арнаулы түзету ұйымдар - дамуында кемтар болып қалған:
- есту қабілеті бүзылған (естімейтін, нашар еститін, кейінен саңырау
болып қалған);
- көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін, кейіннен соқыр
болып қалған);
- жүріп - түру мүшелерінің функциялары бұзылған;
- сөйлеу қабілеті бүзылған;
- ақыл - ойы кенжелеп қалған;
- психикалық дамуы тежелген;
- эмоциялық еркі жағынан және мінез - қүлқы бұзылған;
медициналық тексеру - балалардың тіршілік - әрекетінің шектелуіне себеп болатын жекелеген ағза немесе организм функциясының (функцияларының) бұзылу (болмау) түрін, ауырлығын анықтау;
педагогикалық тексеру - тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым - қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау;
кәсіби диагностика - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау;
кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламасы - баланың соматикалық жай - күйі деңгейінің болжамын, психикалық - дене төзімділігін, отбасының әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік инфрақүрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қажеттіліктерінің құрылымына, ден қоятын мәселелерінің шеңберіне, қүштарлықтарының деңгейіне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс - шаралар тізбесі;
уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган ) -азаматтардың денсаулығын сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар.
Достарыңызбен бөлісу: |