|
***
Науқас, 5 жаста, құсуға, диареяға, құрысуға шағымданады. Объективті: терісіЖЕКЕ ПАТФИЗ СТУДЕНТТЕРГЕ ТЕСТТІК ТАПСЫРМА.***
Науқас, 5 жаста, құсуға, диареяға, құрысуға шағымданады. Объективті: терісі
гиперпигментацияланған, гирсутизм, сыртқы жыныстық ағзасы жетілуі ер
типті, ішкі жыныстық ағзасы дұрыс жетілген.Қанда альдостеронның және
кортизолдың деңгейі төмендеген, андрогендер деңгейі жоғарылаған. Осы
синдромның патогенездік маңызылығы байланысты:
андростендионның мөлшерінің азаюымен
21-гидроксилаза ферментінің тапшылығымен
17-гидроксипрогестеронның мөлшерінің азаюымен
ароматазаферментініңмөлшерініңжоғарылауымен
эстрогендермөлшерініңкөбеюімен
***
Қалқаншабезі ұлғайған науқастың қанында тироксин, трийодтиронин
деңгейінің азаюы және тиреотропты гормонконцентрациясының көбеюі
байқалған. Радиоактивті йодты енгізгенде оның қалқаншабезбен сіңірілуінің
күшеюі анықталған. Тиреоидты гормондар түзілуінің азаюына әкелетін
факторлардың бірі болуы мүмкін:
йодтың экзогенді жеткіліксіздігі
ТТГ рецепторларына аутоантиденелердің түзілуі
йодтың ферменттік оксидациясының күшеюі
құрамында гемі бар тиреопероксидазаның активациялануы
тирозиннің монойод туындылары конденсациялануының жылдамдауы
***
Науқастың қалқанша безінің резекциясынан кейінгікезеңде тетания
ұстамалары пайда болды. Ұстама алдында аяқтары мұздап, жансызданып,
шаншып, құмырсқажүріп өткендей сезімде болған. Қанда кальций мөлшері
азайған, фосфор- жоғарылаған, магний – қалыпты деңгейде. Клинико-
лабораторлық белгілері осының дамуын растайды:
гипотиреоз
гипертиреоз
тиреотоксикоз
гипопаратиреоз
гиперпаратиреоз
***
Науқаста қалқанша маңы безінің карциномасы дамыған. Қанда кальций
концентрациясы өскен. Сүйектерінің ауырсынуына, деформациясына
шағымданады. Анамнезінде –сүйектері сынған. Бұл көрсеткіштер осы дерттің
дамуына тән:
миопатияға
гипопаратиреозға
гиперпаратиреоидты остеодистрофияға
дистрофиялық үрдіске
тиреотоксикозға
***
|
|
|