Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Мүгедектердің өмір сүруін қамтамасыз студегі маңызды отандык, халықаралык деңгейде кабылданған нормативгік кұжатзар.
«Мүгедектсрді қорғау туралы» Заң қандай кепілдемелерге ие?
"Кемтар балаларды элеуметтік жэне мсдиңиналық-псдагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңын талдап нсгізгі тұжырымдамаларын атаңыз.
«Білім туралы» Зацда қандай кепілдемелер көрсетілген?
§7. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
1. Дамудағы кемшіліктердің этиологиясы
2. Дамудағы кемшіліктердің алдын алу, диагностикалау жұмыстары
3. Медициналық реабилитациялау бағдарламалары
Дамудағы кемшілік кандай да бір жағымсыз процестің әсерінен пайда болады. Мұндай жағымсыз әссрлердің қатарың инфекция, соққылар, тұкымқуалаушылық жолмен тарайтын аурулар кұрайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қайсысы болмасын медициналық көмекті қажет етеді. Кез-келген медициналық көмек диагностикалаудан - кемшіліктердің патологиялық белгілері мен оның себебін анықтаудан басталады. Медициналық тексеру жұмысы емдеу шараларының қандай да бір мүмкіндігіне байланысты (дәрі-дәрмекпен емдеу, емдік дене шынықтыру арқылы емдеу, оперативтік емдеу) анықталады. Арнайы педагогика медициналық жолмен орындалған емдеу жұмыстарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, адамның білім алуына, еңбекке араласуына, тұлғаның жалпы дамуына көмектеседі.
Арнайы педагогика ғылымы адам биологиясы, медицина, оның салалары, адам анатомиясы мсн физиологиясы, нейропсихология, психиатрия, офтальмология, ортопсдия, педиафия, фонартрия, сурдология ғылымдарымен тығыз байланыса отырып, аталған ғылым салалары арнайы педагогиканың клиникалық негіздерін айқындауымызға көмектеседі. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері психологиялық-педагогикалық диагностика мен жеке коррекциялық-дамыту бағдарламаларын кұру барысында маңызды бола отырып, мынадай жағдайларды анықтауымызға мүмкіндік береді:
дамудағы кемшіліктің биологиялық және әлеуметтік себептерін айқындауға;
организмде болған жағымсыз әсерлердің мәнін анықтауға;
мумкіндігі шектеулі тұлғаның кемшілікке (жетіспеушілікке) ұшыраған органдарының ерекшеліктерін тусінуге;
сақталған анализаторлардың көмегімен дамудағы кемшіліктерді компенсациялаудың жолдарын анықтауға;
арнайы педагогикалық жүйелер мен арнайы педагогиканың ішкі байланыстар жүйесіндегі педагогикалық классификацияларды құруға;
кәсіби білім көлемінде педагогикалық құралдардың көмегімен дамудағы кемшілікті алдын алу жүмысын ұйымдастыруға;
ерекше қажеттіліктері бар тқлғаларды тәрбиелеуде коррекциялық-білім беру процесі мен медициналық, психологиялық қолдау жұмыстарын үйлесімді түрде ұйымдастыруға.
Медициналық және педагогикалық білім көлемі өзара байланыса отырып, дамудағы кемшілік туралы фактілерді, құбылыстарды бірдей анықтап, оларды интегратциялаудың жолдарын да қатар ұсынады. Мысалы, есту қабілетін диагностикалау медициналық және недагогикалық аспект тұрғысында жүргізіледі. Дәрігерлер есту кабілетінің деңгейі мен себебін анықтаса, педагогикада есту қабілеті бұзылған баланың дамуы, сөйлеу тілінің дамуы, есту қабілетінің деңгейімен анықталады.
Адам биологиялық жан иесі ретінде оның дамуындағы кемшіліктердің пайда болуына апаратын биоәлеуметтік нормалар бар. Адам өркениетінің дамуы бадалық шақта нақты байкалатын популяция кезіндегі созылмалы, сенсомоторлық, эмоциялық-ерік және психикалық кемшіліктермен байланысты. Мұның себебі, сыртқы факторлар (әлеуметтік-экологиялык, ақпараттық, экономикалық, демографиялық, гигиеналық) және ішкі (биологиялық) факторлар болып табылады. Аталған факторлардың өзара сәйкес болмауы дизонтогенездің тұрлеріне, ұрықтық даму кезіндегі кемшіліктерге немесе артта қалушылықтарға апарады.
Адам организмінің түрлі жүйелеріне, соның ішінде ми, иерв жүйесі, сезім органдары, қимылдык аясынын дамуына биологиялық факторлар, яғни гендік және хромосомалық аурулар, зат алмасудың бұзылуы, инфскциялық аурулар, ананың эндокриндік аурулары, жүктілік кезіндегі, жуылу неше түрлі соққылар, өмірдің алғашқы жылындағы дене және соққылар жағымсыз әсер етеді. Турліше әсер етіп ішкі жлке сыртқы патогендік факторлар дамудың кешеуілдеуіне апарады, бала организмі мен нерв жүйесі арасындағы морфологиялық жене функционалдық қатынастарды өзгерістерге ұшыратады.
Осыған сәйкес бала дамуының әр кезеңіндегі, яғни туылғанға дейін жене туылғаннан кейінгі уақыттағы жетістіктері есепке алынады. Организм эмбрионалдық кезеңде қоршаған ортадағы жағымсыз факторларды қабылдауға бейім тұрады. Осы кезеңдегі туа пайда болатын кемшіліктер генетикалық жүйелгіштік құрылуындағы қателіктерден болады. Эмбрионның 30%-дан 60%-ға дейін аралығы өздігінен түсік тастауға апарады.
Туылу кезінде бала қандай да бір тәуелсіздік қасиетке ие болатын оаланың нерв жүйесінде анатомиялық кемшіліктер баланы қоршаған ортадағы жағымды жағдайлар арқылы түзетуге болатын ерекше үйлесімділік пен беймделгіштікке әкеледі. Қоршаған ортаның әсерінен жағымды жағдайлар туғызуда ерте диагносгикалау, уақытында жүргзілген абилитация мен реабилитация, балаға емдік-педагогикалық, психологиялық көмек көрсету оқыту мен тәрбиелеу, дамуға деген мумкіндікті тудыру ерекше орын алады.
Бала өмірінің бірінші жылы оның қоршаған ортаға бейімделуіне негіз болады. Қоршаған ортаға бейімделе отырып қоғамдағы өмір сүруге даиындығын анықтаушы қабілеттер дегеніміз не? Өмірдің бірінші жылындағы сенсорлық және моторлық функциялар психикалық процестердің кұрылуында негізгі база болып табылады. Сенсомоторлы даму қоршаған ортадағы заттарды олардың қасиеттерін, белгілерін тануды қамтамасыз етеді.
Жаңа жағдайда дүниеге келген бала өмірі туа пайда болған механизмдерді қамтамасыз етеді. Бала өмірге келгенде организмнің сыртқы орта жағдаиларына бейімділігін айкындаушы нерв жүйесінің дамуындағы кандай да бір ерекше белглерді анық көрсете алады. Туылған кезден бастап-ақ организмнің негізі жұмысын қамтамасыз етуші рефлекстер іске қосылады Нәрестенің бойынан қорғаныштық, кеңістікті бағдарлаушылық рефлекстерін сору, сершлу, сермеу рефлекстерш байқауымызға болады. Осылайша үиымдаскан рефлекстер бірте-бірте элсірей түседі. Аталған рефлекстердің нәрестеде байқалмауы немесе болмауы бас миындағы, жұлын миындағы осы рефлекстерге жауап беретін құрылымдардың бұзылу белгілерін береді.
Мидың нәрестелік кезеңдегі қалыпты дамуының қажеттілігі - сезім органдарының (анализаторының) тұрақты түрдегі белсенділігі, яғни сыртқы ортадан енген тітіркендіргштердің жұмысын қамтамасыз етеді. Өмірдің алғашқы 3-4 аптасында заттарды көру арқылы бағдарлау қабілеті қалыптасады Осы уакытта есту реакциясы да дамиды, яғни есту қабілеті арқылы бағдарлау қасиеті, қатты дыбыстарға ғана емес сөйлеген кезде нәрестенің қимылсыз қалуы, үнсіз қалуы сияқты реакциялар байқалады
1 ай мен 3 ай аралығында нәрестенің көру және есту анализаторларының жұмысы қарқынды дами түседі. Баланың өздігімен айналаны бақылауы кездері өздігімен бұру, кеңістіктегі дыбыстарды локализациялау қабілеттері байқалады. Қоршаған ортаны тану мен ересектермен қарым-қатынасқа түсуде көру қаблеті жетекші роль алады.
Келесі айларда нәрестенің кимылы қандай да бір қабылдаушы органның ерекшелігне байланысты бақыланып реттеліп, қимылдық жуйенің қызмен қалыптасады. Нәресте қимыл-қозғалысқа еркін түсе бастайды.
Өмірдің 2-3 жылында өздігімен жүру, координацияның, психикалық және сөйлеу әрекетінің негздері қаланады. Дамудың бұл кезеңі тәртіп пен окудағы күрделі нормалардың игерілуіне негіз болады. Осы кездегі акпараттардың қалыптылығы, тітіркендіргіштердің монотондығы бала психикасының дамуын істеп, қажетті дағдыларды игеруіне кедергілер туғызады.
3-5 жас аралығында коммуникативтік функциялардын орталығы -көпшілдік, қарым-қатынасқа түсудегі қабілеттер жеңіл түрде қалыптасып, арасында қорқыныш, өз бетінен қайтпаушылық қасиеттермен байкалады. Бала байланыстырып сөйлеуді игеріп, сөйлеу әрекеті мазмұнды түрде дамиды. Осы кездегі қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудің шектелуі балада психогендік негіздегі невроздық белгілерді туындатады. Бұл кезеңде (алғашқы пубертат) бойдың мағыналы түрдегі жылдам өсуі, нейроэндокриндік функциялардың реттілігі байқалады.
Жас ерекшелік диапазонында 6 жастан 10 жасқа дейінгі аралыкта бойдың екінші рет күрт өсуі, дене және психикалық дамудағы өзгерістер (психомоторлы сензитивті кезең) пайда болады.
7-8 жаска карай әлеуметтік қажеттіліктерді орындаудағы бұлшык ет салмағының өсуі жеделдеп, аяк-қолдардың ұсак бұлшық еттерінің дамуы жеделдейді, он жасар баланың моторикасы мен координациясындағы қозғалыстар аналогиялы түрде ересектердің қимылына ұқсас болады.
Нерв жүйеі осы аталған өзгерістер кезінде анық байқалады. 10 жасқа карай бас сүйегінің өсуі тоқтайды. Нерв жүйесінің дамуы бұл кезде бас миының үлкен жарты шарларындағы қабықтық бөлімдер аркылы жүзеге асады.
Дамудағы кемшіліктердің себептерін, оның мәнін, пайда болу уақытын білу педагогтарға мүмкіндігі шектеулі балалардың әрбіреуімен жеке дамыту жұмыстарын жұргізуге, түзету бағдарламаларымен жұмыс жасауына кемсктеседі.
Ерте жастағы медициналық абилитация - бұл баланың жас ерекшелігіне сәйкес рефлекторлық, сенсорлық, қимылдық, психоэмоциялык және тілдік реакцияларының дамуын қалыптастыру мен оларды жаттықтыру (дәрі-дәрмектермен және физиотерапиялық емдеу, массаж және емдік физкультура, протездеу, операция) жүйесі. Педагогикалық абилитацияны дұрыс ұйымдастыру үшін медициналық абилитацияның шешуші кезеңдерін жақсы білуі керек. Педагогикалық абилитацияны дұрыс жүргізу үшін арнайы педагог оның оптимальды түрдегі кезеңдерін білуі керек.
Баламен және отбасы мүшелерімен жүргізілстін профилактикалау жұмыстарының кең тараған түрі онтогенез дамуының кезеңдеріне сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру.
Кауіп-қатер факторларының скринингі болашақ ата-аналардың медициналық-гинекологиялық немесе әйелдер консультациясына келген күннен бастап жүзеге асырылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың туылу қаупін болжау кезеңі (жүктіліктің алғашкы 12 аптасы) мен ауру баланың дүниеге келуін есксрту (туылуға дейінгі 12 апта) кезеңі акушер-гинекологтардың басшылығымен жүргізіледі. Жүктіліктің жағымсыз түрдегі өту қалпын бекітуде ұрыктың жағдайын бақылауға ала отырып, оны (ескерту) емдеу шаралары жүргізіледі. Кемшіліктің қаупі жоғары болған жағдайда болашақ ана арнйы (неопатология) перзентханаға жіберіледі. Жүргізілетін жұмыстың екінші кезеңінде туылу тактикасы мен техникасына таңдау жұргізіледі.
Туылғаннан кейінгі тәуліктің алғашқы сағаттарында баланың нерв жүйесінің жағдайын, мүшелері мен тін жағдайын тексереді. Болашақ ана мен мүмкіндігі шектеулі балаға мониторинг жүргізу мен күтім жасауға дейінгі аралық өзара бірлескен жүйені қамтамасыз етуші медициналық абилитацияны жүргізудегі кешенді жұмыс түрлерін қажет етеді. Медициналық абилитация бағдарламасы ерте жастағы балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу бағдарламасы мен тығыз байланысып, бала дамуындағы жағымсыз факторларды анықтайды.
Үй жағдайындағы абилитациялауды ұйымдастыруда бала анасымен бірге болуы тиіс. Емдік-алдын алу жұмыстарын жүргізуде дәрігерге баланын отбасы көмек көрсетеді. Ерте жастағы балаларды емдеу жұмыстары кешенді түрде жүргізіледі. Дәрігер, емдік гимнастиканы жүргізуші әдіскер, логопед, арнайы психолог пен арнайы педагог, баланың анасы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі мен баланың игерген дағдысын бақылауға ала отырып, түзету жаттығулары мен емдік-алдын алу жұмыстарының қорытындысын аныктап, баға беріп отырады.
Реабилитациялау жұмысының бастапқы кезеңі ауруды медициналық абилитациялау, компенсаторлық процестерді қалыпқа келтіру, баланың жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндігін қалыптастыру болып табылады.
Реабилитациялау жұмысы кемшілікке ұшыраған мүшелерін қалыпқа келтірудегі бірұтас әістемелік, ұйымдастыру жұмыстарын белгілеу, баланың еңбекке жарамдылығын анықтау, бұзылған функциялардың жұмысын қалыпқа келтіру жұмыстарын құруға болжам жасайды.
Медициналық реабилитациялау жұмысының мазмұнын дәрі-дәрмекпен емдеу, еңбек терапиясы, аттерапия, массаж, физиотерапия, прогездеу, медициналықм реабилитациялау жұмыстары педагогикалық әдіс-тәсілдермен қатар жүргізілуі керек.
Ребилитациялау бағдарламаларын құру мынадай қағидаларға негізделеді:
Реабилитациялау шараларын кезеңдерге бөліп кұрылған бағдарлама көмегімен аурудың пайда болған күніпен бастап жүргізу.
Реабилитациялау шаралары бір бағытқа негізделген кешенді түрде гүрлендіріп жүргізілуі.
Реабилитациялау бағдарламасы баланың жас ерекшелігіне, дамуындағы кемшіліктің түрі мен деңгейіне байланысты әр баламен жеке түрде жұргізілуі.
Реабилитациялау бағдарламасының қорытынды кезегі ересектер үшін кәсіби бағдарлау мен еңбекке баулу бағытында анықталуы керек. Әр, балалар үшін баланың жас ерекшелігіне сай келегін әрекет түріне (ойын, оқу, еңбек) бейімделуі керек.
Балалык шақтағы реабилитациялау жұмыстары денсаулык сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі мекемелерде жүргізіледі. Олардың қатарын арнайы мекемелер, арнайы мекемелердегі медицинлық кабинеттер, бөлімшелер, балабақшалар, психоневрологиялық ауруларға арналған мектеп-интернаттар, неврологиялық ауруханалардағы арнайы бөлімшелер, жергілікті және республикалық санаторийлер, балалар емханалары кұрайды.
Балалар ауруханалары мен неврологиялық клиника жағдайында балаларға аурудың күшейіп тұрған кезіндегі емдеу жұмыстары жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен емдеу жұмыстарымен қатар баланың өз бетімен сыртқы ортамен байланысқа түсуіне ықпал ететін ортопедиялық емдеу, емдік дене шынықтыру, массаж, физиотерапия жұмыстары жүргізіледі.
Негізгі ереже бойынша реабилитациялау процесі үш кезеңнен тұрады:
Реабилитациялаудыц бірінші кезеңі - стационардағы ауру адамның жағдайын қалыпқа келтірудегі емдеу жұмыстары. Дамудағы патологиялык процестің сипаттамасына қарай шамамен 1-3 айға созылады.
Реабшшпациялаудың екінші кезеңі - аурудың компенсациялау арқылы қалыпқа келтірілген жаңа жағдайларға бейімделуімен түсіндірілетін реадаптация кезеңі. Бұл кезеңдегі емдеу жұмысын бала ем қабылдағаннан кейінгі уақыттағы көмекті қабылдайтын жергілікті санаторийлерде жүргізілу керек.
Реабшштациялаудың үшінші кезеңі - баланың жағдайын қалыпты әрекетке түсу (оқу, еңбек) жағдайына жеткізудегі реабилитациялау кезеңі.
Балаларда бұл кезең кемшілікті толығымен немесе жартылай жоюын жағдай туғызуын, оның компенсациялануына, дамудағы екінші, үшінші кемшіліктердің болмауына, коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың уақытында жүргізілуіне болжам жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |