Пікір жазғандар



бет36/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

тарау


КОМПЬЮТЕРДЕ ҚАУІПСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Компьютерлер орналасқан жайларға жəне жайлардағы хи- миялық жəне физикалық факторлардың деңгейлеріне қойыла- тын талаптар. Жоғары оқу орындарының оқушыларына арнал- ған дербес компьютерлердің жұмыс орындарына қойылатын талаптар. Жаттығулар мен дене шынықтыру үзілістерінің ке- шені.


Адамның қазіргі таңдағы ғылымның, техниканың, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қызметін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Компьютерлердің жаңа үлгілерін əзірлеу, олардың дайындау технологиясын жетілдіру, бірегей бағдарламалық жа- сақтаманы қолдану кезінде қол жеткізілген қарқынды ілгері- леуге қарамастан есептеу техникасымен жұмыс істеу кезінде адам бірқатар қауіпті жəне зиянды факторлардың əсеріне ұшы- райды: электр магниттік өрістердің, ЖЖ, УЖЖ жəне АЖЖ ра- диожиілік дипазонының, инфрақызыл жəне иондаушы сəуле- ленудің, шудың жəне дірілдің, статикалық электрдің жəне т.б. Компьютермен жұмыс істеу операторлардың ақыл-ойына күш түсуімен жəне жүйке-эмоционалдық күш түсумен, көру жұ- мыстарының жоғары ауырлығымен жəне ЭЕМ клавиатурасымен жұмыс істеу кезінде саусақтардың бұлшық еттеріне жеткілікті ауырлықтың түсуімен сипатталады. Жұмыс орнының оңтайлы конструкциясы мен элементтерінің орналасуы үлкен мəнге ие, бұл оператордың оңтайлы жұмыс қалпын ұстау үшін маңызды.
Компьютерлер орнатылған жайларда жоғары дəлдікпен көру жұмыстарын орындау кезінде жалпы жарықтылық 300 лк құрауы тиіс, ал құрамдастырылған – 750 лк, ал орташа дəлдік- пен жұмыстарды орындау кезінде – 200 жəне 300 лк. Кері жағ- дайда жұмысқа қанағаттанбауға, бас ауруына, ашуланшақтыққа, ұйқының бұзылуына, шаршау мен көздердегі, белдегі, мойын
мен қолдардағы ауыру сезімдеріне шағымдардың болуы- мен көру аппаратында елеулі ауыртпалық пайда болуы мүмкін («Санитарлық ережелер жəне нормалар СанЕжН
№ 1.01.004.01»). Бұл талаптар заңды жəне жеке тұлғаларды сақ- тау үшін міндетті болып табылады.
Компьютерлерді пайдалануға арналған барлық жайлар ке- лесі талаптарға сай келуі тиіс: 1) жеке жерге тұйықтау контуры болуы керек; 2) жұмыс орындарын жертөле жайларында орна- ластыруға тыйым салынады; 3) оқу мекемелерінде компью- терлерді тек периметрлік орналастыруды ғана қолдану керек;

  1. оқу мекемелеріндегі 1 жұмыс орнына аумақ – 52 метрден кем емес; 5) жайларда табиғи жəне жасанды жарықтандыру болуы тиіс; 6) есептеу техникасының аудиториялары шу мен дірілдің деңгейлері нормативтік мəндерден асатын жайлармен (шебер- ханалар, спорт залдары жəне т.б.) шектеспеуі тиіс; 7) қоршау конструкцияларының дыбысоқшаулауы шу мен дірілдің деңгей- лерінің норматив мəндерін қамтамасыз етуі тиіс; 8) жайлар жы- лыту жəне ауаны кондиционирлеу жүйелерімен жабдықталуы тиіс; 9) ішкі əрлеу үшін диффузиялық-шағылыстыру материал- дары пайдаланылуы тиіс, төбелер үшін шағылыстыру коэффи- циенті – 0,7-0,8; қабырғалар үшін – 0,5-0,6; еден үшін – 0,3-0,5;

  1. оқу мекемелерінде, жоғары оқу орындарын қоса, əрлеу үшін ауаға зиянды химиялық заттарды бөлетін материалдарды пай- далануға тыйым салынады; 11) еденнің беті тегіс, тазарту жəне сулап жинау үшін қолайлы болуы тиіс.

Оқу мекемелерінде компьютерлермен жайларда жылдың суық/жылы уақыты үшін микроклиматтың оңтайлы параметрлері қамтамасыз етілуі тиіс: температура, ºС – 22-24/23-25; қатысты ылғалдылық, % – 60-50/60-40; ауа қозғалысының жылдамдығы, м/c – 0,1 / 0,1 (компьютерлерде жұмыс негізгі болып табылатын жайлардағы, мысалы, операторлық, есептеу посттары, офистер жəне т.б. микроклимат жоғарыда берілгендерден талаптар елеусіз ерекшеленеді). Жайларда ауаны ылғалдатқыштарды қолдану жəне сабақтар кезінде желдету ұсынылады. Ауадағы зиянды заттардың құрамы олардың шекті рұқсат етілетін концентрациясынан аспауы тиіс. Басқа қажетті талаптар (шудың, дірілдің дең- гейлеріне, электрлік жəне магниттік өрістердің деңгейлеріне, электрстатикалық өрістің кернеулігіне, рентгендік сəулелеудің
экспозициялық доза қуатына қойылатын талаптар) СанЕжН
№1.01.004.01. нормативтік мəндеріне сəйкес келуі тиіс [19].
Студенттердің компьютерде өнімді жəне сапалы жұмыс іс- теулері үшін жұмыс орнындағы жабдық үлкен мəнге ие. Бірін- шіден, үстел бір орындық болуы тиіс. Екіншіден, оның жұмыс бетінің биіктігі 68-80 см шегінде реттелуі тиіс (немесе мұндай мүмкіндік болмаған кезде 72,5 см құрауы тиіс). Үшіншіден, үс- телде аяқтарға арналған 60 см-ден кем емес биіктікте, ені 50 см- ден кем емес, тізе деңгейінде 45 см-ден кем емес тереңдікте жəне созылған аяқтар деңгейінде 65 см-ден кем емес кеңістік болуы тиіс. Жұмыс орны ені 30 см-ден кем емес аяқтарға арналған тіреуішпен жабдықталуы мүмкін. Үстелдің конструкциясы клавиатураға арналған арнайы демеуіш қарастырылуы тиіс, ол биіктігі жəне еңкею бұрышы бойынша реттелуі тиіс, бұл оқушы- ның денесін дұрыс ұстауына себін тигізеді. Орындық оқушының бойына сəйкес келетін негізгі мөлшерге ие болуы тиіс. Орын- дықтардың орнына арқаға арналған тірексіз қандай да бір басқа жиһазды пайдаланбау керек. Көздің деңгейі экранның ортасына немесе тігінен орналасқан экранның 2/3-не келуі тиіс. Оқы- тушының компьютер қойылған үстелі көтеріңкі жерде орнатылуы тиіс.
Компьтермен жұмыс ітеу кезіндегі маңызды сəттердің бірі –
бұл дұрыс еңбек жəне демалыс режімін сақтау. Бұл туралы то- лық «Санитарлық ережелер жəне нормалар № 1.01.004.01» нор- мативтік құжатта мазмұндалған. Санитарлық нормалар жəне ережелер республикалық нормативтік құжат болып табылады жəне заңды жəне жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады, олардың бағыныштылық жəне меншік нысаналарына тəуелсіз. ЖОО студенттерінің жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптарда 6.2.3 тармақта былай делінген.
Шаршаудың дамуының алдын алу үшін келесі шаралар міндетті болып табылады:

  • көздерге арналған жаттығуларды ВДТ жəне ПЭВМ жұ- мыс істеу кезінде əрбір 20-25 минуттан кейін жүргізу (17-қосымша);

  • үзілістер кезінде 3-4 минут бойына дене шынықтыру жаттығуларын жасау (19-қосымша);

  • шаршауды басу үшін 1-2 минут ішінде дене шынықтыру жаттығуларын жасау (шаршаудың бастапқы белгілері пайда болған кезде жеке орындалады). Сонымен қатар бірінші курс студенттері үшін компьютерлермен са- бақтар бірінші немесе екінші сабақта жүргізілуі тиіс. Жоғарғы курс студенттері үшін «... сабақтарды cағат 17 ден 20-ге дейін ерекше жағдайларда ғана жүргізуге рұқсат етіледі».

Мысал ретінде көзге арналған жаттығулар кешенін ұсына- мыз (17-қосымша)1 Нұсқа.

    1. Көздің бұлшық еттеріне қатты күш сала отырып, 1-ден 4-ке дейін санауда көзді жұму, содан кейін көздің бұлшық еттерін босаңсытып, көзді ашу, 1-ден 6-ға дейін санағанда алысқа қарау. 4-5 рет қайталау.

    2. Кеңсірікке қарау жəне 1-ден 4-ке дейін санап қарап тұру. Көздің шаршауына жол бермеу. Содан кейін көзді ашу, 1-ден 6-ға дейін санап алысқа қарау. 4-5 рет қайталау.

    3. Басты бұрмай, оң жаққа қарау жəне 1-ден 4-ке дейін санап қарап тұру, содан кейін тура алысқа 1-ден 6-ға дейін санап қарау. 4-5 рет қайталау. Жаттығулар ұқсас түрде жасалады, бірақ солға, жоғары жəне төмен қарап. 3-4 рет қайталау.

    4. Диагонал бойынша жылдам ауыстырып қарау: оңға жо- ғары-солға төмен, содан кейін тура алысқа 1-ден 6-ға дейін санап қарау. 4-5 рет қайталау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет