Пікір жазғандар


Ұйымдағы еңбекті қорғау талаптарын орындау бойынша қызметті бағалау



бет20/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Ұйымдағы еңбекті қорғау талаптарын орындау бойынша қызметті бағалау


Ұйымның (оның бөлімшелерінің) еңбекті қорғауды қам- тамасыз ету жəне еңбекті қорғау талаптарын орындау бойынша қызметін бағалау еңбекті қорғау бойынша барлық жұмыстың маңызды элементі болып табылды.


Қазіргі кезде еңбекті қорғау бойынша жұмыстағы басты та- быс критерийі ұйымда өндірістегі жазатайым жағдайлардың жə- не кəсіби аурулардың жоқтығы болып табылады деген пікір та- ралған. Формалды тұрғыдан қарағанда еңбекті қорғау мақсатына қол жеткізілген, бірақ ұйымдағы еңбекті қорғау бойынша жұмыс сапасын сипаттамайды.
Өкінішке орай, еңбекті қорғау бойынша ешнəрсе жасамауға болатын жəне «жағымсыз жағдайлар» болмайтын қызметтің көптеген түрлері бар. Алайда еңбекті қорғау бойынша күнделік- ті жоспарлы жұмыс қана еңбек, материалдық жəне қаржылық қаражаттардың қомақты шығындарымен апаттылықты, жарақат алуды жəне кəсіби ауруларды төмен (нақты қолда бар техноло- гияларды) «əлеуметтік қолданыстағы» деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Алайда табыстың «нөлдік» критерийлері жарияланса, олар- ды қайткен күнде де қамтамасыз ететін болады. Кеңінен қолда- нылатын тəжірибе жарияланбайтын, бірақ еңбекті қорғауда жасырып қалуға болатынның бəрін жасырудан тұратындығы құпия емес, өйткені мұндай тəжірибе (оның моральсыздыға қа- рамастан) өндірістік жарақат алу жəне кəсіби ауру бойынша
«нашар» көрсеткіштерді төмендетеді.
Қазіргі таңда еңбекті қорғау бойынша болжамды шараларды орындауды (басымдылық дəрежесі бойынша) бағалауға, оларға міндетті маңызды элементтердің минимумын қосуға негізделген мүлде басқа тəсілді дамыту керек.
Біз мұндай ұйымдағы еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті маңызды элементтеріне жатқызамыз:

  1. еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүйе- сінің (ЕҚЖҰЖ), ЕҚБЖ немесе кем дегенде жұмыскерлердің (əсіресе лауазымды тұлғалардың) арасында еңбекті қорғау бойын- ша функционалдық міндеттерді бөлу туралы ереженің (бұй- рықтың) болуы;

  2. лауазымдық нұсқауларда еңбекті қорғау бойынша бөлім- нің, сондай-ақ жұмыс орындарындағы жəне жұмыс түрлеріне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулардың болуы;

  3. еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестат- тауды жүргізу (қауіптер мен кəсіби тəуекелдерді сəйкестендіру бойынша шаралар секілді);

  4. еңбекті қорғау бойынша нұсқамаларды жəне басқа оқыту түрлерін өткізу;

  5. жұмыскерлерді талап етілетін ЖҚҚ қамтамасыз ету;

  6. еңбекті қорғау бойынша құжаттаманы жүргізу;

  7. уəкілетті (сенім жүктелген) тұлғалардың институтының болуы;

  8. еңбекті қорғау маманының (қызметінің) болуы;

  9. жұмыскерлерді сақтандыру;

  10. жұмыскерлердің тиісті медициналық тексерулерден өтуі.

Бұл тізімге ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 нұсқаулығының талаптары неғұрлым жақын келеді.
Негізінен, ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 нұсқаулығы ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің немесе олардың ішкі жүйелерінің
элементтерін бағалау үшін мақсаттылығына байланысты келе- сілерді қамтуды ұсынады:

  • еңбекті қорғау саясатын (стратегиялық мақсаттарды);

  • жұмыскерлердің еңбекті қорғау бойынша жұмысқа қаты- суын (еңбекті қорғау бойынша комитеттің (комиссия- ның), уəкілетті (сенім жүктелген) тұлғалардың, еңбекті қорғау бойынша келісіммен ұжымдық шарттың болуы);

  • міндеттер мен жауапкершілікті (лауазымдық нұсқау- ларда лауазымды тұлғалар үшін еңбекті қорғау бойынша бөлімнің болуы);

  • қызметкерлер құрамының еңбекті қорғау бойынша бі- ліктілігі мен даярлығын (оқу жəне білімді тексерудің барлық түрлерін қоса);

  • еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құжаттамасы;

  • ақпаратпен алмасу жəне тарату (жоғарыдан төменге жə- не төменнен жоғарыға);

  • ЕҚБЖ жоспарлау, дамыту жəне жүзеге асыру;

  • ескерту жəне реттеу шаралары (қауіпті жəне зиянды өн- дірістік факторлардан қорғау бойынша техникалық жəне ұйымдық сипаттағы);

  • технологиялық үдерістегі немесе жабдықтағы өзгерту- лермен жəне жұмысқа жаңа қызметкерлерді қабылдау- мен байланысты ЕҚБЖ өзгертулерді басқару;

  • апаттық жағдайлардың алдын алу, оларға жəне əрекет етуге даярлық;

  • қамтамасыз ету (ЖҚҚ жəне сертификатталған жабдық- пен, таңбаланған заттармен жəне т.б.);

  • мердігерлік жұмыстар (апатты жағдайларда жауапкер- шілікті бөлу бойынша, мердігердің негізгі ұйымның ЕҚБЖ талаптарын сақтау міндеттемелері бойынша мер- дігермен шарт жасау);

  • еңбекті қорғау бойынша болжамды шараларды орындау- дың мониторингі жəне нəтижелерін бағалау;

  • жұмыспен байланысты жарақаттарды, денсаулықтың на- шарлауын, ауруларды жəне уақиғаларды, олардың қауіп- сіздік пен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке əсерін тексеру;

  • бақылауды жəне тексерулерді / аудитті ұйымдастыру;

  • басшылықпен ЕҚБЖ тиімділігін талдау;

  • еңбекті қорғау, жұмыстарды жетілдіру бойынша алдын алу жəне түзету əрекеттері;

  • барлық ЕҚБЖ-ны үздіксіз жетілдіру;

  • кез келген басқа мақсаттар мен тексеру / аудит объек- тілері.

Осы себепті еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ауқым- ды тексеру кезінде (аудит) еңбекті қорғауды басқару жүйеле- рінің немесе олардың ішкі жүйелерінің жүзеге асырылатын элементтері:

  • еңбекті қорғау бойынша ұйымның саясаты мен мақсат- тарын жүзеге асыру;

  • жұмыскерлердің толық қатысуына себін тигізу;

  • еңбекті қорғау бойынша қызметтің жəне алдыңғы тек- серулердің нəтижелілігін бағалауға əсер ететін;

  • ұйымның іске қатысты ұлттық заңдармен жəне ереже- лермен сəйкестікке қол жеткізуін қамтамасыз ету;

  • еңбекті қорғау бойынша үздіксіз жетілдіру жəне озық тəжірибенің мақсаттарына қол жеткізу болып табыла- тындығы анықталуы тиіс.

Бұл ретте тексеру құзырлы, қызметпен байланысты емес, ұйымда жұмыс істейтін немесе жұмыс істемейтін тұлғалармен жүргізілуі тиіс.
Тексерудің нəтижелері мен қорытындыларының түзету шара- лары үшін жауапты тұлғалардың назарына жеткізілуі маңызды. Бұл ЕҚБЖ жетілдіру үшін аудиттің нəтижелерін нақты пайда- лануға мүмкіндік береді. Еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру барлық басшы арасында бөлінетіндіктен жəне бұл жауапкершіліктің ауқымды үлесі бірінші басшыға жүктелетін- діктен, ұйымның жоғары басшылығының қабылданған шешім- дердің нəтижелілігін мерзімді түрде бағалап тұруы əрі қажетіне қарай түзетулерді енгізуі керек.
Құрылымдық бөлімшелердің директорлары, бас инженерле- рі, сондай-ақ ірі кəсіпорынның бас инженері немесе бас дирек- торы тоқсанына бір реттен сирек емес бас мамандардың, цех- тардың, қызметтердің бастықтарының жиналыстарында немесе
техникалық кеңестерде, еңбекті қорғау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияның отырыстарында кəсіподақ органының қатысуымен:

  • өткен кезең үшін еңбекті қорғау саласындағы жұмыс- тардың, еңбекті қорғау бойынша жоспарлардың, жоспар- лы шаралардың орындалу барысының қорытындыларын шығаруы тиіс;

  • тексерулердің нəтижелерін қарастыруы тиіс;

  • жарақат алу, кəсіби ауру, апаттылық жəне еңбекті қор- ғаудың басқа мəселелерінің жағдайын қарастыруы тиіс;

  • цехтардың, учаскелердің, бөлімдердің, қызметтердің бастықтарының ақпараттарын тыңдауы, бұл мəселелер бойынша басшылардың жұмыстарына баға беруі, оны жасқарту бойынша шараларды анықтауы тиіс;

  • ұзақ уақыт жарақат алусыз жəне еңбекті қорғау ереже- лері мен нормаларын бұзушылықсыз жұмыс істеген құрылымдық бөлімшелерді көтермелеу туралы ұсыныс- тарды, сондай-ақ тəртіптік жауапкершілік туралы, еңбек- ті қорғау бойынша ережелер мен нормаларды дөрекі бұзушылыққа жол берген тұлғалар алып отырған қыз- меттеріне сəйкестігі туралы тиісті ұсыныстарды тың- дауы тиіс.

Мəселелерді талқылау жəне шешім қабылдау жиналыстың (техникалық кеңестің, отырыстың) хаттамасымен ресімделеді жəне орындауға міндетті болып табылады. Ұйым бойынша қа- жетті жағдайларда бұйрық шығарылады.
Басшылықпен ЕҚБЖ тиімділігін талдау:

  • қызметтің жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуді анықтау үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жал- пы стратегиясын бағалауы тиіс;

  • еңбекті қорғауды басқару жүйесі ұйымының жəне оның мүдделі тараптарының, қызметкерлері мен басшылық, қадағалау жəне бақылау органдарын қоса, жалпы қажетті- ліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігін бағалауы тиіс;

  • еңбекті қорғауды басқару жүйесін, еңбекті қорғау бойын- ша саясатты жəне мақсаттарды қоса, өзгерту қажеттілігін бағалауы тиіс;



тиіс:

  • кемшіліктерді уақытылы жою үшін қандай əрекеттердің қажет екендігін анықтауы керек, ұйымның басқару құры- лымының басқа тараптарының құралдарын жəне орын- далу нəтижелілігін бағалауды қоса;

  • оңтайлы жоспарлау жəне үздіксіз жетілдіру мақсаттарында кері байланысты қамтамасыз етуі тиіс, басымдылықтарды анықтауды қоса;

  • еңбекті қорғау бойынша ұйымның мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуді жəне түзету əрекеттерінің жігер- лілігін бағалауы тиіс;

  • ЕҚБЖ тиімділігін басшылықпен алдыңғы талдаулар кезінде белгіленген əрекеттердің тиімділігін бағалауы тиіс.

Бұл орайда басшылықпен ЕҚБЖ тиімділігін талдау ескеруі



  • жұмыспен байланысты жарақаттарды, денсаулықтың нашарлауын, ауруларды жəне уақиғаларды тексеру нə- тижелерін; орындалуы мен нəтижелілігін бағалауды үз- діксіз бақылау; аудиторлық қызмет;

  • қосымша ішкі жəне сыртқы факторлар, сондай-ақ өзгер- тулер, еңбекті қорғауды басқару жүйесіне əсер етуі мүмкін ұйымдастыруды қоса;

Басшылықпен ЕҚБЖ тиімділігін талдау қорытындылары

құжатпен ресімделуі жəне ресми түрде назарларына жеткізілуі тиіс:

    • еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нақты элементі (элементтері) үшін жауапты тұлғалардың, олардың тиісті шараларды қабылдай алулары үшін;

    • еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің, жұмыскерлердің жəне олардың өкілдерінің.

Көптеген ұйымдар үшін мұндай талдау жұмыстардың жал- пы қорытындысын жасауға жылына бір рет дайындалуы мүмкін. Бұл ретте еңбекті қорғау бойынша ұйым саясатының негізгі бағыттарын əзірлеу (нақтылау) жүзеге асырылады. «Ұйымдағы еңбекті қорғау жағдайын талдау жəне оны жетілдіру жолдары» баяндамасын дайындау еңбекті қорғау саласындағы ұйымның стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырудың негізгі нысаны

болып табылады. Жоғарыда аталған баяндаманы дайындауға ұйымның барлық бөлімшелері қатысады. Баяндаманың міндет- тері, құрылымы, дайындау тəртібі ұйым басшысының тиісті бұйрығымен белгіленеді.
Ұйым басшысының немесе жоғары тұрған ұйымның баян- даманы бекіту (мақұлдау) туралы шешімі шараларды əрі қарай жоспарлау жəне еңбекті қорғау талаптарын ұйымның қызметін басқарудың барлық деңгейлерінде қамтамасыз ету бойынша шығындарды негіздеу үшін ұйым саясатының басымдылық- тарын белгілейді.
Жұмыс берушімен немесе жоғары жауапкершілікке ие тұл- ғамен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін мерзімді талдаулардың жиілігі мен ауқымын ұйым қызметінің қажет- тіліктері жəне жағдайларына сəйкес анықтау керек.
  1. тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет