Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова


§ 5. Фраземалар құрамындағы орта ғасырлық



Pdf көрінісі
бет64/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119
Авакова фразеосемантика

§ 5. Фраземалар құрамындағы орта ғасырлық 
(араб, парсы) элементтер
Түркі тілдерінде (қазақ тілінде) араб және парсы тілдерінен сөз ауысу 
үрдісі біртұтас халық тілі қалыптасудан көп бұрын, орта ғасырда басталды. 
Ортағасырлық түркі дәуірінде түркі тайпалары бір-бірінен бөлініп, ара-
жігі айқындала бастаған мезгіл. Бұл ғасырда әр тайпаның тілінен мәлімет 
беретін жазба ескерткіштер саны аз емес. Олардың қатарына араб әрпімен 
жазылған түркі мәтіндері мен сөздіктерін, көне ұйғыр жазуымен жазылған 
ескерткіштерді, әдеби туындыларды жатқызуға болады.
Орта түркі тілдері ескерткіштерін топтастыру мен оларды кезеңге бөлу 
тұрғысында ғалымдар пікірлерінде бірізділік жоқ. Н.А. Баскаков Х-ХV 
ғасырларды екіге бөліп қарастырады:

монғол шапқыншылығына дейінгі – Х-ХІІ ғғ.;

монғол шабуылынан кейінгі – ХІІІ-ХV ғғ.
Қазақстан түркітанушы ғалымдары Ә. Құрышжанов, Ә. Ибатов бұл 
кезеңді ІІІ дәуірге бөледі:

Қараханид әулетіне байланысты түркі жазба әдеби тілі ескерткіштері 
– Х-ХІІ ғғ.;

Орта Азия түркілерінің жазба әдеби тілі ескерткіштері – ХІІ-ХІІІ ғғ.;

Шағатай түркі жазба әдеби тілі ескерткіштері – ХІІІ-ХІV ғғ.
Осы кезең арасында түркі тілдерінің сөздік қоры араб және пар-
сы тілдерінен енген сөздермен толықты. Олар қазіргі тілдік тұрғыдан 
«кірмелік» белгісі біліне қоймайтын ана тілінің төлтума сөздеріндей бо-
лып, мәнді қызмет атқарады. Араб және парсы тілдеріне енген сөздердің 
қызметін Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиұлы ІV топқа бөліп қарастырады 
[Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы, 1997; 141-142 бб.]:

тілге сіңісіп, қазақтың байырғы төл сөзіндей жымдасып кеткен ак-
тив сөздер, бұлар қазақ тілінің сөздік қорына әбден тұрақтанған сөздер (ас, 
бақыт, ар, дүние, зат, нан және т.б.);

жалпы халыққа таныс әрі түсінікті бола отырып, әлеуметтік өмірдің, 
шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында 
қолданылатын терминдік сипаттағы сөздер (нарық, базар, емтихан, үкім, 
құн, әділет, ереже және т.б.);

әр түрлі экспрессивті-эмоционалды мәні бар, ерекше стильдік реңк 
тудыратын сөздер (махаббат, нұр, абзал, сахара, ғұлама, тағдыр, қасірет 
және т.б.);


Авакова Р.А. Фразеосемантика
124

әдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын 
сөздер (уалаят, мілләт, мизам, хикмет және т.б.).
Тіл маманы Р. Сыздықова – қазақ тіліндегі араб және парсы сөздері 
дерексіз ұғым атаулары мен оқу-білім, мәдениет салаларына қатысты сөздер 
тілге араб және иран халықтарымен тікелей қарым-қатынастың нәтижесінде 
енбеген, олар орта ғасырдан, ХІІ ғасырдағы Яссауи хикметтерінен бастап, 
күні кешегі «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының түркі тілдеріндегі жырлану 
арқылы келген – деген тұжырым айтады [Р. Сыздықова, 1994; 173 б.].
Дүрсе қоя беру «тап беру, шап ете түсу». Л. Будаговтың пікірінше, сөздің 
төркіні парсы тілінің дүрусь «тура, кенеттен» мағынасы негізінде туындаған 
[С. Будагов, 1869; 570 б.]. Парсының дурусь сөзі қазақ тіліне дүрсе тұлғасында 
өзгерген. Фраземаның мағынасы «тура бас салу, кенеттен бас салу»
[Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 78 б.].
Діні қатты «мейрімсіз, қатыгез». Қазақ тілінде дініне берік тіркесі жиі 
қолданылады және дін сөзі қазіргі ұғымдағы «дінмен» қабаттасып жататы-
нына еш күмән жоқ.
Діні қатты фраземасындағы дін парсы тілінің дэл «жүрек» мағынасында 
қолданылатын, дыбыстық өзгеріске түскен сөз [Персидско-русский сло-
варь, 1970; 648 б.]. Парсы тілінде осы конструкциямен жасалған дэл хара 
«қатал, жүрегі қатып қалған» тіркесі бар. Парсы тілінде дэл «жүрек», хара 
«гранит» [Персидско-русский словарь, 1970; 525 б.]. Қазақ тіліндегі қара 
жүрек фраземасы парсы тіліндегі тіркестің аудармасы болуы ықтимал. Де-
мек, «жүрек мейірімсіздігін» тастың (граниттің) қаттылығына теңеуден 
туған [Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 80-81 бб.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет