- 1.Біліктілік дәрежесі бойынша;
- 2.Жастық және жыныстық құрылым бойынша – ерлер мен әйелдер, әр жастық топтағы жұмыскерлер;
- 3.Жұмыс өтілі бойынша – жалпы және арнайы, жұмыскерлер жалпы немесе арнайы жұмыс өтіліммен (1 жыл, 5, 10, 25 жыл және т.б.);
- 4.Білім дәрежесі бойынша – ғылым дәрежесімен, жоғары, аяқталмаған жоғары біліммен, орта-арнаулы, орта, аяқталмаған арнаулы біліммен жұмыскерлер.
Персоналды басқару әдістері – бұл ұйымның алға қойылған мақсаттарына жету үшін басқарушылық объектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы. Олар: - Ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті, адамның белгілі бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларда еңбек ету керек екенін түсінген саналы мотивке бағытталған.
- Экономикалық әдістер қызметкерлерді экономикалық ынталанлыруына негізделсе, ал әлеуметтік-психологиялық әдістер оның әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатында қолданылады. Экономикалық әдістердің көмегімен ұжымның, жеке жұмыскерлердің материалдық ынталандыруы орындалады.
- Элеуметтік-психологиялық әдістер еңбек ұжымында кездесетін жеке қарым-қатынастар байланысына әсер ететін арнайы әдістердің жиынтығын білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық әсер ету әдістемелері мен тәсілдері көп жағдайда жетекшінің дайындығы, жете білім деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеті мен психология саласындағы білімдерімен анықталады
Процесс ретінде персоналдарды басқаруда бірнеше жеке процестер ерекше орын алады: • жоспарлау – басқару мақсаттарын анықтау, оларға жету құралдары, моделдеу және басқарудың объектісін болжау; • ұйымдастыру – кадрларды іріктеп жинау бойынша жұмыс: кәсіби бейімділік, кәсіби іріктеу, жұмыс күшін тарту, жалға алу, жұмыс орындарына орналастыру, кәсіби дайындық, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, еңбек жағдайларын жақсарту және т.б.; • реттеу – жұмысшы күшінің цехаралық, кәсіпаралық және квалификациялық жылжуы, персоналдар тізімі мен еңбек ақы деңгейінің өзгеруі және т.б.; • қадағалау – тізімдік санын, пайдалану рационалдылығын, қызмет орнының сәйкестігін, кадрлық бұйрықтардың орындалуын және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |