Пікір жазғандар



бет15/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99
арнайы кітап

Дамудың жетіспеушілігін ерте кезеңдегі бас миының зақымдануы арқылы анықтайды (мысалы, ақыл- ойдың жетіспеушілігі). Психикалық функциялардың кейбіреулері біркелкі дамымайды, соның ішінде жоғары психикалық функциялар (ойлау, сөйлеу, есте сақтау).
Дамудың кешеуілдеуі танымдық әрекеті мен эмоциясының ерте балалық шақтағы өзгерістерге ұшырауы мен түсіндіріледі.
Дамудың бұзылуы (2-3 жастан кейін) бас миының белгілі бір бөліктері қалыптасып болғанан кейінгі бас миының патологиялық жағдайлардың әсерінен болатын кемшіліктерден түсіндіріледі. Дамудың бұзылуын айқындайтын кемшіліктерде эмоцияның, тұлғаның бұзылуымен мақсатқа бағытталған әрекеттердің бұзылуы, интеллектінің дамуындағы регреспен байқалатын органикалық деменциямен түсіндіреміз.
Дамудың тапшылығы организмнің белгілі бір жүйелерінің (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимылдық бұзылуы) күрделі түрдегі бұзылуларымен түсіндіріледі. Мұндағы бірінші кемшілік функциялардың дамымуымен түсіндірілсе, дамудың тапшылығы кезіндегі компенсация оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары арқылы жүзеге асады.
Дамудың әлсіреуі балалардың ерте жастағы аутизмімен түсіндіріледі. Бұл жағдайдағы психикалық функциялардың қалыптасу процесінің реттілігі өзгеше сипат алады. Мұнда қалыпты дамумен салыстыра отырып анықталады, яғни бұл балалардың сөйлеу тілі қимылдық функциялардың дамуынан алға шығып, заттық- практикалық әрекетке қарағанда сөздік – логикалық ойлау бірінші қалыптасады. Бұл кезде қарқынды дамып отырған функциялар басқаларды реттеп отырады.
Дамудың дисгормониялығы эмоциялық-ерік аймағындағы жүре пайда болған психиканы дисгормониялылығынымен түсңндңрңледң. Мысалы, бұған сртқы ортаның тітіркендіргіштеріне адекватсыз түрде реакция беру нәтижесңнде өмірг, қоршаған ортаға бейімделудің қиындығымен сипатталатын психопатияны жатқызамыз.
Аталған өзгерістердің барлығы белгілі бір уақытта байқалып, тұрақты түрде дамиды. Сонымен, психикалық даму-психикалық процестердің белгілі бір уақыттағы сандық, сапалық, құрылымдық ерекшеліктерге қарай анықталатын психикалық өзгерістердің заңдылығы.
Арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына негіз болған Л.С. Выготскийдің ғылыми қортындылары аномальды бала психикасының дамуы қалыпты бала психикасындағы негізгі заңдылықтарға тәуелді деген пікірді ұстануымызға болжам жасайды.
Келесі бір ғылыми түрде дәлелденген заңдылық психиканың дамуындағы тепе-теңдіктің болмауы, біріншіден мидың белсенді түрдегі дамуымен, екіншіден, жүйке психикалық функциялардың негізінде қалыптасады деген болжамды түсіндіреді.
Жас ерекшелік кезеңнің әр біреуінде психикалық функциялардың қайта құрылуы жүзеге асады. Бұл кезде психикалық функциялар өзара топтасып, сандық жағынан емес сапалық құрылымы жаңынан өзгерістерге ұшырайды.
Психиканың дамуындағы орын алатын тағы бір маңызды заңдылық компенсациялық қабілеттерге қарай нерв жүйесінің бейімделуі. Бұл бала психикасының даму процесі эволюсия мен инволюсия прцесімен байланысты.
Арнайы психологиядағы ерекше маңызға ие жағдай-психикалық даму кезіндегі биологиялық және әлеуметтік факторлар арасындағы қатынас. Биологиялық факторларға ұрықтық даму кезіндегі қалыптасатын темперамент, қабілеттің ұшқындары жатады. Әлеуметтік факторларға баланың өмір сүріп отырған ортасы, биологияның типтері, мәдени дәстүрлер, дин, ғылым мен өнердің даму денгейі, оқыту мен тәрбиедің ерекшеліг,і жатады. Л.С. Выготский биологиялық және әлеуметтік факторлардың бірлігі мен байланысын түсіндіре отырып, даму прцесіндегі қзара бірліктің алатын орнын екі түрлі ерекшелікпен көрсетті. Біріншіден, даму прцесінде көрсетілген көмек түрі өзгеріп отырса, екіншіден, әрбір фактордың психикалық функциялардың дамуында алатын өзіндік маңызы бар. Қарапайым психикалық функциялардың дамуында биологиялық , тұқымқуалаушылық фактор ерекше болса, жоғары психикалық функциялардың дамуында әлеуметтік факторлардың алатын ролі ерекше. Бала еңбекке араласу, тілді игеру, өнерді меңгеру сияқты әлеуметтік тәжрибелерді өздігімен игере алмайды. Сондықтан бұл кезде ересектер тарапынан көмек көрсетілуі керек.
Психиканың дамуындағы заңдылықтарды анықтауды арнайы психологияның алатын орны ерекше. Психиканың дамуындағы кемшіліктер биологиялық факторлармен (бас миының органикалық зақымдануы, гендік мутациясы, ұрықтық дамудың потологиясы туылу кезіндегі потология) белгіленуі мүмкін. Аталған кемшіліктердің пайда болу уақыты, себептері қалыптан тыс дамуды айқындауы мүмкін.
Психикалық даму кезіндегі орын алатын биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік факторлардың әсерінен микроәлеуметтік ортадағы педагогикалық артта қалушылық ерекше орын алады. Мұның нәтижесі интеллектуалдық және эмоциялық дамудың кешеуілдеуіне апарады. Кемшіліктің бұл түрінде онтогенез дамуының ерте кезеңіндегі жағымсыз тәрбиемен, интеллектуалдық және эмоциялық дамудың тапшылығымен түсіндірілетін депривация құбылысы орын алады.
Қалыпты және қалыптан тыс даму кезіндегі психикалық процестердің дамуына тән заңдылықтармен қатар аномальды дамуға тән жалпы заңдылықтар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет