Пікір жазғандар



бет50/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
арнайы кітап

Ақыл-ой кемтарлықтың ауыр деңгейі - кемістіктің көптеген белгілері ішінен статикалық және моторикалық функциясының бұзылысы ерекшеленеді: әртүрлі сезімдік реакциясының көрінуіндегі тежелулер, айналасына барабар реакция, түру, жүру дағдысының кеш шығуы, былдыр және бірінші сөзінің кеш пайда болуы, айналасындағы заттар мен құбылыстарға және ойынға деген әлсіз қызығушылық байқалады.
Ересектерде ес, қабылдау, зейін, ойлау процестері терең зақымдалған. Сөйлеу тілі өте жай дамиды және шектелгіш немесе мүлдем дамымайды. Бұл балалардың моторика, қозғалыс координациясы, кеңістікте бағдарлауы ауыр деңгейде зақымдалған.
Ақыл-ой кемтарлықтың терең деңгейі - бұл бұзылыстың ауыр болғандығы соншалықты, нақұрыстар жатып өмір сүруге мәжбүр болады. Қарапайым өзің-өзі күту, гигиеналық дағдылары жай және қиындықпен қалыптасады (А.Р.Маллер, Г.В. Цикото).
Ауыр және терең деңгейдегі балалар үй немесе әлеуметтік ұйымдар жағдайында арнаулы қолдау алуы мүмкін.
Көмекші мектептегі оқушылар құрамының психологиялық мінездемесі балаға кәсіби тұрғыдан бақылау жасаудағы мұғалімнің әрекеті қажетті ақпараттармен қарулануы арқылы анықталады. Дамудағы кемшіліктің диагнозы мен тарихын білу оқушының психикалық жағдайы мен тәртібін деп ерекшеліктерді жақсы түсіну, оқыту мен тәрбиелеу ісінде мақсатқа бағытталған жеке әдістерді таңдай білуге көмектеседі.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектептегі оқушылар құрамын практикалық мақсатга анықтау үшін дамудағы кемшіліктердің себептерін ұрық кезінде немесе ерте нәрестелік шақтағы бас миының зақымдануы және мектепке дейінгі, ерте балалық шақтағы бас миының зақымдануы түрінде екі топқа бөліп қарастырамыз. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалар арнайы бағдарламалар бойынша білім алады. Арнайы мектептегі оқушылар құрамын «олигофрения» клиникалық диагнозы қойылған балалар құрайды.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың ерекшелігі мынадай белгілермен анықталады:
- қоршаған ортаны тану кезіндегі белсенділіктің төмендігі, ұмытшақтық;
- сөздік-логикалық ойлаудың төмендігінен өз ойын, пікірін, қоршаған орта туралы мінездемелерін берудегі қиындықтар;
- эмоциялық-ерік сферасының бұзылуынан мақсатқа жетудегі, өз инициативасын көтерудегі әлсіздіктер.
Осы айтылған ерекшеліктердің барлығы осы топтағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы жүйелерді талап етеді. Жеңіл дәрежедегі ой-өрісі зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды өмір сүруге бейімдеу мен жеткілікті білім беруді көздейді.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдерді қамтиды:
- 1-ші (4-7 жас) мектепке деінгі кезең - санитарлык-гигиеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтайды. Баланың танымдық қабілетінің дамуына, сөйлеу тілінің дамуына, ортаға бейімделуіне көңіл бөлінеді. Бұл кезең баланы әлеуметтік бейімдеуге бағытталғандықтан, тәрбиелеу жүйесінде негізгі роль білім, дағды, іскерліктің қалыптасуына сәйкес, баланың болашақтағы білім алуы мен тэрбиесіне негізделеді.
- 2-ші кезең (8-16 жас) - өз-өзіне қызмет ету мен гигиеналық дағдыларды игеруді қорытындылау, тұрмыстық қажеттіліктерді қанағатгандыру кезені. Бұл кезеңде балалар қарапайым сауаттылықты, байланыстырып сөйлеуді игереді.
- 3-ші кезең (16-18 жас) - әлеуметтік бейімделу кезеңі. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың мақсаты -оларды болашақ өмірге бейімдеу, еңбекке араласуға үйрету, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Бүл кезенде мынадай міндеттер орындалады:
- оқыту процесінде баланың танымдық әрекеті мен психикалык функциясын дамыту, бала бойындағы психофизикалық жетіспеушіліктерді түзету;
- ақыл-ой дамуының күрделі формасындағы тәртіп ережелеріне үйрету;
- еңбекке үйрету, спортқа бейімдеу, өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыру;
- тұрмыстық қажеттіліктер мен әлеуметік өмірге бейімдеу.
2-ші және 3-ші кезеңде коррекциялық-педагогикалық көмекті бала арнайы мектеп немесе әлеуметтік ұйым жағдайында алады. ,
Интеллектуалды мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс жасуД негізгі ерекшеліктерге тоқталсақ:
- медициналық-клиникалық бағыты - ақыл-ой дамуындағы кемшіліктің этиологиясын анықтау, интеллектінің дамуындағы кемшілікке апаратын генетикалық себептерге, анатомиялық-физиологиялық себептерге назар аудару,
- психологиялық бағыты - интеллект дамуы кешеуілдеген баланың эмоциялық-ерік сферасына, психикалық эрекетіне назар аудару,
- педагогикалық бағыты - интеллект дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тэрбиелеудің эдістеріне, формаларына, принциптеріне назар аудару;
- психометриялық бағыты - интеллектінің даму ерекшеліктеріне баға беру.
Интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру
мекемелеріндегі жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық процестің негізгі
бағыттары баланың әлеуметтік және потенциалдық мүмкіндіктерін қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тэрбиелеудің теориясы мен әдістемесі Л.Б.Баряева, О.П.Гаврилушкина, Е.А.Екжанова, А.Зарин, Т.Н.Исаева, А.А.Катаева, Н.Д.Соколова, Е.А.Стребелева және т.б. еңбектерінде толық қарастырылған. Е.А.Екжанова мен Е.А.Стребелева интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі диагностикалық, тәрбиелік, коррекциялық-дамытушыльщ, білім берудегі міндеттерді шешуді ұсынады.
Диагностикалық бөлімінің жетекші міндеттері - баланың жеке даму бағдарламасын кұруға қажетті жан-жақты тексерудегі медициналық-психологиялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру.
Тәрбиелілік бөлімінің міндеті - бала мен отбасының әлеуметтенуі, өз бетінше дамуы, автономиялылығын анықтау, баланың тәртібі, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Коррекциялық бөлімінің міндеті - біріншіден, психика мен бала әрекетін компенсациялауға бағытталса, екіншіден балабақша ұжымымен дамудағы екінші кемшіліктердің болдырмау жақтарын қарастыру болып табылады.
Білім берудегі бөлімінің міндеті оқыту арқылы баланың қоғамдық тәжірибені игеруіне, танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Көрсетілген салаларының міндеттерін шешуде зияты зақымдалған мектеп жасына дейінгі бағдарламасының «Денсаулық», «Әлеуметтік даму», «Танымдық аясының дамуы», «Қарым-қатынасын қалыптастыру», «Шығармашылық қабілеттерін дамыту» секілді бес бөлімі ұсынылады.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тэрбиелеу арнаиы (коррекциялық) мектептерде жүргізіледі. Арнайы мектептерінде бала дамуындағы кемшіліктерді түзету, оларды еңбекке баулу, әлеуметтік-психологиялық оңалту жұмыстары жүргізіледі. Сыныптағы оқушылар саны - 12 бала. Окытудың ұзақтығы 9 жылды (дайындық сыныбын қосқанда 10 жылды) кұрайды. Мектепте оқытудың кезеңдері бірнеше кезеңдерден тұрады.
- пропедевтикалық-диагностикалық кезең (дайындық сыныбы),
- бастауыш окыту кезеңі -1-4 сыныптар;
- жалпы білім беру кезеңі- 5-8 сыныптар;
- әлеуметгік - еңбекке дайындықтың аяқталу кезеңі - 9 сынып.
Зияты зақымдалған балалар арнайы бағдарлама бойынша оқытылғандықтан цензалы білім алмайды. Яғни оларға білім беру аттестат алуына емес, әлеуметтік бейімделуіне бағытталған.
Арнаулы мектеп түлегіне игерген білімінің деңгейіне қарай мемлекеттік негіздегі қүжат беріледі.
Оқушылардың қызығушылықтары мен қалауларына, қабілеттеріне, икемділіктері мен дағдыларына қарай тігін ісі, ағаш шебері, аяқ-киім шебері мамандықтары игеріледі. Жақсы үлгерім көрсеткен оқушыларға біліктілік разряды беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет