14.2.Әнші-ақын Біржансал шығармашылығының екінші кыры оның суырып салма ақындылығында, ақын Сарамен айтысы теңдесі жоқ, шоқтығы биік үлгі деп білеміз. Біздің заманымызға ақын-әншінің 44 шамасы әні жетті, өнер сүйгіш үлкенді-жас қауымының музыкалы-эстетикалы, көркемдік талғамын тәрбиелеп қанағаттандыруда. Қ.Жұмалиевтің либреттосы бойынша дүниеге келген композитор М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы (1946) опера және балет театрының сахнасынан мәңгілік түспейтін классикалы туынды болып, әлемге танылуы қазақ өнерінің шабытты шыңдарының бірі болғаны үлкен мақтаныш сезімге жетелейді. Айтыс 1871 жылы Талдықорған өлкесінің Қапал-Ақсу өңірінде өткен. Бұл айтыста махаббат әлемі, әлуметтік теңдік, бас бостандық, адам тағдыры, өнер, мәдениет, салт-сана жырланып, екі дарын иесі бірнеше күндер бойы айтысады. Екеуі де алғыр, елде атақты ақыпдық, әншілік оперімен танылған майталман екендігін халкына тағы да танытады. Біржан ақын Сараның ардақты, акылды әншілік, ақындық өнерін бағалай келе, онын бір жаманға қор болып сатылып бара жатқанын тілге тиек етеді, осы жайға қамыкқан Сара айтыс үстінде тыңдаушы жұртынан басына теңдік беруді өтінеді. Айтыс түркі тілдес халықтардың лирикалы-махаббат жырына айналып, 1898 жылы Қазан қаласында тұңғыш баспадан жарық көреді, 25 рет баспадан басылып шығады. Бұл көрсеткіш айтыстың маңызы зор, халықтың көркемдік-эстетикаға деген құштарлығының жоғары екендігін дәлелдей түседі.Бұл әнде жастық шақтың от жалыны, салдық, серілікпен қатар, сұлулыққа ұмтылу, қызығу жырланады. Біржан сал өзіне дейінгі шарықтаған ән, айтыс, терме, жыр, орындаушылык мәдениетін барынша терең игерген өнер тұлғасы бола тұра, сап алуан атты ән-өлең шығармашылығы мен акындық-айтыс өнерімен де жаналық әкелген өнерші кейіпкер ретінде танылады. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлән», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» атты әндерінің мазмұны, құрылымы, орындаушылық шеберлігі жағынан тендесі жоқ шоқтығы биік туындылар болып саналады. Ал оның «Ақ серкем», «Телқоңыр», «Сұржорға», «Бұрылтай» шығармаларының кейіпкерлері: сұлу қыз, жел жетпес жүйрік тұлпар, жорға нәзік сезімді, кайталамас көңіл күйді, табиғат пен адамның жан, тән сұлулығын жырлап биіктей тұседі. Оған мысал: «Ләйлім-Шырақ», «Көлбай-Жанбай» әндері Ләйлім қызға деген ішкі жан толқынысы, көніл күйі суреттеледі. Осы такырыпка карама-қарсы «Жанбота», «Адасқақ» әндерінің тақырыбы бай-шонжарлар кейіпкерлері Азнабай, Жанботата — билеуші тапқа деген ішкі ыза-кегін, бос-бостандығын аңсап еңбекші халықтың жағына мүлдем шығады ол. Өмір сүрген заманының әділетсіздігіне, зорлык-зомбылығына деген наразылығы, өкініші «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есін алды» әндерінде айкын көрінеді. Біржан салдың әншілік, ақындық, орындаушылық, композиторлық шығармашылық өнерімен патриархал-феодалды заманның ескі көзқарасына, заңына, әлеуметтік әділетсіздігіне асқак әндері мен қажырлы жырларымен қарсы тұрған суреткер, өнерпаз ретінде танылып, қазақтың өнер, мәдениет әдебиетінен орын алады. Оған дәлел халықтық ән, күй, айтыс, ақындык, жыр мәдениетінен сусындаған Біржан сал, сол мектебін дамыта келе, Жаяу Мұса, Ақан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Шашубай, Кенен, Әміре, Қали Байжанов, Қ.Бабақов, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, К.Байбосынов, М.Омаров т.б. болашаққа жалғастыруда. Біржан мен Сараның айтысы төңкеріске дейін Қазанда бірнеше мәрте басылып шықты. Біржан поэтикалық сөз сайысының халық мойындаған шебері болған. Ол Шөже, Орынбай, Бабақ сияқты айтыскерлермен кездескен. Біржан өміріндегі тағы бір айтулы оқиға оның қазақ поэзиясының алыбы Абай Құнанбаевпен кездесіп, әңгімелесуі болды. М.О.Әуезовтің романэпопеясында аталған кездесу көркемдік шабытпен сипатталады. Абайдың Біржанға сөзсіз әсер еткенін оның ұлы ақынның «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» және «Ахау» («Жасымда ғылым бар деп») атты екі өлеңіне ән жазуы дәлелдейді. Біржан өмірінің соңғы кезеңі қасіретке толы болды. Оны жазылмас ауыр дерт меңдеді. Академик А.Жұбановтың жазуына қарағанда, Біржанның қасіретін туыстарының оны есінен ауысқан деп тауып, байлап тастауы тереңдете түсті. Ол өмірінің соңғы үш жылын байлаулы күйде өткізіп, қан шіруінің салдарынан көз жұмады. Біржанның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет өте аз. Біржанның әндерін А.В.Затаевич қағазға түсіріп, олар «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинақтарында жарияланды. Біржанды зерттеу ісіндегі тұғырлы орында А.Жұбановтың еңбегі «Замана бұлбұлдары» кітабындағы «Біржансал» очеркі тұратыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |