Пікір жазғандар


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет21/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

ҰЙЫМНЫҢ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІН

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ




    1. Еңбекті қорғауға оқыту мəні мен мақсаты


Еңбекті қорғауды корпоративтік басқару жүйесін ұйымдас- тырумен айналыса отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйе- сіндегі неғұрлым əлсіз тізбектің – адам факторы, яғни жұмыс- кердің өзі екендігін тұрақты есте сақтау қажет.


Əрбір адам кейбір бір мағыналы емес анықталатын, бірақ кəсіби маңызды қасиеттермен сипатталады, мысалы, өмір сүру күші (дене күші жағдайы, төзімділік, ширақтық, оптимизм); бел- сенділік, қарқындылық (еңбекке қабілеттілік, еңбек қызметінің ырғағы, ынтагерлік); агрессияшылдық немесе иланушылық (өзін-өзі танытушылыққа беталыс жəне көмек немесе қорғаныс іздеуге бейімділік); сенсорлық саласының даму дəрежесі (сезу органдары); қызбалық; сезімталдылық, көпшілдік, аллоцентризм (басқаларды жақсы түсіну үшін өзін басқалардың орнына қоюға бейімділік) немесе эгоцентризм (басқаларды тек өзінің «менін» салыстырумен қарастыру бейімділігі); спонтандылық немесе реакциясының баяулығы; психикалық энергия деңгейі (қар- сыласуға, өзін-өзі бақылауға əр түрлі беталыстарды үйлестіруге қабілеттілік); сана өрісінің үлкендігі немесе шағындылығы (бір уақытта көптеген объектілерді қабылдау немесе басқаларынан оқшаулана отырып, тек біреуіне ғана назарын шоғырландыру қабілеті); тəжірибелік ақыл, логикалық ақыл, шығармашылық ақыл жəне т.б.
Жұмыскерлердің құзырлығын / біліктілігін дене күшінің қажетті жұмсалуымен немесе ақыл-ой еңбегімен, кəсіби білім-
дерімен, жалпы білімділігімен жəне зеректілігімен, арнайы дағ- дыларымен, алдыңғы жұмыс тəжірибесімен, жеке тəртіптілімен жəне жауаптылығымен байланысты кəсіби талаптары тұрғы- сынан қарастыруға болады.
Əрбір жұмыскердің кəсіби дайындық деңгейі, еңбекті қор- ғау бойынша дайындығын қоса, оның мамандығына, лауазымы- на жəне / немесе орындалатын (уақытша болсын) жұмысының сипатына сəйкес келу керектігі баршаға мəлім.
Өз өндірісінің барлық бөлімшелерінің табысты жұмысы үшін жұмыс беруші жұмыскерлерін уақытылы кəсіби даярлаумен жəне қайта даярлумен, өндірістен қол үзумен немесе қол үзбей олардың біліктіліктерін көтеруді қамтамасыз етуге тырысуы тиіс. Кез келген мəселелерді зерделеу кезінде еңбекті қорғау талаптарын зерделеуге уақыт бөлудің пайдалы екендігін ескер- теміз.
Сонымен қатар жұмыс беруші барлық бөлімшелерді жұмыс- тарды жүргізудің қауіпсіз əдістері мен тəсілдеріне оқытуды; ең- бекті қорғау талаптарына оқытуды жəне еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруді; қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын жұмыскерлердің өнеркəсіптік қауіпсіздік бойынша оқытуды, аттестаттауды жəне білімін тексеруді, өнеркəсіп қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын орындау бойынша нұсқауларды; жұмыс орындарындағы тағылымдамаларды; белгіленген тəртіпте оқудан, нұсқамадан, тағылымдамадан жəне өнеркəсіптік қауіп- сіздік жəне еңбекті қорғау талаптарын білуін тексеруді қамтама- сыз етуі тиіс [7].
Оқудың оң нəтиже беруі үшін ол ересек адамдарды оқы- тудың педагогикалық əдістерін ескере отырып, жұмыс орнының нақты анықталған қажеттіліктеріне негізделуі тиіс. Еңбекті қорғау саласында оқыту формалды түрде жүргізілмеуі жəне осылайша жазатайым жағдайлар тəуекелін еріксіз əрі жанама арттыра отырып, жұмыскерлердің білім деңгейлерінде де, нақты жағдайда да жалған өзіне-өзі сенушілігінің туындауына себін тигізбеуі тиіс. Еңбекті қорғау талаптарына оқыту қауіпсіз жəне өнімді кəсіби еңбек дағдыларына оқытумен мүмкіндігінше біріктірілуі тиіс. Бұл ретте жұмыскерлердің қажетті дағдылары мен білімдерінің деңгейін ескеру қажет.
Сонымен қатар жұмыс орнында тұрақты жəне үздіксіз негізде алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде бекіту үшін жағдай жасау мақсатты. Мұндай жағдайларды жасау басшы- лардың, мамандардың, еңбекті қорғау жөніндегі бірлескен коми- теттердің (комиссиялардың) жəне уəкілетті (сенім жүктелген) тұлғалардың күнделікті міндеттері болуы тиіс. Бұл жұмыс ор- нында қызметті тұрақты бақылау арқылы жұмысты дұрыс орындауды мойындау жəне қысқа кездесулердің, хабарламалар мен плакаттардың көмегімен күнделікті еске салу арқылы іске асырылуы мүмкін [8].


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет