Пікір жазғандар


Бақылау сурақтары мен тапсырмалары



бет12/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сурақтары мен тапсырмалары

  1. Арнайы педагогикаға үлес қосқан атаөты волонтерлер.

  2. Қайырымдылық көрсету жұмыстарының тарихи жағдайлары туралы баяндаңыз.

  3. Совет одағы құрылғаннан кейін арнайы білім беру жүйесіндегі материалдық өзгерістер қандай?

  4. Қазіргі арнаулы білім беру жүйесінің экономикалық жағдайына сипаттама беріңіз.

§ 6. АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҮҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Мүгедектердің өмір сүруін қамтамасыз етудегі нормативік қүжаттар

  2. Арнаулы білім беру мазмұнындағы негізгі кепілдемелер

Адамның толыққанды өмір сүруі үшін оның еркіндігі мен құқығы сақталуы тиіс. Адам құқығы мен еркіндігін сақтау, жергілікті халықты әлеуметтік қорғау, оны жүзеге асыру механизмдері, адам құқығы мен еркіндігі деп сақтау туралы конституционалдық-құқықтық, халықаралық актілерде берілген. Азаматтық, саяси, экономикалық және мәдени құқықты сақтау туралы халықаралық құжаттар барлық адамның бірдей еркіндігін, құндылытып, дінін, еңбек етуін, тынығуын, материалдық және моральдық қызығушылықтарын мойындауға, оны сақтауға көмектеседі.
Адам еркіндігі мен құқығы туралы жалпы сақталған жүйелердегі ерекше
жағдай адамның білім алудағы құқығы. Бұл барлық азаматтарға бірдей яғни
әрбір бала дамудың қандай мүмкіндігінде болмасын міндетті білім, алу құқығына ие.
Барлық баланың білім алуына құқығы туралы Халықаралық құжат
(Адам құқығы туралы Жалпы декларация, Бала құқығы туралы конвенция)
көрсетілген және мемлекеттің кепілдігіне ие бола отырып ҚР Конституциясында, Заңдарында нақты көрсетіледі.
Кез-келген тұлғаның қоғам алдындағы құндылығын мойындау, тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктерін есепке алу, оның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуді кепілдікке алу мемлекеттің құқықтық негіздерін сақтауға, оны жаңартып отыруға негіз болады. Келесі кезеңде жалпы қабылданған халықаралық құқықтық құжаттар негізіндегі экономикалық, саяси жағдайларды нақты түрдегі бейімдеу жағдайларына байланысты қолдану мемлекет тарапынан, қолдау тауып отырады. Нақтырақ айтсақ, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен еркіндігін сақтауға арналған халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі идеялары халықаралық деңгейде ұзаққа созылған процесс. Қазіргі уақытта осы мәселеге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қабалданған нормативтік кұжаттардың бірқатары белгіленген:
- Адам құқығы туралы жалпы декларация.
- Мүгедектер құқығы туралы декларация.
- Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалар құқығы туралы декларация
- Бала құқығы туралы конвенция.
- Саламандық декларация.
- Мүгедектердінң мүмкіндігін сақтаудағы стандартты ережелер.
БҰҰ-ның Устаны мен «Адам құқығы туралы жалпы декларацияның қағидаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғалар аталған құжаттарда көрсетілген азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтарын сақтауда барлық адаммен тең құқылы екендігін көрсетеді. Осы құжаттардың қатарында «Адам құқығы туралы жалпы декларация» осы мәселеге қатысты көптеген құжаттардың жасақталуына негіз болды.
1989 жылы 20 қарашадағы БҰҰ Ассамблеясы «Бала құқығы туралы
қабылдаған конвенцияның» негізгі мақсаты минимальды түрдегі бала құқығын қорғау.
Мүгедектердің кұқығын қорғауда 1975 жылы қабылданған БҰҰ Ассамблеясының мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық және саяси тең құқығы белгіленген «Мүгедектердің құқығын қорғау декларациясы» мағызды болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі түлғалардың құқығын сақтаудағы негізгі халықаралық құжаттардың мазмұны:
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық адамдар сияқты тең
құқылығы;
2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар ерекше құқықка ие. Мысалы, есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы аудармашылық қызметтің көрсетілуі.
3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ерекше құқығы туралы акпараттардың бір емес бірнеше құжаттарда көрсетілуі.
Мемлекетіміздегі адам құқығын қорғау аймағындағы қолданылатын маңызды заңды шешімдерді қабылдаушы құжаттарды атасақ, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заң», «Үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру Ережесі» т.б. табылады.
1996 жылы қабылданған «Мүгедектерді қолдау туралы» Заң мүгедектерге ортак құқықтық актілерді құрайтындықтан, маңызды құжат болып табылады. Себебі, көптегсн құқыктық актілер мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әр категориясына байланысты түрліше кұрылғандықтан, оларды қолдану барысында айтарлықтай қарама-қайшылықтар туындап отыр. «Мүгедектік» ұғымы еңбекке жарамсыздықпен түсіндірілетіндіктен, оларға өмір бойғы мүгедектік құжатын рәсімдеуде негізге алынатын құжаттар болмады.
Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халыкаралық құжаттарда бекітілген, олар "Адам құқыктары жайлы Жалпы Декларация", "Бала құкықтары жайлы Конвенция" т.б. және өз еліміздегі кұқыктық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР "Білім туралы" Заңы, ҚР
"Кемтар балаларды әлеумегтік және медициналық-псдагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңы, ҚР "Бала құқықтары туралы" Заңы. "Кемтар балаларды әлеумсттік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңында кемтар балалары бар ата-аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеумсттік, медициналық-псдагогикалық түзеу аркылы колдауды тегін алу туралы құқығын бекітті.
"Баланың құкықтары туралы Конвенцияда" мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда кұқылы өмір сүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамыздандыру туралы мазмұны 23 бапта белгіленген.
Аталған кұжаттарда барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажетіліктілігі бар тұлғаларга арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған.
Олар:
- әр баланын білім алуы мен оны жалғастыруға;
- инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы;
- жалпы мектептсрде инклюзивті білімді ұйымдастыру; арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б.
Құқықтык кұжаттардың мазмұнында мүгедектердің ерекше еңбек пен айналысуы, медициналық қызмет түрі мен емді қабылдау, транспорт түрлерін пайдалану, тұрғын үймен қамтамасыз ету көрестілген. «Білім туралы» Заңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудегі кепілдемелер көрсетілген.
Балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру мекемелеріне жіберу, оларды орналастыру арнаулы психологиялық-педагогикалық және медициналық-псдагогикалық комиссияның қорытындысы бойынша ата-аналардың келісімімен орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет