Пікір жазғандар


Басшылар мен мамандарды оқыту тəртібі



бет22/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Басшылар мен мамандарды оқыту тəртібі


Дүние жүзілік жəне ресейлік тəжірибе жұмыскерлерді ең- бекті қорғау талаптарына оқыту өндірістік жарақат алу мен кəсі- би ауруды елеулі төмендететіндігін көрсетеді. Сол себепті өн- дірістік жарақат алу жəне кəсіби аурудың алдын алудың маңыз- ды элементтерінің бірі үздіксіз көп деңгейлі, мақсатты қызмет- керлердің еңбекті қорғау бойынша біліктіліктері мен кəсіби сауаттылығы болып табылады.


ҚР Еңбек кодексінің 313-бабына сəйкес, барлық жұмыскер- лер, оның ішінде ұйымның басшылары, сондай-ақ жұмыс беру- ші жеке кəсіпкерлер еңбекті қорғау бойынша оқудан жəне ең- бекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеруден өтуге мін- детті.
Барлық жұмыскерлердің, ұйымның басшыларын қоса еңбекті қорғау бойынша оқыту жəне білімдерін тексеру белгіленген:

    • ҚР Еңбек кодексімен;

    • МЕМСТ 12.0.004-90 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттары- ның жүйесі. Еңбек қауіпсіздігіне оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер»;

    • ҚР үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1225 қаулы- сымен бекітілген «Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi жəне еңбектi қорғау мəселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру жəне олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі».

Сонымен қатар арнайы жұмыстарды орындау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту тəртібі белгіленген тəртіпте бекітілген қауіпсіздік ережелерімен немесе белгілі бір техноло- гиялық үдерістер мен жұмыс түрлеріне ЕҚБЖ жүйесінің мемле- кеттік стандарттарымен келісілуі мүмкін.
Ұйымның басшылары мен мамандары жұмысқа кіру кезінде лауазымдық міндеттерінің көлемінде бірінші айда еңбекті қор- ғау бойынша арнайы оқудан өтеді.
Қызметке жаңа тағайындалған ұйымның басшылары жəне мамандары өз бетімен қызметке жұмыс берушімен (немесе онымен уəкілеттік берілген тұлғамен) лауазымдық міндеттері- мен, оның ішінде еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдас- тыру тəртібін, оларға сеніп тапсырылған объектілердегі (ұйым- ның құрылымдық бөлімшелерінде) еңбек жағдайларын рет- тейтін жұмыс берушіде қолданыстағы жергілікті нормативтік актілермен таныстырғаннан кейін рұқсат етіледі.
Басшылар мен мамандарды еңбекті қорғауға оқыту ұйым- ның өзінің немесе бөгде білім беру мекемесінің, оларда білім беру қызметін жүргізу құқына лицензиясы, еңбекті қорғау сала- сында мамандандырылған оқытушылар құрамы жəне тиісті ма- териалдық-техникалық базасы болған жағдайда, еңбекті қорғау жөніндегі тиісті бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Ұйымда басшылар мен мамандарды еңбекті қорғауға оқыту еңбекті қорғау бойынша оқыту бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларының негізінде əзірленетін жəне ұйымның басшысы- мен бекітілетін еңбекті қорғау жөнінде оқытудың жұмыс бағдар- ламалары бойынша жүргізіледі.
Басшылар мен мамандарды еңбекті қорғау бойынша оқыту барысында дəрістер, семинарлар, əңгімелесулер, жеке немесе топтық консультациялар, іскерлік ойындар жəне т.б. өтекізіледі, еңбекті қорғау бойынша бағдарламаларды, модульдік жəне ком- пьютерлік бағдарламаларды өз бетімен оқу, сондай-ақ қашықтан оқу элементтері қолданылуы мүмкін.
Жұмыс мамандықтарының жұмыскерлерінің еңбекті қорғау талаптарының теориялық білімдеріне жəне қауіпсіз жұмыс істеуде тəжірибелік дағдыларын тексеруді тікелей жұмыс бас- шылары еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нұсқаулардың
талаптарын білу көлемінде өткізеді, ал қажетіне қарай еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың қосымша арнайы талаптарын білу көлемінде.
Басшылар мен мамандар еңбекті қорғау талаптарының білі- мін кезекті тексеруден үш жылда бір реттен сирек емес өтеді.
Жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарының білімін ке- зектен тыс тексеру алдыңғы тексеруді жүргізу мерзіміне тəуел- сіз жүргізіледі:

    • еңбекті қорғау талаптары мазмұндалатын жаңа заңнама- лық жəне басқа нормативтік құқықтық актілерді ендіру немесе оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу ке- зінде. Бұл ретте тек осы заңнамалық жəне норматвитік құқықтық актілер бойынша білімін тексеру жүзеге асы- рылады;

    • жұмыскерлердің еңбекті қорғау бойынша қосымша бі- лімдерін талап ететін жаңа жабдықты пайдалануға енгізу жəне технологиялық үдерістерді өзгерту кезінде. Бұл жағдайда тиісті өзгертулермен байланысты еңбекті қор- ғау талаптары бойынша білімін тексеру жүзеге асыры- лады;

    • жұмыскерлерді басқа жұмысқа тағайындау немесе ауыс- тыру кезінде, егер жаңа міндеттері еңбекті қорғау бо- йынша қосымша білімдерді талап ететін болса (олармен өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауды бастағанға дейін);

    • еңбекті қорғау талаптарын бұзушылық жəне еңбек қауіп- сіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын жеткіліксіз білуі анықталған кезде еңбек инспекциясының, басқа мемле- кеттік қадағалау жəне бақылау органдарының лауазым- ды тұлғаларының, сондай-ақ жұмыс берушінің (немесе онымен уəкілеттік берілген тұлғаның) талап етуі бойынша;

    • орын алған апаттар мен жазатайым жағдайлардан кейін, сондай-ақ жұмыскерлермен еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бірнеше дүркін бұзушылық анықталған кезде;

    • берілген қызметінде жұмыста бір жылдан астам уақыт үзіліс болғанда.

Еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін кезектен тыс тексеру рəсімінің көлемі мен тəртібі оны өткізуді бастаған та- раппен анықталады.
Ұйымдарда қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптары бойынша білімдерін тексеруді жүргізу үшін жұмыс берушінің (басшының) бұйрығымен (өкімімен) белгіленген тəртіпте оқудан өткен үш адамнан кем емес еңбекті қорғау жəне еңбекті қорғау талаптары бойынша білімді тексеру комиссиясы құрылады.
Ұйымның еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексе- ру комиссиясының құрамына ұйымның жəне оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, еңбекті қорғау қызметтерінің ма- мандары, бас мамандар (технолог, механик, энергетик жəне т.б.) кіреді. Комиссия жұмысына аталған жұмыс берушінің жұмыс- керлерінің мүддесінде өкілдік ететін сайланбалы кəсіподақ органының өкілдері, оның ішінде еңбекті қорғау бойынша уə- кілетті (сенім жүктелген) тұлғалар қатыса алады. Жұмыскерлер- дің еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеру еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жүргі- зіледі, талаптарды қамтамасыз ету жəне сақтау олардың лауа- зымдық міндеттерін, өндірістік қызметінің сипатын ескере оты- рып, олардың міндеттеріне кіреді.
Ұйымның жұмыскерлерінің еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеру нəтижелері хаттамамен ресімде- леді.
Еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеруден та- бысты өткен жұмыскерге еңбекті қорғау талаптары бойынша бі- лімін тексеру комиссиясы төрағасының қолтаңбасы қойылған, еңбекті қорғау бойынша оқуды жəне еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеруді жүргізген ұйымның мөрімен бекі- тілген куəлік беріледі.
Еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеруден өтпеген жұмыскер оқудан өткеннен кейін бір айдан кеш емес мерзімде қайталап білімін тексеруден өтуге міндетті.
Еңбекті қорғау бойынша оқыту сапасы жəне еңбекті қорғау бойынша бекітілген бағдарламалардың орындалуы үшін жауап- кершілікті оқытушы ұйым жəне ұйымның жұмыс берушісі Қа- зақстан Республикасының заңнамасымен беліленген тəртіпте көтереді.
Жұмыскерлердің, оның ішінде басшылардың еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексерудің уақытында жүргізілуін бақылау мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарымен жүзеге асырылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет