Пікір жазғандар


Еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік нормативтік талаптар



бет17/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік нормативтік талаптар


Мемлекеттік нормативтік еңбекті қорғау талаптары – қазіргі заманғы тəжірибе үшін маңызды ұғым, өйткені оларға сəйкес жұмыс орындары сəйкестікке келтірілулері тиіс; оларға сəйкес жұмыс беруші еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды жүргізуі тиіс; оларға сəйкес мемлекеттік еңбек сараптамасы бағаланады; олардың сақталуына мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жүзеге асырылады, т.с.с.


Заңдарда жəне басқа нормативтік құқықтық актілерде маз- мұндалған мемлекеттік нормативтік еңбекті қорғау талапта- рымен еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлердің өмірі мен ден- саулығын сақтауға бағытталған ережелері, рəсімдер жəне кри- терийлер белгіленеді.
Көпшілік мойындаған ҚР халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары жəне халықаралық шарттар Қазақстан Республи- касының конституциясына сəйкес Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Осы себепті ҚР ЕК-нің 10-бабына сəйкес (Еңбек шарттары, əлеу- меттік əріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері), егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен, еңбек заңна- масымен жəне еңбек құқығы нормаларынан тұратын актілермен басқа ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Бұл мемлекеттік нормативтік еңбекті қорғау талаптарының оларда мазмұндалуы мүмкін екендігін білдіреді.
  1. тарау


ҰЙЫМДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ
    1. Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар


Еңбекті қорғау үшін жауапкершілікті көтеретін ұйым бас- шылығы белгіленген талаптарға сəйкес еңбекті қорғауды басқа- ру жүйесін əзірлеуді, ендіруді жəне жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.


Еңбекті қорғауды басқару жүйесін құру кезінде:

  • ұйымның қызметіне қолданылатын мемлекеттік норма- тивтік еңбекті қорғау талаптарынан тұратын заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілерді анықтау қажет;

  • қауіпті жəне зиянды өндіріс факторларын əрі оларға сəйкес келетін ұйымның өткен, қазіргі кездегі немесе жоспарланып отырған қызмет түрлерімен байланысты тəуекелдерді анықтау қажет;

  • еңбекті қорғау саласындағы ұйым саясатын анықтау;

  • еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді анықтау, басымдылықтарды белгілеу;

  • саясатты іске асыруға жəне оның мақсаттарына қол жеткізуге, алға қойылған міндеттерді орындау бағдар- ламасы мен ұйымдық сұлбасын əзірлеу.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі қарастыруы тиіс:

  • еңбекті қорғау жəне жағдайларының көрсеткіштерін жоспарлауды;

  • жоспарлық көрсеткіштерді бақылауды;

  • түзету жəне алдын алу əрекеттерін жүзеге асыру мүмкін- дігін;

  • еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ішкі аудитін жəне осы жүйенің қабылданған саясатқа сəйкестігін қамтамасыз

ету, оны əрі қарай жетілдіру үшін оның жұмыс істеуін талдауды;

  • өзгеретін жағдайларға бейімделу мүмкіндігін;

  • жеке жүйе түрінде ұйымның жалпы басқару (менедж-

мент) жүйесін біріктіру мүмкіндігін.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет