165
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
165
•
Алғыс-қарғыс мәнді фраземалар:
жүзі қара «ұятсыз, арсыз, қара
бет»,
қараң өшкір «құры, көзің жоғалсын»,
қара мал «сиыр, жылқы, түйе»,
алдына қара салмады «жарыста алдына мал түсіріп көрседі» т.б.
•
Сауыт-сайман, қару-жарақ және зергерлік өнерге байланысты фра-
земалар:
қара мылтық «күміс әшекейсіз»,
қара садақ «үлкен садақ»,
қара
маржан «асыл тастың түріне байланысты» т.б.
Қазақ тіліндегі қара сөзінің лексикалану үрдісімен қатар кейбір тір-
кестерде қолданылатын аталмыш семаның кірме сөздік табиғатын дәлел-
дейтін тілдік дәйектемелер де бар. Сөз төркінін зерттеуші Ә. Нұр мағамбетов
қара басу фраземасының этимологиясы жөнінде мынандай пікір айтады:
«Қара басу – түсіндірме сөздіктегі мағынасы «албасты басты, құдай ұрды,
жолы болмады, оңбады». Сырт көзге түркі тілдерінің сөзі әрі екі түбірдің
тіркесінен туған сияқты... Дәл осындай тіркес қырғыз тілінде де кездеседі:
қара басу «жын басу» мағынасында түсіндірілген.
Біздің жобалауымызша, тіркес қалпында қабылдап отырған бұл сөздің
төркіні араб тілі және бір ғана сөз сияқты. Араб тілінде: ғаребасат – 1. шы-
мырлау, шатысу; 2. шатақ, шытырман.
Егер осы деректі дұрыс деп ұқсақ, «қарабасу» сөзінің шын мағынасы
– шырмалу, шатысу. Кім біледі, түркі тілдерінен араб тілдеріне ауысып,
оларда сәл өзгеше мағына иеленуі де ғажап емес» [Ә. Нұрмағамбетов,
1994; 162 б.].
Әрине бұл ғылыми гипотеза ғана. Қара сөзі туралы алтаисти-ка
ғылымында да көзқарастар жоқ емес. Ресей түркітанушысы И.В. Кормушин
қара сөзінің семантикасына талдау жасай келіп, бурят тілінде –
хара, қалмақ
тілінде –
хар, монғол тілінде –
хар сөздерінің түс, қара қоңыр, балшық
(хара
болох кір болу«), қарсыз жер, құрғақ жер, майсыз ет, ешнәрсе қосылмаған
нан, сүт, қарапайым қара халық, қара байыр, жауыз, рух, физикалық күш,
тек, артық, мейірімсіз, бақытсыз, жынды, ерекше, қайырымсыз, бірбеткей,
жағымсыз,
қорқынышты, қызғаныш, көре алмаушылық, өсек-өтірік,
көлеңке мағыналарында қолданылатынын айта келіп, бұл мағыналардың
кейбіреуінің тұнғыс-маньчжур, евенек, негидаль,
орок тілдерінде де
аталмыш семалардың көпшілігінің тілде қолданылатынын айта кетеді»
[И.Г. Добродомов, 1997; 598 б.].
Тарихи сөзжасамның теориялық негіздерін қазақ тіл білімінде ғы-
лыми тұрғыдан талдаған ғалым А. Салқынбай,
ірі-қара, қара мал де-
ген тіркестердегі қара сөзінің мағынасы фин тілінде «скот» (мал) деген
мағы наны беретінін айтады [А. Салқынбай, 1999; 264 б.].
Қара сөзінің
басқа тілдерде де қолданылу мүмкіншілігін кірме сөз ретінде емес, ортақ
лексикалық ұғым ретінде танимыз.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «ақ» сөзінің негізгі жеті мағынасы
берілген [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 126 б.]:
1. Қардың, сүттің, бордың түсіндей (қара түске қарама-қарсы);
2. Адамның, малдың, құстың т.б. жан-жануарлардың түсі;
3. Өсімдіктің түрі;
Авакова Р.А. Фразеосемантика
166
4.
Сөйл. Әк;
5. Совет үкіметіне қарсы күрескен дұшпан тобы;
6. Дойбының,
шахматтың фигуралары;
7. Адал, кінәсіз, жазықсыз;
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦)
берілген.
Ақ фраземасының таңбалық-символдық мағынасы. Жиналған лексико-
графиялық деректер бойынша ақ сөзінің 12 мағынасы анықталды. Оны
төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:
6-кесте
Достарыңызбен бөлісу: