Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет39/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
УМК Шарипова

Дәріс жоспары:

1.Біржан сал өмірі мен шығармашылығы



2.Біржан лирикасы мен айтыстары
14.1.Біржан сал ­ XIX ғасырдағы қазақ музыкасының ең көрнекті тұлғаларының бірі. Оны қазақтың халықтық­ кәсіпқой әнінің Арқа дәстүрінің негізін қалаушы деп орынды есептейді. Біржан өз бойына қазақтың кәсіпқой әншісі, өзіндік артистік бөгемдері ­ сал­серілер өкілінің бойына тән, сипатына сай, ең жарқын тұстарын шоғырландырған тұлға. Оның есіміне ­ халықтың еркесі, сүйіктісі, артист мағынасындағы ­ сал сөзінің мәңгілік бекіп қалуы да заңдылық. Біржанның әндері қазақ музыкасының классикасын құрайды. Әнші шығармашылығының қазақ әніне тигізген игі ықпалы орасан, сипаттап жеткізгісіз.Көзі тірісінде Біржанның атағы жер жарды. Әндерінде өз есімінің барша қазаққа ­ «Мен Біржан атым шыққан алты Алашқа», қазақтың үш жүзіне ­ «Үш жүзге атым мәлім Біржан едім» ­ танымал болғандығын тұжырымдауы тегіннен­ тегін емес. Біржанның өмірі мен шығармашылығы М.Төлебаев пен Қ.Жұмалиевті қазақ опералық сахнасының інжу­ маржанына айналған «Біржан мен Сара» операсын туғызуға шабыт берді. Біржан есімінің төңірегі аңызға бергісіз әңгімелерге толы. Ал оның өмірі туралы құжаттық куәліктер жоқтың қасы. Тіпті, туған және өлген жылдары туралы даталардың өзінде сәйкессіздіктер бар. Әншінің туған жылы деп 1825­ші де, 1831­ші жыл да, 1832­ші жыл мен 1834­ші жылдар да айтыла береді. Ал қайтыс болған жылы ретінде бірде 1894, тағы бірде 1895, тіпті 1897­ші жыл да көрсетіледі. Біржан Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданындағы Ербол деген жерде қоңырқайлау тұрмысты Тұрлыбайдың отбасында өмірге келеді. Болашақ әнші әрі композитор, баланың музыкалық және артистік қабілет­-қарымын аңғара біліп, кедергі жасамаған өз атасы Қожағұлдың қолында өседі. Біржанның жан, тән, дене сұлулығына әнімен сәнді киініп, тұлпар ұстап мінген, аңшылыктың қызығына кұмарлығы, ел аралап өнерін танытқандығы оған «сылқым жігіт», «өнерлі жігіт», «айтыскер әнші» деп халық аузына көп ұзамай ілінгендіктен оған «Сал» деген деп атауында үлкен бір сыр болуы керек Ақанның «Балқадиша» әні барлығымызға жақсы таныс. Тіпті қазіргі таңдағы қазақ эстрадасындағы мағыналы, әсерлі әндердің бірі десек болады. Негізі бұл ән 90 шумақтан құралған деген мәлімет бар. Алайда әннің түпнұсқасы бізге жеткен жоқ. Әннің шығу тарихына байланысты да көптеген дерек бар. Біз тек соның біреуін ұсынамыз. Ақан ел аралап жүріп, Ыбырайдың қызы Балқадишаны кездестіреді. Ақылына көркі сай сұлу да сымбатты қызды ұнатып, оны өзінің қасынан жібергісі келмейді. Алайда қыздың жеңгесі қайтайық деп, қыз екі оттың ортасында қалады. Оны байқаған сезімтал Ақан: Дегенде Балқадиша, Балқадиша Есілді өрлей біткен тал Қадиша Жеңгеңіз қайталық деп асығып тұр, Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша, - деп өлеңмен өзі қимаса да рұқсат беретінін білдіреді. Ақандай сері жігіт пен кербез сұлудың қимастықпен қоштасқаны осылай суреттеледі. Талайды тамсандырған «Балқадиша» әнін аты аңызға айналған Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев орындаған. Бұл әнде жастық шақтың от жалыны, салдық, серілікпен қатар, сұлулыққа ұмтылу, қызығу жырланады. Біржан сал өзіне дейінгі шарықтаған ән, айтыс, терме, жыр, орындаушылык мәдениетін барынша терең игерген өнер тұлғасы бола тұра, сап алуан атты ән-өлең шығармашылығы мен акындық-айтыс өнерімен де жаналық әкелген өнерші кейіпкер ретінде танылады. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлән», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» атты әндерінің мазмұны, құрылымы, орындаушылық шеберлігі жағынан тендесі жоқ шоқтығы биік туындылар болып саналады. Ал оның «Ақ серкем», «Телқоңыр», «Сұржорға», «Бұрылтай» шығармаларының кейіпкерлері: сұлу қыз, жел жетпес жүйрік тұлпар, жорға нәзік сезімді, кайталамас көңіл күйді, табиғат пен адамның жан, тән сұлулығын жырлап биіктей тұседі. Оған мысал: «Ләйлім-Шырақ», «Көлбай-Жанбай» әндері Ләйлім қызға деген ішкі жан толқынысы, көніл күйі суреттеледі. Осы такырыпка карама-қарсы «Жанбота», «Адасқақ» әндерінің тақырыбы бай-шонжарлар кейіпкерлері Азнабай, Жанботата — билеуші тапқа деген ішкі ыза-кегін, бос-бостандығын аңсап еңбекші халықтың жағына мүлдем шығады ол. Өмір сүрген заманының әділетсіздігіне, зорлык-зомбылығына деген наразылығы, өкініші «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есін алды» әндерінде айкын көрінеді. Біржан салдың әншілік, ақындық, орындаушылық, композиторлық шығармашылық өнерімен патриархал-феодалды заманның ескі көзқарасына, заңына, әлеуметтік әділетсіздігіне асқак әндері мен қажырлы жырларымен қарсы тұрған суреткер, өнерпаз ретінде танылып, қазақтың өнер, мәдениет әдебиетінен орын алады. Оған дәлел халықтық ән, күй, айтыс, ақындык, жыр мәдениетінен сусындаған Біржан сал, сол мектебін дамыта келе, Жаяу Мұса, Ақан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Шашубай, Кенен, Әміре, Қали Байжанов, Қ.Бабақов, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, К.Байбосынов, М.Омаров т.б. болашаққа жалғастыруда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет