Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет53/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
102
ашу оңайға түспейді. Осы халықтың ұрпақтан-ұрпаққа архисемалық код 
ретінде жалғасып, бүгінгі күнге дейін сақталған әдет-ғұрыптарда да фразе-
ологизм уәжінің іздері айқын байқалады. 
Мәселен, қазақ халқында аяғына жығылу деген ғұрып бар, фразео-
логиялық сөздікте «кешірім сұрау» деген мағынада қолданылатын фразе-
ма. Аяғына жығылу – кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр 
түрі. Бұл айыпты өтеу үшін, айыпкер жанына беделді адамдарды ертіп ба-
рып кешірім сұрайды. Кейде іс насырға шауып, қиындап кетсе, айыпкер 
кешірім сұраушы адамның алдына жығылып, аяғын құшып, жылап кешірім 
өтінген. Алдыңа келсе атаңның құнын кеш деген мақалды түп негізі де 
осыдан туған ғұрып бойынша аяғына жығылу ауыр жазамен бірдей деп 
есептелінген. 
Келесі фразеологиялық бірлік – кек алу. Бұл фраземаның уәжінде де 
кезіндегі дәстүр негізінде ақиқат жатыр. Жауласу, барымта, малын қуып кету 
және т.б. оқиғалар көп кезде, оның арты кек алу сияқты қатты қимылдарға, 
жанжалдарға ұласқан. Қанға – қан, жанға – жан немесе жауының қанын 
ішу деген фраземалар осы дәстүрдің дәлелі. Дұшпанның ел-жұртын ша-
уып, басшысын өлтірсе, кек қайтқаны. Батырлар үшін қас дұшпанын 
өлтіріп, оның қанын ішу жеңістің зор белгісі болған. Осы ретте айта кететін 
тағы да бір жайт, тілде кездесетін жүрек жұтқан «хас жоғарыдағы кек 
алу дәстүрімен тікелей байланысты. Батыр өзінің дұшпанын өлтіріп қана 
қоймай, оның жүрегін жұлып алып, қанжығасына салған немесе оның 
жүрегін жұтқан. Сондықтан да «ержүрек, батыр, алып» дегенді жүрек 
жұтқан фраземасы береді.
Жүрекке байланысты тілімізде фраземалар өте жиі кездеседі. Біз 
ұлы Абай қолданған «жүрек» сөзімен келетін тіркестерді алғанымызда 
төмендегідей болды.
асау
ЖҮРЕК
ызалы
Жас
ынталы
Сары
шошынған
Үрпиген
ыза кернеген
Жылы
өртенген
Абайдан алған үлгіні проза тілінде қолданған М. Әуезов тіркестеріне 
көңіл аударсақ: үркек жүрек, өкпелі жүрек, сезімтал жүрек, нәзік жүрек, 
шерлі жүрек, қан қатқан жүрек және т.б.
Тілімізде фразеологизмдердегі әдет-ғұрып көздерін дәлелдей түсетін 
тілде материалдар саны мен фактілер аз емес. Мәселен, құмалақ салу 
халық салты немесе болжау деп аталады. Халық тәжірибесінде құмалақ 
салып, болашақты болжайтын ғұрып бар. Құмалақтың саны 41 болады, 


103
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
103
олар дәннен, өрік сүйегінен кейде қойдың құмалағынан да алына береді. 
Басқа заттардан жасалған құмалақ «сөйлемейді» деп есептеген. Құмалақ 
салудың құпиясы мен сырлары көп, оның өзіндік атаулары да бар. Мы-
салы, құмалақтың түсуіне қарай ашпас әліп, жеті әліп, оң көз, көз түсу, 
маңдайы ашық, босағасы берік, құйысқаны көтеріліп тұр, пайғамбардың 
қара қасқасы, пешенесі бестен түсу және т.б. болып келеді. Құмалақ са-
лушы құмалақшылар – қазір де халық арасында көп тараған «халықтық 
мамандардың» бірі деп санауға болады.
Құтты болсын айту (дәстүр) // құттықтау. Бала туған, келін түскен 
қуаныш болған үйге қайырлы болсын, құтты болсын және т.б. игі ниеттер 
тілеп келу. 
Сәлем беру, сәлем ету (дәстүр) // амандасу. Бұл дәстүрдің бірнеше 
түрлері бар: 
1) алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы жасы үлкен 
ақсақалға әдейі іздеп келіп сәлем береді. Тілдегі алыстан алты жасар 
бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді деген аталы сөз осының айғағы;
2) ата, ене, қайынаға және т.б. сыйлы кісілер кездескенде, көреген келін 
оларға иіліп сәлем берген. Сонымен қатар үлкен кісілерге табақ тартқанда 
да келін сәлем береді. Дәстүр бойынша, келіндеріңіз сәлем беріп жатыр 
деп айтатын болған;
3) егер бір адамның мойны құяң болып, басын бұра алмай қалса, ол кер-
без адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша құяң 
осыдан жазылып кетеді деп сенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет