Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет51/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Ақыл-ой дамуының кешеуілдеу себептерін атаңыз.
2. Мектеп жасына дейінгі олигофрен баламен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың мазмұнын анықтаңыз.
3. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектеп бағдарламаларының құрылуындағы ерекшеліктерді атаңыз.
§ 23. ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

1. Психикалық дамуы тежелген балалардың клиникалық-психологиялық мінездемесі


2. Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген баланың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері
3. Психикалық дамуы тежелген баланы оқыту мен тәрбиелеудің коррекциялық бағыттары

Орта мектептің бағдарламасын игере алмайтын балалар арасында психикалық дамуы тежелген балалар жиі кездеседі. Сондықтан да мектепке дейінгі ересек балалар арасында осы категорияға жататын балаларды дер кезінде анықтау және олардың психикалық ерекшелігін зерттеу өте маңызды саналады.


«Психикалық дамудың тежелуі» түсінігі орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) органикалық және функционалдық жетіспеушілігі кезіндегі бала эрекетіне байланысты қолданылады. Бүл балаларда есту, көру, сөйлеу, тірек-кимылдың бұзылуы, интеллектінің бұзылуы болмайды. Психикалық дамудың тежелу клиникалық сипаты тэртіптің күрделі формаларының дамымауы, мақсатты түрдегі эрекетке түсудің жетіспеушілігі, энцефалопатиялык бұзылулармен түсіндіріледі. Аталған симптомдардың патогенетикалык негіздерін Г.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.С.Лебединская, В.И.Лубовскии, М.Ш.Адилова зерггеулері көрсеткендей, орталық жүйке жүйесшің аурулары, олардың резидуалды-органикалық зақымдануы құрайды.
Психикалық дамудың тежелуі ұрықтық кезеңдегі ОЖЖ-нің зақымдануынан, инфекциялық, созылмалы аурулардан болуы мүмкін Психикалық дамудың тежелуінің этиологиясы биологиялық факторлармен емес, әлеуметтік факторлардың да әсерінен болуы ықтимал.
А.О.Дробинская, М.Н.Фишман еңбектеріндегі нейрофизиологиялық зерттеулер 6-8 жастағы балалар арасында оқудағы қиындықтардың байқалуы ми құрылымдары мен олардың арасындағы байланыстардың дамуы нормадан ауытқуы салдарынан болады деп беріледі. Осы жастағы танымдық қабілеттердің төмендігі ми қыртыстары, соның ішінде маңдай және төбе бөлігіндегі қабықшалардың дамуындағы жетіспеушіліктерден болатындығы көрсетіледі. Аталған авторлардың зерттеулерінде клиникалық-психологиялық синдромдардың төрт түрі беріледі.
Психикалық шфантилизм синдромы баланың эмоциясының жетіспеушілігін анықтайды, яғни маңдайдағы диэнцефальды жүйелеріндің баяу дамуынан баланың эмоциясы өзінің жас шамасына сай келмейді. Күрделі түрінде К.С.Лебединская, И.Ф.Марковская көрсеткендей, дисгармониялық инфантилизм, танымдық қабілеттердің бұзылуы орын алады.
- Церебростениялық синдром ақыл-ой және дене даму кезіндегі жүйке жүйелерінің тұрақсыздығымен түсіндіріледі. Аталған синдром гидроцефальды синдром кезінде (бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы) байқалады. Бұл балалардың бас пішіні үлкен, мавдайлары жоғары, маңдай мен самай бөліктерінде қан тамырларының шығуы орын алады. Бүл балаларға тэн белгілер: қимылдық қозғалыс кезіндегі дәлдіктің болмауы, ұсақ моторикасының бұзылуы, көңіл-күйдің аяқ-асты өзгеруі, жылауықтық, апатиялық жағдайларға берілгіштік.
- Гипердинамикалыц синдром жалпы қимылдағы тежелулер, қозу, импульсивті жағдайлармен сипатталады. Зейін, тэртіптегі ерікті қозғалыстар, қарым-қатынастың бұзылуы байқалады.
- Психоорганикальщ синдром бас миының ерте кездегі органикалық зақымдануынан танымдық қабілеттердің төмендеуі. Бүл балалар оқу мен жазудағы қиындықтар, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер байқалады. Ұсақ моторикасы, көру қоординациясы, өз-өзіне қызмет ету дағдысының бұзылуынан мүсіндеу, жапсыру эрекеттері кезінде қиындықтар туындайды.
Психикалық дамудың кешеуілдеуі себептерінің көптігінен, оның анықталу белгілері де эр түрлі. Осыған байланысты ПДТ классификациялаудың да бірнеше түрі белгіленен. Бірінші клиникалық классификация Т.А.Власова мен М.С.Певзнердің (1967) ұсынған классификациясында ПДТ екі вариантта қарастырылады:
- Біріиші вариантында психикалық және психофизикалык инфантилизм әсерінен талғаның эмоциялық-ерік сферасының жетіспеушіліп баиқалад •
- Екінші вариантында тұрақты церебральды астениялык жағдайдың әсерінен танымдық қабілеттердің бұзылуы байкалады.
В.В.Ковалевтің ұсынған классификациясы (1979) ПДТ биологиялық факторлардың әсерінен болатын төрт вариантын ұсынады:
- мінездің дизонтогенетикалық кешеуілдеуі (психикалық инфантилиизм
жағдайында орын алады);
- мінездің энцефалопатиялық кешеуілдеуі (ОЖЖ-нщ әлсіз түрдеп
органикалық зақымдануы); .
- сенсорлық кемшіліктердің қайталануынан болатын түрі (есту, көру,
сөйлеудің бұзылуы);
- ерте әлеуметтік депривация жағдайында ұшыраған 11Д1. Тэжірибеде кеңінен қолданылып жүрген К.С.Лебединскаяның (1980)
классификациясы ПДТ қарай төрт түрге бөлінеді:
- конституционалдық мінездеме бойынша;
- сомотогендік мінездеме бойынша;
- психогендік мінездеме бойынша;
- церебральды-органикалық мінездеме бойынша;
Аталған төрт типтің өзіне тән ерекшелігі бар. Олардың арасындағы айырмашылық эмоционалдық жетіспеушілік пен танымдық қабілеттің жетіспеушілігі болып табылады. Одан басқа соматикалық және неврологиялық жағынан қиындықтар туындау да мүмкін. Бірақ аномальды дамудағы негізгі екі құрамдас бөлім - инфантилизмдік пен барлық психикалық функциялардың дамуындағы ерекшеліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет