Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет86/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   119
Авакова фразеосемантика

сұлама «өзге жаққа босқан, жаугершілікке ұшырап, жұтаңдықтан шұбырған 
ел туралы», Ақ орда «ерте кезде билік иесі отырған, ханның, бектің, 
патшаның мекені, резиденциясы», Ақ сүйек «хан, бек, төре тұқымы», Ақ 
бата «жақсы ниет» ақсүйек (ойын) және т.б. 
Ақ ұғымымен байланысты қалыптасқан этнофразеологизмдердің пай-
да болу уәждеріне салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімдер де дерек бола 
алады. Мысалы, ақ бата – біреудің болашағына, өміріне деген ізгі ниет, 
адал көңіл. Батаны көбінесе халық қалаулысы, ауыл ақсақалы, қариялар 
берген. Халық түсінігінде «жақсы сөз – жарым ырыс», даналардың ақылын 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
168
тыңда, сөзіне құлақ сал, сонда сенің ақ ниетің адал болады, қыдыр қолдап 
басыңа бақ қонады деп, үлкен жиындарда қалың нөпір халықты ақ батаға 
қол жайдыртқан. Мысалы: Әкімгерей майданға аттанар алдында қара 
шал қой сойып, ауыл ақсақалдарының басын қосып, жауға қарсы соғысқа 
аттанғалы отырған Әкімгерейге ақ батасын бергізеді (Ә. Әлішев).
Ақ жуып, арулап көмді. Ата дәстүріміз, баба салтымыз бойын-
ша дүниеден қайтқан адамды арулап, жуып, ақыретке, ақ кебінге орап 
аттандырған. Ақ жуып, арулау «тазалау, жуу» мағынасында қолданылады. 
Ақ жуып, арулау тіркесінде «таза-лау, кіршіксіз ету» деген семантикалық 
мағына бар.
Сыр елінің үрдісінен аттамай, жаназаға жиналған жұртқа мақсатында 
жыртыс жыртып, еркекке бес теңге, әйелге үш теңге, балаға бір теңгеден 
шірінкене үлестіріп, ақ жауып, арулап аттандырады (Д. Досжанов).
Ақ дастархан – «адал көңіл, таза ниетпен жайылған дастархан». Қазақ 
халқы үйге келген кез келген адамды шын ниетімен, таза көңілмен барын 
алдына қойып, қарсы алған.
Ағайынға есігіміз ашық, ақ дастарханымыз жаюлы, кісіге қиянат жа-
сап, ешкімнің ала жібін аттамаған жандар едік (Заман Қазақстан).
Ақ түс – қазақ ұғымындағы ең қасиетті, ардақты, бояулардың бірі. Ақ 
түсінің семантикалық нышаны жақсылық, ізгілік, адамгершілік, пәктік, 
сүйіспеншілік ұғымдарымен шектесіп, астарласып жатады. Мысалы, ақ 
көңіл, ақ жүрек, ақ тілеу, ақ бата, ақ өлім, ақ жол, ақ маңдай және т.б.
Ақ түсінің негізгі, түстік номантивтік мағынасында Ақ серке қой ба-
стайды, ақын жігіт той бастайды; Ақ жаулығы ананың, ақ көрпесі 
баланың мақалдарындағы ақ атауы мысал бола алады. Ақ ұғымының 
коннотациялық мағынасы төмендегідей:
– сүт тағамдары, төрт түлік малдың сүтінен өндірілетін тағам мен су-
сындар – айран, қатық, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат;
– әк мағынасындағы – үйді әктеу/ақтау;
– адал, таза, күнәсіз, пәк – ақ көңіл, ақ жүрек;
– әділ, әділетті, арамдығы жоқ, істің дұрысы – ақ сөйле, ақтық сөз;
– ізгі тілек, жақсылық бақыт – ақ тілек, ақ бата, ақ босаға, ақ жаулық, 
ақ қас, мұңсыз бол!;
– асыл, таза, қосапсыз – ақ алмаз, ақ семсер, ақ сауыт, ақ берен, ақ 
найза;
– табиғат құбылыстары – ақ жауын, ақ қар, көк мұз, ақ тұман, ақ 
түтек;
– тозу, жұтылу, күйзелу – ақ сүйек қылу, ақ сирақ, ақтабан шұбырынды;
– қасиетті, қастерлі – ақ жауып, арулап көму, ананың ақ сүті;
– хан, бек, төре тұқымы – ақ сүйек, ақ орда, ақ үй, ақ саусақ;
– әйелге тән әдемілік, келбеттілік, сұлулық – ақ жүзді, ақ дидар, ақша 
бет және т.б.


169
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
169
Ақ ұғымының лексикалық мағынасының кеңеюі терминдердің қалып-
тасуымен кейбір сөздердің калька жолымен аударылуымен де байланыс-
ты. Кеңес дәуірінде «ақтар» ұғымымен субстантивтеніп революцияны 
жеңуге қарсылық көрсеткендердің ресми терминіне айналды. Немесе 
орыс тіліндегі белый билет «ақ билет» әскерден босатылғандардың ресми 
құжаты, белая ворона «ақ қарға» айналасындағыларға ұқсамайтын «ерек-
ше» адам. Кезінде репрессияға ұшырап, кейін адамдардың ақталуына белые 
пятна «ақ таңдақтар» деп жүр. Сонымен қатар орыс тілінде географиялық 
картадағы әлі ашылмаған, аты қойылмаған объект мағынасында да белые 
пятна фраземасы қолданылады. 
Семантикалық-тақырыптық тұрғыдан ақ сөзімен келетін фраземаларды 
төмендегідей топтастыруға болады:

табиғат құбылыстарымен байланысты фраземалар: ақ тұман «боз 
тұмен, ақ бұлттай ұйыған тұман», ақ жауын «ұзаққа созылып майдалап 
жауатын жауын», ақ қар, көк мұз «қыстың қақаған аязды күні», ақ түтек 
боран «көз ашқысыз, желдете жауған қар»;

адамға байланысты фраземалар: ақ маңдай «әйелге тән әдемілік
келбеттілік», ақ дидар «сұлу келбет, ақ құба өң, жүз», ақ білек «әдемілік, 
келбеттілік», ақ тамақ «қыздың әдемі, сұлу тамағы»;

адамның жеке басына тән қасиеттері, ішкі жан дүниесін айқындайтын 
фраземалар: ақ жүрек «таза, адал көңіл», ақ көңіл «арамдығы жоқ, таза, 
әділетті», ақ ниет «адал, пәк, ізгі тілекті», ақ саусақ «ешқашан жанын 
қинап, қара жұмыс істемейтін кісі», ақ көз «надан, ақымақ, қараңғы»;
• адамның физикалық қалпын, физиологиялық ерекшеліктерін бейне-
лейтін фраземалар: ақ тер, көк тер болды «қара суға түсті», қосағымен 
қоса ағарту «өмірлік жарымен бірге қартаю»;

адамның психикалық ерекшеліктерін, моральдық қалпын, іс-әрекетін, 
ойлау, сөйлеу қабілетін, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасын, тән 
қажеттіліктерін білдіретін фраземалар: ағынан ақтарылды «еш нәрсені 
жасырмады, ішіне еш сыр бүкпей, ашық айтты, бар сырын ақтарды», ақ-
қарасын айыру «дұрыс-бұрысын, жөні мен қисынын ажырату», сүттен 
ақ, судан таза «кіршіксіз таза, пәк, күнәдан аулақ», ақ сүтін ақтау «ата-
ананың ізгі тілегін орындау, адал ниетін ақтау», көзінің ағы мен қарасындай 
«ең ардақты, жақсы көрген сүйікті перзенті»;

қоғамдық тұрмыс-тіршілікке, адамның әлеуметтік жағдайына бай-
ланысты фраземалар: ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс «айтқаны 
болған, әмірі жүрген», ақ сақал «ең құрметті атау», ақ түйенің қарны жа-
рылды «аса молшылық».

салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімге байланысты фраземалар: ақ 
жаулық «әйел, жұбай», ақ босаға «таза, қадірлі», ақ жол «ақиқат, әділ», ақ 
неке «адал жар», ақ құйып шығару «ақ ниет, таза көңіл»;

сауыт-сайман, қару-жарақ және зергерлік өнерге байланысты фра-
земалар: ақ сауыт «асыл, таза, қосапсыз (болат, алмаз т.б.) металл жайын-
да)», ақ семсер «сапы мен қанжардан ірі екі жүзді қару» және т.б.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
170
Қазақ халқының негізгі тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен тіке-
лей байланысты. Бұл байланыс олардың мәдени-рухани өмірінен, дүние-
танымынан, салт-санасы мен әдет-ғұрпынан да байқалады. Қазақтар төрт 
түлік малдың төртеуінің де түртүсін анықтауға зор мән берген. Осыған 
орай тілде ірі қараның түс-түс атаулары көрініс табатын фраземалар да бар.
Ақ түсі әсіресе түйе малымен байланысты көп айтылады. Мысалы, 
ақ түйе, ақ нар, ақ атан, ақ інген, ақ бота, ақ тайлақ және т.б. түйенің 
түрлері түгі бірыңғай ақшыл болып келетін түске байланысты айтылған. 
Жалпы ақ түйенің өзі табиғатта сирек кездеседі екен. Қазақ дәстүрінде ақ 
түсті аруана, ақ інген, ақ бура төрт түлік малдың басы киелі, қасиетті жа-
нуар болып саналған. Сондықтан да ақ түсті түйені сою – өте сирек бо-
латын, қандайда бір қатал сертке, ырымға байланысты істелетін дәстүр. 
Тілдегі «ақ түйенің қарны жарылғанда» деген фразема – ертеде кіндігінен 
бала көтермей жүріп, әйелі ұл тапқанда, қанды майданнан азамат елге сау 
оралғанда, өлім аузынан аман қалғанда, «соямын» деген сертке байланы-
сты ақ атанның құрбандыққа шалынып, ауыл-аймақтың қуанышқа кенеліп, 
көл-көсір дәм-тұзға елдің қарық болуына байланысты туған.
Сары фраземасының таңбалық-символдық мағынасы. Жиналған лек-
сико графиялық деректер бойынша сары сөзінің 11 мағынасы анықталды. 
Оны төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады: 
7-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет