127
Қазақ фраземалары құрамындағы көнерген сөздер
127
қоғам дамуы мен мәдени, экономикалық және саяси өзгерістер нәтижесінде
кейбір ұғымдар қолданыстан шығып, көнерген сөздер немесе историзмдер
қатарын құрайды. Бірақ осы «уақытша» тілдік қолданыстан шығып, исто-
ризмдер немесе көнерген қатарындағы ұғымдардың «қайтадан жаңғырып»,
мағынасын кеңейтіп жаңа ұғымдардың лексемаларды жасай алатыны тіл
тарихында белгілі (әкім, төраға, тұсаукесер және т.б.).
Қазақ тіліндегі көнерген мағыналы фраземаларға талдау жасау барысын-
да тіркес құрамындағы сыңарлардың плеонастық тіркестер құрай алатынын
тілдік деректер дәлелдеді. Қазіргі қазақ тіліндегі плеоназмдер жүйесінің
қалыптасуы тіл заңдылықтарына ғана емес, экстралингвистикалық
құбылыстармен де тікелей байланысты. Олар қоғамдық өмір мен тілдік
қатынастардағы әлеуметтік, тарихи, экономикалық, саяси және т.б.
өзгерістерді көрсетіп отырады.
Кердең мойын, Кердең мойын кесілді деген тікес бар. Парсы тіліндегі
гердең – кердең мағынасы «мойын». Тіркестің тура мағынасы
мойын бо-
лады.
Парсы және қазақ тілдеріндегі мойын деген сөз қатар айтылып,
плеонастық қатар түзеп тұр [Р. Сыздықова, 1994; 91 б.].
Көктеп тігу. Парсы тілінде
көк сөзі «әр жерден іліп, сирек түскен тігіс»
мағынасын береді. Қазақ тіліндегі
көктеу немесе
көктеп тігу осы парсы
тіліндегі мағынаны (
тігу тігу) береді.
Көр соқыр «мүлде көрмейтін, тас қараңғы соқыр». Парсы тілінде
көр сөзі
мағынасы «соқыр». Осы бір мағынаны беретін екі сөз қатар қолданылған
фразема (
соқыр соқыр) «мүлде еш нәрсені көрмейтін» ұғымын білдіріп тұр
[Р. Сыздықова, 1994; 101 б.].
Өле тойды «мейлінше тою, көп ішу, көп жеу, тойғанша жеу». Күнделікті
сөйлеу тілінде
өле тою тіркесі кездеседі. Осыдан
өлгенше жеді, өлгенше
ішті тіркестері тілде тұрақты қолданылады. Якут тілінде
өл етістігі
«тою» мағынасын береді. Көне түркі тілінде қолданылған өл «тою» сөзі
мен
қазіргі қазақ тіліндегі той сөздері плеонастық қатар түзеп, «тою»
мағынасын-дағы екі сөз қатар қолданылып, «мейліше тою» мағыналы фра-
земада сақталған [С.Сыздықова, 1994; 128 б.].
Фраземалардағы плеонастық құбылыс сөз тарихымен, ұлт, халық та-
рихымен тікелей байланысты. Тарихи даму барысында тілге бір лексе-
малар қолданысқа кіріп, екінші бір сөздерді қолданыстан ығыстырып
жатады. Кейде олар қандай да бір кезеңде қатар қолданылып (біреуі ғана
«жеңу» керек), кейінірек біреуі қолданыстан шығып қалады. Фраземалар
құрамындағы кездесетін плеонстық құбылыстар бір мағыналы сөздің қатар
қолданған кезеңінің куәсі деп айтуымызға болады.
Қазақ тіліндегі плеонастық құбылыстар – лексикалық, грамматикалық,
лексика-грамматикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеуді қажет ететін нысана.
Плеоназм құбылыстарының кейбір мәселелері Н. Әшімбаеваның «Қазіргі
қазақ тіліндегі лексикалық плеоназмдар» атты кандидаттық диссертация-
Авакова Р.А. Фразеосемантика
128
сында қарастырылған [Н. Әшімбаева, 1983; 20 б.].
Тілдегі плеонастық
құбылыстар (немесе фраземалардағы плеонастық көріністер) мағынаға
үстеме реңк беру мақсатында ғана емес, ойды нақтылау, бейнелелікті
күшейту үшін қолданылатын стилистикалық тәсіл ретінде қарастыруға бо-
лады.
Тілдік жүйедегі фразеологизмдердің пайда болуының негізінде бұ-
рын нан белгілі, қалыптасқан үлгілер, модельдер жатыр.
Олар тілдегі
қалыптасқан фразеологизмдердің құрылымдық қалыптарына, аналогияла-
рына ұқсатылып, оларды бейнелі түрде беру мақсатында қалыптасады.
Тілдің сөздік құрамының толығуы өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы
ғана емес, өзге тілдерден сөздердің кіруі арқылы да жүзеге асады. Бұндай
құбылыс – қазақ тілінің фразеологиялық қорына да тән. Халық басынан
кешірген тарихи даму барысында көптеген елдермен араласып, түрлі
қарым-қатынастар жасаған. Сондықтан да қазақ тілі фразеологиялық
құрамында араб, парсы, монғол тілдері элементтері кездеседі.
Қазіргі қазақ тілінің фразеологиялық қорында тек фразема құрамында
ғана кездесетін, жалпыхалықтық тілде жеке қолданылмайтын сөздер
кездеседі. Мұндай сөздер лексикалық архаизмдер құрамына кіреді.
Тіркес құрамындағы сөздердің мағынасын тек солардың шығу төркініне
этимологиялық талдау жасағанда ғана ашуға мүмкіндік болады.
Лексикалық архаизмдер арқылы жасалған
фраземалар мағынасы қазіргі
тілдік (синхрондық) тұрғыдан түсіндіруге келмейтінін, олардың түп негізі
тарихи кезеңдермен тікелей байланысты екенін тілдік деректер дәлелдеп
отыр.
Қазақ тіліндегі фраземалардың құрамындағы түсініксіз сөздердің ар-
налары кейде кірме элементтерде жатса, кейбіреулерінің тарихын көне
ескерткіштер мен туыстас тілдерден іздеген жөн. Қолда жинақталған мате-
риалдар негізінде көнерген сыңарлармен келген фраземаларды ІІІ кезеңге
бөліп қарастыруға болады:
•
алтайлық кезең;
•
көне түркілік кезең;
•
орта ғасырлық кезең.
«Алтай тілдері» деп аталатын кезең ғылымда әлі де толық айқындалмаған,
түрік, монғол, тұнғұс-маньчжур, финугор, жапон, корей, самодий тілдері
өзара туыстас, төркіндес болған, тарихқа белгісіз дәуірде ол тілдер бір-
бірімен жекеленбей бірлікте өмір сүрген деген ғылыми болжам негізінде
қалыптасқан «Алтай теориясы немесе гипотезасы» – қазіргі тілдердің ма-
териалдарына салыстырмалы-тарихи әдіспен реконструкция жасау арқылы
дәлелденген дәуір.
Тілдік материалдар қазіргі фразеологизм
құрамында алтайлық
элеменеттердің бар екенін дәлелдеді, оларға сөздіктер негізінде талдаулар
жасалды.