119
Қазақ фраземалары құрамындағы көнерген сөздер
119
ский словарь, 1980; 212 б.]. Дыбыстық сәйкестіктерді ескертсек, «сила»,
«шөйүндү» тұлғалары қос сөздерінің сыңары болып отырған
сіле қалпына
жеткен. Тілдік деректерге сүйене келіп, «ішек-сілесі», «ішек-ішек» деп
ұғынуға болады. Демек, қайталама қос сөздер екен.
Фраземаның
екінші сыңары қатты сөзі түркі жазба ескерткіштері
мен қазіргі түркі тілдерінде кездеседі. М. Қашқари сөздігінде
қатғұр не-
месе
қатур сөздері «қарқылдап күлу, күлкіге кенелу» мағыналарында
қолданылған [Древнетюрский словарь, 1961; 433-436 бб.]. Қазіргі алтай
тілінің туба-кижи диалектісінде
қатқы сөзі «күлкі» мағынасын береді.
Адам көңілденіп күлгенде, оның белгісі тек бет
пішінінде ғана емес,
бүкіл денесіне әсер ететіні белгілі. Қарқылдап күлкіге кенелген адамның
иығына дейін солқылдайтыны да бар. Күлкінің осы қалпын бейнелеуде кей-
де
ішегі түйілгенше күлді деу де тілде кездеседі. Дәл осылай бейнелеудің
бірі –
ішек-сілесі қатты. Демек, адам өзі күліп қана қоймай,
ішек-ішегіне
дейін күлді деген ұғым [Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 262-263 бб.].
Тіл тарихын зерттеуші ғалым Р. Сыздықова сөздер мен сөз тіркестерінің
этимологиясына тілдік деректер негізінде этимологиялық талдау жасай
келе мынандай ғылыми тұжырым айтады: «... түркология мен монголи-
стика атты ғылым салаларында көптен бері айтылып келе жатқан ортақ
сөздерден гөрі, сөз тіркестерінде, сөздің морфемдік құрамында кездесетін
кейбір тұлғалардың төркінін монғол тілдерінен алып талдадық.
Сонда
түркі-монғолға ортақ болар деген сөздердің де, сондай-ақ таза монғолдық
болар деген сөздердің де бар екенін байқадық... Таза түркілік немесе
таза монғолдық деу қиын ... тұжырымда-рымызды үзілді-кесілді дей ал-
маймыз. Бұлардың бірқатары кірме сөздер болуы мүмкін, оны әрі қарай
зерттеушілер, әсіресе, алтай теориясымен шұғылданушылар нақтылайды
деп ойлаймыз» [Р.Сыздықова, 1994; 176 б.].
Профессор Р. Сыздықованың пікіріне біз де қосыла отырып,
кейбір
фраземалардың құрамындағы қазіргі сөйлеушіге түсінік-сіз, дайын
«құрылыс материалы» ретінде сөйлеуде қолданыла-тын, тұтас мағыналы
фраземаларды олардың ішкі формасы мен мағынасын (семантикасын)
түсіндіру және осындай тіркестердің семасиология саласында зерттеу ны-
санасы бола алады деген мақсатта талдау жасадық.
Достарыңызбен бөлісу: