Пікір жазғандар


Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жоспарлау, шараларды ендіру жəне жұмыс істеуін қамтамасыз ету



бет19/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жоспарлау, шараларды ендіру жəне жұмыс істеуін қамтамасыз ету


Ұйым өзі бақылай алатын жəне ол əсер ете алатын еңбекті қорғауға əсер ететін факторлардың тізімін (тізілімін) қалыптас- тыруға жəне уақытылы түзетіп тұруға міндетті. Ұйым басымды- лықтарды белгілеуі, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға елеулі əсер етулері мүмкін немесе əсер ететін факторларды анықтауы жəне бұл факторлардың еңбекті қорғау саласында мақсаттарды анықтау кезінде назарға алынатындығына кепілдік беруі тиіс. Ұйым бұл ақпаратты тұрақты жандандырып тұруы керек.


Ұйым əрбір бөлімше жəне басқару деңгейі үшін еңбекті қорғау бойынша құжатпен ресімделген мақсаттар мен міндет- терді белгілеуі əрі жұмыс күйінде ұстауы тиіс.
Еңбекті қорғау мақсаттары мен міндеттерін белгілеу жəне талдау кезінде ұйым ескеруі тиіс:

  • заңнамалық актілердің талаптарын, мемлекеттік норма- тивтік еңбекті қорғау талаптарын;

  • еңбекті қорғаудың маңызды факторларын, ұйымның ша- руашылық қызметінің технологиялық, қаржылық, пайда- лану жəне басқа ерекшеліктерін;

  • ресурстық мүмкіндіктерді;

  • ұйымның еңбекті қорғау саласындағы саясатын, жаза- тайым жағдайлардың жəне кəсіби аурулардың алдын алу бойынша міндеттемелерді қоса;

  • мүдделі тараптардың пікірін.

Басшылық еңбекті қорғау талаптарын іске асыру бойынша келесі əрекеттерге көңіл бөле отырып, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту бағдарламасын анықтауы жəне құжатпен ресімдеуі тиіс:

  • еңбек жағдайларын жəне еңбекті қорғауды жақсарту бағ- дарламаларын дайындау;

  • өндіріс үдерістерін басқарудың қажетті құралдарын, жабдықты (компьютерлерді, бақылау-өлшеу аппарату- раларын қоса), жұмыскерлердің сертификатталған жеке жəне ұжымдық қорғаныс құралдарын анықтау əрі сатып алу;

  • жұмыскерлерге жұмыс орындарының белгіленген еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау талаптарына сəйкестік деңгейін түсіндіру, сондай-ақ жұмыскерлермен еңбек қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті дағдыларын меңгеру;

  • еңбекті қорғауды басқару əдістері мен бақылау құрал- дарын жетілдіру жəне жандандыру;

  • еңбекті қорғау саласында келешек беталыстарды анық- тау, еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің қазіргі заман- ғы техникалық деңгейін арттыру мүмкіндіктерін баға- лау;

  • зиянды əрі қауіпті өндірістік факторлар мен жұмыстарды анықтау, бақылау, олардың болуы кезінде алдын ала жəне мерзімді медициналық тексеру қажет.

Еңбек жағдайларын жəне еңбекті қорғауды жақсарту бағ- дарламасын жоспарланған аралықтарда тұрақты қайта қарасты- рып тұру керек. Қажетіне қарай бағдарламада ұйымның қызме- тіндегі өзгерістер (оның ішінде технологиялық үдерістер мен жабдықтарды өзгертулер), көрсетілетін қызметтердегі немесе жұмыс істеу шарттарындағы өзгерістер есепке алынуы тиіс. Мұндай бағдарлама қарастыруға міндетті:

  • ұйымдағы əрбір бөлімше жəне басқару деңгейі үшін ең- бек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың нормативтік көрсеткіштеріне, мақсаттары мен міндеттеріне қол жет- кізу үшін жауапкершілікті бөлуге;

  • қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін;

  • бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізілуі жəне мін- деттері шешілуі тиіс құралдар мен мерзімдерді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ұйымда қауіпсіз еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер жұмыс берушіге жүктеледі.
Ұйымда өзіне жүктелген басқа міндеттерге тəуелсіз келесі жауапкершіліктерді көтеретін жəне олар үшін өкілеттіктерге ие болатын басшы (басшылықтың арнайы өкілі) тағайындалуы тиіс:

  • ҚР СТ 12.0.003-2010 мемлекеттік стандартына сəйкес (ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Əзірлеу, қолдану, бағалау жəне жетілдіру бойынша жалпы талап- тар) еңбекті қорғауды басқару жүйесін əзірлеуді, енді- руді жəне жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдас- тыру;

  • жұмыс орындарында жəне ұйым қызметінің барлық са- лаларында еңбекті қорғаудың нормативтік талапта- рының орындалуын қамтамасыз ету;

  • еңбек жағдайын жəне еңбекті қорғауды жақсартуға, ең- бекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ кəсіби аурулардың, жазатайым жағдайлардың жəне апат- тардың алдын алуға бағытталған шараларды жүргізуге бастамашылық ету;

  • еңбек жағдайына жəне еңбекті қорғауға қатысты кез кел- ген мəселелерді анықтау жəне тіркеу;

  • еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету жəне ұсыныстарды жасау;

  • еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестат- тау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  • қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру;

  • сəйкессіздіктерді жоюды басқару;

  • еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру үшін ұйым- ның басшылығымен оны қолдану жəне талдау мақсаты- мен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуі туралы есепті тұрақты беру.

Басшылық өкілінің міндеттеріне еңбекті қорғауды мемле- кеттік жəне қоғамдық бақылау органдарымен, ұйымның еңбек жағдайлары жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша басқа мүд- делі тараптармен байланыс жасау кіреді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет