Кітап жайлы қысқаша мәлімет
Орыстар мен шведтердің отаршылдығында болған
Финляндия қазіргі таңда
бәсекелес елу елдің алдында шығып, өз тілін, мәдениетін сақтап, өркениетті ел болып
отыр. Жерінде мұнай, газ сынды өзге де табиғи қазба байлықтары жоқ бұл елдің
адамдары өздерінің еңбекқорлығы мен терең білімділігінің
арқасында әлемді таң
қалдырып жатқаны белгілі. 1923 жылдары бұл елдің халқының ынтасы мен
талпынысын байқаған священик Григорий Петров «Ақ лала гүлдер өлкесі» атты
кітабын жазды. В.И.Ленин Петровты «демагог» деп атаса, Кеңес дәуірінде оқылуға
тыйым салынған бұл кітап 2004 жылы тұңғыш рет орыс тіліне аударылды.
Финляндия (Suomi) мемлекеті
Астанасы – Хельсинки қаласы
Тәуелсіздік алған күні – 06.12.1917 ж.
(РСФСР құрамынан)
Жер көлемі – 338145 шаршы метр
Халқының саны – 5323489 адам
Адам басына шаққанда ЖІӨ 35 мың евродан асады.
Дамыған салалары: ұялы телефон (Nokia), интернет
және қағаз өндіруден дүние жүзінде бірінші орында.
4
ҚАЗАҒЫМНЫҢ САНАСЫНА
СӘУЛЕ БОЛШЫ, СНЕЛМАН
Осы жылдың көктемінде «Айқын» газетінің редакциясына инбатты бір қыз келіп,
өзін «Әлия Өмірзаққызымын» деп таныстырды. Келген шаруасын сұрадым. «Мына
аудармамды оқып, пікіріңізді айтсаңыз екен» деді де, флешкасын қолыма ұстата
салды. Компьютерге түсіріп, одан ақ қағазға бастырып алып, Әлия әкелген «Ақ лала
гүлдер өлкесі» атты еңбекті бір деммен оқып шықтым. Бар –
жоғы компьютерлік
алпыс беттік осы еңбек мені Әлияға риза етті. Иә, өйткені бұл бүгінгі қазаққа, «судан
шығып қалған балықтай қазаққа» жаны ашитындар болса, оқитын, үлгі алатын еңбек
екен.
Кітаптың басты кейіпкері Снелман Финляндияның ерекше құрметті азаматы
саналатын көрінеді. Өйткені ол 1811 жылы шведтерден бостандық алған Финляндия
мемлекетінің егемендік өмірге алғаш қадам жасар кезеңде халқын дұрыс өмір сүруге,
кәсіп қылуға, денсаулықты сақтауға, діни теріс уағыздарды жоюға үй – үйді, ауыл –
ауылды аралап жүріп, қалың бұқараның жалпы дұрыс өмір сүру сауатын ашқан адам
екен. Біздің Абай қазақтың дұрыс өмір сүруге сауатын ашуға ғақлияларымен еңбек
сіңірсе, Снелман сол Абай айқандарды әлгіндей жолмен қалың бұқараға ауызба –ауыз
түсіндірген нағыз ұлтжанды азамат екен. Бүгінгі финдер дамыған елдер қатарында
болса, «біздің мұндай дәрежеге жетуімізге негіз салған Снелман» деп құрметтейді
екен. Мінеки, ұлтты сүюдің нағыз үлгісі.
Мұны аударған, қазақшалаған Әлия
ұлтымның «қазақты сүйемін» дейтін әр азаматы осылай,
яғни Снелмандай еңбек
сіңірсе екен деп тілейтіндей. Өйткені, осыны түрік тілінен аудара отырып, өзі де
осындай ұстанымда болды ғой.
Дәл осылай айтуымның себебі, сіздің қолыңызға тиген «Ақ лала гүлдер өлкесі»
атты кітаптың басты кейіпкері
Снелмандай қазағыма жаны ашып, қиналғанның
жанында болған бір зиялыны кезінде көрген де жоқпын. Олар туралы жазылған бір
хабарды естіген де жоқпын. Демек, менің өзімнің пікірімше, қазіргі қазақ зиялысы деп
жүргендер жай ғана көбік. Міне, осы себептен де мен баспа оқырманына ұсынған «Ақ
лала гүлдер өлкесі» атты кітапты әр қазақтың төрінде тұрып, әр қазақтың санасына
ондағы игіліктер сәуле түсірсе екен деп тілеймін. Бұл үшін кітапты түрік тілінен
тәржімалаған қарындасымыз Әлия Ибрагимоваға да, осы кітапты оқырманға ұсынған
баспаға да
ақ шашты басымды иіп, алғыс айтамын.
Мен неліктен әр қазақ Снелман болса екен деймін? Бұл сұрақтың да жауабын бере
кетейін. XIX ғасырдың ортасына қарай шведтер бодандығынан
босаған фин халқы қиын жағдайда еді. Қалың бұқара білімсіз. Маскүнем, зинақор,
шіркеулерінің өзіндегі уағыз кері әсерлі, шаруашылығын
өз бетінше басқара
алмайтын, жұқпалы дерттер демдеген батпақты даладағы халық осылар еді. Бұларды
бүгінгі дәрежесіне жеткізген мемлекет басшылары мен партиялар немесе байлар емес.
Оларды дамудың биік сатысына көтерген халықтың ортасынан суырылып шыққан
нағыз ұлтжанды зиялылар еді. Мен бүгінгі таңда кім зиялы десе, сол фин халқының
5
бүгінгідей дәржесіне жетуіне жол ашып берген Снелманды, үнді халқының азаттық
алуына жанын құрбан еткен Мохандас Гандиді және өзіміздің Абай мен Ыбырай
Алтынсаринді айтар едім. Сондықтан да фин халқының ұлы болса да Снелман мен
үшін құбыланама секілді. Әр қазақтың оқығаны, білімдісі ұлтжандымын десе, ұлтын
сүйсе, ең әуелі сол ұлтына Снелмандай қызмет етсін. Міне,
оқырман қолына тиіп
отырған кітап, мен үшін осындай сөз айтқызғанымен де қымбат. Саналы қазақ бұл
кітапты өзінің қымбаттысы санайды деп тілеймін.
Жолың болсын, қазағыма сәулесі түсер Снелман!
Достарыңызбен бөлісу: