Пікір жазғандар


Еңбекті қорғау саласындағы ұйым саясаты



бет18/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Еңбекті қорғау саласындағы ұйым саясаты


Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті көтеретін ұйымның басшылығы:



  • еңбекті қорғау саласында саясатты, мақсаттар мен мін- деттерді (міндеттемелерді) анықтауы жəне құжаттама- лық ресімдеуі тиіс;

  • ұйымның барлық жұмыскерлеріне қабылданған саясатты жеткізуді, оны басқарудың барлық деңгейлерінде қолдау- ды, оны іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс;

  • ұйымның өзгеретін қажеттіліктеріне тұрақты сəйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен саясатты мерзімді қарасты- руы (талдауы) жəне түзетуі тиіс.

Ұйымның еңбекті қорғау саласындағы саясаты:

  • жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жəне еңбекті қор- ғауды жақсарту бойынша жалпы мақсаттарды анықтауы тиіс;

  • тəуекелдердің сипаты мен ауқымына сəйкес келуі, сондай-ақ ұйымның шаруашылық мақсаттарымен байла- нысты болуы тиіс;

  • еңбекті қорғау саласындағы заңнамаға ұйымдағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға сəйкес келуі бойынша ұйымның басшылығының (мемлекеттік нормативтік ең- бекті қорғау талаптарына) жұмыс берушінің міндетте- месін қосуы тиіс;

  • еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды тұрақты жақ- сарту, қоғамдық еңбекті қорғау органдары мен қызмет- терін қалыптастыру, əлеуметтік серіктестікті қамтамасыз ету, жұмыскерлерге жұмыс орындарындағы еңбек жағ- дайлары, бар болатын өндірістік тəуекелдер, денсау-

лыққа залал тигізгені үшін тиесілі өтемақылар туралы хабардар ету бойынша ұйымның басшылығының мін- деттемесін қосуы тиіс;

  • еңбекті қорғау бойынша мақсаттар мен міндеттерді бел- гілеуге жəне оларды талдауға арналған негізді қарас- тыруы тиіс;

  • мүдделі тараптарға қол жетімді болуы тиіс.

Еңбекті қорғау саласындағы саясат аталған саладағы алға қойылған мақсаттарға сəйкес келуі жəне оған еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауды дəйекті түрде жақсартудан тұруы тиіс. Мақсаттарды əзірлеу кезінде мемлекеттік нормативтік еңбекті қорғау талаптары мен басқа талаптар, өндірістік тəуекелдер, технологиялық операциялар, өндірістік, функционалдық, қар- жылық жəне басқа шаруашылық талаптар қарастырылуы əрі есепке алынуы тиіс.
Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар ұйым ішінде əрбір қызметке жəне басқару деңгейіне қолданылатындай белгіленуі керек.
Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттер мүм- кіндігінше сандық түрде болуы тиіс.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет