Авакова Р.А. Фразеосемантика
108
Жоғарыда көрсетілген, ғылыми тұрғыдан дәйектелген факторлар
фраземалық бейнелердің пайда болу негіздерін түсіндіруге, олардың
ұлттық санамен, болмыспен,
тарихпен, рухани мәдениетпен, халықтың
әдет-ғұрыптары мен салт-санасымен байланыстылығын түсінуге жол
ашады. Қойнауларына ғасырлар сыры мен құпиясын сақтай білген ру-
хани байлығы – халықтың фразеологиялық қоры болмақ. Сондықтан да
фраземалардың пайда болуының экстралингвистикалық көздерін аша
білу олардың қалыптасу кезіндегі әлеуметтік
жағдайлар мен қоғамдық
ситуациялардың тарихын ашуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Номинативтік бірліктердің ішінде екіншілік мағына нәтижесі болып
табылатын фраземалардың ішкі форма табиғатын ашу үшін фразема-
жасамға қатысушы лексикалық және грамматикалық сыңарларына онома-
сео логиялық және семасиологиялық тұрғыдан талдауларды қажет етеді.
Ономасеологиялық концепция бойынша фразеологиялық номинацияның
көзі болып табылатын фраземалардың ішкі формасының психологиялық
негізі – қандай да бір заттың қасиеті туралы көзқарас немесе бейне. Беретін
мағыналары (бейнелі) халыққа белгілі, тілдік
бірлік болып қалыптасқан
фраземалардың ішкі формасы фразеологиялық бейнелердің символы
ретінде гнесеологиялық қызмет атқарады.
Ономасеологиялық концепция бойынша фраземалардың ішкі фор-
масы кезінде пайда болуына объективті шындық себепші болған, өз за-
ма нының өзекті құбылыстары мен қасиеттері жалпылама бейнелі тұжы-
рымдар жасауға себепші болған, қазіргі тұрғыдан халық санасында бейнелі
тіркестер ретінде қабылданатын тіркестер. Кейбір ғалымдар фраземалардың
ішкі формасы оның генетикалық бейнесінің нәтижесі деген пікір айтады.
Генетикалық бейнедегі фраземаның ішкі формасы көп қырлы бейнелердің
біреуі ғана. Ішкі форма дегеніміз – «заттың
бейнесі ғана емес, бейненің
бейнесі» (А.А. Потебня).
Фразеологиялық мағынада көрінетін ақиқат шындықтың бейнесі олардың
ішкі формасының сигнификативтік негізінде жатыр. Фраземалардың
денотаттық және коннотаттық мағыналарының арасын байланыстырушы
ретінде денотат туралы қандай да бір түсініктің жалпыламалық, абстрак-
ты қасиеті түрінде өмір сүретін нақтылы фразеологиялық коннотацияны
қалыптастырады.
Қазақ тілінің фразеологиялық қорын бейнелі және бейнелі-лігі жоқ деп
бөлуге болады. Бейнелі фраземалар ішкі форма негізінде ерекше семантика-
стилистикалық және экспрессивтік қасиеттермен байиды.
Тарихи даму барысында кейбір фразеологизмдердің ішкі формасы
қандай да бір себептермен жойылуы мүмкін. Олардың мағыналарындағы
мәдени коннотацияны экстралингвистикалық факторлардан іздеуге бола-
ды. Фраземалар мағынасындағы экстралингвистикалық ситуацияның көзін
ашу, қандай жағдайда немесе қандай себептердің тұсында фраземалар пай-
да болды деген сұраққа жауап беруден туындайды.
109
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
Фразеологизмдер мен олардың ішкі формасының арасындағы тығыз
байланыс уәждерін ашуға жасалынған талдаулардан дәлелін табуға бола-
ды. Қазақ тіліндегі фраземалардың уәждену көздері төмендегідей:
•
адамның анатомиялық атаулары мен қимыл қозғалыстары байланы-
сынан
туған фраземалар;
•
жануарларға байланысты пайда болған зооморфтық фраземалар;
•
сандық мөлшерлердің нәтижесінде туындаған символдық фразема-
лар;
•
түстік және сындық мағынада пайда болған символдық фраземалар;
•
алғыс және қарғыс мәнді фраземалар;
•
діни және мифологиялық фраземалар;
•
Есімдері (аттары) халыққа белгілі кісі аттарымен жасалған
антропологиялық фраземалар және т.б.
Этнос табиғатын толық танып-білуге қажетті тілдік фактілерді, тіл
байлығының
қабатында, астарында жатқан этно-лингвистикалық дерек-
тердің «ізіне түсу, түп-тамырын қопару» арқылы сөйлетуге болады. Әрбір
зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің тура, айқын мағыналарын ғана
емес, олардан тараған туынды мағыналардағы астарлы ойларға үңілу қажет.
Тіл бай-лығы сөз санымен ғана емес, оның сапасымен, мағына тереңдігі-
мен, ауқымдылығымен де өлшенеді.
Тілдік таңбаның ерекше түрі болып табылатын фразеологиялық бір-
ліктерде ұлттың мәдени жемістері, халық ауыз әдебиетінің таусылмас ар-
налар, діни философиясы, дүниетаным көздерінің іздері жатыр.