерге қойылатын талаптар, тазартылған су, тазартылған судың алынуы.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Сұйық дәрілік формаларға қандай талаптар қойылады?
-
Неліктен сұйық дәрілік формаларды дайындағанда тазартылған су қажет?
-
Қайтымды осмос дегеніміз не?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Технология лекарственных форм / Под. ред. Л.А. Кондратьевой. - М., 1991. – Т.1. – С.157-174.
Дәріс 7 – Өндірістік жағдайларда сулы ертінділерді өндіру және оларды стандарттау
Дәріс жоспары:
-
Ерітінділер. Анықтау. Өндірістің технологиялық процесі.
-
Ерітінділерді стандарттау.
-
Масса байынша ертітінділерді сұйылту. Көлем бойынша ертінділерді сұйылту. Ерітінділерді концентрлеу. Тығыздығы бойынша ерітінділерді сұйылту
1. Ерітінділер-бұл бір немесе бірнеше еріткіштерден тұратын молекула мен ион түрінд таралған сұйық гомогенді жүйелер.Еріту – бұл масса алмасу процесі. Шынайы ертінілердің қасиетері кестде көрсетілген. Еріткіш түріне байлаысты ерітінділердің сулы, спиртті, майлы, глицеринді, еріткіштерде арласқан және т.б. түрелерін ажыратады. Ерітніділерлің концентарциясын маса байынша процентпен жіне масса-көлем бойынша сиаптталады. Ерітінділер өндірісінің технологиялық процесінің жалпы түрі келесі стадиялардан тұрады:
-
Дайындау
-
Ерітіу
-
Ерітіндіден ерімейтін қоспалардан механикалық қосындыларынан (кірмелерден) босату
-
Стандарттау
-
Фасовка және дайын өнімді қаптау
Өндірістік жағдайларда сақтауға тұрақтаы тек сулы ертінділер дайындалады. Кейбір сулы ерітініділер (флормальдегид ерітіндісі, сутектің асқын тотығы және т.б.) стабилизатор қосу арқылы аладды
Сулы ерітінілерді түрлі әдістермен алады:
-
Дәрілік заттарды еріту
-
Заттардың өзара химиялық әрекеттесуі, электрохимиялық әдіс.
Ерітінділер өндірісінің схемасы кестеде көрсетілген.
Ішке және сыртқа қолдануға арналған ертінділерді өндіру схемасы
-
Стадиялар және технологиялық процестің операциялары
|
Әрекет сипатттамасы
|
Бақылау
|
Дайындау
|
НД бойынша есептеулрді жүргізеді. Дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындайды (ұсату, өлшеу)
|
НД талабы бойынша еріткіш пен дәрілік заттар сәйкестігін бекітеді.
|
Еріту:
Механикалық араластыру жолы бойынша ертініділерді дайындау
Өзара химиялық әрекеттесу арқылы ерітіндіділерді дайындау
|
Сулы ертінділерді масса-көлем әдісі бойынша әне масса бойынша дайындайды:
- масса-көлем әдісі бойынша ерітінділерді дайындағанда құрғақ дәрілік затттарды өлшеп, еріткіш көмегімен қажеттті мөлшерге дейін жеткізеді немес масса бойынша дайындайды , бірақ масса-көлем концентрациясы және ерітінділердің тығыздығын есепке алу керек;
- кейбір ертінділерді масса бойынша дайындайды (қант сиропы, қышқыл ерітндісі, сілті және т.б.) Концентирлеген қышқыл мен сілті етінділерін ақырындап аз ағынмен суға араластыру кезінде қосады.
Ацетат қалайы негізіндегі, алюминий ацетаты негізіндегі ерітінділерді дайындау. Соңғысын электролизбен алады.
|
Техникалық қауіпсіздікті сақтау. Сұйықтықтарды шайқалтуға болмайды.
Препаратты өндіру өндірісі өндірістік регламент бойынша қатаң сақталу қажет.
|
Ерімейтін қоспаларды және механикалық қосындылардан ертінділерді босату
|
Сулы ерітінділерді атмосфералық қысымда, вакуум астында және артық қысымда фильтрлейді.
|
Ерітінділер мөлдір болу қажет.
|
Стандарттау
|
Анықтайды:
- органолептикалық көрсеткіштермен,
- шынайлық;
- әрекеттесуші заттардың сандық мөлшері;
- механиклық қосындылар болмау керек;
- кейбір ертінділер үшін түсі (қант
сиропы);
- рН және т.б.
|
Ерітінділер НД талабы бойынша стандартты болу керек.
|
Фасовка және қаптау, сақтау
|
Түрлі сыйымдылықты флакондарды орайды. «Ішке» және «Сыртқа» деген этикеткаларды өндіріуші кәсіпорынды көрсететтін, сауда белгісін, препарат атауын, дайындау күні, сақтау мерзімі көрсетілген этикеткалармен жабдықтайды. Салқын, күн көзінен сақтайтын жерде сақтайды.
|
Ерітінді тұнбасыз, мөлдір, гель тәрізді емес болу керек. Ескерту ретінде Бурово сұйықтығы жатқызуға болады.
|
Еріту стадиясы жылуалмастырғыш және араластырғышпен жабдықталған реактор –аппаратында жүргізіледі. Ерітуді жылдамдату үшін көбінесе қыздыруды қолданады. Араластыру түрлі әдістермен жүргізіледі:
- механикалық- әр түрлі конструкциялы арластырғыштың көмегімен (якорлы, рамкалы, планетарлы, пропеллерлі, трубинді және т.б.);
-пневматикалық (барботированмен);
- гравитационды- еріткіш пен ерітіндінің түрлі тығыздығына негізделеген;
- ультродыбысты;
-циркуляциялы және т.б.
Механикалық араластыру бойынша сутек асқын тотығының сулы ертіндісін, пергидролді, кальций хлоридін, аммиакты, сірке қышқылды, қант сиропы және т.б. алады.
Өзара химиялық әрекеттесумен алюминий негізіндегі ацетатты ( Бурова сұйықтығын), қалайы негізіндегі ацетатты (қалайы сіркесін).
Электрохимиялық әдіспен (электролизбен) Бурова сұйықтығын алады.
Ерітінділерді механикалық қосындылар мен ерімейтін қоспалардан бөлу ұндырумен, фильтрлеумен, центрифугирлеумен жүргізіледі.
Тұндыру ауырлық күші әсерімен фазаларға бөлуге негізделген. Ол үшін периодты және жартылай үздіксіз тұндырғыштар қолданылады. Тұндыру ерітіндіні алын- ала тазалау үшін қолданады.
Фильтрлеу саңылаулы перегородкалар көмегімен сұйық және қатты фазаларды бөлу. Фильтрлеу атмосфералық қысымда ( қысым астында сұйықтықтың гидростатикалық тіреуінде), артық қысымда жүргізілуә мүмкін. Ерітінділерді фильтрлеу үшін нутч-фильтрлерін, друг-фильтрлерін, пресс-фильтрлерін, фильтр- саңылау және т.б. қолданады.
Центрифугирлеу центробежный кеңісігі әсерінен фазаларға бөлуге негізделген. Сұйық және қатты фазаларды бөлу үшін отстойлы, фильтрлеуші. Суперцентрифугилерді қолданады.
2. Сулы ерітінділер стандартталады:
- органолептикалық;
- әрекет ететтін заттдың мөлшері бойынша;
- тығыздығы бойынша (мысалы қант сиропы үшін рН пен түсін анықтайды).
Ерітіндіде әрекет ететін заттар мөлшері сәйкес болма,ан жағдайда оны нығайтады және НД талабы бойынша көрсетілген көрсеткіштер бойынша сұйылтады. Берілген концентрациялы немесе берілген тығыздық бойынша ерітінділерді алу үшін араластыру ережесі немесе берілген формулалар қолданылады,ол қажетті сұйылтқыш мөлшерін , бастапқы ерітіндінің белгіленген концентрациясы немесе тығыздығын есептеуге мүмкіндік береді. Көрсетілген тапсырмаларды шешу үшін берілген жағдайларды сақтау қажет. Салмақты немесе көлемдік әдіспен есептеу таңдалады, яғни есептеуді бірліктер жүйісінде есептелінеді. Мүмкіндік болған жағдайда ерітіндіні салмақты әдіспен сұйылтуды таңдау керек, ол дәл әдіс және ерітіндінің массасын анықтау үшін температура әсер етпейді.
Салмақтық әдіспен есептеу үшін m және Сm көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, ал көлемдік– V, , CV, Cm/V, мұндағы:
Cm – масса бойынша процентпен концентрация;
CV – көлем бойынша процентпен концентрация;
Cm/V – масса-көлем бойынша проентпн концентрация;
m – г-дағы ерітіндінің массасы, кг;
– ертіндінің тығыздығыг/мл;
V – ертінді көлемі мл, л.
Концентрация орнына тығыздық қолданылса, онда еріткіш мөлшері, бастапқы ерітінді мен ертіндінің берілген концентрациялары көлем бойынша алынады. Мұндай тапсырмаларда ерітінді масасы берілсе, онда оны көлемге айналдыру керек.
Ертініділер концентрацияларын белгілеген кезде ( Сm массамен, СV көлеммен немесе масса-көлеммен Сm/V) келесі ережелерді басшылыққа алу керек:
- Қышқылдар, сілтілер және қант сиропында негізделген ерітінділерде дәрілік заттрдың мөлшері масса бойынша процентпен көрсетіледі (Сm); ;
- Масса- көлем әдісі бойынша дайындалған ерітінділерде ертілген заттардың мөлшері масса-көлемдік процентпен көрсетіледі Сm/V ;
Есептеулер кезінде формулалар мен араластыру ережесін ( «жұлдызшылар» ) қолданады.
3. Масса бойынша ерітінділерді сұйылту
Мұнда х- концентрленген ерітіндінің қажетті мөлшері (г, кг); у – сұйылтқыштың мөлшері (г, кг); m-қажетті концентриядағы ерітіндінің мөлшері (г, кг); а – концентрленген ерітіндінің масса бойынша процентпен берілген концентрация; b – масса бойынша процентпен берілген қажетті концентрация, с- сұйытылған ерітіндінің масса бойынша процентпен берілген концентрация
Көлем бойынша ерітінділерді сұйылту. Көлем бойынша ерітінділерді бөлу консентрациялары масса колем немесе колем бойынша процентпен көрсетіледі, сонымен қоса ертіндіндінің концентациясы орнына тығыздығы көрсетілген жағдайларда жүргізіледі. Есептеулерді араласу ережесі бойынша немесе формула бойынша жургізіледі.
а – в а – с
х1 = V ---------- х2 = V -------- , мұнда
в – с в – с
а, в, с – : масса бойынша процентпен концентрация
а – коцентирленетін(нығайтқыш)
в – беілген
с – әлсіз (сұйылтқыш) %.
х1, х2, V – ертінінің көлем концентрациямен : х1 – с; х2 – в; V – а.
Бұл ертінділердің концентрациялары масса көлем бойынша көрсетілгендіктен онда бөліктерді араластыру ережесі көлеммен алынады және берілген ерітіндіні көлемдік бірліктер мл, л және т.б сиппалады.
Ертінділерді құрғақ заттармен концентрлеу. Ертінділерді құрғақ заттармен нығайтуды концентрирленген ерітінділермен немесе құрғақ заттармен жүргізуге болады. Құрғақ заттар мөлшері мына формулалармен есептейді:
в –с
х = V ------------------- , мұндағы
100 – в
х – құрғақ заттың мөлшері (г, кг);
V – бастапқы заттың мөлшері (мл, л);
в – ерітіндінің берілген концентрациясы в %;
с – бастапқы заттың концентрациясы в %;
– берілген ерітіндінің концентрациясының тығыздығы г/мл).
Тығыздығы бойынша ерітіндіні сұйылту. Тығыздығы бойынша ерітінділерді бөлуді тек концентрацияға ұшырамайтын ерітінділер үшін жүргізіледі. Егер есепте ертінділердің мөлшері масса бойынша берілсе, онда бұл мөлшерді көлемге айналдыру керек.
Тығыздық бойынша бөлуді мына формуламен есептейді:
1 – 2 1 – 3
х1 = V ---------- х2 = V -------- , где
2 – 3 2 – 3
1, 2, 3 – ертітінділердің, тығыздығы г/мл
1 – концентирленетін
2 – берілген
3 – әлсіз;
V, х1, х2 – ерітінідінің көлемі тығыздықпенV – 1, х1 – 3, х2 – 2 мл
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: ерітінділер, өндірістің технологиялық процесі, ерітінділерді стандарттау, масса байынша ертітінділерді сұйылту, көлем бойынша ертінділерді сұйылту, ерітінділерді концентрлеу, тығыздығы бойынша ерітінділерді сұйылту
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Тығыздығы бойынша ерітінділерді қалай сұйылтады?
-
Масса бойынша ерітінділерді қалай сұйылтады?
-
Ерітінділерді қандай формула бойынша концентрлейді?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Технология лекарственных форм / Под ред. Ивановой Л.А..- М.: Медицина, 1991.- Т.2.- С.244-266.
-
Стандартизация лекарств. Методическое пособие для студентов.- М., 1982.- 58 с.
-
Методические указания по технологии лекарств заводского производства для студентов.- Харьков, 1987.- С.35-48.
Дәріс 8 – Инфузиялық ерітінділер, жіктелуі, сипаттамасы, номенклатура
Дәріс жоспары:
-
Инфузиялық ерітінділер, түсінігі, талаптары.
-
Ерітінділерді изотонирлеу. Изотоникалық концентрацияларды есептеу әдістері.
-
Қосымша талаптар (изогидрлегі, изоиондығы, изотұтқырлығы), түсінігі.
-
Плазмоалмастырғыш ерітінділердің классификациясы.
1. Алуан түрлі патологиялық күйлердің, қанды жоғалту әсерінен, есеңгеру, организмнің су-электролиттік балансының, қышқыл-негіздік тепе-теңдігінің бұзылу нәтижесінде қан алмастырғыш сұйықтықтардың едәуір мөлшерін енгізу қажеттілігі туындайды.
Инфузиялық ерітінділерге парентеральді қолдануға арналған ерітінділер жатады, көлемі 100 мл және одан да астам.
Инфузиялық ерітінділерге де инъекцияға арналған ерітінділерге де сияқты талаптар қойылады заласыздығы, тұрақтылығы, апирогендігі, механикалық қосулардың жоқтығы, улы еместігі. Жалпы талаптардан басқа, қан плазмасының қасиеттеріне сәйкес арнайы талаптар қойылады: изотоникалығы, изоиондығы, изогидрлігі, изотұтқырлығы және т.б.
2.Изотоникалық ерітінділер деп осмостық қысымы организмнің биологиялық сұйықтықтардың осмостық қысымына тең сұйықтықтарды айтады (қан плазмасы, лимфа, көз жасының және ми жұлынның сұйықтықтары).
Осмостық қысымы организммен тұрақты деңгейде - 7,4 атм. t37°С (0,74 МПа) ұсталады. Осмостық қысымдардың алуан түрлігі нәтижесінде, гипертоникалық ерітінділерді енгізу кезінде, эритроциттер және оларды қоршайтын плазма ішінде эритроциттерден, осмостық қысымдарды теңестіруге ұмтылатын, судың қозғалуы жүреді. Эритроциттер бұл кезде судан айырылады, жиырылады (плазмолиз). Егер аз осмостық қысымды сұйықтықтар енгізілсе (гипертокалық ерітінді), онда олар жасушаға енеді, эритроциттер ісінеді, жасушалық қабықша бұзылады, ал жасуша өлу мүмкін (гемолиз).
Көрсетілген осмостық жылжуларды болдырмас үшін ерітіндіні организмнің биологиялық сұйықтықтың осмостық қысымының деңгейіне дейін изотонирлеу қажет.
Алуан түрлі заттар ерітінділерінің изотоникалық концентрациясын анықтау, негізінен, үш әдістермен анықтайды:
-
Вант – Гофф заңы және Менделеев – Клапейрон теңдеуі нәтижесінен;
-
Криоскопиялық әдіспен (Рауль заңын қолданумен);
-
Дәрілік заттардың изотоникалық эквиваленттерін натрий хлориді бойынша қолдану.
Вант – Гофф заңын және Менделеев – Клапейрон теңдеуін қолдануына негізделген, изотоникалық концентрацияларды есептеу әдістері
Вант – Гофф заңы бойынша сұйытылған электролиттік ерітінділерде ерітілген заттар өздерін газдарға сияқты жүргізеді, сондықтан оларға газды заңдар қолданылады. Сұйытылған ерітінділердің осмостық қысымы, газдар қысымы үшін бекітілген заңға бағынады.
Изотония факторын Менделеев – Клапейрон теңдеуінен шығаруға болады:
PV= nRT мұндағы,
P– қан плазмасының осмостық қысым, атмосферадағы;
V– ерітінді көлемі, л;
n– грамм саны– ерітілген заттың молекуласы ;
R– газ тұрақтысы 0,082 атм/л;
T– газдың абсолютті температурасы К°=3100.
Формуласынан:
n= PV/RT= 7,41/0,082310= 0,29 г/ моль л
Нәтижесінде, қандай да бір электролитік емес изотоникалық ерітіндісін дайындау үшін ерітндінің бір литр көлеміне заттың 0,29 г/ моль қажет, яғни
m=0,29 М, мұндағы:
m–заттың грамдағы мөлшері, бір литр изотоникалық ерітіндіні дайындау үшін қажетті ; M–дәрілік заттың молярлық массасы.
Электролиттердің изотоникалық концентрациясын есептегенде теңдеуге түзеткіш көбейткішті і енгізеді, ол Вант – Гоффтың изотоникалық коэффиценті деп аталады. Сонда m=0,29М/i.
Изотоникалық коэффицентің өлшемі теңдеумен көрсетіледі:
i =1+(n–1), мұндағы:
– электролиттік диссоциацияның дәрежесі; n–заттың бір молекуласы диссоциаланатын иондар саны.
Электролит еместер үшін, мысалы, глюкоза i= 1.
Электролиттер үшін і өлшемі заттың табиғатына, электролиттік диссоциация дәрежесіне және түзілетін иондардың мөлшеріне тәуелді болады.
Электролиттердің әр түрлі топтары үшін і коэффиценті есептелу мүмкін. Мысалы, түрі бір зарядты ионды бинарлы электролиттер үшін К+А– (= 0,86, n = 2), i = 1+ 0,86(2–1)=1,86.
Мысал. 1 л изотоникалық ерітіндісін дайындау үшін NaCl мөлшерін есептеу. m =0,2958,5/1,86 = 9,12 г 1 литрге.
Бинарлы екізарядты үшін К2+А2-( МgSO4, ZnSO4, FeSO4 и др.) n =2,
i= 1,5, = 0,5.
Тринарлы үшін К2+А1 (СаСl2 ), К1+А2- (Na2 SO4, Na 2CO 3) n=3, i= 2,5,
= 0,75.
Әлсіз электролиттер үшін (бор, лимон қышқылы) i = 1,1.
Дегенмен, і есептеулері жағымды нәтижелер береді, бұл нәтижелер электролиттік еместер және электролиттердің бірінші топтары үшін сараптамалық мәліметтерді береді. Басқа жағдайларда нәтижелер диссоциация дәрежесінің концентрацияға тәуелділігінен алынады.
Ерітіндінің қажетті көлемін алу үшін қажетті заттың мөлшерін анықтауда, келесі формуланы қолданады:
m = 0,29 MV/1000 i
Мысал. 250 мл изотоникалық ерітіндіні алу үшін қажетті КСl мөлшерін есептеу. М = 74,56 , i =1,86.
0,2974,56250
m = _____________ = 2,91г
1,861000
Криоскопиялық әдіс. Рауль заңына негізделген. Рауль заңы ерітіндінің қатаю температурасының, ондағы электролиттің концентрациясына тәуелділігін анықтайды. Сұйытылған ерітіндінің қатаю нүктесінің төмендеуі, осы еріткіштің мөлшерінде ерітілген заттың мөлшеріне тура пропорционал.
t = KC, мұндағы:
t – қатаю нүктесінің депрессиясы, 0С; K – криоскопияя константасы ; С – ерітінді концентрациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |