рухын тұтатады. Алайда, ауа райы бұлтты болып, күн сәулесінен мақрұм болып қалған
жағдайда, күнтартқыштың темірді қыздырмақ түгілі, қардың түйірін ерітуге шамасы
келмейді.
Швецарияның танымал
ірімшігі биік тауларда жайылып, шүйгін шөппен
қоректенген сиырлардың ғана сүтінен жасалады. Сүттей ұйыған тыныш заманда,
ауызбіршілігі жарасқан елде өскен адамдар да осы тәрізді. Олар қауызын жаңа жарған
«ұлт гүлінің» хош иісіндей ерекшеленіп тұрады.
Наполеон бейбітшілікті жақтайтын ескі Қытайда емес, Францияда туып –
өскен. Дарвиннің балалық шағы Англияда өткен. Ол өзінің «Өмір сүру таласы» деп
аталатын туындысын жарыққа шығарды.
Германияны Бірінші Дүниежүзілік соғысқа енгізген II Вильгельм емес. Бірақ,
неміс халқының соғысқұмар зұлымдық рухы Бисмарк, Вильгелм, Хинденбург және
Рухбаштардың сөз қолданыстарында көрініс тапқан. Көне Римді жоқ қылған
Нерондар, Каракалалар және Комодтар емес. Барлық
нәрседе сөзі өтімді Испания
Лояланы, Германия болса Крупты тәрбиеледі. Әрбір ұлт бірде ел басқаруға лайық
рухы мықты адамдар тарапынан басқарылса, енді бірде, керісінше, әлсіз рухты,
жігерсіз адамдардың басқаруымен күн кешеді. Бұл екі басшының қайсысының ел
тізгінін ұстайтындығы – халықтың рухани деңгейіне байланысты болмақ.
Ұлт бойында жақсы қасиеттер бар ма, жоқ па? Әлде мұндай қасиеттерді бойына
енді сіңіріп жатыр ма? Ұлттың ақыл – ойы, қалауы, ар – ожданы кемелденіп жатыр ма,
жоқ әлде шіріп, уланып жатыр ма? Көмескі бір
өмірдің көлеңкесінде төменге
құлдырап бара ма?
Бұл сұрақтар әрбір ұлттың жеке тұлғасының өмір сүру мен олардың
еңбекқорлығына меңзейді. Біз өз елімізде не бітіріп жүрміз? Ұлтымыздың
тағдырындағы елеулі өзгерістерде рөліміз қаншалықты?
Осыған байланысты төмендегі мысалға назар аударайық:
Оңтүстік аймақта теңізді мекен еткен ерекше микроорганизмдер бар көрінеді. Олар өз
денелерінен әрдайым сұйықтық бөліп шығарып, өздері көзге көрінбейді.
Бұл сұйықтық
бір жерде жиналып, уақыт өте келе, маржанға айналады. Осылайша бірнеше кіші
маржан аралдары пайда болады екен. Бұл маржан аралдары адамдардың игілігіне де
пайдалы. Керісінше, дәл осы оңтүстік өлкелерде адам өміріне қауіп туғызатын ұсақ
құмырсқалар да бар. Олар өздері мекен еткен жердегі үйлердің қабырғалары мен үй
жиһаздарын кеміріп тастайды. Адамдар бұл құмырсқалардан құтылу үшін басқа жерге
қоныс аударуға мәжбүр болады.
Енді бір сәт мемлекетіміздің жағдайын ойлап көрейік: «Біздің жасап жатқан
қызметіміз мемлекетімізді құрту үшін бе әлде, оны құру үшін бе?». Яғни, мемлекет
болашағы үшін маржанбыз ба әлде құмырсқамыз ба?
Мемлекеттің болашағы мен бақыты, ұлттың қасиеті мен намысы халықтың
қалауымен
ұштасқанда ғана, жарқын келешекке қадам басары сөзсіз. Екі миллион
тұрғыны бар Финляндия мемлекетінің табиғаты суық, қысы қатал. Ауа райы көбінесе
тұманды болады. Көктемде де кейде мұз қатады. Тамыз айынан бастап, қара суық
13
түседі. Топырағы да құнарсыз. Жерінің басым көпшілігін гранит тастар алып жатыр.
Жер асты қазба байлықтары да жоқтың қасы.
Құрылыс жұмыстары өте ауыр шарттарда жүзеге асады. Бұл жердің халқы
ешқашан өз мағынасында тәуелсіз болған емес. Көбінесе
көрші мемелкеттердің
боданы болған.
Финдер өздерін Суом, ал мемлекеттерін Суоми, яғни, «Батпақ дала» деп атайды.
14