Пікір жазғандар



бет10/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

басқа ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады
2-сурет. Жалпы ережелер



    • еңбекақы төлеу;

    • кəсіби даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін көтеру;

    • кепілдіктер мен өтемақылық төлемдер;

    • əйелдер жəне басқа отбасылық міндеттерімен тұлғалар- дың еңбегін реттеу ерекшеліктері;

    • əлеуметтік серіктестік жəне еңбек саласындағы ұжым- дық қатынастар;

    • еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдайларды жəне жұмыскерлердің денсаулығының басқа да зақымда- нуларын тексеру жəне есепке алу;

    • еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік жəне қо- ғамдық бақылау;

    • қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау. ҚР ЕК қабылдаумен бір уақытта ҚР 2007 жылғы 15 мамыр-

дағы №253-III «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды жəне 2007 жыл- дың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізілді, бұл заңмен ҚР Əкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 87-бабына

жұмыс беруші мен лауазымды тұлғаның əкімшілік жауапкер- шілігін белгілейтін өзгертулер енгізілді.
Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс беруші- нің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, жəне оны жүргізудің құқықтық, экономикалық əрі ұйымдық негіздерін белгілеу саласында туындайтын қоғамдық қатынас- тарды реттеу мақсатында 2005 жылдың ақпан айында ҚР «Қыз- меткер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің аза- маттық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңы заңға бағынатын бірқатар нормативтік актілермен қабыл- данды.
Еңбекке жарамды тұрғындардың денсаулығын қорғау жəне өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мəселелері бойынша заңнама- лық нормалар

    • ҚР 2003 жылғы 4 маусымдағы №430-II «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңында;

    • ҚР 2002 жылғы 4 желтоқсандағы №361-II «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңында бекітілген.

Қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалануды қам- тамасыз ету жəне қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың алдын алуды, ұйымның олардың салдарын жоюға жəне оқ- шауландыруға дайындығын қамтамасыз ету, апаттармен жеке жəне заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға əрі мемлекетке тигі- зілген залалды кепілді өтеу, өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу саласындағы құқықтық қатынастар қамтамасыз етіледі:

    • ҚР 2002 жылғы 3 сəуірдегі №314 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркəсіптік қауіпсіздік туралы» заңы- мен;

    • ҚР 1996 жылғы 22 қарашадағы №48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңымен;

    • ҚР 1996 жылғы 5 шілдедегі №19 «Табиғи жəне техно- гендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңымен;

    • ҚР 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 «Техникалық реттеу туралы» заңымен.

Азаматтарды əлеуметті қорғауға бағытталған заңнама келесі заңдармен ұсынылған:

    • ҚР 1999 жылғы 13 шілде №414-I «Жерасты жəне ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды жəне ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды əрі ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жəрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

    • ҚР 1997 жылғы 16 маусымдағы №126-I «Қазақстан Рес- публикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жəне жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк əлеуметтiк жəрдемақылар туралы» заңы.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет