тарау
НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА:
СТАНДАРТТАР, НОРМАЛАР ЖƏНЕ ЕРЕЖЕЛЕР
Техникалық стандарттар, нормалар жəне ережелер
Қазақстан Республикасында келесі нормативтік жəне тех- никалық құжаттар қолданылады:
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер жəне нормалар
(СанЕжН), гигиеналық нормативтер (ГН);
мемлекеттік сыныптауыштар (ҚР МС);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты (ҚР СТ);
Мемлекетаралық стандарт. Еңбек қауіпсіздігі стандарт- тарының жүйесі (ЕҚСЖ МЕМСТ);
Салалық стандарт (ССТ);
Қауіпсіздік ережелері (ҚЕ);
– Өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары (ӨҚЕ, ӨҚМН)
Еңбекті қорғау бойынша ережелер (ЕҚЕ);
Қазақстан Республикасының ережелері (ҚР ЕР);
Республикалық нормативтік құжат (РНҚ);
Басшылық құжат (БҚ).
Еңбекті қорғау бойынша салалық стандарттарды, норма- ларды, ережелерді, нормативтік-техникалық құжаттаманы белгі- ленген тəртіпте тиісті мемлекеттік органдар мен ведомстволар өз өкілеттіктері шегінде əзірлейді жəне бекітеді:
Денсаулық сақтау министрлігі;
Индустрия жəне сауда министрлігі (Стандарттау жəне сертификаттау жөніндегі комитет);
Төтенше жағдайлар министрлігі (Өртке қарсы қызмет комитеті. Төтенше жағдайларды жəне өнеркəсіптік бақы- лауды мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет);
Энергетика жəне табиғи ресурстар министрлігі (Энерге-
тикалық қадағалау);
сондай-ақ басқа салалық министрліктер мен ведомст- волар.
Еңбекті қорғау мен өнімнің, жабдықтау, өндірістік үдеріс- тердің, жұмыс істеушілерді қорғау құралдарының қауіпсіздігі саласындағы талаптарды белгілейтін мемлекеттік стандарттар Индустрия жəне сауда министрлігінің стандарттау жəне сер- тификаттау жөніндегі комитетімен əзірленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен санитарлық-эпиде- миологиялық ережелері мен нормалары, гигиеналық норматив- тер əзірленеді.
Төтенше жағдайлар министрлігімен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге қатысты ережелер, нұсқаулар бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |