Пікір жазғандар



бет15/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

тарау


ҚАУІПСІЗДІК ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ


    1. Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары


Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мем- лекеттік саясат:



    • Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық акті- лерін əзірлеу мен қабылдауға;

    • еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мем- лекеттік, салалық (секторлық) жəне аймақтық бағдарла- маларды əзірлеуге;

    • еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін жəне еңбекті қорғауды əзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технология- ларды əзірлеу мен енгізу, еңбекті қорғау, қызметкер- лердің жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға əрі іске асыруға;

    • еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге;

    • өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тəртібін белгілеуге;

    • Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі жəне ең- бекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақ- талуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;

    • еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында қыз- меткерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақта- луына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жəрдем- десуге;

    • өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;

    • өндірістің жəне еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заман- ғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін əрі еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;

    • еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жө- ніндегі жұмыстың отандық жəне шетелдік озық тəжіри- белерін таратуға;

    • еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маман- дарды даярлауға əрі олардың біліктілігін арттыруға;

    • еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кəсіби ауру туралы жəне олардың салдары туралы мем- лекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;

    • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

    • еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемле- кеттік саясаттың маңызды қызметкердің өмірі мен денсаулығы- ның басымдығын қамтамасыз ету болып табылады. Жұмыскер- дің еңбекті қорғау құқықтары мен еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан оның өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төну жағдайында жұмысты орындаудан бас тарту қарастырылады.
ҚР еңбекті қорғау туралы заңнамасымен өндірістегі жаза- тайым жағдайлардан жəне кəсіби аурулардан зардап шеккен жұ- мыскерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін өндірістегі жазатайым жағдайлардан жəне кəсіби аурулардан жұмыскер- лерді міндетті əлеуметтік сақтандыру негізінде заңды мүдде- лерін қорғау қарастырылады. Өндірістің жəне еңбекті ұйымдас- тырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды жəне қауіпті еңбек жағдайларымен жұмыс жəне ауыр жұмыс үшін өтемақыны белгілеу қарастырылады.
ҚР Еңбек кодексінің 22-бабына сəйкес жұмыскер:

    • еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сəйкес жабдықталған жұмыс орнына;

    • заңға сəйкес өндірістегі жазатайым жағдайлардан жəне кəсіби аурулардан міндетті əлеуметтік сақтандыруға;

    • жұмыс берушіден, тиісті мемлекеттік органдардан жəне қоғамдық ұйымдардан жұмыс орнындағы еңбек жағдай- лары мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа залал тигізетін бар тəуекелдер туралы, сондай-ақ зиянды неме- се қауіпті өндірістік факторлардың əсерінен қорғау ша- ралары туралы дəйекті ақпарат алуға;

    • еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан өзінің ден- саулығына жəне өміріне қауіп төндіретін жағдай туын- даған кезде, мұндай қауіпті жойғанға дейін жұмысты орындаудан бас тартуға, федералдық заңдармен қарасты- рылған жағдайлардан басқа;

    • еңбекті қорғау талаптарына сəйкес жұмыс беруші қара- жатының есебінен жұмыскерлер жеке жəне ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуге;

    • жұмыс берушінің қаражатының есебінен қауіпсіз еңбек əдістері жəне тəсілдерімен қамтамасыз етілуге;

    • еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан жұмыс орны таратылған жағдайда жұмыс беруші қаражаттарының есебінен кəсіби қайта даярлауға;

    • еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттiк органға немесе еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жағ- дайларына тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін жəне еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мəселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;

    • Қазақстан Республикасы субъектілерінің мемлекеттік билік органдарына жəне жергілікті өзін-өзі басқару ор- гандарына, жұмыс берушіге, жұмыс берушілердің бір- лестіктеріне, сондай-ақ кəсіподақтарға, олардың бірлес- тіктеріне жəне басқа еңбекті қорғау мəселелері бойынша жұмыскерлермен уəкілеттік берілген өкілдік ету орган- дарына өтініш білдіруге;

    • өзінің жұмыс орнындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен байланысты мəселелерді қарастыруға

жəне өндірісте өзімен болған жазатайым жағдайды, өзінің кəсіби ауруын тексеруге өзі жеке қатысуға немесе өзінің өкілдері арқылы қатысуға;

    • медициналық тексеру (тексеруден өту) уақытына өзінің жұмыс орнын (лауазымын) жəне орташа жалақысын сақтай отырып, медициналық кеңестерге сəйкес кезектен тыс медициналық тексеруге (тексеруден өтуге);

    • ҚР Еңбек кодексіне, ұжымдық шартқа, келісімге, жер- гілікті нормативтік актіге, еңбек шартына сəйкес белгі- ленген өтемақыларға, егер ол ауыр жұмыстарда, зиянды жəне (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін болса құқылы.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет