Пікір жазғандар



бет54/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   99
арнайы кітап

- дизартрия - сөйлеу аппаратының иннервациясы жетіспеушілігінен сөйлеудің мағыналық жағының бұзылуы;
- анартрия - бұлшық еттердің салдануынан сөйлеу кезіндегі бөлшектеу қызметінің жоғалуы.
Дизартрия кезінде сөйлеу аппаратындағы ағзалардың нерв талшықтарымен қамтамасыз етілуінің органикалык жетіспеушілігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылады.
Дизартрия кезіндегі жетекші кемшілік орталық және перифериялық нерв жүйесінің бұзылуынан сөйлеудің мағыналық бұзылуы болып табылады. Дизартрия грек тілінен аударғанда «бөлшектеу» деген мағынаны береді. Дизартрияны анықтауда авторлардың көпшілігі сөйлеу кезіндегі артикуляцияның, сөйлеу ырғағының, интонацияның, темптің бұзылатындығын көрсетеді. Дизартрия кезіндегі дыбыстарды айтудың бұзылуы нерв жүйесінің бұзылу деңгейі мен оның сипатына байланысты анықталады. Дизартрияның жеңіл түрінде кейбір дыбыстардың айтылмауы байқалса, күрделі түрінде сөйлеудің мәнерлілігі жоғалып, дыбыстардың кейбірі айтылмай, тұтасымен алғанда сөйлеу түсініксіз болады.
Орталық жүйке жүйесінің күрделі бұзылуларға ұшырауынан сөйлеу кезінде белсенді қызмет атқаратын бұлшық еттердің салдануы байқалады. Мұндай кемшілікті бөлшектеу қызметінің жоғалуы, анартрия деп аталады.
Сөйлеудегі дизартриялық бұзылулар мидьщ органикалық зақымдануынан ұшырауынан пайда болады. Балалар арасындағы дизартрия перинатальдық патологиямен (ұрықтың немесе нэрестенің нерв жүйесінің зақымдануы) байланысты. М.Б.Эйдинова, Е.Н.Правдина, Е.М.Мастюкованың пікірінше дизартрия балалар церебральды салдануы кезінде көп кездеседі. Дизартрия кезінде қимылдық қозғалыстың бұзылуы байқалады.
Дизартрияның белгілері анамнезінде ұрық асфиксиясы немесе туылу кезіндегі соққылар, ұрықтық даму кезінде жағымсыз жағдайларға ұшыраудың белгілері көрсетілген. Бүл кездегі (Л.Т.Журба, Е.М.Мастюкова) дизартрияның жеңіл түрі жойылған дизартрия бас миының минимальды дисфункциясы белгілерімен сәйкестенеді.
Алалия — тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана қүрсағында және сэбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарындағы табиғи байланыстардың бүзылу әсерінен сөйлеудің дамымауы немесе мүлдем болмауы. Алалияны моторлы және сенсорлы алалия деп бөлеміз. Моторлы алалия - сөйлеудің моторлы жағының бұзылуы. Сенсорлы алалия - есту қалдығы мен танымдық қабілеттің сақталуы кезіндегі естігенін түсінбеушілік. Балалар церебральды салы кезінде бұзылулардың күрделілігі мен таралымы әр түрлі болады. Күрделі жағдайларда аяқ-қолдың қатарынан салдануы мүмкін. Мүндай жағдайда баланың қимыл-қозғалыска түсуі, қозғалыс функцияларының дамуы қиындайды. Кемшіліктің жеңіл түрінде аяқтың салдануы анықталады. Кейбір балаларда бір жақты қимыл-қозғалыстың бұзылуы, яғни гемипарез байқалады. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуынан олигофренияның белгілері де байқалады.
Неврологтар балалар церебральды салының негізгі үш формасын аныктап көрсетеді: иілу, бүгілу сияқты қозғалыстардың жиі бұзылуынан болатын спазмалық формасы, дененің еріксіз артық қозғалысқа түсуінен болатын гиперкииездік формасы, баланың жүруі мен тепе-теңдігін сақтауға кедерп келтіретін астениялық формасы.
Тірек-қимылдың бұзылуы кезіндегі бала миының дамуында түзетуге бейім тұратын жағдайларды есепке алсақ, түзету жұмыстарының нэтижесшд баланьщ кимыл-козғалысын түзетуге болады.
Балалардың көпшілігшде қимыл-қозғалыстың бүзылуымен қатап мінездершде өзгерістер байқалады. Балалар церебральды салы кезіндегі ерекшеліктер, олардың туған күнінен бастап-ақ пайда болады Мұндай кемшішктер баланың басын үстауы, отыру мен түру, жүру дағдысын игеруі манипуляциялық қозғалысқа түсуі кезінде анық байқалады Балалар церебралды салы кезшдеп орталық нерв жүйесінің зақымдануы ерікті қозғалысқа түсетін жүйелердің жүмысын элсіретеді.
Буындық тонустың жұмысы апраксиялық қүбылыстар түрінде, яғни практикалық мақсаттағы қимыл-қозғалыстарды орындай алмаушылық (түймені қадай алмаушылық, бэтеңкенің бауын байлай алмаушылық), қозғалысқа түсу кезіндегі стереогенез (сипап-сезу арқылы затгарды тани алмаушылық) байқалады.
Балалар церебральды салы анықталған күннен бастап баланы міндетті түрде балалар невропатологына тексерту керек. Қазіргі кездегі зерттеушілердің пікірінше, ерте анықталған және ерте емдеу-сауықтыру шараларын қабылдаған балалар церебральды салы анықталған баланың нервтік-психикасының дамуында жетістіктердің байқалатыны белгілі. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектептерде және он екі жылдық жалпы білім беретін мектептерде өз бетінше қозғалысқа түсетін, интеллектісі сақталған, өз-өзіне қызмет ету дағдысын игерген балалар білім алады. Қозғалысқа түсе алмайтын, өз-өзіне қызмет ету дағдысын игермеген балалар қарапайым көмекші мектеп бағдарламасымен, жеке бағдарлама бойынша үй жағдайында білім алады.
Дамуында түрлі кемшіліктер анықталған балалардың категорияларының эрқайсысы психологиялық-педагогикалық жеке ерекшеліктерге бөлінген. Осы ерекшеліктердің эрқайсысын оқу-тэрбие процесін ұйымдастыруда психологиялық-педагогикалық оқытудың тактикасы мен стратегиясы есепке алынады. Дамуында күрделі деңгейдегі кемшілігі бар мүгедек балалар білім беру кеңістігінен алшақтап, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі интернаттарга жолдама алады. Дамуында бірнеше кемшілік шоғырланған төрт жастан асқан балалар әлеуметтік дамуға бағытталған психоневрологиялық интернат-үйлерінде тәрбиеленеді. Бұл мекемелердің негізгі эрекеті мүгедек балаларға әлеуметгік көмек көрсетудің медициналық моделін құру арқылы
жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет