97
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
97
тапса, керісінше, тіл де тарихи дамуға, адамзаттың тіршілігіне, олардың
тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.
Этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан линг-
вистиканың бір саласы – этнолингвистика туындаған. Этнолингвисти-
ка – (этностаным» мен «тілтаным» ғылымдары-ның
ортақ проблема-
сы шеңберінің тоғысуында пайда болған сала. Ол тілдің өзіне ғана тән
мүмкіншіліктері мен байлығын зерттеуді мақсат етеді.
Көзінің тірісінде атақты ғалым, тіл теориясының маманы профессор
М.М. Копыленко Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық
және әлем тілдер университетінің Хабаршысында Қазақстандағы тіл
ғылымының даму бағыттарын саралай келіп, этнос – мәдениет – тіл
феномендерінің шегінде қалыптасқан социолингвистика, психолингви-
стика, этнолингвистика, аударматану және этномәденитаным салаларына
ерекше
көңіл бөліп, осы бағытта зерттеу еңбектерінің жазылуы ғылым
талабына сай келу керек екендігін айтып кеткен болатын. Тіл білімінің
негізгі бағыттарына баға бере отырып, М.М. Копыленко лексикология мен
фразео логия салаларының даму тармақтарын көрсеткен [М.М. Копыленко,
2000; 40-44 бб.].
Қазақстандағы лингвистика теориясының өзекті мәселелері мен оның
болашағына ғылыми баға бере отырып, профессор М.М. Копыленко эт-
нолингвистика саласына ерекше тоқталып, олар келешекте мынандай
бағыттарда даму керек дейді:
•
этнолингвистиканың концептуалдық аппараты;
•
лексикалық зерттеулердің
этнолингвистикалық аспектілері;
•
фразеологиялық зерттеулердің этнолингвистикалық аспектілері;
• терминология мен номенклатуралық зерттеулердің этно-линг вис-
тикалық аспектілері;
•
антропонимиканың этнолингвистикалық аспектілері;
•
топонимиканың этнолингвистикалық аспектілері;
•
лингвонимдердің (әлем тілдері атаулары) теориялық мәсе-лелері.
Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілде сөйлейтін халықтың
мәдени өмірімен, әдет-ғұрпымен, салт-санасымен
байланыстыра зерттеу
керек деген ғылыми тұжырымдарды ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегінде
өмір сүрген неміс ғалымы И. Бердердің поэзияға байланысты еңбектерінде,
кейінірек В. Фон Гумбольдт зерттеулерінде орын алған. Тіл проблемасын
мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл
бөліп, оны лингвистика ғылымының күрделі мәселелері ретінде қарастыру
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қолға алына бастаған.
Бұл сала екі бағытта, екі лингвистикалық мектеп шеңберінде дамы-
ды: Америка және Германия этнолингвистикалық бағыттары. Қалыптас-
тырушы ғалымдар Эдуард Сепирдің 1921 жылы жарық көрген «Тіл» және
1929 жылы жазылған «Лингвистика мәселелері» еңбектері мен Бенжамен
Уорфтың 1956 жылы жарық көрген «Тіл, ойлау және шындық» жинағында
Авакова Р.А. Фразеосемантика
98
жарияланған мақалаларында Америка этнолингвистика мектебінің кон-
цепциялары баяндалған.
Германия (ФРГ) этнолингвистикалық мектебін (неогум-больдтық этно-
лингвистика деп те атайды) қалыптастырушы көрнекті ғалым Лео Вайсгер-
бер. Оның 1950 жылы жарық көрген «Неміс тілінің күші» деп аталатын ІV
томдық еңбегінде этно-лингвистикалық мектептің
теориялық бағыттары
негізделген.
Екі бағыт өкілдері де тіл мәселелерін халық мәдениетімен, олардың
рухани өмірімен байланыста қарап, В. Фон Гумбольдттың тілді «аралық
дүние», ол – адамды сыртқы дүниемен байланыстырушы, тіл – халық
рухының сыртқы көрінісі, халықтың ой, дүниетану дәрежесінің көрсеткіші,
халық тілі – оның рухы, халық рухы – оның тілі, бұл екеуі тепе-тең, тіл
рухтың заңы бойынша дамиды дейтін концепцияларын басшылыққа ала
отырып, ілімін әрі қарай жалғастырады [В.А. Звегинцев, 1962; 323 б.].
Екі мектеп өкілдерінің пікірінше:
•
қоғамның рухани жақтары (дін, заң, өнер туындылары, ғылым,
тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы және т.б.)
халық психологиясына тәуелді,
олардың барлығын халық психологиясы белгілейді, сондықтан олар
халықтық психологияның көрсеткіші болып табылады;
•
тіл қоғам өмірінің барлық саласында шешуші рөл атқарады, қоғам
мүшелерінің ойын, дүниеге көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастырады;
•
әр халықтың өзгермейтін өзіндік мәдени моделі (қалпы), тұрақты
тілдік үлгісі болғандықтан, тілдердің әр түрлі
болуы олардың ойлау
дәрежесінің әр түрлілігін білдіреді.
Фердинанд де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен эт-
нос тілі тарихының өзара ықпалын зерттейтін ғылым ретінде танып, өз
ойын «халықтың салт-дәстүрі оның тілінде көрінсе, тіл керісінше, сол
халықтың өзін қалыптастырады» деп тұжырымдайды. Бірақ этнос тілінде
өз көрінісін табатыны тек оның салт-дәстүрі ғана емес. Сол сияқты,
Э. Сепир де этнография, салт-дәстүр, мифология т.б. ұғымдарды этнос
болмысымен шендестіріп, «тіл әлемін» тілдің символдық қызметімен шек-
теп көрсеткісі келеді. «Тіл әлемі» дегеніміз – этнос болмысына қатысты
мыңдаған мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі. Міне, осынау бай
тіл қазынасы этнос болмысы
тұрғысынан толық меңгеру, оның терең
мағына мазмұнына еніп, оны игеріп, танып-білу, жүйелей түсу, жан-жақты
зерттеу этнолингвисти-каның басты міндеті [Ә. Қайдар, 1998; 9 б.].
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі – этнос тілі. Алайда тілге тікелей
қатысты пәндер де көп. Бұл пәндерді өз ретінде қоғамдық-әлеуметтік
және лингвистикалық деп екі топқа бөліп қарауға болады. Фразеология
лингвистикалық пән қатарына жатады. Күнделікті
өмірде өзара қарым-
қатынас жасауға қажетті қарапайым лексикалық мағыналары, ал олардың
«ауыс, туынды, келтірінді, идиомалық, фразеологиялық» т.б. деп аталатын
мағыналар тобы көбінесе тілдік ортада қалыптасқан «мағыналық символ»