жамандап, кінә тағатындар толып жатыр. Мен поптарды кінәламаймын. Керісінше, ең
алдымен, өзімді, қоғамды, халықты кәналаймын. Себебі, поптар көктен түскен жоқ
немесе басқа жақтан желмен ұшып, теңізбен жүзіп келген жоқ. Дін адамдары – жақсы
адамдар болсын, жаман болсын,
біздің қанымызбен қаны, жанымызбен жаны бір
бауырларымыз. Сондықтан, дін адамдарын жамандап, қарайлайтындарға мен былай
дер едім:
Біздің саудагерлеріміз мәдениетті ме? Аспазшыларымыз, ағаш шеберлері мен темір
ұсталарымыз намысты ма? Жалпы, қай мамандықтың иесі жоғары мәдениетімен
мақтана алады? Адвокаттарымыз бен парламент мүшелерін, журналисттерімізді өз
туған өлкесінің тұғыры болады деп айта аламыз ба?
Бұл сауалдарға қарсы сенімді
түрде жауап бере алмай, жер шұқып қалатынымыз өтірік емес. Олай болса,
басқаларынан не сұрайсыңдар? Өз арамызда доңызды сеніп баққызатын сенімді
бақташы таба алмай отырып, шіркеуде
құрметке лайық поп жоқ деп, неменеге
дінбасыларын қаралайсыңдар?
Мен бұл жиынға дін адамдарына кінә артуға келген жоқпын. Дертіне дауа іздеп,
дәрігерге жүгінген науқас адам сияқты, ем іздеп келдім. Сіздерге айтарым: Халық
мәдениетсіз, жүрексіз, жалқау, ашкөз. Халықтың ешкімге, ешнәрсеге құрметі қалған
жоқ. Халықтың сенімі жоғалған. Барлығына күдікпен, сақтықпен қарайды. Осындай
қоғамда дінге орын бар ма? Қандай дін болуы мүмкін бұл жерде? Ол аздай халық
арасында ескі бос наным-сенімге сену әлі күнге дейін кездеседі.
Десек те, осы үшін халықты кінәлауға бола ма? Дін жайында халыққа кім, қашан
және қалай түсіндірді? Хазіреті Иса мен оның жақтастары халық арасына сіңісіп, оған
сағаттар бойы Тәңірді, сүйіспеншілікті түсіндіретін. Сөйтіп олар қарапайым, түсінікті
тілмен халықтың рухын жаулайтын. Мыңдаған адам Исаның артынан еріп, Яхияны
іздейтін. Қазір болса, шіркеулер қаңырап, бос тұр. Халық уағыздарға бармақ түгілі,
қашады. Неге? Себебі, уағыздар халыққа түсініксіз, жүректеріне жетпейді, ақылға
қонымсыз, рухты оятып, көңілді көншітпейді. Бұл қорқыныштың алдын алуды сіздер
ойластыруларыңыз керек. Бұл –
сіздердің міндеттеріңіз, құрметті дінбасылар!
Сіздерге біздің халықтың рухани ауруға шалдыққанын айтқым келеді. Халық –
ауыр науқас. Халықтың діни наным-сенімінің әлсіреуі тек бір ғана шіркеудің
проблемасы емес, әрине. Бұл – мемлекет үшін де үлкен қауіп. Жаратқан Тәңірге
сенбеген көңіл кедейлігі – рухтың семгендігі. Дінсіздік халық үшін қасиетті саналатын
барлық нәрсені өлтіріп, жоқ етеді. Мұның соңы хайуан тәрізді өмір сүруге,
ождансыздыққа, менмендікке,
жағымпаздық пен жалтақтыққа, адам тәрбиесінің ең
төменгі дәрежесіне әкеп соқтыруы бек мүмкін.
Сіздерге – шіркеудің тізгінін ұстап отырғандарға айтарым: халықтың көңілінде
Тәңірге деген сенім күннен-күнге азайып бара жатыр. Бұдан қорқынышты не болуы
мүмкін? Өздеріңізге, Тәңірге, туған өлкелеріңізге таза жүректі, адал болғыларыңыз
келсе, кінәліні басқа жақтан іздемеңіздер. Білімге, пәлсапаға немесе зиялы қауымға да
кінә артпаңыздар. Барлық дін өкілдері мен мәзһабтардың екіжүзділері әрдайым кінә
артқан және әлі күнге дейін бұдан бас тартқан емес. Өзгеге кінә артқанша, өзіңізді
21
кінәлап, рухани ем іздеңіз. Тәңірді өзіңіз іздеп, табыңыз. Содан кейін халыққа жақсы
өмір сүрудің жолын көрсетіңіз!
Тағы да қайталаймын, жүректерде Тәңірге деген сүйіспеншілік болмаған халықтың
күні қараң! Сол себепті, сөзімді сіздерден –
епископтардан көмек сұрап
аяқтамақшымын. Халықты құтқарыңыздар! Жүректерге тәңірге деген шынайы
сүйіспеншілікті енгізудің жолын қарастырыңыздар! Сол үшін күн-түн демей, еңбек
етіңіздер!»
Снелман сөзін аяқтап, құрылтайға қатысушыларға сәлем берді.
Оның сөздері жиынға қатсыушыларға қатты әсер етті. Кейбір реніш білдіргендер
бар дауыстарымен айқайлап:
«Бұл шіркеуге қара күйе жақты. Екіжүзді!!!» - деп айқай салды.
Епископтар болса, Снелманның айтқандарына қосылып, үнсіз бастарын изеген.
Снелманның әрбір сөзі олардың көңілінде өткенге салауат айтып, келер күнге деген
сенім мен қуаныш ұялатты.
Құрылтайға қатысушы қарт епископтардың бірі Снелманның оқыған мектебінде
көптеген жылдар бойы поп қызметін атқарған екен. Ол орнынан тұрып, Снелманға
жақындап, маңдайынан сүйіп:
«Рахмет саған. Сен бүгін өзіңнің қарт мұғаліміңді бір қуантып тастадың. Сені
көріп, сөздеріңді тыңдап, халқымыздың жарқын келешегін көргендей әсерде қалдым.
Туған халқыңның болашағы үшін басыңды бәйгеге тігіпсің. Осындай қиын да,
жауапты міндетті орындауда Тәңірім саған жар болсын!» - деп ризалығын білдірді.
Осы оқиғадан соң, епископтар өз қарамағындағы елдімекендерде поптарды жинап,
халықты шіркеу уағыздарына қалай тартып, қызықтыруға болатынын талқылады. Дін
адамдары мен халықтың арасын жақындатудың жолдарын қарастырды. Көптеген
жерлерде поптар бірігіп, Інжілді оқып, оны тереңнен талдап, өз араларында тәжірибе
алмасты. Күн өткен сайын мұндай сұхбаттар мен уағыз, басқосулардың саны артып,
оған келуші халық та көбейе бастады. Жастар
мен жасамыстарды бөлек-бөлек
топтастырып, балаларға жастарына сай тілмен түсіндіретін арнайы уағыз-насихаттар
пайда болды.
Осылайша халықтың саны да, сапасы да күн өткен сайын жақсарып, семген рухтар
жібіп, жүректерге жылылық ұялай бастады. Снелман мен достары халықтың рухани
серпілісіне куә болып: «Біз туған халымызды рухани тәрбиелеу жолында қызмет
ететін ең тамаша, нағыз көмекшілерді таптық!» - деп сүйсінді.
22