Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту, қызметкерлер құрамының өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері мен жауапкершілігі
Жұмыс істеушілерді өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту еңбекті қорғау бойынша нұсқамаларды жүргізудің жалпы ере- желері бойынша өткізіледі, олар жүзеге асыру сипаты мен уақы- тына қарай кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жос- пардан тыс жəне мақсатты болып бөлінеді.
Қайталама нұсқаманы аталған кəсіпорында (салада) белгі- ленген мерзімділікпен, алғашқы нұсқама бағдарламасы бойын- ша толық көлемде жүргізеді.
Жоспардан тыс нұсқаманы ЕҚСЖ стандартында аталған жағдайларда өткізеді. Нұсқаманың көлемі мен мазмұны əрбір
нақты жағдай үшін оны өткізу себептері мен жағдайларын еске- ре отырып анықталды.
Мақсатты нұсқаманы мамандығы бойынша тікелей міндетте- рімен байланысты емес бір реттік жұмыстарды орындау алдында, рұқсат-нарядтары ресімделетін жұмыстардың алдында жүргізеді.
Нақты жағдайларды ескере отырып, нұсқамаға өрт қауіпсіз- дігімен байланысты қажетті мəселелер кіргізіледі.
Нұсқамадан басқа өрт-техникалық минимумы зерделенуге жатады. Ол оның мазмұнын кəсіпорынның басшылары мен бас мамандарының, кəсіпорын бөлімшелерінің өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаларының, сондай-ақ жоғары өрт қауіптілігімен жұмыстарды орындайтын, еңбек қауіпсіздігі жəне білімін немесе өрт қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттардың негізгі ережелерін білуін тексеру бойынша қосымша талаптар қойылатын тұлғалардың назарына жеткізу мақсатымен жүргізіледі.
Минимум жүйесінде оқыту мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының аумақтық органдарымен келісілген бағдарлама бойынша жəне мерзімде өткізіледі.
Кəсіпорында өрт-техникалық минимум жүйесінде оқудан өтетін жұмыскерлер кіріспен жəне алғашқы өртке қарсы нұсқа- малардан босатылулары мүмкін.
«Өрт қауіпсіздігі туралы» заңға сəйкес жұмыс беруші мін- детті:
өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемле- кеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды əзiрлеп, жүзеге асыруға;
өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қыз- меткерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып үйре- туге;
ұжымдық шартқа (келісімге) өрт қауіпсіздігі мəселелерін қосуда;
өрт сөндiру жүйелерi мен өртке қарсы қорғаныс құралда- рын, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қоса, ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауы- на жол бермеуге;
өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу жəне өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сон- дай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына жəне өрттердiң шығуына кiнəлi адамдарды анықтау кезiнде жəрдем көрсетуге;
кəсіпорынның аумағында өртті сөндіру кезінде белгіленген тəртіпте қажетті күштер мен құралдарды беруге;
өрт сөндіру қызметінің лауазымды тұлғаларына өздері- нің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде аумаққа, ғимараттарға, құрылыстарға жəне кəсіпорынның басқа объектілеріне кіруін қамтамасыз етуге;
мемлекеттік өртті қадағалаудың лауазымды тұлғалары- ның талап етуі бойынша кəсіпорындағы өрт қауіпсізді- гінің жағдайы туралы, оның ішінде өздері өндіретін өні- мінің өрт қауіпсіздігі туралы, сондай-ақ өздерінің аумақ- тарында орын алған өрттер мен олардың салдарлары ту- ралы мəліметтер мен құжаттарды беруге;
өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға;
ерікті өрт сөндірушілердің қызметіне жəрдем көрсетуге;
ҚР үкіметімен бекітілетін, оларда міндетті түрде өрттен қорғау қызметі құрылатын еліміздің ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды объектілердің, басқа аса маңызды өртке қауіпті объектілердің, Қазақстан халқының мəдени мұрасының аса құнды объектілерінің тізіміне кіретін объектілерде өрттен қорғау бөлімшелерін құруды жəне ұстауды қамтамасыз етуге (өртке қарсы қызметтің объектілік, арнайы жəне əскери бөлімшелері құрылатын объектілерден басқа).
Ұйымның басшылары ведомствоға бағынатын объектілерде өздерінің құзыреттілік шектерінде өрт қауіпсіздігі жүйесіне тікелей басшылықты жүзеге асырады жəне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін дербес жауапкершілікті көтереді.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті көтереді:
мүліктің меншік иелері;
атқарушы биліктің федералдық органдарының басшы- лары;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары;
мүлікті иелену, пайдалану немесе билік ету уəкілеттігі берілген тұлғалар, оның ішінде кəсіпорын басшылары;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты ретінде белгіленген тəртіпте тағайындалған тұлғалар;
өздерінің құзыреттілігі шегінде лауазымды тұлғалар.
ҚР 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-I «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңына сəйкес ҚР ЕК 312 бабымен өрт қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары қарастырылады.
Ұйымның басшыларын өрт қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін əкімшілік жауапкершілікке тарту негізде- месі мен тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бел- гіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |