Пікір жазғандар


Еңбекті қорғау туралы заңға бағынатын нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу жəне бекіту тəртібі



бет11/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Еңбекті қорғау туралы заңға бағынатын нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу жəне бекіту тəртібі


Мемлекеттік органдармен қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу жəне бекіту тəртібі ҚР үкіметімен белгіленеді. Нормативтік актілер Қазақ- стан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының талаптарын ескере отырып, əзірленеді жəне қабылда- нады, ҚР Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады жəне оларды ресми жариялау күнінен бастап қолданысқа енгі- зіледі [5].


Бір деңгейдегі уəкілетті органдардың заңға бағынатын нор- мативтік құқықтық актілері əзірленулері, ал қажет болған жағ- дайда бірнеше уəкілетті органдармен қабылданулары мүмкін.
Бірнеше уəкілетті органдардың заңға бағынатын норматив- тік құқықтық актілері олармен бірлесіп, берілген заңмен қарас- тырылған тəртіпте жасалады жəне уəкілетті органдардың бас- шыларымен қол қойылатын, бірлескен бұйрықтар немесе қау- лылар түрінде қабылданады.
Үкіметпен, Қазақстан Республикасының Еңбек жəне ха- лықты əлеуметтік қорғау министрлігімен ҚР ЕК қабылдаумен байланысты Қазақстанның аумағында еңбекті қорғау саласында келесі салааралық заңға бағынатын нормативтік құқықтық актілер əзірленген:

    • тиісті уəкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі жəне ең- бекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық акті- лерді қабылдау ережесі (ҚР үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы №721 қаулысы);

    • еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында ақпарат беру жəне мемлекеттік статистика жүргізу ережесі (ҚР үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы №720 қаулысы);

    • еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мем- лекеттік бақылауды ұйымдастыру жəне жүргізу ережесі (ҚР үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №851 қаулысы);

    • кəсiптiк қызметтiң жекелеген түрлерiн, сондай-ақ аса қатерлi көздермен байланысты жұмыстарды жүзеге асы- ру үшiн медициналық психиатриялық жарамсыздық- тар тiзбесiн бекiту туралы (ҚР үкіметінің 2002 жылғы 18 маусым №668 қаулысы);

    • мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесi (ҚР үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 239 қаулысы);

    • өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша мін- детті мерзімді аттестациялауды өткізу ережесі (ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2007 жыл- ғы 23 тамыздағы №203 бұйрығы);

    • ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгі ереже (ҚР Еңбек жəне халықты əлеу- меттік қорғау министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы

№200 бұйрығы);

    • өндірістік жарақаттану туралы ведомстволық статис- тикалық есептің нысаны (ҚР Статистика агенттігі төра- ғасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы №60 бұйрығы);

    • жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты əзірлеу жəне бекіту ережесі (ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №157 бұйрығы).

Еңбекті қорғау саласымен байланысты заңға бағынатын нормативтік құқықтық актілер:

    • SbolrS;

    • олардың кезінде алдын ала жəне мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кəсіптердің тізбесі мен зиянды, қауіпті жəне қолайсыз өндірістік факторлардың əсеріне ұшыраған қызметкер- лерді міндетті алдын ала жəне мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту ту- ралы (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы №243 бұйрығы);

    • кəсіби аурулар мен улануларды тіркеу, тексеру, есепке алу жəне олар бойынша есеп беру ережесі (ҚР Денсау- лық сақтау министрінің 2005 жылғы 28 маусымдағы

№294 бұйрығы).


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет