Пікір жазғандар


ХЕҰ бекіткен конвенциялар жəне еңбекті қорғау талаптарынан тұратын басқа халықаралық шарттар



бет12/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

ХЕҰ бекіткен конвенциялар жəне еңбекті қорғау талаптарынан тұратын басқа халықаралық шарттар


Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау талаптарынан тұратын Халықаралық еңбек ұйымының келесі конвенциялары бекітілген:



    • əйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы 1979 ж. 18 желтоқсандағы ХЕҰ конвенциясы;

    • №135 кəсіпорындарда еңбекшілер уəкілдерінің құқық- тарын қорғау жəне оларға берілетін мүмкіндіктер ту- ралы ХЕҰ конвенциясы (Женева, 1971 ж. 23 мау- сым);

    • №129 Ауылшаруашылығындағы еңбек инспекция- сы туралы ХЕҰ конвенциясы (Женева, 1969 ж. 25 мау- сым);

    • №155 Еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы жəне өндiрiстiк орта туралы ХЕҰ конвенциясы (Женева, 1981 ж. 3 мау- сым);

    • №144 Халықаралық еңбек нормаларын қолдануға көмек көрсетуге арналған үшжақты консультациялар туралы ХЕҰ конвенциясы (Женева, 1976 ж. 2 маусым);

    • №182 Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу жəне жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы ХЕҰ кон- венциясы (Женева, 1999 ж. 17 маусым);

    • №148 Еңбекшiлердi жұмыс орындарындағы ауаның лас- тануы, шу мен тербелiс салдарынан болатын кəсiби қауiптерден қорғау туралы ХЕҰ конвенциясы (Женева, 1977 ж. 20 маусым);

    • №88 Жұмыспен қамту қызметін ұйымдастыру туралы ХЕҰ конвенциясы (Сан-Франциско, 1948 ж. 17 маусым);

    • №167 Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигие- насы туралы ХЕҰ конвенциясы (Женева, 1988 ж. 20 мау- сым).

ҚР Президентінің 1995 ж. 4 қыркүйектегі №2451 жарлы- ғымен Мəскеу қаласында 1994 жылы 9 желтоқсанда қол қойыл- ған Əзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Бела- русь Республикасы, Грузия Республикасы, Қазақстан Респуб- ликасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Тəжік- стан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина үкіметтерінің арасында Еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.
Тараптар жоғарыда аталған келісімге сəйкес, еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастыру жəне іске асыру мəселелерінде толық дербестілікке ие бола отырып:

    • жалпы қабылданған халықаралық ережелер мен норма- ларды есепке ала отырып, еңбекті қорғау мəселелері бойынша үйлестірілген саясатты жүргізуді мақсатты деп санайды;

    • Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің (ЕҚСЖ) стан- дарттарын, тараптардың ұлттық заңнамаларының талап- тарын ескере отырып, қажеттілігі бойынша қайта қарас- тырылатын тізімдемеге сəйкес мемлекетаралық ретінде еңбекті қорғау бойынша бірыңғай нормалар мен ереже- лерді жəне ЕҚСЖ жетілдіруге бағытталған бірлескен жұмыстың нəтижелерін мойындайды;

    • өзара жеткізілетін машиналарға, механизмдерге, жаб- дыққа, материалдарға, технологияларға, еңбекті қорғау құралдарына еңбекті қорғау бойынша қойылатын та- лаптар мен келісілген немесе бірлесіп əзірленген норма- ларды бекітеді;

    • еңбекті қорғау саласында келісілген терминдер мен анықтамаларды қолданады;

    • еңбекті қорғау бойынша деректер қорымен бірлескен ақпараттық жүйені жасайды жəне осы мəселе бойынша жарияланымдарды ұйымдастырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет