Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет58/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   119
Авакова фразеосемантика

Қазақ фраземалары құрамындағы көнерген сөздер
113
аманат тапсыру, аманатқа мал айту» тіркестерінің қалыптасуына белгілі 
халықтық дәстүрдің болуы септігін тигізген. Жеңілген ел, жеке адам, хан 
өзінің жеңілгендігін мойындап, жеңген елге кепілдікке туған баласын 
беретін болған. Немесе сөзді, істі аманат ретінде берудің мойнына сеніп 
тапсырады. Осындай оқиға, процесті білдіретін атау «аманат беру», «ама-
нат тапсыру» тұрақты тіркесі арқылы таңбаланған. «Аманат беру» үрдісі 
кешегі Абай заманына дейін келгені М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопея-
сынан белгілі [А.Салқынбай, 1999; 276 б.].
Еркін тіркестердің тұрақты тіркестерге (фраземаларға) ауысуының тағы 
бір себебі – тіркес құрамында, оның құрылымында фразеологиялық байла-
улы мағыналы бір немесе бірнеше сөздің пайда болуы. Тілдің тарихи даму 
үрдісінде және оның лексикалық жүйесінде кейбір тіркестердің құрамында 
қазіргі тілдік тұрғыдан мағынасы көмескі, сөйлеушіге түсініксіз сөздер пай-
да болуы мүмкін. Сөз мағыналарының көмескеленуін тарихи семасиология 
тұрғысынан зерттеген ғалым Р. Сыздықова сөздің қолданылу тарихын тілді 
иемденуші халықтың этникалық, азаматтық тарихымен ұштастыра зерт-
теу қажет дей келе, мынандай пікір айтады: «Сөздің қолданылу тарихын 
әңгімелеу дегеніміз олардың мағыналарының қозғалысына (эволюциясы-
на) үңілу болып шығады. Сөз мағынасының эволюциясы тек дамуда, яғни 
жақсара түсу сипатында ілгері жылжудан тұрмайды, сонымен қатар сөз 
мағынасының күңгірттенуі не мүлде ұмытылуы, ауысуы, кеңеюі, тарылуы 
т.б. құбылыстар да сөз табиғатының қозғалысын танытады» [Р.Сыздықова, 
1994; 165 б.].
Қазақ тілінің сөздік құрамында қазіргі тілдің күйі тұрғысынан 
түсіндіруге келмейтін тұрақты тіркестер (фраземалар) кездеседі. Белгілі тіл 
маманы Р. Сыздықова «Сөздер сөйлейді» еңбегінде көптеген тіркестердің 
пайда болу көздерін лингвистикалық тұрғыдан талдау жасаған. Мы-
сал ретінде аты шулы тіркесін талдай отырып, мынандай пікір айтады:
«... мұның екінші сыңары шулы «даңқ, атақ, даңқты, атақты» деген 
мағынадағы көне түркілік чау сөзі. ... сонда бұл сөз сыртқы тұлғасы 
жағынан былайша келген: чаучұу > шу. Демек, аты шулы деген тіркес 
аты даңқты дегеннің көне сөзбен берілген баламасы екен» [Р.Сыздықова, 
1994; 166 б.].
Тілде құрамында көне түркі элементі бар жек көру тіркесі бар. Бұл 
бәрімізге түсінікті жақсы көру конструкциясы негізінде жасалған. «Жек 
көру тіркесіндегі жек сөзі көне түркілер тіліндегі йенк сөзі сияқты «түкке 
тұрғысыз, болмашы, мардымсыз» мағынада жеке-дара жұмсалмайды» 
[Р.Сыздықова, 1994; 168 б.].
Тілдік жүйедегі фраземалардың пайда болуының негізінде белгілі, 
қалыптасқан үлгілер, модельдер жатыр. Олар тілдегі қалыптасқан фразео-
логизмдердің құрылымдық модельдеріне, аналогияларына ұқса тылып жа-
салады. Орыс фразеологизмдерін зерттеуші ғалым Н.М. Шанский пікіріне 
сүйенсек: «Фразеологизмы такого рода образуются по аналогии и появ-


Авакова Р.А. Фразеосемантика
114
ляться в речи всегда как новообразования ... лишь постепенно входят в 
общее употребление» [Н.М. Шанский, 1985; 133 б.]. 
Бұрыннан тілде қалыптасқан фраземалар моделінде туған тіркестер 
адамдардың бұрыннан бар құралдар негізінде құбылыстарды бейнелі түрде 
беру мақсатында қалыптасқан. «Эти стремления к обновлению наименова-
ния тех или иных понятий и приводит к появлению как новых слов, так и 
новых фразеологических единиц, что обусловлено самой природой нашей 
речи – оказать максимальное воздействие со стороны говорящего на слу-
шающего», – деп көрсетеді Р.Н. Попова [Р.Н. Попова, 1976; 24 б.].
Тілдің сөздік құрамының толығуы өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы 
ғана болмайды. Сонымен қатар тіл өзінің сөз байлығын өзге тілдерден 
кіргізу арқылы да жүзеге асырады. Әдеби тілдің фразеологиялық жүйесінің 
толығуының тағы бір себебі – басқа тілден енген кірме сөздер. Халық өзінің 
басынан кешірген ұзақ даму тарихында көптеген елдермен араласып, әр 
кезеңдерде түрлі қарым-қатынастар жасағаны мәлім. Қазақ тіліндегі араб, 
парсы, монғол сөздерінің енуі тарихи кезеңдер-мен тікелей байланысты.
аузын
АШУ
басын
көзін
бетін
құшағын
артын
Р. Сыздықова кірме сөздерге байланысты тарихи лексикология 
мәселелерін сөз ете отырып, қазіргі тілде қолданылатын фраземалардағы 
плеоназм (плеоназм немесе плеонастық сөздер дегеніміз бір мағынадағы 
екі сөздің қатар қолданылуы) құбылысына ерекше тоқтала келіп былай 
дейді: «Ол қатарды не екі тілдің сөздері, не көне-жаңа сөздер, не қызметі 
бірдей екі морфологиялық тұлға құрайды. Әдетте тіл білімінде плеоназм (ол 
преиссология деп те аталады) құбылысын тілдегі «басы артық» абсолюттік 
емес, яғни плеоназм белгілі бір стильдік, не мағыналық қызмет атқарғанда 
ғана тілде орын алады» [Р. Сыздықова, 1994; 174 б.].
Мысалы: көр соқыр тіркесіндегі көр сөзі парсы тілінде «соқыр, соқыр 
адам» деген мағынаны білдіреді. «Ал көр соқыр тіркесі бір мағынадағы әр 
тілде екі сөздің қатар қолданылуы болып табылатын плеонастық құбылыс. 
«Соқыр» мағынасындағы көр сөзі көрбала, көрбілте сөздерінің құрамына 
да қатысқан» [Р.Сыздықова, 1994; 101 б.].
Сары уайым тіркесінің дұрысы сар-уайым болуы керек еді, өйткені сар 
сөзі парсы тілінде «уайым» дегенді білдіреді. Сонда сар-уайым «уайым-
уайым» деген тіркес түрінде пайда болып, жай уайым емес, «қатты уайым, 
таусылмас уайым» дегендей үстеме мағына алып тұр [Р.Сыздықова, 1994; 
174 б.].
Тіл жүйесіндегі фраземалардың пайда болуының жоғарыда аталып өткен 
себептері әрі номинативтік, әрі экспрессивтік сипаттағы фразеологиялық 
қордың толығуына әкеледі.


115
Қазақ фраземалары құрамындағы көнерген сөздер
115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет