Петров Григорий АҚ лала гүлдер өлкесі



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата11.03.2024
өлшемі349.33 Kb.
#494934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
pdf Finlyandia a 1179 lalag 1199 lder mekeni Grigoriy Petrov

ҚАҺАРМАНДАР МЕН ХАЛЫҚ
Кейбір мемлекеттер ұлтқа қауіп төндіретін дағдарыстарға тап болады немесе
түгелдей күйзеліске ұшырайды. Ал кейбір ұлттардың өмірі, керісінше, бірқалыпты
қалыптасқан күйі жалғасын тауып жатады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың қай –
қайсысы болмасын, тек қана мемлекет қайраткерлерін, министрлерді, депутаттарды
ғана толғандырып қоймай, әрбір ұлт өкілін ойландыруы тиіс. 
Ойлау жұмысымен шұғылданатындар болсын, қара жұмыс істейтіндер болсын, ер,
әйел, кәрі, жас демей, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарын да – барлығын осы
мәселе толғандыруы тиіс – ақ.
Мемлекеттердің күшті немесе әлсіз болуы, олардың көркейіп, дамуы немесе
тұралап қалуы ел тізгінін ұстаған басшылардың халыққа берген сенімдері мен
тұрақтылығына, олардың табансыздықтарына ғана байланысты емес. Ел басындағы
адамдар жақсы болсын, жаман болсын, ержүрек болсын, қатыгез болсын, қандай болса
да – олар өз ұлтының айнасы, ұлт рухының көшірмесі іспеттес. Қоғам қандай болса,
басқарушылары да сондай болады. Сол себепті, «әр ұлттың өзіне сай басқарушысы
бар» деген сөз бекер айтылмаса керек?! Қоғамда қайшы пікірлер тудырған бұл
шындықты нақтылай түсу үшін, бағзы заманнан бері дау тудырып келе жатқан
философиялық және тарихи бір тақырыпты қозғауға рұқсат етіңіздер. Бұл тақырыпты
өрбітер болсақ:
Ұлт тарихын кімдер жасайды? Мемлекет пен адамзат өміріндегі ең әуелі
оқиғалардың басында кімдер болды? Олар белгілі бір ұлт өкілдері, яғни, атақты
адамдар ма, әлде, әйгілі ағышын ойшылы Карлейль айтқандай, қаһармандар ма? Әлде,
ұлт тарихы дегеніміз ұлт өкілдерінің көрсеткен қайсарлығы мен халық рухын
жұмылуы арқылы жүзеге аса ма?
Карлейль бұл пікірдің алғашқысына қосылған және өз ойын дәлелдеп берген. Ал,
Лев Толстой болса, екінші пікірді қолдаған.
Карлейль өзінің «Қаһармандар және тарихтағы қаһармандықтар» атты
шығармасында олардың өркениеті мен мәдениеті жайлы жазған. Карлейльдің ойынша,
ұлт жансыз пластилин тәрізді. Ол бір шебердің қолына түспесе, мәңгілік пішінсіз және
қимылсыз күйінде қалады. Цезарь, Наполеон, Ұлы Петр, Сократ және Хазіреті
Мұхаммед (с.ғ.с) сияқты бірі өнер иесі, бірі ел мойындаған тұлға, бірі қаһарман, енді
бірі пайғамбар болған адамдардың біреуі жансыз пластилинді қолдарына алатын
болса, оны өздері қалаған пішінге енгізген болар еді.
Шыңғыс хан Азияның сайын даласынан миллиондаған қол жинады. Қытайды,
Үндістанды, Иранды, Ресейді өзінің қол астына қаратты. Петр Амиеньский
Иерусалимді мұсылмандардан азат ету үшін бүкіл католиктік Еуропаны аяғынан тік
тұрғызды. Мартин Лютер реформа жасады. Нерондар мен Калигулалар болса, көне
Римнің көзін жойды. Бисмарк пен Хогенцоллерндердің саясаты Германияны орасан
зор күйзеліске ұшыратты.
11




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет