Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет17/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Арнайы педагогиканың зерттеу пәні. Арнайы психология мен арнайы педагогиканың байланысын көрсетіңіз.


2. Компенсация ұғымының анықтамасын жасаңыз. Компенсациялаудың түрлерін сипаттаңыз.
3. Қалыптан тыс психикалық дамуына тән негізгі параметрлерді атап көрсетіңіз.
4. В.В.Лебединский психикалық дамудың кешеуілдеуін қандай типтерге бөлген.
5. Психологиялық –педагогикалық – медициналық сараптаудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
9. Арнайы педагогиканың лингвистикалық және психолингвистикалық негіздері
1. Арнайы педагогиканың лингвистикасы және психолингвистикасы
2. Ойлау мен сөйлеудің қатынасы

Тілдің мәнін, оның атқаратын қызметін, құрлымдары мен даму жолдарын түсіну арнайы педагогика үшін үлкен маңызға ие. Себебі, ойлаудың жүзеге асуы, адамның қоғамға араласу үшін сөйлеу тілі қажет. Тілді тану-адам танымының қалыптасу құралы. Бала дамуындағы кез-келген кемшілік баланың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуіне, сөйлеу тілінцң қалыптасуына кері әсер етеді, яғни баланың жалпы әлеуметтену жағдайына кедергі болады.


Лингвистика мен психолингвистика мәселелерінің қатарында арнайы педагогика үшін маңызды тұстарын атап кқрсетуімізге болады.
Біріншіден, лингвистика мен психолингвистиканың арасындағы қатынастардың бірлігі мәселесі. Лингвистердің зерттеуінше, тіл-жоғарғы деңгейдегі дамуды айқындаушы құрал. Индивид тіл арқылы тұрмыстағы заттармен танысып, олардың-сөйлеу әрекетінің қалыптасуымен байланысты анықталады. Сөйлеу әрекетінің құрылымы адам әрекетімен сәйкес келеді. Тілді меңгеру үшін сөйлеуге үйренудің түрлі құралдарына таңдау жасап, тілді меңгерудегі эвристикалық қағидаға сүйенеміз.
Екіншіден, бала тілінің дамуы маңызды мәселе болып табылады. Тілдің онтогенездегі даму қаблеті-бір жағынан ересек адамдармен қарым – қатынасқа түсу, екінші жағыннан баланың танмымдық әрекетінің даму процес болып табылады.
Психолингвистердің пікірінше, тілдің даму қарым-қатынасқа түсу қаблетінің даму көрсеткіші. Бұл жағдайда баланың алдында нақты коммуникативті міндеттерді орындау талабы қойылады. Бұл міндеттерді шешу үшін бала сөйлеудің бірнеше құралдарына таңдау жасауы тиіс. Мұндай құралдардың қатарын баланы қоршаған ересектердің сөзі, сөйлеуді ұйымдастыратын синтагмалар мен сөйлемдер құрайды. Дегенмен, бала бұл құралдарды өздігімен қолдана алмайды, сондықтан бала естіген дыбыстарын, сөздерін сыртқы бейнесіне қарай қайталаумен ғана шектеледі. Физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторға байланысты бала өзіне қойылған коммуникативтік қарым-қатынасқа түсудегі нормалар мен талаптарды мүмкіндігінше орындайды. Осыған байланысты сөйлеудің қалыптасуы кезеңі үш аспект (фонетикалық, грамматикалық, сегматикалық аспект) бойынша айқындалады.
1. Бала сөздің дыбыстық құрамын ажырата алмайды;
2. Сөздің дыбыстық құрамын игерген, бірақ оны баяндаудағы құрылымдық заңдылықтардың сақталмауы;
3. Сөздерді зат атауларымен сәйкестендіру қаблеті, қалыптасқанымен, сөздің мағыналық жағын, яғни байланыстырып сөйлеуді игере алмауы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет