Авакова Р.А. Фразеосемантика
174
6. Қырмандағы ұшырылған, тазартылған астық, дән;
7. Шайдың күрең түсті қою шығымы.
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦)
берілген.
Қызыл сөзінің Орхан-Енисей, көне ұйғыр, Қараханид, орта ғасырлық
қыпшақ, оғыз, шағатай ескерткіштерінде, түркі тілдерінің басым көпші-
лігіндегі тұлғасы –
qyzyl, хакас тілінде
хyzyl, якут тілінде qyhyl, чуваш
тілінде хerle.
Қызыл түстің мағыналық қолданыс шеңбері кең. Ауыс мағынада
фраземалық тіркестерде символдық қолданысқа түседі. Қызыл түсі о баста
күннің, оттың түсіне байланысты олардың символы ретінде қабылданған.
Қызыл іңір, қызыл арай, қызыл аяз, қызыл жел, қызыл су фраземала-
ры күн мен отқа қатысты қалыптасқан. Қызыл түсінің ауыс мағынада
қолданылатын символикалық мәні төмендегідей:
– малдың, хайуанаттардың, құстардың еті –
қызылға отырғызу, қызыл
жегізу, қызыл көрген қырандай;
– қырманда үйілген астық –
қырман толы қызыл, қызыл тазалау, қызыл
қырман қылу;
– жас нәресте –
қызыл шақа, қызыл қарын жас бала, қызыл қарын бұты
шыт;
– революционер –
қызыл әскер, қызыл сақшы, қызыл армия;
–кеңестік өмірді бейнелейтін әлеуметтік-маңызды құбылыстар –
қызыл
отау, қызыл мүйіз, қызыл тақта, қызыл бұрыш, қызыл кітап;
– табиғат құбылыстары
– қызыл іңір, қызыл шұнақ аяз, қызыл жер,
қызыл арай;
– шебер, көркем
– қызыл тіл, қызыл сөз;
– адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы –
қызыл көз, қызыл ауыз, қызыл өңеш,
қызыл шеке болу, қызыл кеңірдек болу және т.б.
•
табиғатқа байланысты фраземалар:
қызыл іңір «күн батып, қараңғы
түсе бастаған мезгіл»,
қызыл арай «таңертеңгі және кешкі мезгіл»,
қызыл
шұнақ аяз «бетті қарып жіберетін шытырлақ аяз»,
қызыл еспе (жел)
«аңызақ, ыстық»;
•
адамның сыртқы келбеті, түр-тұлғасын, портретін сипаттайтын
фразема лар:
қызыл шырайлы «бетінен қаны тамған өңді»,
қызыл жүз
«әдемі, сұлу бет, жастық жалын»;
•
адамның жеке басына тән қасиеттерді, ішкі жан дүниесін айқын-
дайтын фраземалар:
қызыл көз пәле «барып тұрған пәлеқор, жемқор адам»,
қызыл ауыз «көп сөйлейтін, мылжың адам»;
•
адамның физикалық қалпын, физиологиялық ерекшеліктерін айғақ-
тайтын фраземалар:
қызыл кеңірдек «таласып дауласты, жанжалдасты»,
қызыл
табан қылды «табанынан таусылды, көп жүріп көрді»,
қызыл шақа «шыр етіп
жаңа туған бала»,
қызыл жоса болу «қызыл
ала қан болу, төбелесу»;
•
адамның психикалық ерекшеліктеріне, моральдық қалпын ой-
лау, сөйлеу қабілетіне, іс-әрекетіне, адамдар арасындағы өзара қарым-
175
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
175
қатынасына тән қажеттіліктеріне байланысты фраземалар:
қызыл дән
«піскен дән»,
қызыл диплом «үздік диплом»,
қызыл қырман «қырманда
үйілген астық»,
қызыл тіл «шешен, орамды, жүйрік»,
қызыл сөз «құр бос
сөз, тиянақтағы,
байлауы жоқ, ойсыз, жылтыр сөз»;
•
қоғамдық тұрмыс-тіршілікке, адамның әлеуметтік жағдайына бала-
нысты фраземалар:
қызыл отау «көпшілік мәдени-ағарту мекемесі»,
қызыл
әскер «елімізде болған төңкеріске, жаңа өмір құру ісіне белсене қатысушы
революционер»,
қызыл қыран «қоғам қайраткері, төңкеріс қаһарманы»
қызыл қырғын «қан майдан»;
•
зергерлік өнерге байланысты фраземалар:
қызыл моншақ «бірыңғай
қызыл түсті асыл тастардан тізілген моншақ»,
қызыл аяқ «қызыл ала кілем
түрі»,
қызыл алтын «саф алтын, таза алтын» және т.б.
Көк фраземасының таңбалық-символдық мағынасы. Жиналған лекси-
ко графиялық деректер бойынша көк сөзінің 11 мағынасы анықталды. Оны
төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:
9-кесте
Достарыңызбен бөлісу: