Пікір жазғандар


Мақсаты: студенттерде күрделі кемшілігі бар балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмүны туралы білім қалыптастыру. Талқылауға ұсынылған сұрақтар



бет71/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99
арнайы кітап

Мақсаты: студенттерде күрделі кемшілігі бар балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмүны туралы білім қалыптастыру.
Талқылауға ұсынылған сұрақтар:
1. «Күрделі кемістік» түсінігін анықтаудағы ғылыми көзқарастар жүйесі.
2. Күрделі кемшілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу жұмыстары.
3. Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету мәселесінің өзектілігі.
Тәжірнбелік деңгейдегі тапсырмалар
1. Келесі тақырыпка хабарлама дайындаңыз: Шетелде дамуында күрделі кемістіктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
2. Көру немесе зияты зақымдалған балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстардың мазмұнын ашыңыз.
Шығармашылық деңгей
Арнайы балабақшаға барып таңдаған бір балаға психологиялық-педагогикалық мінездеме жасаңыз.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абаева Ғ.А., Жангельдина И.Т. Дамуында күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің типтік оқу бағдарламасы. А., 2011.
2. Жигорева М.В. Дети с комплексными нарушениями в развитии: педагогическая помощь: учеб. пособие для студ. 2006.
3. Мастюкова Е.М., Московкина А.Г., Семейное воспитание детей с отклоннениями в развитии. Пособие для студ. 2003.
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫС (ОСӨЖ) ТАПСЫРМАЛАРЫ
МЕН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


ОСӨЖ №1. Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі
Талдауға ұсыны лагын тапсырмалар:
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздеріне сипаттама жасау:
- арнайы педагогиканың философиялық негізі;
- арнайы педагогиканың клиникалық негізі;
- арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негізі;
- арнайы педагогиканың экономикалық негізі;
- арнайы педагогиканың құқықтық негізі;
- арнайы педагогиканың психологиялық негізі;
- арнайы педагогиканың лингвистикалық негізі;
- арнайы педагогиканың педагогикалық негізі; Өткізу формасы: ауызша хабарлама жасау
Тапсырмаларды орындауға қойылатын әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырмаларды орындауда арнайы педагогика ғылымының даму тарихына шолу жасау негізінде, көрсетілген әдебиеттерді мұқият оқып шығып, негізгі тұжырымдамалар мен анықтамаларды негізге алып орындауыңыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет